Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау


Slide 1

БӨЖ Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар

Орындаған: Аярбеков. Е. Е

Топ: 121 Топ

Мамандық: Жалпы Медицина(ЖМ)

Қабылдаған: Асанқызы Гульназым

Нұр-Сұлтан 2021

КеАҚ «Астана Медициналық университеті»

Қоғамдық денсаулық сақтау және гигиена кафедрасы

Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Жоспар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2

Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар………. …. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

Бала денсаулығына қолайлы және қолайсыз факторлар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4

Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар…. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-9

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау . . …. . . . . . . 10

Қолданылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11

Slide 3

Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар

Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, не-гізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:

Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар;

Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар;

Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;

Тамақтану жағдайы;

Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т. с. с. ) болуы;

Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.

Slide 4

Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А. Г. Сухарев) қолдануға болады:

Қолайлы факторлар:

а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;

б) шынығу;

в) дұрыс, балансты тамақтану;

г) рационалды күн тәртібі;

д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;

е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.

Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары) :

а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;

б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;

в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;

г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;

е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

Slide 5

Бала тіршілігінде де, тәрбие прцессінде де ойыншықтардың маңызы өте зор.

Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерекшеліктеріне негізделеді.

Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі. Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т. с. с. ) дамытуға арналады. Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар т. с. с. болып табылады. Олар мүмкіндігінше ірі, қармап ұстауға ыңғайлы, ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде болуы керек. Бір жастың соңына қарай қүыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-әткеншектер т. б. қолданыла бастайды.

Slide 6

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау

Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп, тіл дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастардағы балалар белгілі роль атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім т. б. ) көше бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық ойындарға арналған ойыншықтар пайдаланылады.

Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім, интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен ойыншықтар 5 топқа бөлінеді: бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған ойыншықтар; бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас) ; үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас) ; алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы) және оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы) деп бөлінеді.

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады. Көбінесе, экспертті баға беру ғылыми зерттеу институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі. Ойыншықтарға күнделікті бақылауды СЭС жүргізеді және ойыншық шығаратын өндіріс орындары мен оларды халыққа тарататын дүкендерді бақылап отырудан тұрады.

Slide 7

Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары төмендегідей болып келеді:

Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;

Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің, су құбырларының балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік тексеру-ден өтіп отырады;

Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек;

Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан басқасын қайта қабылдауға болмайды;

Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым салынады;

Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым салынады;

Slide 8

Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т. б. ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек;

Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;

Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;

Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр аспауы керек;

Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір бөлшектері болмауы керек;

Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы керек;

Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі ойыншықтардың күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек.

Зерттеулерге арналған ойыншықтардың үлгісі он күннен ерте және 30 күннен кейін қалдырмай, пайдаланылғаннан кейін, саны 5 данадан кем болмай тексерілуге жеткізілуі керек. "Санитарлық ережелерде" зерттеу тәсілі берілген. СанНменЕ талаптарының сақталуын қадағалау санитарлық эпидемиологиялық қызметке жүктеледі.

Егер ойыншық рұқсат етілген материалдардан (бояу, лак, желім т. б. ) жасалған болса, және оларға химиялық анализ жасалғанына бір жылдан көп уақыт өтпесе, онда, оларға міндетті түрде гигиеналық экспертиза жасағаннан кейін, екінші рет химиялық анализ жасауды талап етпестен пайдалануға рұқсат етуге болады. Жаңа материалдарды дайындауға рұқсатты Республиканың Мемлекеттік Санитарлық Эпидемиологиялық қызмет Басқармасы береді.


Ұқсас жұмыстар
Балалардың ойыншықтарының қазіргі таңда
Балалардың жасына байланысты ойыншықтар
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
Микробиология, вирусология жне иммунология кафедрасы
Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламент
Қытай ойыншықтарының түрлері
Қытай ойыншықтарының зияны
Ойыншықтардың құрылысына қойылатын гигиеналық талаптар
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Азық - түлік қауіпсіздігі жүйесінің компоненттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz