Онтогенез кезеңдері


Slide 1

Тақырыбы: Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді еске сақтау онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ерекшеліктері.

Дайындаған: Дихан Мәдина

Тексерген: Суюндикова. Ж. Т

Slide 2

Жоспары:

Ес оның түрлері.

Қысқа мерзімді ес.

Ұзақ мерзімді ес.

Онтогенез.

Онтогенез даму кезеңдері.

Slide 3

Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.

Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс

Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды

Slide 4

Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлесу (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

Әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;

Әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;

Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы .

Slide 5

материалдық есте сақтау ұзақтығына қарай

Қысқа мерзімді ес- материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.

Ұзақ мерзімді ес-салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.

Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

Slide 6

Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процестері.

Еріксіз есте қалдыру адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды .

Арнайы ырықты есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады.

Slide 7

Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

Психикалық белсенділіке қарай

Мақсатқа қарай

Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай

Slide 8

Естің негізгі түрлерінің жіктемесі

Қозғалыс ес - бұл әр түрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жыңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әр түрлі практикалық және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

Эмоциялық ес- бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.

Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді.

Бейнелік ес- бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларды немесе көру, есту орғандарынан айырылған адамдарда байқалады) .

Сөздік- логикалық ес- ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік-логикалық деп аталады.

Сөздік-логикалық есте негізгі орынды екінші сигнал жйесі атқарады. Естің осы түрі ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары оқушыларына тән болып табылады. Сөздік-логикалық есті меңгерген адам оқиғалардың мәнін, қандай да болсын дәлелдеудің логикасын, оқыған мәтіннің мәнін және т. б. тез және дәл есте қалдырады.

Slide 9

Ассоциацияның 3 түрі бар:

Іргелестік - бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.

Ұқсастық ассоциация - бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.

Қарама-қарсылық - бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады.

Slide 10

Онтогонез(грек. on - табыс септігінің жалғауы, ontos - нағыз, нақты және генез) - организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э. Геккель үсынған (1866) .

Геккель Эрнст (1834-1919)

Slide 11 Slide 12

Онтогенез

Эмбриондық

Постэмбриондық

Зиготадан бастап жұмыртқаны жарып шыққанға немесе туылғанға дейінгі кезең.

Туылған сәттен бастап тіршілігін жойғанға дейінгі кезең.

Slide 13

Эмбриондық даму кезіндегі өзгешеліктер.

Slide 14

Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады.

Гаструляция(1 - бластула, 2 - гаструла) .

Slide 15

Адам онтогенезінің кезеңдерге бөлінуі

Кезендер

Сатылар

Фазалар

1. Ұрық пайда болғанға дейінгі кезең

1. Сперматогенез 2. Овогенез

Сперматозоидтардың, жұмыртқа жасушасының пайда болуы

2. Дүниеге келгенге дейінгі /антенаталдық/ кезең

1. Ұрықтық саты / ұрыктанғаннан-8 аптаға дейін/

а/ зигота б/ бөлшектену в/ бластула г/ гаструланың пайда болуы д/ гисто-органогенез

3. Құрсақтағы бала сатысы /9 аптадан -дүниеге келгенге дейін/

өсу

4. Дүниеге келгеннен кейінгі /постнаталдык/ кезең

1. Балалық шақ - 13-15 жасқа дейін


Ұқсас жұмыстар
Дамудың қауіпті кезеңдері
Реттелу кезеңдері
БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Жүктілікпен байланнысты гипартензиялар
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Онтогенез эмбрионизациясы
ЖҰМЫРТҚА КЛЕТКАСЫНЫҢ ҰРЫҚТАНУЫ
Дамуының қауіпті кезеңдері
Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары
Онтогенездің эмбрионалдық кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz