Науқасты субъективті тексеру
Презентация қосу
Тақырыбы:Пациентке обьективті және
субьективті тексеру жүргізу және оның
нәтижелілігін талдау
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Субьективті тексеру жүргізу
2.2 Обьективті тексеру жүргізу
2.3 Нәтижелілігі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Науқасты субъективті тексеру
Науқасты субъективті тексеру әдісі — науқасты
клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Алдымен
науқастың жалпы мәліметтерін сұрастырады
(фамилия, аты, әкесінің аты, жасы). Науқастың
мамандығын білу аурудың себебін анықтауға
көмектесуі ықтимал. Науқасты сұрастыру:
шағымдарынан, аурудың басталу тарихы,
науқастың өмір тарихынан тұрады.
Науқастың шағымдарын сұрастыру
Ең басында негізгі немесе басты
шағымдарды мұқиат
сұрастырады. Мысалы, төс асты
ауырсынуында оның
локализациясын, интенсивтілігін,
пайда болу уақытан және
ауырсынудың әртүрлі
жағдайларға қатысты пайда
болуы (физикалық күштеме,
жөтел, әртүрлі тағамдарды
қабылдау т. с. с.). Ауырсыну
немен басталатыны анықталады.
Науқастың негізгі шағымдарын, аурудың
алғашқы белгілерін оқып білу, аурудың алғашқы
белгілерін анықтауға көмектеседі. Физикалық
күштемеден кейін пайда болатын жүрек
аймағының ауырсынуына шағымданып,
ауырсыну сол қолға беріледі, мұндай шағымдар
стенокардияға тән. Тамақтанғаннан кейін 1-2
сағат ішінде немесе түнде, ашқарынға асқазан
ауырсынуында он екі елі ішектің ойық жарасына
күмәндануға болады.
Содан кейін жалпы шағымдарға көшеді. Мысалыға,
өкпенің қабынуында науқас әлсіздікке, жоғарғы
температураға, ауырсынуға, жөтелге сол сияқты
шағымдарға шағымданады. Сонымен қатар барлық
органдарға қатысты сұрақтарды қойып,
шағымдарды терең анықтау қажет. Науқастың түнгі
ұйқысын, асқа тәбетін сұрастырып, жүйке
жүйесінің жағдайын анықтау керек.
Аурудың пайда болу тарихы
Аурудың пайда болуын сұрастырғанда, келесі сұрақтарға тура жауап алу керек:
ауру қашан басталды;
ауру қалай басталды;
аурудың жүру ағымы;
қандай зерттеулер жүргізілді және олардың нәтижелері;
қандай емдік шаралар жүргізілді және олардың нәтижелері;
Осы сұрақтардан кейін аурудың жалпы көрінісі анықталады. Ең алдымен осы
ауру басталар алдында науқастың жалпы жағдайын анықтау және пайда болу
себептерін қарастыру.
Біріншіден аурудың алғашқы белгілерін анықтап, кейін аурудың динамикасын,
рецидив немесе асқынудың болғанын, ремиссия периодын және ұзақтылығын
сұрастыру қажет.
Соңында қазіргі госпитализациялану немесе дәрігерге көріну себебін жетік
анықтау.
Науқастың өмір тарихы
Науқастың өмір тарихы науқастың ауруын анықтауда маңызы зор болуы
мүмкін. Бұл бөлімде науқастың өмірін негізгі периодтарға бөліп
қарастырамыз.
Жалпы биографиялық мәліметтер
Бұл бөлімде науқастан туып өскен жерін, науқас туылғанда ата –
анасының жасы, жанұяда нешінші бала, уақтысына жетіп туылды ма, ана
сүтімен қоректенді ма, жалпы дамуы жөнінде сұралады. Кейінен
науқастың балалық, жасөспірімдік шағында жанұялық жағдай, тамақтану,
тұрмыстық жағдайын анықтау. Сонымен қатар науқастың жыныстық
жетілу уақытын және оның жалпы жағдайына әсерін білу.
Науқастың зиянды әдеттерін (темекі шегу, алкогольды ішімдік ішу,
нашақорлық), сонымен қатар балалық шағындағы ауырған ауруларын
сұрастыру керек.
Еңбек жағдайы.
Кейбір жұмыс орындар адам денсулығына үлкен
зиян тигізеді. Сондықтан науқастан жұмыс орны
туралы, зияндылығын және жағымсыз әсер жөнінде
сұрастыру. Кейбір науқастарда жұмыс істеу
жағдайын сұрастыра аурудың ағымын болжауға
болады.
Науқастың басқа аурулармен ауырғанын анықтау.
Осы аурумен сырқаттанбас бұрын науқас қандай
аурулармен ауырғанын анықтау өте қажет. Кейбір
инфекциялық аурулар (қызылша, скарлатина)
науқаста тұрақты иммунитет түзеді, ал басқа
инфекциялық аурулардан кейін (рожа, ревматизм)
осы инфекцияның қайталануына бейім болады.
Ревматизм, дифтериядан кейін жүрек зақымдануы, ал
эндокардиттен кейін жүрек қақпақшаларының ақауы
пайда болуы мүмкін.
Отбасылық немесе тұқым қуалаушылық анамнезі.
Отбасылық анамнез көп мәлімет береді, себебі отбасының бір мүшесі
туберкулезбен ауырған болса, басқа мүшелері де ауырып қалуы мүмкін. Сол
сияқты мерез ауруы да жүктілік кезінде анадан балаға (вертикальды жолмен)
беріледі. Тұқым қуалаушылық факторы науқастың өмірінде үлкен рөл атқарады.
Науқас өзі ауырмасада, кейбір ауруларға бейім болуы мүмкін, егер де белгілі бір
факторлар әсер еткен жағдайда бейімділік ауруға ұштасуы мүмкін.
Тұқым қуалаушылық факторларды анықтау үшін клинико – генеологиялық
анализ жүргізіледі.
Аллергологиялық анамнез.
Науқастарда да, сау адамдарда да ағзаның патологиялық қозуы, яғни аллергия
болуы мүмкін. Науқастан аллергиялық реакциясы болған ба және болса оны
немен байланыстыратынын мұқият сұрау қажет. Кейбір науқастарда дәрілік
заттарға, парфюмерлік бұйымдарға, гүлдің тозаңына, шаңға, табиғат өзгерісіне
аллергиясы болады. Аллергиялық реакция әртүрлі көрініс береді –
вазомоторлық рениттен басталып, бөртпелер, Квинке ісінуі және
анафилактикалық шокқа дейін.
Гинекологиялық анамнез.
Әйел адамдарда етеккірдің басталу уақыты, алғашқы етеккірдің келген жасы,
қанша күн болуы, ауырсынудың болуы немесе болмауы, жүктілік саны, босану
саны, ағымы, аборттың немесе түсіктің және климакстық периодтың болуын
анықтау.
Урологиялық анамнез.
Ер адамдарда дәретке шығуын, дәреттің болмауын, іштің төменгі бөлігінің
ауырсынуын және уролог дәрігерге қаралуын анықтайды.
Эпидемиологиялық анамнез.
Науқасты жөтеліп жүрген, қалтырап, қызуы көтеріліп жатқан, туберкулезбен,
вирусты гепатитпен ауыратын науқастармен қарым – қатынаста болғанын
анықтайды. Соңғы уақытта науқас алыс сапарға шыққан болса, онда себебін,
барған елді мекенін мұқят сұрастырып анықтау қажет.
Экспертті анамнез.
Сол жылдың еңбекке жарамсыздық күндерді анықтайды. Егер де еңбекке
жарамсыздық төрт айға жақындаса, онда науқасты медико – әлеуметтік
экспертизаға жібереді. Онда науқасқа мүгедектілік тобын немесе ауруханалық
парақтың созуын тағайындайды.
Науқасты объективті тексеру әдісі
Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты
клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты
объективті тексеру нәтижесінде алынған
симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды.
Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация),
соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация)
тұрады.
Қарау
Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын
байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық,
орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді.
Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы
жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары),
дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ
– қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі
қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді.
Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай
алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас
өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте
жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды.
Сана–сезімнің жағдайы
Сана – сезімнің бірнеше жағдайын ажыратады:
анық ес;
ступор – науқас сыртқы ортада нашар хабардар болады, сұрақтарға нашар
немесе кешігіп жауап береді.
сопор (субкома) – ұйқы жағдайы. Егер науқасты осы жағдайдан қатты дауыспен
оятса, онда ол сұраққа жауап береді ле, қайта терең ұйқыға кетеді.
кома – сана–сезімнің толық болмауы. Ол бас миының орталықтарының
зақымдануымен байланысты. Комада бұлшық еттердің босаңсуы,
сезімталдықтың және рефлекстердің болмауы, кез келген тітіркендіргіштерге
(жарықтық, ауырлық, дауыстық) жауап бермейді. Кома қант диабетінде, миға
қан кеткенде, улануда, бауырдың ауыр зақымдануында, бүйрек жетімсіздігінде
болуы мүмкін.
Кейбір ауруларда орталық жүйке жүйесінің қозуынан сана– сезімнің
зақымдануы болады. Оларға сандырақтау, галлюцинация (есту және көру)
жатады.
Науқастың бетінің көрінісі
Науқастың беті ағзада болып жатқан өзгерістерді
айқындайды. Ол қорқуды, сағынуды, уайымдауды көрсете
алады. Қызба кезінде науқастың беті қызарады. Беттің ісініп,
бозаруы және көздің қабағының түсуі бүйрек ауруларымен
ауыратын науқастарда болады. Алкогольды ішімдіктермен,
наркотиктермен уланғанда, уремияда көз қарашығының
тарылуы, атропинмен уланғанда кеңеюі болады. Бауырдың
зақымдануында склераның сарғаюы байқалады.
Жалпы дене бітімі
Адам затының үш типті конституциясы болады:
нормостеник типі – дене бітімінің пропорционалды, бұлшық еттері
тығыз, көкірек клеткаының конус тәрізді болуымен сипатталады.
Колының, аяғының, мойынның ұзындығы денесінің өлшеміне сай.
Қабырға бұрышы тік.
астеник типі – мойыны ұзын және жіңішке, иықтары тар, жауырыны
көкірек қуысынан қалаңқы, бұлшық еті әлсіз, терісі жұқа және
бозғылт, диафрагма төмен, зат алмасуы күшейген болады.
гиперстеник типі – көлденең өлшемдері, бұлшық еттері, тері асты
май қабаты күштірек дамыған. Кеуде қуысы қысқа әрі кең,
қабырғаларың бағыты горизонтальды бағытталған, иықтары кең
және түзу, аяқ – қолдары қысқа, басы үлкен, диафрагма жоғары
орналасқан, заталмасудың төмендегені тән.
Шаш және тырнақты қарау
Шаштың дененің шаштан таза жерде көп өсуі
эндокринді бұзылыстың болуымен сипатталады.
Шаштың түсуі гипотериозға , ал уыстап түсуі
сифилиске тән. Шаш тері ауруларыпда яғни
фавуста, себореяда түседі. Тырнақтың сынғыштығы
және қатпарлануы витаминді алмасудың
бұзылысынды және жүйке жүйесінің ауруларында
кездеседі.
Мүшелеп қарау
Басты қарау. Бастың қатты үлкеюі мида судың жиналуында, микроцефалияда байқалады. Туа пайда болған
сифилисте – бас сүйектің спецификалық орналасуы және жүректің аортальды ақауында бастың
пульсациясы болады. Көзді қарау бірқатар симптомдарды анықтауға көмектеседі. Мысалы, диффузды
токсикалық жемсауда, ботулизмде (қылилық), жүйке жүйесінің ауруларында ( көз қарашығының бір
деңгейде болмауы, птоз және т. б.) көздің патологиялық өзгерістері кездеседі .
Ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысын қарау (аран, тіл, тістер, шырышты қабық) асқазан ауруларын, анемия,
эпилепсияны және т. б. ауруларды анықтауда диагностикалық маңызы зор.
Құлақ қалқандарын қарап, сыртқы дыбыс жолдарын мұқият қарайды. Бастың шашты бөліктерінде шаштың
жалпы көрінісіне, шаштың түскен бөліктеріне (микроспория), тері зақымдануларына, педикулездардың
болуына немесе болмауына көңіл аударады.
Мойынды қарау. Ұйқы артериясының пульсациясына (жүрек ақауы, тиреотоксикоз), қалқанша безге, лимфа
түйіндерге көңіл аударады.
Сүйек–бұлшык ет жүйесін қарау. Бұлшық еттер (атрофия, гипертрофия), буындар (деформация, қимылдау
дәрежесі), тамырлар (веналардың варикозды кеңеюі), тырнақтар ( сынғыштақ, формаларына) жағдайын
бағалау қажет. Бұлшық еттің дамуын науқастың жұмысымен немесе спортпен айналысуымен сипатталады.
Жергілікті бұлшық ет атрофиясын (көбінесе аяқтарда) келесе сау мүшемен салыстыра отырып диагностика
жүргізеді. Бұлшық еттің күшін және қызметінің бұзылуын анықтау өте маңызды, себебі олар жүктілік
кезінде, бүйрек (эклампсия), бауыр (бауыр жетіспеушілігі), орталық жүйке жүйесінің зақымдануы
(менингит), холерада және т. б. ауруларда байқалады.
Акромегалияда перифериялық сүйектердің қатты өсуі, ал рахитта сүйектердің өзгеруі, тауық көкірегі,
қабырғалардың шеміршекке өту кезінде жуандауы, аяқтарының қисаюы байқалады.
Кеуде сарайын қарау.
Кеуде сарайына (конус тәрізді, эмфизематозды және т. б.), жүрек
ұшы соққысына баға береді.
Алдыңғы құрсақ қуысын қарау.
Іштің формасын, өлшемін және тыныс алуда қатысуын бағалайды.
Лимфа түйіндерін қарау.
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері қолға сезілмейді және
көрінбейді. Аурудың түріне қарай олардың көлемі бұршақтан
алмаға дейін үлкеюі мүмкін. Лимфа түйіндерін қарағанда олардың
ауырсынуына, жылжығыштығына, консистенциясына, терімен
жалғасуына көңіл аудару керек. Көбінесе жақ асты, мойын, бұғана
үсті, қолтық асты және шап түйіндері үлкееді.
Нәтижелілігі
Ауру тарихын толтыру дәрігер жұмысының маңызды элементтерінің бірі
болып табылады, бұл уақытта дәрігер, дұрыс диагноз және ем қоюға
мүмкіндік беретін, диагностикалық және емдік шаралардың орнын басумен
қамтамасыздандыратын, өзінің бақылауы мен медициналық әрекетін науқас
төсегіндегі ойластыруының шығармашылық нәтижесі ретінде белгілейді.
Ауру тарихының маңыздылығын клиникалық медицинада асыра бағалау қиын.
Бұл құжаттың медицина және заң тұрғыларында зор маңызы бар. Ауру тарихы
негізінде сырқаттың динамикасын оқытады, еңбек және сот-медициналық
сараптамасын жүргізеді. Ауру тарихы стационардың емдік сапасының негізгі
көрсеткіші болып табылады, онда сырқат ағымының сипаты және емнің
тиімділігі көрсетіледі. Маңызды медициналық құжаттың жоғарғы сапасы
науқасқа қамқорлықпен қарау және оның болашағына көзқарасын көрсетеді.
Қорытынды
Сырқаттың шағымдарын бағалай отырып,
дәрігер өз қорытындысын жасайды.
Науқасты тереңірек зерттеу және объективті
тексеру қосымша мәліметтер беріп, бұрынғы
болжамды растай түседі немесе жаңа
қорытындылар туындайды. Сондықтан
анамнез жинауда науқастан алған әрбір
мәлімет маңыздылығы зор болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
• http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013171
• https://infourok.ru/tekseru-%
D2%9Borytyndylary-4894356.html
• https://kk.wikipedia.org/
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz