Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринария» факультеті
«Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасы
№8 практикалық сабақ
Құрамында гликозидтері бар
өсімдіктерден улану
Оқытушы: Алиханов К.Д.
Практикалық сабақтың жоспары:
1.Гликозидтерге жалпы сипаттама, жіктелуі;
2.Уланудың клиникасы, патогенезі және патоморфологиясы;
3. Улануды балау, емдеу және уланудың алдын алу;
4. Қорытынды.
Сабақтың мақсаты:
• Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улануды
балау, жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек
көрсету және уланудың алдын алуды меңгеру
Гликозидтерге жалпы сипаттама
. Гликозидтер - сумен қосылып ыдырағанда
глюкоза және «аглюкондар» (углеводсыз
компонент) түзетін, эфирге ұқсас, азотсыз,
органикалық қосылыстар.
Гликозидтердің құрылымы, қасиеттері
Улылық қасиеті түзілетін “аглюкондарға” байланысты. Олар
альдегидтер, қышқылдар, алкалоидтар т.б. болуы мүмкін.
Гликозидтер фермент энзимінің әсерінен суға еріткенде,
белгілі бір жылулықта, механикалық әсер еткенде оңай ыдырайды.
Әрбір энзим гликозидтің тек бір белгілі түрін ғана ыдырата алады.
Гликозидтерді бөлшектеу үшін олардың сілтідегі немесе
қышқылдағы ерітіндісін қыздыру керек. Әсіресе тұз қышқылымен
ерітіндісінде жақсы ыдырайды. Гликозидтердің мал асқазанында
жақсы ыдырауын осымен түсіндіруге болады.
Жіктелуі
Гликозидтер құрамына қарай
Құрамында
Құрамында азоты жоқ . Құрамында азоты азот пен
гликозидтер бар гликозидтер күкірт бар
гликозидтер
Токсикологиялық мәні бар барлық гликозидтер 4 топқа
бөлінеді:
1. Құрамында азоты бар агликондардан тұратын,
ыдыраған кезде өте улы синиль қышқылын түзетін
гликозидтер (нитрил- немесе циангликозидтер).
2. Құрамында азот және күкірті бар агликондардан
тұратын гликозидтер (тиогликозидтер).
3. Құрамында азотсыз агликондар бар, жүрекке әсер
ететін гликозидтер.
4. Құрамында гемолитикалық және көбік түзгіш
қасиеті бар, стероидты және үш терпеноидты
сапонигендерден тұратын агликондар бар сапонин-
гликозидтер (сапониндер).
Жіктелуі
Құрылымы жағынан
Жүрекке және
Қалқанша безін Тітіркендіргіш қан
зақымдайтындар майлар (сапониндер) тамырларына
әсер ететіндер
Қалқанша безін зақымдайтын гликозидтер. Гликозидтердің
арасында қалқанша безінің қызметін тежеп, иодтың игерілуін және
тироидты гормондардың түзілуін бұзатын түрлері де кездеседі.
Нәтижесінде гипотироидизм пайда болуы мүмкін.
Құрамында аллилді-қыша майы бар гликозидтер. Шаршы
гүлдер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктердің тұқымдарында
ерекше түрдегі гликозидтер кездеседі.
Кумарин типті гликозидтер. Көптеген өсімдіктер құрамында
кумаринді гликозидтер кездеседі. Өсімдік құрамында кумарин,
олардың гүлдеу кезеңінде және жеміс сала бастаған кезінде түзіледі.
Мұндай гликозидтерге эскулин, мезерин және ерекше уытты агент
дикумарин жатады.
Стероидты гликозидтер. Өсімдіктер құрамындағы көптеген
гликозидтердің мөлшері күрделі стероидты құрылымға ие. Олардың
барлығы бұрынғы уақыттан бері жүрек-қан тамырларын емдейтін
емдік заттар тобына жатады. Құрамында осы гликозидтері бар
өсімдіктерге оймақгүл, жалынгүл, інжугүл, олеандр және т.б.
жатады.
Сапониндер. Құрылымы жоғарыдағы гликозидтер секілді күрделі,
бірақ әсер ету сипаты басқаларға қарағанда ерекше гликозидтер.
Нитрилгликозидтер. Өзінің ыдырауы кезінде гидролизденіп,
нәтижесінде синил қышқылын түзетін гликозидтер. Цианоагенді
гликозидтер деген атпен белгілі. Сау, қалыпты дамып келе жатқан
өсімдіктерде бос синил қышқылы өте аз болады.
Рапс (РапсBrassica napus L.)
Ботаникалық сипаттамасы. Жергілікті атаулары:
кольза, арамшөп.
Рапс екі түрде жақсы белгілі:бақшалық брюквасы
және рапс. Бұлардың айырмашылығы: брюкваның
тамырлары қалың етті, ал рапстың тамырлары жұқа,
сабағынан қалың емес. Рапс биік өсімдік, биіктігі
125-150 см дейін жететін сабағы бұтақталған және
кезектесіп орналасқан жасыл жапырақты өсімдік.
Рап соңтүстік аудандарда өсіріледі және сорттары өте
көп. Сирегірек арамшөп өсімдік түрінде де кездеседі.
Қойлар. Құрамында аллилді-қыша майы бар өсімдіктерді
жеу негізінде қойлардың улануы өте жіті түрде өтеді.
Клиниикалық белгілер: мұрыннан көбікті сұйық ағу,
тыныстауы жиілейді, кілегейлі қабықтар цианозы.
Шошқалар. Азықтың дәні араласқан шөпті жеуінен болады.
Гемоглобинурия. Т.б.
Жылқы. өкпе эмфиземасы кезіндегідей өкпе торшалары
кеңейеді. Кейде әртүрлі кезіндегідей өкпе торшалары
кеңейеді. Кейде әртүрлі сипаттағы сырылдар пайда болады.
Уақыты келе ауыр жөтелдің ұстиамалары байқалады. Ауру
бронхопневмонияға ұласуы мүмкін.
Емі. өкпе ісінсе емдеу жақсы нәтиже бермейді. С.П.Куницин
жылқыларға камфора препараттарын еккеннен кейін жақсы
терапиялық нәтиже алған.
Кофеинді тері астына әр 3-4 сағат сайын 4г/нан тері астына
егу тиімді.
Патологиялық өзгеріс. Бүйректе қуығына қара түсті зәр
дақтары тұрып қалады.
Алдын алу: жайылым, мал жемі құрамын тексеру т.б.
Токсикологиясы.
Уытты бастамасы құрамында азоты бар гликозидты заттар.
Ыдырауы кезінде олар өткір иісті ерекшеленетін
қосылыстар түзеді. Бұл заттар бұрыннан эфирлі-қыша
немесе аллилді-қыша майы деп те аталады. Құрамында
қыша майы бар өсімдіктер және егістік қышасы гүлдеп,
ұрық түскеннен кейін улы болып келеді. Кептіру
уыттылығын өзгертпейді, ұзақ сақтау төмендетеді.
Жылқы, жас малдар (төл) қыша майларына сезімтал келеді.
ОЖЖ зақымдануы, гастроэнтерит.
Клиникалық белгілер. Жіті улану, ал созылмалы уланулар
байқалмаған. Ірі қара мал. Шаршы гүлдері
тұқымдастығына жататын өсімдіктерді тәулігіне 40-50 кг
қолданса, 2-3 аптадан соң, гемоглобинуриялы анемия пайда
болады. Эритроциттер 6-7 ден 1,5-8 млн ға дейін азаяды.
Аурудың пайда болуына азықта фосфордың жетіспеуіне
байланысты деген көзқарастар бар.
Меруертгүл (Ландыш
майский, Convallaria
majalis)
Лалагүлділер тұқымдастығына
жатады (Liliaceae). Ақ гүлді,
көпжылдық шөптесін өсімдік.
Жемісі –қызыл жеміс. ТМД-ң
орталық және оңтүстік
аймақтарына кең таралған.
Құрамында конвалламарин,
конваллатоксин және
сапонинконвалларин
гликозидтері бар.
Ішек –қарын жолдарында және
жүректің қызметінде өзгерістер
тудырады.
Емі: симптоматикалық.
Сабыншөп (Мыльнянка, Soponaria
officinalis)
Қалампырлар тұқымдастығына жатады
(Сaryophyllaceae). Сабағы жіңішке гүлдері
ақшыл – қызыл түсті, көпжылдық шөптесін
өсімдік. ТМД-да жолдардың бойына,
көлдердің жағасына және ормандарға кең
таралған. Құрамында 20% дейін сапонин және
тамырында –сапорубрин бар. Әдетте оларды -
сапотоксин деп атайды.
Ауылшаруашылық малдары арасында
уланулар белгісіз. Экспериментальдық
жағдайларда жалпы әлсіздікті, гастроэнтерит,
іш өту, жүрек қызметінің бұзылуын, дене
температурасының көтерілуін тудырады.
Аурудан жазылуы ұзаққа созылады.
Емі: симптоматикалық.
Итжүзім (Переступень белый, Bryonia alla)
Асқабақтылар тұқымдастығына
жатады (Cucurbitаceae). Көп жылдық
өсімдік. Жемісі қара түсті. ТМД-ң
оңтүсттік аймақтарына таралған.
Құрамында брионин және брионидин
гликозитері, сонымен қатар, эфир
майлары бар.
Жылқыларға, қойларға және басқа да
жануарларға әсер етеді. Жалпы
күйзелумен қатар гастроэнтерит
байқалады. Қарын аумағы ауырады,
дене температурасы көтеріледі, қан
аралас іш өтеді және зәрі жиі
бөлінеді.
Емі. Емдік мақсатта ішін шаяды
және адсорбенттер (белсендірілген
көмір) тағайындайды.
Дақты аронник (аронник пятнистый, агит
maculatum)
Тамыр түйнектен тұратын көпжылдық өсімдік.
Жапырақтарында қара түсті дақтары бар. Жемісі-
қызыл жеміс. ТМД-ң оңтүстік- шығысында кең
таралған, ылғал топырақты, көлеңкелі жерлерде жиі
кездеседі. Құрамында шығу тегі белгісіз
гликозидтер, сонымен қатар, эфир майлары
кездеседі. Жануарлардың барлық түрлеріне әсер
етеді. Кілегейлі қабықтары қатты тітіркендіріп,
сілекейдің бөлінуін көбейтіп, іш өткізеді.
Уланған жануарлардың денесінің артқы бөлігінде
ерекше әлсіздік байқалады. Зәрі қызыл түске боялып
кетеді.
Емдеу үшін: алдымен іш өткізгіш заттар, содан
кейін бүркігіш және кілегейлі заттар қолданылады,
диета дайындалады.
Рододендрон (Rhododendron)
Аршагүлдер тұқымдастығына жатады (Ericaceae). Бұтағы
әдемі гүлдерден тұрады. ТМД-ң оңтүстік аймағына кең
таралған. Жапырақтарында гликозидті заттар кездеседі.
Қойларға және ешкілерге әсер етеді. Сондай-ақ, ірі қара
малдардың да (сиыр, жылқы) улану жағдайлары кездескен.
Бал араларға бал жинау кезінде гүлдері өте қауіпті келеді,
ал балдың өзі мұндай жағдайларда қолдануға жарамсыз
келеді.
Уланудың клиникалық белгілері тез дамиды. Сілекей
бөлінеді, гастроэнтерит, кілегейлі қабықтардың
бозғылттануы, жүректің әлсіздігі байқалады. Өлім
тырысып-бүрісу нәтижесінде туындайды.
Емі. Емдік заттар үшін адсорбенттер және іш жүргізгіш
заттар тағайындалады.
Олеандр (Nerium oleander)
Кутр тұқымдастығына жатады (Apocynaceae). Бұтағы бөлмеде өсетін сәндік
өсімдіктердің бұтағы сяқты, қызғылт гүлді өсімдік. Черноморск жағалауындағы таулы
аймақтарға кең таралған. Өсімдіктің барлық бөліктерінде нериин және олеандрин
гликозидтері кездеседі.
Клиникалық белгілері. Барлық жануарларға әсер етеді. Малдың тәбеті төмендейді,
шаншулар, жалпы әлсіздік , тыныс алуының қиындауын және жүрек қызметінің бұзылуын
туғызады. Кумулятивті әсер етеді.
Емі: симптоматикалық.
Қорытынды
Кең байтақ Қазақстан Республикасының жерінде бағытыраңқы
орналасқан малшаруашылықтарының малдардың ішінде әр түрлі
азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін
жағдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және
табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда өсетін өсімдіктер
фаунасыда неше түрлі алуан, құбылмалы болып келеді.
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
ауылшаруашылық жануарын өлімге алып келу арқылы шығынға
ұшыратады.
Сондықтан алдын алу, уланған жағдайда дер кезінде анықтап,
емдік шараларын жүргізу өте маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М.,
Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011,
Алматы
2. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М.,
Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Нур-Принт,
Алматы, 2009ж
3. Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н.
Семей .- 2010ж
4. Қожанов К.Н., Балтыбеков С.О. Қосымша оқу құралы. Малдың
азықтан уланулары., Семей .- 2000ж
5. Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная
токсикология. Москва. 1987г.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz