ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ


Slide 1

Халықтық педагогика туралы түсінік. Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы

Slide 2

Этнопедагогика-педагогика ғылымының саласы

Этнопедагогиканың мазмұны

Этнопедагогиканың мәндік сипаты

Халықтық педагогикалық көзқарас

Дәстүр - әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы

Slide 3

Этнопедагогика-педагогика ғылымының саласы

Этнопедагогика пәні, оның мақсаты мен міндеті. “Этнопедагогика” термині екі сөзден құралған: “paidagogike”(грек тілінен аударғанда тәрбие туралы ғылым) және “ethnos” (грек тілінен аударғанда ұлт, халық) . Этнопедагогика ғылымы халықтың қалыптасқан ұлттық құндылықтарын, қоғамның ерекше қарым-қатынасын, халықтың әлеуметтік талаптарын жеке тұлғаның қалыптасуына бағыттап үйретеді. Этнопедагогиканың мазмұны халықтың өзіндік шығармашылығының қағидаларынан: қиял-ғажайып ертегілерден, аңыз әңгімелерден, халықтық әндерден, жұмбақтар мен жаңылпаштардан, мақал-мәтелдерден, нақыл сөздерден тұрады.

Slide 4

салт-дәстүрдің мысалдарСонымен қатар халықтық тәлім тәрбие ұлттық қарым-қатынастың түрлі қырларымен ұлттық ойындарымен, ойыншықтардың және күнделікті тұрмыстағы қолданбалы өнердің, яғни халықтық музыканың ерекшеліктерімен жалпы ұлттық ымен толықтырылып отырады. Халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлардан құралған қазақ этнопедагогикасы жүйеленіп, қалыптасқан ғылым. Этнопедагогика - ұрпақ тәрбиелеудің ұлттық жолдарын, мәдениеттің ұлттық негіздерін үйрететін ғылым.

Slide 5

Этнопедагогика әлеуметтік талаптарын, көпшілік мақұлдаған талаптар мен құндылықтарын қабылдап игерген жеке тұлға қалыптасатын қоғамдық әсердің ерекшелігін зерттейді. Этнопедагогика ғылымы қазіргі педагогикалық тәжірибедегі халықтың озық ойларын іске асыру мүмкіндігін анықтайды, тәрбиенің қазіргі мақсаттарын ескере отырып халықтың өміріндегі сол немесе басқа құбылыстарының педагогикалық маңызын талдайды.

Slide 6

Этнопедагогиканың мазмұны.

Этнопедагогика пәні халықтық педагогика болып табылады. Ал «Этнопедагогика» терминінің бірнеше анықтамасы бар. Г. Н. Волков этнопедагогика халықтық (табиғи, қарапайым, бейресми, мектептен тыс, дәстүрлі) тәрбиенің тарихы мен анықтамасы болып табылады, этнопедагогика этностық топтардағы бала тәрбиесі мен білімі негізіндегі отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстың, ұлттың байырғы құндылықтар мен моральдық - этикалық және эстетикалық көзқарастарының эмпирикалық тәжірибесі туралы ғылым болып табылады деп көрсетеді.

Slide 7

К. Ж. Қожахметова этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдық бөлшегі ретінде, этнография, этнофилософия, этностық мәдениет және этнопсихологияның тоғысқан жерінде қалыптасқан саласы ретінде қарастырады. Ол этностық тәрбие жүйесінде отбасында және білім мекемелерінде үздіксіз жүзеге асырылатын пән болып табылады. Т. И. Огородников этнопедагогиканы этнографиямен және фольклористикамен байланыстыратын жаңа сала ретінде бағалайды. Т. Н. Петрова этнопедагогиканы халық тәрбиесімен теориясы ретінде түсіндіреді.

Slide 8

Жоғарыда көрсетілген этнопедагогика терминінің тұжырымдай келе, жалпы түрде және қысқаша айтар болсақ, оның халық педагогикасы ғылымына жататындығын көруге болады. Әр халық өзінің тарихи даму кезінде өзіндік тәрбие тәжірибесін жасады, өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде өздеріне тән тәжірибе жинақтады.

Slide 9

Сондықтан қазақ, татар, т. б. халықтар этнопедагогикасы толық негізделген, сонымен қатар барлық халыққа ортақ жалпы педагогикалық көзқарастары да бар. Мұндай көзқарастардың болуы бұл халықтың тарихи және географиялық дамуының ортақ болуы, жалпы адамзаттық рухани инабаттылықтардан туындаған мақсат, мүдделернің ортақтығынан, педагогикалық дәстүрлерінің өзара әсерінен туындаған. Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық заңдар мен заңдылықтарға, педагогикалық принциптерге бағынады.

Slide 10

Этнопедагогиканың мәндік сипаты.

Этнопедагогиканың өлшем, көрсеткіш сияқты т. б этнопедагогикалық айрықша белгілері болады. Аталған белгілер халықтық тәрбиенің жалпы бағалауына сүйенеді. Осындай белгілерге сәйкес халықтық тәрбие нақты айқын нышандарымен анықталады. Жалпы айтқанда: белгілі бір мақсаттарға бағытталған жағымды жеке қасиеттерді меңгеретін жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталады; табиғи жағдайларда жүргізіледі, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым - қатынас табиғи қатынас болып табылады (табиғилық) ; ұрпақтар тәжірибесі сабақтастығын жалғастыруда барлық тәрбие түрлері мен әдіс - амалдарын қолдануға негізделеді (сабақтастық) ;

Slide 11

жоғарғы тиімділігімен сипатталады (әрекет жасау) ; уақытпен шектелмейді және тұтастай - формалды, мектептен тыс тәрбиеге қарағанда жеке бөліктерден тұрмайды (үздіксіз болу) ; өмір сүру барысында барлық процеске қатысады (педагогикалық циклдың толық болуы) ; нақты, қатаң түрде шектелген тәрбиешілер болмайды, барлығы да халық - тәрбиешісі (тәрбиешінің көпшілдігі) ; халықтық тәрбие құралдарының барлық бай кешені, түрлі әдіс - тәсілдері қолданылады (өзара әсер ету тәсілінің қиыстырылуы) ; тәрбиенің әр түрлері мен тәсілдері қолданылады, жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттері қойылмайды, толыққанды адамды тәрбиелеу көзделеді (тәрбиеге кешенді түрде бетбұрыс) ;

Slide 12

табиғи бөлшек ретінде табиғат заңына бағына отырып, адам дамуының заңдылығын сақтау (табиғи үйлесімділілік) ; тек сыртқы әсері ғана емес өзін-өзі тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлуді ескеру (тәрбиелеуде тәрбиеленушілердің қатысуы) т. б. Осылайша, этнопедагогика халықтың тәрбие жөніндегі білімін педагогикалық көзқарастарын жинап, талдап, жүйелейтін ғылым. Оның жалпы құрылымында ұрпақтан ұрпаққа берлілетін ұлттық тәрбиенің тарихи, мәдени заңдылықтары жатыр.

Slide 13

Этнопедагогика жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында баланы тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретінде зерттейді, халықтық тәрбиені ұйымдастырады, халықтың негізгі педагогикалық түсініктерін зерттейді. Этнопедагогиканы зерттеу саласына, сондай-ақ, қоғамдық және әлеуметтік әсер ету үдерісі жатады.

Slide 14

Адамзат қоғамының әрбір даму кезеңі тәрбие ісінде тәжірибеге ғана негізделген жаңалықтармен толықтырылып отырылды. Уақыт ағымымен жекеленген тәжірибелік бөліктер халықтық тәрбиенің тұтас жүйесінің өзегіне айналды. Тәжірибелік тәрбие қызметі тәрбиенің халықтық қағидаларына сүйене отырып, ана тілі, халықтық материалдық және рухани мәдениет пен салт-дәстүр, әдеп-ғұрып негізінде жүзеге асырылды. «Халықтық педагогика» деген ұғымның қазіргі кезде бірыңғай тұжырымдамасы жоқ. Мәселен, «халықтық педагогика» тәрбие мәселесінде кең ұғымда, пікір, көзқарас, қалың көпшіліктің салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпының жиынтығы ретінде (А. Ш. Гашимов) немесе еңбекші бұқараның мүддесін көздейтін қалың көпшіліктің таптық педагогикалық сана-сезімі ретінде түсіндіріледі (Е. А. Христова) . Ал М. И. Стельмахович халықтық педагогика бойына тәжірибеге негізделген білім мен әдіс-тәсілдерді жинақтаған және нақты бір этникалық топқа жатпайды деп көрсетеді

Slide 15

Қазақстандық зерттеушілер халықтық педагогиканы басқаша түсіндіреді: Халықтық педагогика тәрбиенің басты мақсаттары мен міндеттерін айқындап, халықтың педагогикалық білім тәжірибесіне негізделген (К. Б. Жарықбаев), сан ғасырлар бойы ұрпақтарды тәрбиелеуде тәжірибеге негізделген прогрессивті ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр жиынтығы (С. Қ. Қалиев), көзқарас идея тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерінің дағдыларының жиынтығы мен өзара байланыстылығы «Халықтық педагогика-тәрбиелеу ісіне тікелей және жанама қызмет ететін халық шығармашылығы» А. К. Қалыбекова), келесі ұрпаққа берілетін халық шығармашылығы үлгісіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді қалыптастырушы табиғи-тарихи үрдіс (С. А. Ұзақбаева) . Халықтық педагогика мен халықтық тәрбиедегі даналық, ондағы ерекше тәрбие белгілері ғалымдардың қызығушылығын туғызып, ал осыдан барып халықтық педагогиканың әлеуметтік талапқа деген ерекше қатынасы туындады.

Slide 16

Халықтық педагогиканың алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі - жас ұрпақты рухани, шығармашыл қалыпта тәрбиелеу. Ұлттық білім беруде ұлттық тәрбие үрдісі қалыптасады, ол. тәрбиеленушіні өз елінің тарихына, ұлтына деген мақтаныш сезімінің қалыптасуына баулиды. Халықтық педагогика ұлттық рух пен ұлттық құндылықтардан құралады, оның ішкі элементтері ұлттың ерекшеліктерінен тұрады. Бұл қазіргі жаһандану дәуіріндегі ұлттық ерекшеліктерді сақтау барысындағы негізгі талаптарының бірі болып табылады. Бұл талаптан шыға алмаған жағдайда әлемде күн сайын ондаған ұлттар тарих сахнасынан жоғалып жатыр. Себебі, халықтық педагогика ұлттарды өзгелерден ерекшелендіріп, ұрпақ жалғастығының өзіндік функциясы ұлттың өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етеді.

Slide 17

Осы ерекшеліктер кез-келген ұлттың ішкі және сыртқы қалыбын толықтырып тұрады. Халықтық педагогиканың мақсаты - кемелденген адам тәрбиелеу. Бұл мақсат бүгінгі таңда да өз көкейкестілігін жойған жоқ. Өйткені, әрбір адам белгілі бір ұлттың өкілі болғандықтан, ол сол ұлттың мәдени болмыстарын өркениетті өмірмен байланыстыра отырып игермесе, оның білім дәрежесі қөанша болғанмен мәдени болмысы (алған тәрбиесі) өз биігіне жетпесе, ол нағыз зиялы азамат бола алмайды, өз айналасына, халқына, ұлтына, Отанына белгілі дәрежеде пайдасын тигізудің орнына, ол арқылы халыққа зиянын тигізуі мүмкін.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Халық тық педагогика
Халықтық педагогика
К. Д. Ушинскийдің халықтық ойын туралы ақпарат
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізді
Тәрбиенің түп төркіні – халықтық педагогика
Халық педагогикасының мақсаты
Абайдың туғанына 165 жыл
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысы
ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz