Қала ортасындағы қалдықтар мәселесі
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
№5 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Қала ортасындағы қалдықтар
мәселесі
Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу
нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік
жарамсыз шығарылымдар.
Тұрмыстық қалдықтар-бұл елді мекендерде,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті
нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары,
сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты
жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары
ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР
МЕН ҚОҚЫСТАРДЫҢ
ЖОЙЫЛУ МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?
ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР
Жер бетінде миллиардтаған тонна тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс
бар. Жылдан жылға артып келе жатқан қалдықтардың қоршаған орта
мен адам денсаулығына қатер төндіруде. Онымен күресу үшін қалдық
пен қоқыс өңдейтін зауыттар мен кәсіпорындар да көптеп ашылуда.
Соған қарамастан қалдықтар көбеймесе, азаймай отыр. Бұған
адамдардың өздері де кінәлі. Қоқысты арнайы жәшіктерге тастамайды
немесе басқалай жолмен олардың көзін жоюға талпынбайды. Мұндай
қалдықтар мен қоқыстар қанша уақытта өздігінен жойылатыны
туралы мынадай қызықты мәліметтер келтіруді жөн көріп отырмын.
АС ҚАЛДЫҚТАРЫ
АС ҚАЛДЫҚТАРЫ БІР АЙ ШАМАСЫНДА ЖОЙЫЛАДЫ.
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚИЫ МЕН ТЕЗЕГІ
ЖАНУАРЛАР МЕН ҚҰСТАРДЫҢ САҢҒЫРЫҒЫ МЕН ТЕЗЕГІ
ӨЗДІГІНЕН ЖОЙЫЛУЫ ҮШІН ОН-ОН БЕС КҮН КЕТЕТІН
КӨРІНЕДІ.
ГАЗЕТ
ГАЗЕТТІҢ ӨЗДІГІНЕН ЖОЙЫЛУ МЕРЗІМІ 1 АЙДАН 3
АЙҒА ДЕЙІНГІ УАҚЫТТЫ АЛАДЫ ЕКЕН.
КАРТОН
ТАУАРҒА ҚАПТАЛАТЫН КАРТОННЫҢ ЖОЙЫЛУЫ ҮШІН
3-4 АЙ КЕРЕК КӨРІНЕДІ.
ТАБИҒАТТЫҢ ӨЗІ ДЕ ҚОҚЫС
ТАСТАЙТЫНЫ ТАҢҚАЛДЫРУЫ МҮМКІН.
Қурап, үзіліп түскен жапырақ, құрғақ бұта 3-4
айға дейін жойылмайды.
ҚАҒАЗ
КЕҢСЕ ҚАҒАЗДАРЫ 2 ЖЫЛДА ЖОЙЫЛАДЫ.
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ
ТИІСІНШЕ САҚТАЛМАҒАН ҚҰРЫЛЫС ТАҚТАЙЛАРЫНЫҢ
ЖОЙЫЛУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА СОЗЫЛУЫ МҮМКІН.
КОНСЕРВІ ҚАЛБЫРЛАРЫ
КОНВЕРВІ ҚАЛБЫРЛАРЫНЫҢ ЖОЙЫЛУ МЕРЗІМІ
– 10 ЖЫЛ.
КІРПІШ ПЕН БЕТОН
КІРПІШ ПЕН БЕТОННАН ТҰРАТЫН
ҚАЛДЫҚТАР МЕН ҚОҚЫСТЫҢ ЖОЙЫЛУЫ
ҮШІН 100 ЖЫЛ КЕТЕДІ
АВТОКӨЛІК АККУМУЛЯТОРЫ
ЖОЙЫЛУ МЕРЗІМІ – 100 ЖЫЛ.
ФОЛЬГА
100 ЖЫЛДАН АСАДЫ.
ҚАҢЫЛТЫР БАНКІЛЕР
ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ БІРІ –
ҚАҢЫЛТЫРЛЫ БАНКІЛЕР, ОЛАРДЫҢ ЖОЙЫЛУЫ ҮШІН
КЕМ ДЕГЕНДЕ 500 ЖЫЛ КЕРЕК.
ШЫНЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ЖОЙЫЛУ МЕРЗІМІ
1000 ЖЫЛДАН АСАДЫ. ТІПТІ, 12-15 ҰРПАҚ
АУЫСҚАНША ЖОЙЫЛМАЙ ЖАТА БЕРУІ
МҮМКІН.
Тұрмыстық қалдықтарды
игеру – Қазақстанның тұңғыш
президенті Н.Назарбаев 2013
жылы мәлімдеген "жасыл"
экономикаға көшу
концепциясындағы басты
тармақтардың бірі. Осы
мақсатта Қазақстан 2030
жылға дейін қатты
тұрмыстық қалдықтарды
қайта өңдеу үлесін 40%
жеткізуді көздеп отыр.
Мамандардың сөзінше
еліміздегі тұрмыстық
қалдықтарды қайта өңдеп,
60 миллиард теңге көлемінде
пайда табуға болады. Алайда
олардың көбі қазіргі таңда
полигонға көміліп жатыр.
Дегенмен еліміз бойынша
тұрмыстық қалдықтарды
сұрыптап, қайта өңдейтін
жүзден астам кәсіпорын
жұмыс істеп жатыр.
ҚОҚЫСТЫ ҚАЛАЙ СҰРЫПТАУ КЕРЕК?
Елімізде заң бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалалық
полигондарға пластмасса, макулатура, картон, қағаз қалдықтары
мен шыныны тастауға тыйым салынған. Бірақ экологтардың
айтуынша, шынтуайтында, шығарылатын қоқыстың тек 1 пайызы
ғана сұрыпталады. Оның себебі көп: көпқабатты үй аулаларында
қалдықтарды жинаудың қолайлы жүйесінің жоқтығы, Қоқыс
өңдеушілер мен оны тапсырушылар арасында жүйелі байланыстың
орнатылмағандығы, тұрғындардың санасында қоқысты сұрыптау
мәдениетінің қалыптаспағандығы, тағысын тағылар.
Сонымен бірге, Қазақстанда қалдықтарды
өңдейтін 160 кәсіпорын бар екенін айта кетейік.
Олар қағазды, шыныны, резеңкені, алюминий
мен қаңылтыр банкаларды қайта өңдеумен
айналысады. Аталған кәсіпорындардың қай-
қайсы да өндірісін толассыз жүргізу үшін ұдайы
шикізат тапшылығын сезініп отыр. Ал жетпеген
қалдықтарды шетелдерден сатып алуға
мәжбүр. Мәселен, еліміздегі макулатура
өңдейтін «Алматықағаз» бен «Карина»
компаниялары ай сайын қажетті 7 тонна
шикізаттың 1 тоннасын Ресейден алдырады.
Әйтпесе, өндірістері тоқтап қалуы мүмкін.
Білесіз бе?
10 адамнан тұратын кеңсе қызметкерлері бір
жылда бір тоннадай қағаз қалдықтарын
жинайды. Егер осы шикізатты қайта өңдеп,
екінші рет пайдаланса:
• 10 ағашты сақтайды (100 кг макулатура 1
ағашты сақтайды);
• 20000 литр суды үнемдейді;
• 1000 кВт электр энергиясын алуға болады;
• Қоршаған ортаға зиянды СО2 қалдықтарын
азайтады.
Қазақстанда қолданыстан шыққан тұрмыстық
қалдықтарды қайтадан пайдаға асыру жағы теріс
нәтиже беріп жатқанымен, отандық кәсіпорындар
одан азды-көпті болса да түрлі пайдалы өнімдер
шығарады: макулатурадан қораптар, әжетхана
қағазын, қағаз сүлгі жасайды. Полиэтилен
пакеттерден – пластик құбырлар, нейлон жіптер,
қаңылтыр банкалардан – ыдыс- аяқ, резинадан шланг
өндіреді.
Әлемде қоқыстарды сұрыптаудан бұрын, қолданылған
тұрмыстық қалдықтарды шығаруды барынша
шектеуге ерекше назар аударылып отыр. Экологтар
ас-суға бір реттік пластик ыдыстарды, полиэтилен
пакеттерді пайдаланбауға шақырады. Өйткені
олардың денсаулыққа зияны орасан.
«ЭКО NETWORK» ұйымының әлеуметтік сауалнамасына
сүйенсек, бүгінде халықтың көпшілігі экологиялық
ахуалға алаңдаушылық білдірген. Олар үй ауласында
арнайы контейнерлер қойылса, өздерінің қоқысты
сұрыптап жинауға әзір екендерін айтты.
ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ- ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ ЖАҒЫНАН ТҮРЛІШЕ БОЛАТЫН
ҚАЛДЫҚТАР. ҚАЛДЫҚТАР МӨЛШЕРІ ӨНДІРІС
ТЕХНОЛОГИЯСЫНА, БАСТАПҚЫ ШИКІЗАТТЫҢ САПАСЫНА,
МАТЕРИАЛДЫҚ КӨЛЕМДІЛІГІНЕ, ӨНДІРІС ПРОЦЕСТЕРІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ.
Өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен
зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі
қауіпті болып келеді. Олар су, дала,
орман, т.б. кешендерді ластап, айнала
қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан
бүкіл тіршілік атаулы және адамдар
ауруға шалдығуы мүмкін. Қалалар
жағдайында қалдықтарды қайта өңдеу
тұрмыста пайдалану жұмыстары
жүргізіледі. Көбіне металл қалдықтар
балқытылып, қайтадан жаратуға келсе,
пластмассадан жасаған бұйымдарды
жоюға тура келеді.
ТЫНДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz