МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Презентация қосу
БІЛІМ БЕРУДІ
ДАМЫТУДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК
БАҒДАРЛАМАСЫ
Орындаған:Кайпова Аяжан КРЯЛ
Аға оқытушы:Исмагулова Д.М
ОСӨЖ№8.
Білім беруді дамытудың 2025
жылға дейінгі мемлекеттік
бағдарламасы
⦿ Үкіметтің кезекті
отырысында ҚР білім
және ғылымды
дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған
мемлекеттік
бағдарламасын іске
асыру және 2025 жылға
дейінгі жобасы
мәселелері қаралды. ҚР
білім және ғылым
министрі Асхат
Аймағамбетов өткен
кезеңдегі жұмыс
қорытындылары және
жаңа мемлекеттік
бағдарламаның негізгі
⦿ Оның айтуынша, 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада 12
индикатор, 71 көрсеткіш және 262 іс-шараны орындау көзделген. Мемлекеттік
бағдарламаның орындалуы 92%, іс-шаралар – 98,8% құрады.
⦿ Жалпы, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру көптеген мәселелерді шешуге
мүмкіндік берді:
⦿ еліміздегі мектептер жаңартылған мазмұнға көшті;
⦿ колледждерде баршаға арналған тегін ТжКББ жобасы іске асырылуда;
⦿ университеттерге академиялық және қаржылық дербестік берілді;
⦿ отандық ғалымдардың беделді журналдарда жариялау белсенділігі 2,5 есе өсті.
⦿ Министр атап өткендей, қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа
мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының
тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға
негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа
мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам»,
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Мемлекет басшысының сайлауалды
платформасы, тамыз кеңесінде және Қазақстан халқына арналған Жолдауда
берілген тапсырмалар толығымен ескерілген.
⦿ «Бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда мұғалімдермен, Президент
жанындағы Ұлттық кеңестің өкілдерімен, сарапшылармен және Парламент
депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC,
PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық зерттеудің нәтижелері бізге негізгі
проблемаларды анықтауға және олардың шешімдерін табуға мүмкіндік берді.
Жалпы, жаңа Мемлекеттік бағдарлама жобасында 2 мақсат, 11 міндет, 8
индикатор, 39 көрсеткіш қарастырылған», — деді А. Аймағамбетов.
⦿ Жаңа мемлекеттік бағдарламаға сәйкес негізгі міндеттер айқындалды:
Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту;
Ғылымның ел экономикасына қосар үлесінің артуы.
⦿ Мақсаттарға жету үшін 5 бағыт, 11 міндет қарастырылған.
Бірінші орын — педагог
мәртебесі.
⦿ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 4 жыл ішінде
500 мың педагогтің жалақысын 2 есеге арттыру
қарастырылған. Министрдің айтуынша, педагогтерді қайта
даярлаудың, біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізіледі;
алдағы уақытта балабақша, қосымша білім беру, колледж
педагогтерінің жалақысы өседі, олардың жетекшілеріне
аттестаттау қорытындысы бойынша педагогтердің еңбегін
нормалау жүйесі енгізіледі; 2021 жылдан бастап университет
түлектері сертификациядан өтеді. Сонымен қатар,
педагогикалық білімді жетілдіру, болашақ мұғалімдердің
педагогикалық тәжірибесін өзгерту, оқу бағдарламаларын
100% жаңарту қарастырылған.
Сонымен бірге, арнайы күзет, бейнебақылау, қауіпсіз
тасымалдау, тамақтану нормалары мен мөлшерін қайта
қарау, асханалардағы қолма-қол ақшасыз төлемдерге
біртіндеп көшу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларды қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыстарды
жан басына қаржыландыру, кибер мәдениетті қалыптастыру
мәселелерін 100% шешу жоспарланған. Сондай-ақ, буллинг
пен суицидтің алдын алудың бірыңғай бағдарламасын енгізу
жоспарлануда. А. Аймағамбетов атап өткендей, мектеп пен
ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматы, білім берудің
барлық деңгейлерінде «Жас Қыран», «Жас Ұлан»
қозғалысын одан әрі дамыту, театрға тарту, пікірсайыс
қозғалысы, «құндылықтарға негізделген білімді» іске асыру
жоспарланған. Оқушылар мен студенттер үшін спорт
лигасын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш
30% құрайды.
Ауылдарда орта білім беру
сапасын арттыру.
⦿ Оқулықтарды әзірлеу, сараптау, басып шығарудың жаңа жүйесін енгізу, білім берудің
жаңартылған мазмұнына көшуді аяқтау, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшу,
критерийлік бағалау мен оқу бағдарламаларын жетілдіру қарастырылған. Балаларға
арналған білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы инклюзивті білім алуға жағдай
жасалған. Инклюзивті білім беру 55%-дан асты. Тағы бір маңызды міндет — қалалық
және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. Осы
мақсатта кешенді шаралар қабылданады: шағын жинақы мектептерді білікті
педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу жүйесі өзгереді, ауыл
мектептерін оқу материалдарымен, компьютер жабдықтарымен және цифрлық
құрылғылармен толық қамтамасыз ету көзделген. Бұл мақсатқа республикалық
бюджеттен 150 млрд теңге қарастырылған.
⦿ 800 жаңа мектеп құрылысы тапшылық мәселесін шешеді Болжам бойынша 2025
жылға қарай орындар тапшылығы шамамен 500 мың орынды құрайды. Бұл мәселені
шешу үшін мектептер мемлекет пен жеке сектордың есебінен салынады. Атап
айтқанда, мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар тарту есебінен 650 мыңнан
астам орынға арналған 800 жаңа мектеп салу жоспарлануда.
⦿ Сонымен қатар, ауыл мектептерін қолдау бойынша «Ауыл – бесігі» бағдарламасы
аясында ауылдық тірек мектептер үшін 114 интернат құрылысына 53 млрд теңге бөлу
жоспарлануда. Жаңа бағдарлама аясында барлық мектептерді заманауи физика, химия,
биология, STEAM пәндік сыныптарымен толық қамтамасыз етуге 100 млрд теңге
бөлінеді, ал пәндік кабинеттерді компьютерлермен 100% қамтуға 50 млрд теңге
бөлінеді.
ҰБТ электронды форматқа көшеді
⦿ Мұндағы міндет — кәсіптік стандарттар негізінде білім
беру бағдарламаларын 100% жаңарту. Шетелдік
студенттер саны жалпы контингенттің 10% құрайтын
болады.
⦿ Министрдің айтуынша, профессорлық-оқытушылар
құрамның жалақысын көтеру, білім беру гранттарын орта
есеппен 340-420 мыңнан 900 мың теңгеге дейін арттыру
арқылы университеттердің материалдық базасын
жақсарту қарастырылған.
⦿ «Бұл көптен күткен жаңалық, 2011 жылдан бастап грант
құны өзгерген жоқ деуге болады. Ол үшін бюджеттен 244
млрд теңге бөлінеді. 10 университетте академиялық
басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд теңге
бөлінеді. 10 университет әлемдегі үздік 500
университеттің қатарына қосылады», — деді А.
Аймағамбетов.
⦿ Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру тәртібі электронды
форматқа көшіріліп, бірнеше грант түрлері енгізіліп,
жоғары білімнің қолжетімділігі мен ашықтығы
қамтамасыз етіледі. 2025 жылға дейін 90 мың орынға
жатақханалар салынады.
Білім беру жүйесіндегі
кадрлардың ауысуы
⦿ Осыған байланысты 2021 жылдан бастап аудандық білім
бөлімдерін басқару облыстық деңгейге өтеді
⦿ «Қаржыландыру да облыстық деңгейге көтеріледі. Ол өңірлер
мен мекемелер арасындағы білім алшақтықтығын төмендетуге
бағытталады», — деді министр.
⦿ А. Аймағамбетовтың айтуынша, соңғы уақытта білім беру
ұйымдарының басшыларын тағайындау тәртібі туралы
сұрақтар көбейіп келеді. Мәселен, бірқатар ұйымдардың
басшылары 20 жылдан астам уақыт бойы бір жерде жұмыс
істеп келеді.
⦿ «Сондықтан біз жаңа жүйе бойынша балабақша, мектеп және
колледж директорларын тағайындайтын боламыз. Сонымен
қатар, алдағы уақытта ауыстыру жүйесін ротация арқылы
қолданатын боламыз. Қазіргі заман талабына сәйкес білім беру
саласы автономды басқарудан корпоративті басқаруға көшеді»,
— деді ол.
Ғылыми әлеуметті нығайту
Біріншіден, егер 2019 жылы ғылымды қаржыландыру 43 млрд теңгені
құраса, 2025 жылы ол 400 млрд теңгеге жетеді;
Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас
ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 млрд-тан астам теңге бөлінеді;
Үшіншіден, егер бұған дейін гранттар бойынша конкурстар үш жылда
бір рет өткізілсе, келесі жылдан бастап ол жыл сайын бөлінетін
болады;
Төртіншіден, ғылыми институттардың материалдық-техникалық
базасын нығайту үшін жеке бюджеттік бағдарлама жасалады.
Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру бойынша
ғалымдардың цифрлық дағдыларын дамыту, ғылыми ұйымдардың
кадрлық және басқарушылар құрамын қайта даярлау бағдарламаларын
іске асыру мәселелері қарастырылады.
Қорытынды
⦿ Жалпы, бағдарлама аясында білім беруді қаржыландыру көлемі 6 есеге,
ғылымды қаржыландыру 7 есе өсті. Білім және ғылым министрінің айтуынша,
Бағдарламаны іске асыруға 11 трлн 578 млрд теңге көлемінде қаражат
қарастырылған. Сонымен қатар, жеке инвестициялардың үлесі артып, 1 трлн
284 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, Көкшетаудағы АТ мектеп-лицейінің
директоры А. Балташева педагогикалық қауымдастық атынан Үкімет
отырысына шақырылды. Ол өз сөзінде жаңа мемлекеттік бағдарламада педагог
мәртебесіне ерекше мән берілгенін, ал іске асырылған бағдарламада бұған мән
берілмегенін атап өтті. А. Балташеваның айтуынша, мұғалімдерді қайта
даярлаудың жаңа жүйесін енгізу және жалақының өсуі мектеп педагогтерінің
мәртебесін көтеріп, жас мамандардың жаңа ағымын қамтамасыз етуға ықпал
етеді.
⦿ Бұған қоса, білім беру мекемесінің директоры жаңа мемлекеттік бағдарламада
білім беру мәдениетіне баса назар аударылып, мектеп пен ата-ана қарым-
қатынасының жаңа форматын енгізу қарастырылғанын атап өтті. Енді білім
беру қазақстандық мұғалімдерді қуантатын жаңалық — құндылықтарға
негізделетін болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz