МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Slide 1

Modal verbs

Уалиева Салтанат

Slide 2

Модальді етістіктер - сөйлемге қатысатын негізгі емес (көмекші есімдіктермен (do, does, did) шатастырмаңыз) етістіктердің тобы.

Модальді етістік қатысқан сөйлемнің мағынасы толық болуы үшін, ол сөйлемде міндетті түрде негізгі етістік болуы тиіс. Мысалы: You can play (Сіз ойнай аласыз) . Сұраулы сөйлемге жауап ретінде тек модальді етістікті қолдануға болады. Мысалы: - Can you speak English? - Yes, I can.

Slide 3

Модальді етістіктерді қолдану ережелері

Модальді етістіктер негізгі етістік болмағандықтан қосымша мағына беру үшін ғана қолданылады. Мысалы, бір әрекетті істеуге тыйым салынғандығы, істей алатындығыңыз (мүмкіншіліктің болуы), істегеніңіз жөн болатындығы, әрекеттің ықтималдылығы жайлы қосымша мағына беру үшін модальді етістіктер қолданылады.

Модальді етістіктерді қарапайым етістіктерге қатысты ережелерге сай қолдануға болмайды. Бұл топтағы етістіктер жіктелмейді, есімше түрінде келмейді, герундий және инфинитив түрінде (infinitive) кездестіре алмайсыз. Енді осы айтылғандарды мысалмен өрнектейік.

Slide 4

can, could, may, might, will, would, shall, should, must

Slide 5

Саn модаль етістігі белгілі бір іс- әрекетке қабілеттілікті, мүмкіндікті біддіреді: I сап write it todау. - Мен мұны бүгін жаза аламын. Саn модаль етістігі ауызекі тілде іс- әрекетгің рұқсат етілуін де білдіреді. Can you give me some more things?- Сізмаған тағы да бір нәрсе бере аласыз ба?

Slide 6

Соuld - саn модаль етістігінің өткен шақ түрі. Соuld модаль етістігі тұйық етістікпен (tо демеулігінсіз) қосылып белгілі бір іс-әрекеттің өткен уақытта болған мүмкіндігін білдіреді. Не соuld swim vегу well when hе wаs уоung. - Ол жас кезінде өте жақсы жүзе алатын.

Slide 7

Мау модаль етістігі әлде бір іс- әрекеттің рұқсат етілуін және болжамды, сенімсіздікті білдіреді: Мау I соmе іn? - Кіруге бола ма? Не mау be at shool - ол мектепте болуы мүмкін. Мүмкін, олмектепте шығар.

Slide 8

Might- mау модаль етістігінің өткен шақ түрі. Might модаль етістігі тұйық етістікпен (tо демеулігінсіз) қосылып белгілі бір іс-әрекеттің өткен уақытта болған мүмкіндігін білдіреді. Не said that she might know their аdress. - Ол оның адресін білетіндігін айтты. Might - рұқсат етуді білдірмейді, шартты бағыныңқы сөйлемде қолданылады. Іf уоu wеге hеге, уоu might help us. - Егер сіз осы жерде болғанда, бізге көмектесер едіңіз.

Slide 9

Must - модаль етістігі белгілі бір іс- әрекеттің керектігін, міндеттілігін білдіреді: Үоu must reаd this bоок. - Сіз мына кітапты оқуыңыз керек. Must модаль етістігінің орнына кейде (tо демеулігі бар тұйық етістік алдында) осы шақтағы tо hаvе етістігі қолданылады. Бұл әсіресе белгілі бір жағдайға байланысты тиісті қимыл- әрекеттің міндетті түрде істелу, болу керектігін айту үшін қажет. Мысалы: I must dо іt nоw. = I hаvе tо dо іt поw. - Мен мұны қазір істеуім керек.

Slide 10

Should модальді етістігін ақыл-кеңес беру үшін, осылай істегенің жөн болар деген мағынада қолданады. Мысалы: You look tired. You should go to bed. - Шаршаған сияқтысың. Төсекке жатып демалғаның жөн болар еді. Көбінесе, I think/I don’t think/Do you think фразаларымен бірге қолданылады. Мысалы: I think you should see a doctor. - Менің ойымша дәрігерге қаралғаныңыз жөн болар. Болымсыз түрі: shouldn’t немесе should not. Сұраулы түрінде should бастауыштың алдында тұрады. Мысалы: What should I do? - Не істесем екен? Өткен шақта болған іс-әрекетті сынау немесе бір адамға ренішін, өкінішін білдіруде should have + V3 құрылымын қолдана аламыз. Мысалы: You missed a great party last night. You should have come. - Кеше тамаша бір кешті өткізіп алдыңыз. Келгеніңіз дұрыс болар еді.

Slide 11

Will көмекші етістігі келер шақта мағыналы етістіктің алдында қолданылады. Ал, модальді етістік ретінде ол ұсыныс жасау үшін қолданылады. Мысалы: Will you go to the cinema with me tonight? - Менімен кешке киноға баруға қалай қарайсың? Will модальді етістігін әңгіме барысында тез арада ойланбастан шешім қабылдаған кезде де қолданады, Мысалы: A: - Can I talk to Mr. Smith, please? B: - He’s not in the office now. A: - Well, I’ll call him back later. Бұл сөйлемде айтушы қайтадан хабарласамын деген мағынада тез арада шешім қабылдап тұр.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Тілдік бірліктер және контекст
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
Модальділік қандай категория
Нақ осы шақ
Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыр
Дара және күрделі етістіктер
Жеңімпаз Олимпиада жеңімпазы
МАҚСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Көсемшені табу Көсемшені қолдана
Бейнелеу өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz