Педагог мәртебесі туралы заң: құқықтар, тәртіп және кәсіби талаптар


Slide 1 Slide 2

«Педагог мәртебесі туралы» заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына қатысты.

Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды:

Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; Үшінші, материалды емес стимул тетіктері; Төртінші, материалдық ыңталандыру.

Slide 3

ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ

1. Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мəртебесі танылады, бұл оның кəсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.

2. Білім беру саласында кəсіптік қызметін жүзеге асырған жəне Қазақстан Республикасының заңна масында белгіленген тəртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынас тарында болған кезеңде адам педагог мəртебесіне ие болады.

3. Педагог лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.

Slide 4

ПЕДАГОГТІК ƏДЕП

1. Педагогтік əдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.

2. Педагогтік əдепті бұзу тəртіптік теріс қылық болып табылады жəне педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес тəртіптік жауаптылыққа алып келеді.

3. Педагогтік əдепті білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді

Slide 5

ПЕДАГОГТІ КƏСІПТІК ДАЯРЛАУ

1. Педагогті кəсіптік даярлау техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне (неме се) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2. Педагогтерді кəсіптік даярлаудың білім беру бағдарламалары педагогтің кəсіптік стандартының талаптары негізінде əзірленеді.

Slide 6

ПЕДАГОГТІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

1. Педагог бұрын алған кəсіптік құзыреттерін сақтаптұру жəне дамыту мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тəртібін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

2. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бір жолы немесе кезең-кезеңмен жекелеген бағыттар мен пəндерді (модульдерді) меңгеру арқылы, сондайақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен жүзеге асырылады.

3. Педагогтер алған білімін практикада іске асыруы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды тегін жүзеге асырады.

Slide 7

19-БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа алып келеді. 20-БАП. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР Осы Заңның 8-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «орта білім беру ұйымдары мен техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін; ». 21-БАП. ОСЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ ТƏРТІБІ

Осы Заң, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан №293 -VI ҚРЗ https://bilimdinews. kz/?p=82017&fbclid=IwAR19MbIjNRyleWW--cHpGdNSXkxe4

Slide 8

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Педагог мәртебесі туралы заң жобасы: мұғалім қызметінің заңдық негіздері мен кепілдіктері
Педагог мәртебесі туралы заң: негізгі ұғымдар, қолдану саласы және педагогтардың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңы: құрылымы, құқықтары, міндеттері және кепілдіктері
Жеке тұлғалардың конституциялық құқықтық мәртебесі және құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері
Педагог болашақтың кәсібі: кәсіби құзыреттер, субъектілік қасиеттер және педагогикалық деонтология
Әлеуметтік педагог: кәсіби қызметтің субъектісі ретінде
Педагогикалық шеберлік пен педагог-психологтың кәсіби құзыреттері
Әкімшілік құқық бұзушылық істеріндегі қатысушылардың мәртебесі мен дәлелдемелер: процестік құқықтар және практикадағы мәселелер
Педагог кәсіби стандартына сәйкес ЖОО оқытушысының құзыреттіліктерінің интеллект-картасы
Заң кеңесшісінің кәсіби сипаттамасы: міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz