Ермұқан Бекмаханов ісі: Кенесары дауы, академиялық талқылаулар және репрессиядан ақталуы (1943-1954)


Slide 1

Е. Б. Бекмахановтың ісі

Орындаған:Сайлау Жания

Қабылдаған:Козгамбаева Гульнур

Slide 2

Е. Б. Бекмаханов

Slide 3

Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.

Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.

Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.

Ермұқан Бекмаханов Орал педагогикалық институтының студенттеріне дәріс оқып тұр. 1958 жыл

Slide 4

1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.

Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.

Slide 5

БІРІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: БІР ТАРАУДЫҢ МӘСЕЛЕСІ

«Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» деп аталатын тарауы тарихшы Бекмахановтың үлесіне тиген кітап осылайша алғаш рет талқыға түсті. Алайда бұл жиында жеңгендер де, жеңілгендер де болған жоқ. Тарле, Яковлев, Бушуев сынды ғалымдар «Қазақ ССР-інің тарихы» Ресейге қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптеген, орысқа қарсы жазылған кітап» деп бағаласа да, жалпы алғанда мүлде теріске шығарылмады, тіпті кей тұстарда жоғары бағаланды. Қалай болғанда да, институт бұл жөнінде қандай да бір баға беретін қаулы да қабылдамады. Алайда осы кезде айтылған ішінара сындарды қазақтың кей ғалымдары ұмытпай, кейін де ұрымтал тұста пайдаланып отырды.

Slide 6

БІРІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: БІР ТАРАУДЫҢ МӘСЕЛЕСІ

Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды. Осы сәттен бастап «тұңғыш доктордың» жолына түрлі тосқауылдар қойылып, «кітапта идеялық қате кеткен», «басқа ғалымның еңбегінен көшірілген» деген қисынсыз айып тағыла бастады.

Slide 7

ЕКІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: КІТАПТЫҢ ТАҒДЫРЫ

Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылғы ақпанның 28-і СССР ҒА тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалымдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды.

Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х. Айдароваға сөз берілді. «Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. «Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді» деуге негіз жоқ» деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова «Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр» деп көсілді.

Slide 8

ЕКІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: КІТАПТЫҢ ТАҒДЫРЫ

Талқылау соңында сөз алған Бекмаханов «еңбегінде таптық күрес те, феодалдық қанау да айтылғанын, маркстік-лениндік әдіснамадан ауытқымағанын» дәлелдеп шыққан.

Ғылыми журналдың бас-аяғы жиырма екі бетін алып жатқан Мәскеудегі талқылау стенограммасынан Мәскеу ғалымдары қазақ әріптестерінің пікірлерін қостамағынан аңғару қиын емес. Айдаровадан кейін сөйлеген сегіз ғалым кемшілік деген жайларды атап өткенімен, Бекмаханов еңбегін егжей-тегжейлі талдап, аса жоғары бағалады.

Slide 9

ҮШІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: ҚЫРАҒЫ ЖЕРЛЕСТЕР

Сол жылы шілде айының 14-і мен 19-ы аралығында Бекмахановтың аталған кітабы Қазақ ССР ҒА тарих, археология және этнография институтында тағы да бес күн бойы талқыланды.

Алматыда өткен талқылауда Т. Шойынбаев, Х. Айдарова, М. Ақынжановтардың Мәскеудегі пікірлері сол күйі қайталанды, оған С. Толыбеков, А. Нұрқанов, Ф. Жизиевский, Б. Сүлейменовтер (соңғысы қуғын-сүргінге ұшырап, Е. Бекмахановтан кейін 25 жылға сотталды - автор. ) қосылып, кітапты іске алғысыз етті.

Slide 10

ТӨРТІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: ТІКЕ ШАБУЫЛ

Совет өкіметінің бас газетінде жарияланған мақала 1951 жылғы ақпанның 21-і СССР ҒА тарих институтының ғылыми кеңесінде талқыланып, бұл жолы Бекмахановтың еңбегіне «саяси-теориялық тұрғыдан, атап айтқанда буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғыдан жазылған зиянды, теріс еңбек» деген баға берілді.

1951 жылғы сәуірдің 10-ы Қазақстан коммунистік (большевиктер) партиясы осы мақала жөнінде арнайы қаулы қабылдап, «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде нұсқау берді.

Slide 11

ТӨРТІНШІ ТАЛҚЫЛАУ: ТІКЕ ШАБУЫЛ


Ұқсас жұмыстар
Кеңестік идеология мен академиялық репрессия: Ермұқан Бекмахановтың Кенесары Қасымовты зерттеуі
Ермұхан Бекмаханов (1915-1966): қазақ тарихшысы, қуғын-сүргін және ғылыми мұрасы
Ермұхан Бекмахановтың өмірі, ғылыми мұрасы және қайта ақталуы
Партиялық бақылаудың күшеюі мен адам құқықтарын шектеу: Е.Б. Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы көтерілісін зерттеуіне қатысты айыптаулардың тарихи талдауы
Шәкәрім Құдайбердіұлы: өмірбаяны, ресми ақталуы және шығармашылығы
Кенесары Қасымұлы: ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, барысы және тарихи маңызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы: өмірбаяны, шығармашылығы және ресми ақталуы
Эксперттік жүйені енгізу: оператор, аналитик және бағдарламашының рөлдері мен қолданудың ақталуы
Академиялық адалдық: мәні, қағидалары және бұзылуының салдары
Ақмола шайқасының 180 жылдығы: Кенесары көтерілісі және тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz