Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы



Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи дамуы.
Дайындаған: Ибадулла Ә.
Тобы: 1703-29
Қабылдаған: Битұрсын Ғ.

«Сыбайлас жемқорлық -
бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес.
Сондықтан, бұл індетке
бірлесе қарсы тұруымыз керек.
Н. Ә. Назарбаев.

Жемқорлық дегеніміз не?
Жемқорлық, коррупция (лат. corruptio - сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес».
А. Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.


Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан . Қарт тарих шумерлар мен семиттер дәуірінде де мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық дендегенін айтады. Мысалы, Лагаш Патшасы (Ирак жерінде іргесі қаланған ежелгі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың жемқорлыққа салынуын айыптаған ең алғашқы патша болып саналады. Ол лауазымды тұлғалардың қызметтерін теріс пайдалануын сынап отырған. Патша әкімшілігі жанындағы храм қызметкерлерінің халықты дінмен қорқытып, пара талап етуін тоқтатқан. Салт-дәстүрді желеу етіп, рәсімдер үшін жиналатын төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруға өзгерістер енгізген.

Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б. з. д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы айтылмаған. Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран мен Библияда. Ал б. з. д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік жариялануға себеп болатын екі қылмыстың бірі болып табылады.

Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды.
Қазіргі уақытта ең танымал болып сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес моделі танылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы көрсеткішті ел болған: шенеуіктерге парасыз бір шешімді де рұқсат та берілмейтін.

Қазаққа жемқорлық қайдан келіп, қалай қалыптасты…
Жыл сайын түрлі елдердің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін зерттеп жариялайтын Халықаралық Transparency International ұйымының мәліметі бойынша, 2014 жылы Қазақстан коррупцияның деңгейі жөнінен 175 елдің арасында 126-шы орынды иеленді (2013 жылы - 140-шы орын) . «Коррупцияға төзімділік индексі» деп аталатын бұл кестеде 50-ші орыннан төмен орналасқан елдегі сыбайлас жемқорлық алаңдатарлық жағдайда деген сөз. «Коррупцияға төзімділік индексі тізімінің соңында тұрған елдер өз халқының игілігі үшін коррупцияға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы қажет» деп дабыл қағады осы ұйым басқармасының төрағасы Хосе Угос.


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ” 2. 07. 1998 жыл
“СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ”
18 . 11. 2015 жыл

“2015-2025ж. ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ” СТРАТЕГИЯНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау
Жұртшылық бойында жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті,
білім мен тәрбиені қалыптастыру
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау
Стратегиясының мақсаты
елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, барынша жою.

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік
ӘРЕКЕТ
Бұрын - баю амалы
Қазір - сенімнің жойылуы
ҚҰРБАН
Бұрын - мемлекет
Қазір - әрбір Қазақстандық азамат
Мораль
Бұрын - «жағдайын туралады» - түсіністікпен қарау;
Қазір - мүлдем жоқтыққа шығарады
НӘТИЖЕ:
Бұрын:
жұртшылықтың бейқамдығы, кейде ақтауы
НӘТИЖЕ:
Қазір:
адами, ғылыми және діни тұрғыда мүлдем төзбеушілік

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ
Заңды жүзеге асыруға бүкіл қоғам, бизнес құрылымдар, жеке секторлар, БҰҚ қатысады
Тәжірибе: Гонконг, Сингапур, АҚШ, Корея, Ұлыбритания және Италия
Негізі: БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы(31. 10. 2003ж. )
ҚР 04. 05. 2008 ж. ратифициялады
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі және оның жергілікті департаменттері - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыратын және осы бағыттағы жұмысты үйлестіретін өкілетті орган

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz