Географиялық ақпараттық жүйе
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы КЕАҚ
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Географиялық ақпараттық жүйе»
Орындаған: Ахметова С .
Тексерген: Оразбекова Г. Б
Тобы: ГК-811
Семей 2021
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
2. Геоақпараттық жүйелердің құрамды бөліктері
3. ГАЖ бағдарламалары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр
келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы
шешімдерді қабылдаудың басты элементі балып саналады.
Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын,
жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын
дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде
қолданылуда.
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы
технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және
кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық
ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.
1.Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы. ГАЖ 1960 жылдардың cоңында
дамыса да, соңғы 10 жылда бұл технология өте қарқынды пайдаланылуда. Мұндай
қарқынды дамудың басты себебі – әрине, есептеу техникасының дамуы болып отыр. ГАЖ
пайдаланатын кең көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар, модельдік есептер,
сапалы графика – машина ресурстарын едәуір талап етеді. Осы уақытқа дейін ГАЖ үшін
жарамды сипаттамалары бар ЭЕМ өте қымбат, әрі оны тек ірі қалалардағы үлкен
мекемелер ғана пайдалана алды.
Соңғы 10-15 жылда шетелдерде және отандық тәжірибеде ГАЖ- дың басым бөлігі
ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына мәселелерді шешудің ақпараттық негіз
болып табылады:
1.басқару деңгейінің шешімін қабылдау;
2. қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау;
3. қала аумағындағы өнеркәсіп пен азаматтық белгідегі объектілерді тиімді
жобалау;
4. қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау;
5. аумақтың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық жағдайларын зерттеу
және олардың экономикалық бағасы;
6. қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар) есепке алуды және
тиімді пайдалануды жетілдіру;
7. қалалық коммуналдық шаруашылықтың инженерлік желісінің орналасу орны мен
пайдаланылуы жөніндегі ақпараттарды алу;
8. көп мақсатта пайдаланылатын техногенді процестер мен жер қойнауының табиғи қорлары
жөніндегі мәліметтерді, тау-кен- геологиялық мәліметтерін жинау;
9. табиғи ресурстарды, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, қоршаған ортаны ластағаны үшін
алынатын төлемақы, салық салуды жүргізу;
10. аймақтық ресурстарды тұтынушылардың, жекеменшік иесінің, басқа тұтынушылардың
құқын қорғау
Геоақпараттардың тұрақты пайдаланушыларына мыналарды жатқызуға болады:
1. басқарушы және орындаушы өкіметтің қалалық құрылымдары;
2.жоспарлаушы органдар;
3. салық инспекциясы;
4. заң және құқық қорғау органдары;
5. қаланың сәулет-жоспарлау және жер қызметтері;
6. пайдаланушы мекемелер (коммуникациялар, транспорт, ғимараттар мен құрылыстар);
7.ғылыми-зерттеу,жобалау институттары;
8. құрылыс мекемелері;
9. сауда мекемелері, барлық міндеттегі биржалар;
10. әлеуметтік-экономикалық, техникалық қадағалау инспекциялары мен бақылау органдары;
11. шетел серіктестері мен инвесторлар;
12. кәсіпкерлердің коммерциялық білім алуы;
13. жеке тұлғалар.
2. Геоақпараттық жүйелердің құрамды бөліктері.
1. Аппараттық құралдар: қазіргі уақытта ГАЖ компьютерлі платформалардың әртүрлі
типтерінде, орталықтандырылған серверден жеке немесе үстел үстіндегі байланысқан
компьютер желісіне дейін жұмыс істейді.
2. ГАЖ-дың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы: географиялық (кеңістіктік)
ақпараттарды сақтауға, талдауға және көзбен шолуға (визуализация) қажетті
функциялар мен құрал-жабдықтардан тұрады.
3. Берілген деректер: қажетті тақырыптық қабаттары бар дайын карталар немесе
ғарыштық түсірімдер, аэрофототүсірімдер, т.б. түрінде берілуі мүмкін.
Кез келген ГАЖ екі типті – графикалық және атрибутивті немесе тақырыптық деректер қорымен
жұмыс істейді. Ал графикалық деректер қорында графикалық немесе метрикалық негіз деп аталатын
деректер сақталады; атрибутивті (анықтауыштық) карта жүктемесі және кеңістікке жататын, бірақ
картаға тура түсірілмейтін қосымша деректерден – аумақтың сипаттамасы немесе есептемедегі
ақпараттан тұрады.
Қордың екі түрі сандық деректі файлдарды (жинақтар) береді. Осы деректермен жұмыс істеу үшін
ГАЖ-дың деректер қорын (базасын) басқару жүйесі (ДҚБЖ) болуы керек. ГАЖ-дың деректер қорын
басқарудың – жеке метрикалық және атрибутивті ақпараттар үшін екі жүйесі бар. ДҚБЖ көмегімен
ақпараттарды деректер қорында іздеу, сұрыптау, қосу және түзету жүзеге асырылады.
Геодезия және картография:
далада түсірілген геодезиялық деректер негізінде топографиялық пландарды
құру;
геодезиялық өлшеу деректерін алғаш рет енгізу;
жердің сандық моделін өңдеу және құру;
векторлау жолымен әртүрлі бағыттағы карталарды құру;
карталарды жаңарту;
оперативті картаға түсіру;
карталарды редакциялау, жинақтау және басып шығару;
тақырыптық карталар мен атластарды жинау, т.б.
Ақпараттық жер жүйелері:
жерге орналастыру, жердің бас жоспары мен үшөлшемді моделін құру;
инженерлік геология;
рельефті ұйымдастыру, т.б.
ГАЖ бағдарламалары
ГАЖ-технологиясын картографиялауда және жерге агроэкологиялық бағалау жасауға қолдану
үшін сәйкесінше базалық және аппараттық қамтамасыздықты қажет етеді. Қазіргі кезде қолданылатын
әртүрлі ГАЖ бағдарламалық қамтамасыздандыруларының ішінен Қазақстанда да және басқа елдерде де
кеңінен қолданылатын 2 пакетті айтуға болады. Бұл ArcGIS (және оның жеңілдетілген нұсқасы ArcView)
және MapInfo пакеттері. Қазіргі уақытта MapInfo бағдарламасын қолдану ұсынылады, ол түрлі ГАЖ
жасауда үлкен мүмкіндіктерімен, салыстырмалы арзан бағасымен, жақсы орысшалануымен, басқа
таралған ГАЖ бағдарламаларымен және Windows операциялық жүйелерімен үйлесімділігімен, жаңа
нұсқаларының жиі шығуымен ерекшеленеді.
ГАЖ бағдарламасынан басқа сәйкес келетін операциялық жүйе (MS Windows 2000/XP Pro және
басқалары), офистік пакет (әдетте, MS Office), графикалық редактор (әдетте, Adobe Photoshop), диск
жазушы бағдарлама және антивирус қажет. Цифрлау жұмысын векторизациялау-бағдарламалары (мысалы,
Еasy Trace) айтарлықтай жеңілдетеді.
ArcGis – бұл геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған
бағдарламалық өнімдердің шоғырланған жиынтығы.
ArcGis, кеңістіктік мəліметтерді құруға, басқаруға, интеграцияға,
талдауға, бейнелеу жəне көрсетуге қолданылады.
ArcGis-дің бағдарламалық өнімдері, ГАЖ-функционалдық пен
бизнес-логика қажет етілетін барлық жерлерде үстел үсті,
серверлік жəне тұтынушы қосымшаларында, WEB арқылы,
«алаңда» немесе ұтқыр құрылғыларында қолдануға мүмкіндік
береді.
ArcGis бағдарламалық өнімдерінің сызғышы «үйлесімділік»
ұранымен өңделініп, СОМ, Net, Java, XHL, SOAP объекттік
архитектурасын қосқанда, компьютерлік саланың стандарттары
негізінде құрылған.
ArcGis архитектурасының ауқымдылығы бағдарламалық
қамтамасыздандырудың көптұтынушылық саралауы мен
мəліметтерді жаңартуға арналған бірыңғай ортаның қажет болуы,
жеке тұтынушылар мен ірі компанияларға бағдарламалық
қамтамасыздандырудың біркелкі келетіндігін білдіреді.
MapInfo – қолданбалы геоақпараттық
жүйе, ол келесі жұмыстарды іске асыруға
арналған:
- карталарды құрастыру және оларды
өңдеу;
- карталарды безендіру және оларды
көзбен шолу;
- тақырыптық карталарды құру;
- графикалық және семантикалық
ақпаратты кеңістіктік және
статистикалық тұрғыда талдау;
- геокодтау;
- мәліметтер базасымен жұмыс жасау,
соның ішінде ODBC бойынша
карталарды принтер/плоттер немесе
графикалық файлдардан шығару.
Геоақпараттық технологиялар адамзат қызметінің көптеген салаларында, әсіресе
табиғатты қорғаумен байланысты тапсырмаларды шешуде пайдаланылады. Қазіргі
кезде қоршаған орта өзгерістері, мониторингі, анализін картографиялау
тапсырмаларын шешуге көмектесетін Жерді арақашықтықтан зондылау (ЖАЗ)
мәліметтерін пайдаланбайтын ГАЖ-ды елестету мүмкін емес. ЖАЗ геоақпараттық
мәліметтерді алудың ең жедел (оперативті) көзі болып табылады. Яғни, ол ГАЖ
ақпаратын маңызды (актуалды) жағдайда сақтайтын негізгі көз болып табылады,
әсіресе егер маңыздылық факторы шешуші роль атқаратын болса (әскери бақылау,
апаттық кедейленуді бақылау, экологиялық мониторинг, табиғат ресурстарын бақылау
және т.б.). Жаһандық интеграция мәліметтері жүйесі ретінде ГАЖ-ға
қызығушылықтың өсуі геоақпараттық өнім нарығын кеңейту әдістері мен ГАЖ-да
ақпаратты өңдеу мен жинау әдістерін іздеуді жеңілдетеді
Қорытынды
Геоақпараттық жүйеде мәліметтер негізінің көзі – ақпаратпен
қамтамасыз ету. Мұнда жобаларды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін
жалпы құнының 90%шығынын қажет етеді. Геогарафиялық
карталарды материалдардың көзі үшін пайдалану мәліметтер базасында
ыңғайлы және тиімді. Бірінші мұнда атрибутты сипатамалар;
Картографиялық көздерден алынған мәліметтер; екіншіден кеңістікті
бейнелеу; Үшіншіден қазырғы кезде матириалдарды цифірлік
пішіндерге айналдыру технологиясы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Керімбай Н.Н. Сандық картография
2. Берлянт А.М. Геоинформационное картографирование.
3. Майкл Н., Де Мерс. Геоинформационные системы.
4. Капралов Е. Г. Основы геоинформатики
5. Матвеева С. И. Инженерная геодезия и
6. Интернет ресурстар: Wikipedia.org, Stud.kz, Bigox.kz, Portal.kazntu.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz