ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕ ДӘРІГЕРЛІК



№8 практикалық сабақ. Дене тәрбиесіне дәрігерлік бақылау жасау.
Орындаған: Хамидуллина Е. Е
Тексерген: Ерболат Б. Е

Жоспар
1. Дене тәрбиесіне дәрігерлік бақылау жасау.
2. Дәрігерлік тексеру, балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық мҥмкіндіктеріне баға беру.
3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар.
4. Сабақ өткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайларын тексеру.

1. Дене тәрбиесіне дәрігерлік бақылау жасау
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүргізу барысында дәрігерлік бақылаудың негізгі міндетін, олардың денсаулығын, дене және жүйке психикасының дамуын нығайтуға көмектеседі.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дәрігерлік бақылауға мыналар кіреді:
1) балалардың денсаулық жағдаын, дамуын олардың организімінің функционалды мүмкіншіліктерін анықтау үшін дәрігерлік тексеруден өткізу;
2) дене тәрбиесінің жүргізілуін дәрігерлі-педагогикалық бақылауға алу, дене жаттығуларының мазмұны мен жүргізу әдісін және балалардың организімінің жасына байланысты функциялық мүмкіншіліктерінің үйлесуін тексеру;
3) дене жаттығулары сабақтарын ертеңгілік гимнастиканы, қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық жаттығуларды, шынықтыру шараларын өткізетін жерлерге, физкультура жабдықтарының, құрал-саймандарының, сондай-ақ дене тәрбиесімен айналысушылардың гигиеналық жағдайларына санитарлық бақылау;
4) ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің арасында санитарлық - ағарту жұмысын жүргізу.
Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру дәрігерлің, аяжанның, педагогтың бірлескен жұмысы бойынша қарастырылады.


2. Дәрігерлік тексеру, балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық мҥмкіндіктеріне баға беру.
Дәрігерлік тексеру және балалардың денсаулық жағдайына, денесінің дамуына, функциялық мүмкіндіктеріне баға беру - мектепке дейінгі мекемелер дәрігерінің әр жылдағы тыңғылықты дәрігерлік тексеруімен жүзеге асады. Керекті жағдайларда балалар емхананың дәрігер-мамандарымен қосымша тексеріледі.
Денсаулық жағдайына баға беру кешенді түрде: дәрігерлік тесеріс деректері, ауру-сырқаулықтың, нервтік-психикалық және дене дамуының ерекшеліктері негізінде жүргізіледі.


3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар.
Дәрігерлік-педагогикалық бақлау - бұл балалардың жас ерекшеліктері мен функционалды мүмкіндіктеріне қарай дене тәрбиесінің әр түрлі формаларын өткізудің мазмұнына әрі әдістеріне тән бағаны қамтиды.
Дәрігер, аяжан, меңгеруші дене тәрбиесі сабағына, таңертеңгілік гимнастикаға, қимыл-қозғалысы ойындары мен жұмыстың басқа түрлерінің өткізілуіне дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасай отырып, топ тәрбиешісінің оны өткізу жөніндегі жоспар-конспектісімен танысуы керек. Сабаққа бақылау жасалып болғаннан кейін сабақтың жоспары мен мазмұны сол топтағы балаларға арналған бағдарламаның талап-тілектеріне сай жауап бере ме, жоқ па, сондай-ақ қолданылған жаттығу балалардың жасына және дайындық деңгейіне сәйкес келетін-келмейтініндігін атап өткен жөн.

4. Сабақ өткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайларын тексеру.
Дәрігер, меңгеруші және аяжан дене жаттығулары сабағы жүргізілетін бөлмелердің санитарлық жағдайын, сондай-ақ дене тәрбиесі алаңдарындағы физкультура құралдарды мен жабдықтарының гигиеналық жайын бақылауды жүзеге асырады.
Дәрігер, аяжан тәрбиешілер мен ата-аналардың гигиена, дене тәрбиесі мәселелері бойынша және оның балаларды дамытудағы ролі жөніндегі білімдерін көтеруді жүзеге асырады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz