Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы




Презентация қосу
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ
АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Сабақтың тақырыбы:
Қазақ тілінің негізгі сөздік
қоры мен сөздік құрамы

Орындаған: аға оқытушы,
магистр Ауезова Ш.С.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы
жайында түсінік беру;
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның

арақатынасын, өзіндік ерекшеліктерін айыра білуге
үйрету;
Түркі тілдеріне ортақ сөздер және қазақтың байырғы

төл сөздері туралы мағлұмат беру;
Сөздік құрамның толығу жолдары жайынан түсінік

беру.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ
Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік
құрамының даму барысы мен тарихи қалыптасуына
шолу жасай отырып, қазақ тілінің басқа түркі
тілдерімен төркіндестігін, түркі тілдері ішінде
алатын орнын, оның өзіне тән ерекшеліктерін
айқындау.
Сабақтың
жоспары
1.Қазақ тілінің негізгі сөздік
қоры

2.Қазақтың байырғы төл
сөздері
3.Негізгі сөздік қорға тән
басты белгілер
4. Сөздік құрамның тарихи
арналары
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ СӨЗДІК ҚОРЫ
Тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан,
сонымен қатар жаңа сөздер жасауға бірден-бір ұйтқы
болған, аз буынды, көп мәнді жалпы халықтық
сөздер негізгі сөздік қордағы сөздер деп есептеледі.
Сөздік қордың сан мөлшері, көлемі сөздік құрамдағы

сөздерден әлдеқайда анағұрлым кем болады.
Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік

құрам болса, негізгі сөздік қор солардың қайнап
шыққан, өсіп өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы деп
танылады.Яғни, негізгі сөздік қор - баяғыдан келе
жатқан жасамалы өнімді сөздердің тобы.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ СӨЗДІК
ҚОРЫ
Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына,
тұрақтылығына қарай да бір-бірінен ажыратылады.
Сөздік қор тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік
құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі
ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан
қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық
сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-
түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің
бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға
қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын
болады.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ СӨЗДІК ҚОРЫ
Негізгі сөздік қор ұзақ өмір сүргендіктен
және ең қажетті сөздер болғандықтан, бір
тілде сөйлейтін барлық адамға, барша
ұрпаққа бірдей қызмет атқарады.
Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық,

Онда жалпыхалықтық сипат басым келеді.
Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға
ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады.
Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер
үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі
сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән
емес, оларды стильдік салалардың жеке
түрлеріне телуге болмайды.
т өл
р ғ ы
а й ы
ң б рі
қ ты зд е
а з а с ө
Қ
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ

Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ
бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар.
Қазақ тілі негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі

емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы
сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп
мағыналы сөздер: тау, көл, жер, тас, үй, күн, түн, ай,
жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, үш,
төрт, көк, ақ т.б.
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ

Негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан
қазақтың байырғы төл сөздері

туыстық атаулар: ата, мал атаулары: түйе,
ана, қарындас, нағашы, жылқы, сиыр, бота,
жиен, бөле, құда, құдағи, құлын
жеңге;

хайуанат атаулары:
қасқыр, түлкі, арыстан,
қоян, қарсақ
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ

, киіз ү
ы ң й
т ау ла р ы: қ а й шаңыр атаулары:
ағаш а ойы л , е м е н,
кереге
ақ, туы
р
қара ға й , м
ы р ш а , уық, лық,
, ш бақан
тобылғы

жұмыс
ы н ды қ құралда
, с рының
сапалық жақсы, атаулары
аул ар ы : : күрек,
ат , ау ыр , балға, ұр балта,
ең і л шық, құр
жаман, ж ы пышақ, б
із
ық ,
қатт
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ

Ежелден сіңісіп жалпыхалықтық сипат алған кейбір
кірме сөздер жатады. Мысалы:
дастархан, астар, жеке,

жәрдем, жанжал, жануар,

сыпайы, қорек, қошемет,

зиян, орамал, ораза, намаз,

нан, кітап, базар,

мектеп, ғылым,рет,

самауыр, бөтелке, бәтіңке т.б.
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ

Байырғы төл сөздер дегеніміз - қазақ халқының
өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен
мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне
байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан,
оның өзіне тән сөздері.
Байырғы төл сөздер, бір жағынан, бұрынғы, ескі,

көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән, меншікті,
етене қасиеттерімен сипатталады. Осындай
сипаттағы қазақтың байырғы төл сөздері, негізінен
қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп
шығып, ХҮ – ХҮІ және ХІХ ғасырлар арасында өз
алдына халық болып біріккен кезінде пайда болған.
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ

Байырғы төл лексиканың құрамындағы
жалпытүркілік сөздер мен негізгі сөздік
қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи
тума сөздермен байланысты. Тарихи тума
сөздер тіліміздің сөзжасам тәсілдері
арқылы пайда болған. Олардың ішіндегі
ең өнімдісі – сөзжасам жұрнақтары
арқылы туған сөздер. Тума сөздер сөз
таптарының бәрінде де кездеседі.
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ
Әр сөз табының өзіне тән сөзжасам жұрнақтары бар.
Олардың ішінде көп сөз жасаған өнімділері де, аз сөз
жасаған өнімсіздері де бар. Мәселен, зат есімдердің
жасалуында тарихи өнімді жұрнақтардың қатарында:
– шы – ші: малшы, жылқышы, әнші, қарашы, егінші,
бүркітші, жұмысшы;
– шылық – шілік: адамшылық, молшылық, жоқшылық,
кеңшілік, құрғақшылық, кедейшілік;
– лық / лік: көпшілік, балалық, аналық, түндік, арқалық,
достық, жақсылық, адалдық, ондық, жүздік;
– ма / ме: сәлемдеме, кездеме, аялдама, тартпа, көрме,
терме, сүзбе, көмбе, жаппа, бөлме және тағы да
басқалары.
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ
Сын есімдердің жасалуында мынадай жұрнақтар:

– лы / -лі: қуатты, қызықты, сыйлы, малды, сулы, өнімді,
икемді, пайдалы, гүлді, балалы, әдепті;
– қы /- кі: төргі, сыртқы, ішкі, соңғы, түскі, күндізгі, кешегі,
жоғарғы;
– сыз /сіз: бассыз, бақытсыз, иесіз, панасыз, қайырымсыз,
қайғысыз, ақылсыз, білімсіз;
– шыл /- шіл: өзімшіл, ұйымшыл, жершіл, шыншыл,
ұйқышыл, сауықшыл, шайшыл, ойшыл;
– дай / -дей: жардай, дырдай, оқтаудай, оймақтай,
жұдырықтай, түйедей;
– шаң /- шең: сөзшең, бойшаң, кіршең, көйлекшең;
– лас /- лес: аралас, ыңғайлас, құрбылас, мұңдас, сырлас т.б.
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ
етістіктердің жасалуында мынадай жұрнақтар:
– ла / ле: жетеле, сөйле, төбеле, тісте, алаңда, үшеуле, қапта,
бүкте, тәрбиеле;
– дан / - ден: мазасыздан, дегбірсізден, күдіктен, машықтан,
малдан, рухтан, ашулан, рахаттан, иелен;
– лас / - лес: бірлес, көмектес, бәстес, сыбырлас, кезектес,
есептес, ақылдас;
– сын / - сін: алыссын, күштісін, түйсін, жатсын, көпсін,
пысықсын, батырсын, өзімсін;
– ыңқыра / - іңкіре: алыңқыра, жүріңкіре, артыңқыра;
– ра / - ре: сайра, түйре, күйре, зіркіре, күркіре, шұрқыра,
жарқыра;
– ғар / - гер: теңгер, суғар, аңғар, басқар, ескер, атқар;
– т: құмарт, кеміт, жасыт;
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ТӨЛ СӨЗДЕРІ

Үстеулердің жасалуында мынадай жұрнақтар:

– ша / -ше: ауызша, жазбаша, қазақша, көзінше,
жаңаша, өзінше, меніңше, бұрынғыша;
– шалық / - шама: осыншалық, осыншама, соншалық,
соншама, мұншалық, мұншама;
– ын / - сін: қысын, жазын, астыртын, үстіртін,
ертеңгісін, кешкісін т.б. өнімді қызмет еткен.
НЕГІЗГІ СӨЗДІК ҚОРҒА ТӘН БАСТЫ
БЕЛГІЛЕР
1.Тұрақтылық
Мысалы, Vғ. Талас
3.Жалпыхалықтық
ескерткіштерінде: сипаты
ат,ер,сіз,тұл,отыз,
ұғлан,қалмыш, т.б.Негізгі
сөздік
қорға тән
басты
4.Негізгі сөздік
2.Сөз тудыруға
белгілер қорға енетін
ұйытқы болуы сөздерге
Мысалы, күн- стильдік
салалардың жеке
күндіз, күнгей.
түрлеріне телуге
күнсу,күнім,
болмайды.
күндік,күнелту,т.б.
а рихи
н ң
ы т
құ ра м
зд ік ла ры
Сө ар н а
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ АРНАЛАРЫ

Тіліміздің сөздік құрамының толығып
кемелденуі бір ғана өзінің ішкі
мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды.
Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге
тілдерден ауысып алу арқылы да тіл
өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп
отырады. Қазақ халқының ертедегі даму
тарихына көз жіберсек, көптеген
елдермен үнемі тығыз байланыста
болғандығын көреміз.
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ
АРНАЛАРЫ

Кірме сөздер дегеніміз - тілдің өзіндік сөзжасам
тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған
немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық
тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер
кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе
жатқан үлкенді – кішілі халықтардың қай –
қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген
кірме сөздер көптеп кездеседі.
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ АРНАЛАРЫ

Қазақ тілінің сөздік
құрамындағы кірме сөздер
негізінен төрт халықтың тілінен
енген

1) араб 3)монғол
тілі тілі

2) парсы 4) орыс
тілі тілі
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ АРНАЛАРЫ
Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
Араб – парсы сөздері тілімізге негізінен үш сала бойынша
енген:
1. Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: тарих,

әдебиет, мәдениет, хакім, тәрбие, тәржіме, емтихан, емле, ғылым,
пән, сәлем, сапар, қазына, әдет, әлем, қабілет, қанағат, мағлұмат,
т.б.
2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: бәс,

жиһаз, парақ, қаражат, кіре, шерік, ауқат, қасап, несие, шарап,
бағбан, халва, дәм, дүкен, дарбаза, т.б.
3. Дінге байланысты: құран, имам, мешіт, мүфти, құдірет, құрбан,

ораза, дұға, азан, қазірет, қиямет, шариғат, айт, тамық, құтба,
зікір, зекет, бейіш, намаз т.б.
Бұдан басқа адам аттарына байланысты сөздер енген: Ғали,

Сағадат, Фатима, Уасила, Уали, ысқақ, Жақып, Айман, Нағима,
Назым, Мәлік, Мұзафар, Махмут, Мұхтар, Мұрат, Нәсима, Әміре,
Хамит, Серәлі, Раушан, Сәбит, Шәрбан, Әлішер, Рүстем т.б.
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ АРНАЛАРЫ

Моңғол тілінен енген сөздер

Моңғол тілінен түркі тілдеріне сөз ауысса,
керісінше, түркі тілдерінен моңғол тіліне де сөз
ауысу процесі болған. Сонымен қатар, бұл тілдердің
грамматикалық құрылысы да біркелкі ұқсас
болатындығын ескерту қажет. Олардың сөз жасайтын
элементтер де, көпшілік жағдайда, тілдерімен үйлес
келеді. Мысалы, қазақша ем, моңғолша эм; қазақша
емші, моңғолша эмч; қазаша емшілік, моңғолша
эмчлях; т.б.
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ АРНАЛАРЫ

Егер бір сөз екі тілде де болып, қайсы қайсысынан
ауысқаны белгісіз болса, мына төмендегі
критерийлерді негіз етіп алу керек:
Ол сөз қай тілдің фонетика-морфологиялық

құрылысына бейім;
Ол сөзден қай тілде жаңа, туынды сөздер жасалады;

Қай тілде ол сөздің мағынасы көбірек, ауыс

мағыналары, тұрақты тіркесі бар ма?
Бұл сөз туыс тілдерде бар ма? Бар болса, қандай

күйде?
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ АРНАЛАРЫ

Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен өрісі ежелден
іргелес, көрші елдер. Сол себептен бұл елдердің
арасындағы сауда – саттық, шаруашылық пен мәдени
байланыстар өте ерте кезден дами бастағандығы белгілі.
ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қоныс араласуымен, сауда –
саттықпен байланысты қарым – қатынастар күшейсе,
ХҮІІ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Қазақстанның
Ресей империясына бағынуы бұл байланыстарды одан әрі
нығайта түскен. Осындай ұзақ уақыт үздіксіз қарым –
қатынаста болу нәтижесінде орыс тілінен қазақ тіліне
көптеген сөздер ауысқан.
Орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп
қараймыз:
а) 1917 ж. Қазан революциясына дейінгі кезең,
ә) Қазан революциясынан кейінгі кезең.
СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ТАРИХИ АРНАЛАРЫ
1917 ж. Қазан революциясына дейінгі кезеңдегі сөздерді
мынадай топқа бөліп қараймыз:
а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер: Мысалы: жәшік (яшик),
кереует(кровать), бөтелке (бутылка), бөшке (бочка(, лампы (лампа),
көшір (кучер), сиса (ситец), бәтеңке (ботинки), калош (галоши),
барқыт(бархат), әшмөшке,әшмөңке (восьмушка), шайнек (чайник),
сіріңке (серники), мәтке (матица), кілет(клеть), күршек (кручок), сөмке
(сумка) т.б.
ә) әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер. Мысалы: ояз (уезд), шен
(чин), мінәпас (манифест), болыс (волость), старшын (старшина),
сот(суд), түрме(тюрьма), үйез(уезд), гүберне (губерния), атпекет
(адвокат), ауылнай (аульный), т.б.
б) ғылым мен мәдениетке, техникаға қатысты сөздер. Мысалы: зауыт
(завод), пабрік (фабрика), мәшине (машина(, параход, минөт
(минут),секөнт (секунд), газет (газета), кемназия (гимназия), класс,
парта, ентірнат( интернат),т.б.
в) Қоныс аударуға қатысты сөздер. Мысалы: учаске (участок), пылан
(план), заимка, колония, землемер, қотыр (хутор),әренда (аренда),
десетине (десятина), ысклад (склад), т.б.
Сөздік құрамдағы сөздер
қолданылу сипатына қарай
бірнеше топқа бөлінеді:

2) әдеби тілдегі
1) сөздің әдеби 3) тілдегі сөздің
сөздердің халыққа
және әдеби жұмсалу аясы мен
таныс және онша
көркемдік мәніне
еместігіне қарай: таныс еместігіне
қарай бейтарап
әдеби лексика қарай:
сөздер мен
мен диалектілік жалпыхалықтық
экспрессивті сөздер
лексика болып лексика мен
болып бөлінеді.
бөлінеді. арнаулы лексика
болып бөлінеді.
зғ а
ңы
а р ы
а рл е т!
а з а хм
Н р

Ұқсас жұмыстар
АУДАРМА СӨЗДІК
Сөйлеу қабілетінің дамуы
Жалпылама тіл білімі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Лексикография туралы түсінік
Терминологиялық сөздіктердің түрлері
Сөз мағынасы Значение слова
Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал
Фонетиканың зерттелу тарихы
Пәндер