АУЫЗ ҚУЫСЫ
Презентация қосу
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР СУБЪЕКТИВТІ,
ОБЪЕКТИВТІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. АСПАПТЫҚ ЗЕРРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ:
• І.Кіріспе бөлім:
• Асқорту. Асқорыту жүйесі дегеніміз не?
• Асқорыту мүшелері
• ІІ.Негізгі бөлім:
• Субъективті және объективті тексеру және жалпы тексеру
әдістері
• Асқорыту жүйесінің ауруларының синдромдары
• Асқорыту ауруларының түрлері және жалпылама түсіндірмелері
• ІІІ.Қорытынды бөлім:
• Қазіргі таңдағы медицинаға сүйене отырып асқорыту жүйелері
ауруларын емдеу.
СУБЪЕКТИВТІ ТЕКСЕРУ
• Науқасты субъективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Алдымен
науқастың жалпы мәліметтерін сұрастырады (фамилия, аты, әкесінің аты, жасы). Науқастың
мамандығын білу аурудың себебін анықтауға көмектесуі ықтимал. Науқасты сұрастыру:
шағымдарынан, аурудың басталу тарихы, науқастың өмір тарихынан тұрады. Ең басында негізгі
немесе басты шағымдарды мұқиат сұрастырады. Мысалы, төс асты ауырсынуында оның
локализациясын, интенсивтілігін, пайда болу уақытан және ауырсынудың әртүрлі жағдайларға
қатысты пайда болуы (физикалық күштеме, жөтел, әртүрлі тағамдарды қабылдау т. с. с.).
Ауырсыну немен басталатыны анықталады.
• Науқастың негізгі шағымдарын, аурудың алғашқы белгілерін оқып білу, аурудың алғашқы
белгілерін анықтауға көмектеседі. Физикалық күштемеден кейін пайда болатын жүрек
аймағының ауырсынуына шағымданып, ауырсыну сол қолға беріледі, мұндай шағымдар
стенокардияға тән. Тамақтанғаннан кейін 1-2 сағат ішінде немесе түнде, ашқарынға асқазан
ауырсынуында он екі елі ішектің ойық жарасына күмәндануға болады.
• Содан кейін жалпы шағымдарға көшеді. Мысалыға, өкпенің қабынуында науқас әлсіздікке,
жоғарғы температураға, ауырсынуға, жөтелге сол сияқты шағымдарға шағымданады. Сонымен
қатар барлық органдарға қатысты сұрақтарды қойып, шағымдарды терең анықтау қажет.
Науқастың түнгі ұйқысын, асқа тәбетін сұрастырып, жүйке жүйесінің жағдайын анықтау керек.
ОБЪЕКТИВТІ ТЕКСЕРУ
• Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің
бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды
дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация),
соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады. Қарау кезінде
науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы
жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып
бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін
(терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын,
дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті,
пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып,
өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте
әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз
дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана
жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында
ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың
жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің
жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың
шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады.
АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
АСҚОРЫТУ.
• Асқорыту- қоректік зат
клеткалардың өсіп-өнуі мен
дамуы үшін және
организмнің тіршілік
әрекетіне қажетті энергия
көзі. Ac қорыту мүшелерінің
жүйесі ас қорыту жолынан
және ас қорыту бездерінен
тұрады. Ауыз қуысы,
жұтқыншақ, өңеш, қарын,
ұлтабар ас қорыту жолы
болып табылады.
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ.
• Ac қорыту жүйесінің қызметі:
секреторлық- ас қорыту сөлін
шығару (сілекей, қарын сөлі,
қарын асты сөлі, ішек
сөлдері); қозғалыс ас қорыту
жолдары арқылы қоректі
ұстау) және араластыру;
сіңіру - қоректік заттардың,
судың, минералды заттардың
қан мен лимфаға өтуі.
АСҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ.
•
Асқорыту мушелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ,
өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады.
Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас.
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш
қабаттан тұрады: сыртқы, қабаты - дәнекер
ұлпадан
тұратын сірқабат. Ортаңғысы бұлшықет қабаты,
ішкі
қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.
АУЫЗ ҚУЫСЫ.
• Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі
бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және
нағызауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және
астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда,
ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл
ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз
кіреберісі сырт жағынан - еріндер және уртпен,
ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі.
Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды
және ұрт еріндермен ұласады.
• Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma
— ауыз
қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі.
Ауыз
қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек,
тандай сүйек,
төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының
жоғарғы және
төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы,
ал оның тіл
түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын
тесігін — есін
деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын —
жоғарғы және
төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі
бүйірінің сыртқы
қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол
жақтағы азу
• Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрінеді. Нағыз
ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде
орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев)
шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай
сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ
таңдай ауыз куысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп
тұрады.
Ауыз қуысына 3 жүп сілекей бездерінің өзектері ашылады.
Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі
сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі
физиологиялық үдеріс.
Нағыз ауыз қуысында тіл орналаскан. Ол көлденеңжолақты
бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет
талшықтарының кейбір тобы - ұзына бойы,
• екінші тобы көлденең, үшіншісі - тік бағытта жатады.
ТІЛ.
• Ол көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан
тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының
кейбір
тобы - ұзына бойы, екінші тобы - көлденең,
үшіншісі - тік бағытта жатады. Осыған
байланысты тіл - өте қозғалмалы мүше. Тілдің
түбі, денесі және ұшы болады. Тіл шырышты
қабықшамен қапталған. Тілдің сілемейлі
қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді
көптеген дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің ұшы
төттіні, екі бүйірі - қышқыл мен тұзды, ал түбі
ащыны сезеді. Сондықтан тіл дәм сезу
мүшесіне
де жатады. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және
тамақты жұтуға да қатысады.
ЖҰТҚЫНШАҚ
• Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше,
көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.
Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы
жағында орналасқан. Ересек адамда оның
ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың
төменгі бөлігі өрі өңешпен, әрі көмекеймен
байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ
арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа
жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ
аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі
асқорыту, өрі тынысалу мүшелер жүйесіне
жатады.
ӨҢЕШ.
• Өңеш (лат. esopagus — өңеш) (esophagus) –
адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен
жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі.
Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей,
диаметрі 16 – 22 мм (созылғанда), қалыңдығы 3,5 –
5,6 мм. Өңеш мойын, көкірек, құрсақ бөлімдерінен
тұрады. Оның қабырғасын ішкі – кілегейлі, ортаңғы
– етті, сыртқы – көкірек және құрсақ бөліктерін сірлі
қабық, мойын бөлігін адвентиция (қан тамырының
сыртқы дәнекер қабығы) құрайды. Кілегейлі
қабығында кілегей бөлетін альвеолалы түтікше
бездер орналасады. Өңештің кілегейлі қабығын көп
қабатты эпителий астарлайды. Тағам Өңеш бойымен
ет қабатының жиырылуынан және тағамның өз
салмағынан төмен қарай жылжиды.
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
• Қазіргі таңда медицинаның дамығаны соншалық, қауіпті
деген асқазан аурулары мен жараларын оңай, лазерлі
жолмен өңдеп, емдеп жазуға болады. Қазіргі уақытта
кең таралған ауру-асқазан аурулары. Негізгі пайда болу
себептері-дұрыс тамақтанбау, тамақтану рационын
сақтамау және мөлшерден тыс ащы/тәтті тағамдарды
пайдалану.
• Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол іздейік!
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz