Құрылыс машиналар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Семей қаласының Шәкәрім атындағы КЕАҚ «Геодезия және құрылыс» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Құрылыс машиналар»
Орындаған: Ахметова С. Қ. Тексерген: Казкеев А. Б. Тобы: ГК-811 Семей 2021

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Құрылыс машиналардың классификациясы
Құрылыс машинаның қандайда бір мүмкіншіліктері
Әр құрылыс машинаның индексі
Жер қазу - тасымалдау машиналарыны
Эксковаторлар туралы жалпы мәліметтер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жер жұмыстары дегеніміз ғимараттар мен үймереттер жер асты биіктіктерін дайындау кезінде, олардың іргетастары қалағанда су, жылу электр жүйелерінің құбырлау төсеу және сол сияқты құрылысқа арналған
Жерді жоспарлау жүйелеу кезінде атқарылатын жұмыс жиыны.
Жер жұмыстарының технологиясына мынандай процесстер жатады және оған арнайы құрылыс машиналар талап етіледі :
1) Жердің бетін тегістеу;
2) Жердің өсімдік қабатын алу;
3) Жерді эксковатормен қазып көлікке тиеу;
4) Артық топрақты үйіндіге жинау;
5) Артық топрақты кері орнына төсеу;

Құрылыста құрылыс машиналарының мыңдаған типоразмерлері тағайындалуына, жұмыс істеу принципіне, өлшемдеріне, күштілігіне, өнімділігіне байланысты пайдаланылады. Құрылыс машиналары классификацияланады:
Қондырғының күш алу түрі бойынша машиналар іштен жанатын двигательдер, электрлік, гидравликалық және пневматикалық двигательдер болып айырады. Көп құрылыс машиналары аралас тарту түріне жатады, мысалы дизель-электрлік және дизель-гидравликалық (көп тарағандар), дизель-пневматикалық, электрлігидравликалық, электрліпневматикалық және с. т. б.
Жұмыс істеу принципіне байланысты машиналарды периодтық іске асыруы (циклдық), бір жұмысты бірнеше периодта қайталау жолымен және өнімді циклды беру түрі (құрылыс крандары, бір шөмішті эксковаторлар және погрузчиктер, бульдозерлер, скрекерлер және т. б. ), және үзіліссіз іске асыру машиналары (конвейерлер, көп шөмішті эксковаторлар және артқыштар, ерітінді тасымалдайтын насостар және т. б. ) болып айырылады.
Жүру дәрежесіне байланысты машиналар стационарлы, көшіп-қондырылатын және жылжымалы болып бөлінеді. Ең соңғылар жұмыс уақытында немесе тасымалданғанда жүреді және олар өздігінен жүретін, прицепті және жартылай прицепті болуы мүмкін.
Әмбебаптық дәрежесіне байланысты машиналар көп мақсатқа пайдаланылатын әмбебап, әртүрлі ауыстырылатын қондырғылар жабдықталған және арнайландырылған, жұмыс қондырғысының бірақ түрімен жабдықталған және бір технологиялық жұмысты орындауға арналған (қада қағу балғалары, бетонды насостар) болып айырылады.
қондырғының күш алу түріне;
жұмыс істеу режиміне;
жүру дәрежесіне
әмбебаптылығына.

Құрылыс машиналары өзінің тағайындалуына сәйкес болуы керек және өнімділік мүмкіншілігін максималды қамтамасыз етіп және сол өндіріс жағдайларында жұмыс өнім бірлігінің құнын минимумға келтіру, сонымен қатар ауыспалы пайдалану жағдайына көндігуі. машина минимальді массасы, қарапайым, берік, құрыстырылған жатқан және тасымалдау уақытында ыңғайлы, сыртқы күштер әсерінен аударылып кетпеуіне орнықты талаптарына жауап беру керек. Машина үлкен сенімділік және шыдамды, оңай техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалы уақытында тиімді, жұмыс істеу жағдайын қауіпсіз қамтамасыз ету, жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек. Машинаның сыртқы түрі соңғы техникалық эстетикаларға талаптарға жауап беру керек. Машиналар қоршаған ортаны ластамау керек.
Өздігінен жүретін машиналар үлкен маневрылығымен және өту мүмкіншілігі (проходимость) жоғары болуы керек. Маневрылығы - машинаның жүру мүмкіншілігі және тар кіші минимальды радиустарда бұрылуы. Өту мүмкіншілігі - машинаның әртүрлі қыр-ой жерлерден және кіші су бөгеттерінен өту, әлсіз көтергіш қабілетті топырақтардан жылжыуы.
Құрылыс машинаның қандайда бір мүмкіншіліктері

Барлық шығарылған құрылыс машиналарына бірыңғай индексация жүйесі бекітіліп таралған, сол себепке байланысты әр машинаға шығарылған орыннан индексация (марка) беріледі. Бұл индексацияда әріптік және сандық белгілеулерден тұрды. Сандардың алдында орналасқан индекстің негізгі әріптері машинаның түрін белгілейді. Мысалы, ЭО- бір шөмішті эксковатор (эксковатор одноковшовый), ЭТР - роторлы траншейлі эксковатор (эксковатор траншейных роторных), ЭТЦ - роторлы шынжырлы эксковатор (эксковатор траншейно-цепных), ДЗ - жер қазу тасымалдау машиналары (землеройно-траншейных машин), ДП - дайындау жұмыстарына арналған және тоңған топырақтарды өңдейтін машиналар (машины для подготовительных работ и разработки мерзлых грунтов), ДУ - топырақтарды және жол жабындарын тығыздайтын машиналар (машины для уплотнения грунтов и дорожных покрытий), КС - өздігінен жүретін жебелі крандар (кранов стреловых самоходных), КБ - мұнаралы құрылыс крандары (строительных башенных кранов), СП - қадаларды ендіруге арналған қондырғылар (оборудования для погружения сваи), БМ - бұрғылау және бұрғылау-кранды машиналар (бурильных бурильно-крановых машин), СО- әрлеу жұмыстарына арналған машиналар (машины для отделочных работ), ТЛ - лебедкалар (лебедок), ТМ - көп шөмішті артқыштар (погрузчиков многоковшовых), ТО - бір шөмішті артқыштар (погрузчиков одноковшовых), ТП - подъемниктер (подъемников), ТК - конвейерлер және (конвейеры и питожели), ИЭ - электрлі қол машиналары (ручных машин электрических), ИП - пневматикалық қол машиналары (ручных пневматических машин), ИВ - вибраторлар (вибраторов) және т. б. Индекстің сандық бөлігі негізгі машинаның техникалық сипаттамасы келтіріледі. Индекстің сандық бөлігінен кейін қосымша әріп қосылуы мүмкін, ол машинаның реттік модернизациясы, оның арнайы климаттық орындалу түрін белгілейді.
Әр құрылыс машинаның индексі яғни маркасы болады.

Жер қазу - тасымалдау машиналары
Жер қазу - тасымалдау машиналары деп жұмыс органдары пышақ, екі жұмысшы бірдей атқаратын - массивтерден қабаттар айырып және сол екпінімен төсеу орнына топырақты тасымалдайды. Бұл группаларға келесі машиналар жатады: бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер және грейдерлер. Бұл машиналардың бульдозерлер және скреперлер өнеркәсіптік және азаматтың құрылыста кеңінен қолданылады.

Бульдозерлерді 1-4 категориялық қабат топырақ торын өңдеу және тасымалдауға, сонымен қатар жортасты және тоңған топырақтарды босатуға қолданылады. Олардың көмегімен құрылыс алаңын жоспарлауға, үйінді жасауға, ойпандарды және қазан шұңқырларды өңдеуге, топырақтарды тегістеу, басқа машиналар төккен, фундаменттер және коммуникациялар астына траншейлер қазу, шұңқырларды, траншейлерді, қазан шұңқырларды және ғимарат іргетасының айналасын көму, алңды қардан, тастардан, өсімдік қабаттарынан, түбірлерден, майда талдардан және құрылыс қоқыстарынан тазалайды. Бульдозерлердің құрылыс өндірісінде кеңінен қолданылуы олардың конструкциялардың қарапайымдылығын, беріктілігін және пайдаланылуда тиімділігі, жоғарғы өнімділігі, қозғалмалығы және әмбебаптылығымен анықталады.
Бульдозер жайлы қысқаша мағұлмат

Скреперлер дегеніміз не?
Скреперлер өздігінен жүретін немесе принципті жер қазу тасымалдау машиналары болып келеді. Олардын жұмыс органы доңғалаққа бекітілген ковш, оның астынғы жағына топырақ қабатын кесуге арналған пышақ орнатылған. Скреперлер қабаттарды кесуге, тасымалдауға, тегістеуге және 1-4 патегариялық топырақтарды алаңды құрылысқа инженерлік дайындауда, топырақты аздап нығыздауға, кварталдарды жоспарлауға, үйінді жасауға, енді трагшейлерді өңдеуге және ойпандарды әртүрлі ғимараттарды дайындауға және т. б. арналады. Көбінесе скреперлерді суланбаған орташа топырақтарда (құмайт, саздақ, топырақтар) , ірі тасты құрылымдар болмаған жағдайда жұмыс істейді. Скреперлермен ауыр топырақтарды өңдегенде оларды алдын кесу қабаты қалындығыша босатып алады. Скреперлердің бастапқы бірқатар машиналардың негізгі параметрі ковштың геометриялық сиымдылығы болып табылады.

Автогрейдерлер өздігінен жүретін жоспарлау профилдау машиналары болып келеді, олардын негізгі жұмыс органдары толық бұрылатын грейдерлердің пышағы бар отвал қызмет етеді. Отвал автогрейдерлердің продольді осіне бұрышпен алдынығы және артқы пневмодоңғалақты жүру қондырғылары мосттар арасында орналасады. Автогрейдерлер жүру барысын пышақтар топырақтарды кеседі және отвал оны шетке ысырады.
Автогрейдерлерді жол ұүрылысында, үлкен емес үйінділер және профилді ойпандар ғимараттарында, котлован түптерін тазалау, аландарды жоспарлау, траншейлерді, оларды, шұңқырларды, каналдарды көмуге жоспарлау және профилдеу жұмыстары үшін, сонымен қатар жолдарды, құрылыс алаңын, қала жолдарын және алаңдарды қысқы уақытта қардан тазалауға қолданылады.
Автогрейдерлерді 1 . . . 3 категориялық топырақтарда қолданылады. Автогрейдерлердің жұмыс істеу процесі реттік жүрістерден тұрады, онда топырақтарды кесу, оны тасымалдау, тегістеу және ғимарат бетін жоспарлау болып іске асырылады.
Автогрейдерлер констуктивтік салмағы бойынша, трансмиссия түрі бойынша, доңғалақтардың схемасы және борттың берілу түрі бойынша классификацияланады. Конструктивтік салмағы бойынша автогрейдер жеңіл (12 т. дейін), орташа (15 т. дейін) және ауыр (15 т. жоғары) болып бөлінеді. Автогрейдерлердің доңғалақты схемасы АхБхВ формуласымен анықталады, мұнда А - басқарылатын доңғалақ остерінің саны; Б - тартатын доңғалақтар осінің саны және В - остердің жалпы саны. Автогрейдерлердің доңғалақты схемасы жеңіл және орташа типті 1х2х3, ауыр типі 1х3х3.
Автогрейдерлер

Эксковаторлар туралы жалпы мәліметтер
Бір шөмішті құрылыс эксковаторлары. Траншейлі эксковаторлар
Тізбекті траншейлі эксковаторлар. Роторлы траншейлі эксковаторлар.
Бір шөмішті эксковаторлар жұмыстарды бөлек көп қайталанатын циклдармен іске асырылады, сол уақыт ішінде қазу және топырақты тасымалдау операциясы бөлек және бірінен кейін бірі іске асырылады. Жұмыс істеу процесі кезінде машина периодты келесі топырақ көлемін қазуға орын ауыстырады.
Тоқтаусыз жұмыс істейтін эксковаторлар топырақты қазу және тасымалдау біруақытта және тоқтаусыз іске асырылады. Осындай эксковаторлардың еңбек өнімділігі бір шөмішті эксковаторлардан жоғары, олар 2/3 жұмыс уақытын топырақты тасымалдауға және жұмыс қондырғыларының орын ауыстыруларына жоғалтады.
Траншейлі эксковаторларды құрылыста сызықты жер асты коммуникацияларды ашық түрде төотбұрышты және трапеционалды профильді траншейлерді қазғанда (газ, мұнай, су және азық жүйелеріне, канализация және жылу жүйелерін, кабельді байланыс жүйелерін және электр қондырғыларына), сонымен қатар ғимараттар және үймереттер астындағы ленталы фундаменттерге траншей қазғанда қолданылады. Олар өздігінен жүретін көпшөмішті немесе шөмішсіз жұмыс органдары бар жер қазу машиналары.
Тізбекті траншейлі эксковаторлар тоңбаған топырақты өңдеу үшін пневмодоңғалақты және шынжыр табанды тракторларға орнатылған бір тізбекті және екі тізбекті қырғыш жұмыс органы орнатылған, сонымен қатар тоңған топырақтарды өңдеуге арналған арнайы тізбекті жұмыс органы кескіштермен (с резцами) жабдықталған.
Роторлы траншейлі эксковаторлар шынжыр табанды тракторға немесе арнайы тягачтарға бекітілген немесе жартылай прицепті қылып орнатылған болып келеді және I-IV категориялық тоңбаған топырақтарды, ірі тас қосындылары жоқ (300 мм дейін), сонымен қатар беттері қатқан тоңған топырақтарды әр түрлі тереңдікке төртбұрышты және трапеционалды профильді траншейлерді өңдеуге арналады.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz