Оқуға талпыныс




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік
қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік
Қазақстан университеті»

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:Алаш үкіметінің мүшесі Жақып Ақбаевтың туғанына
145жыл

Орындаған:Мұратбай Г.Ғ.
Тобы:ТП 18-3к
Ғылыми жетекшісі:Илимова А.Т.

ШЫМКЕНТ 2021
Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер,
Алашорда үкі­ме­ті­нің мүшесі, заңгер,
қазақтың тұңғыш құқық магистрі
Жақып Ақбаев 1876 жылғы қазан
айының 25-і күні бұрынғы Семей
облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара
болысы №3 ауылдың Төңіректас
деген жерінде дәулетті отбасыда
туған. Арғын тайпасы, қаракесек
руының сары танас бұтағынан
шыққан.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазіргі ректоры, заң
ғылымының докторы, профессор, Парламент Мәжілісінің бұрынғы
депутаты Нұрлан Орынбасарұлы ДУЛАТБЕКОВтің республикалық
“АЛАШ АЙНАСЫ” газетінде (04. 03. 2012 ж) жарияланған тарихи тұлға
туралы зерттеу мақаласын толық мәтінде ұсынып отырмыз. Ұлт тарихы –
ұзын сонарлы, түрлі кезеңдерден, жолдардан өткен, қилы-қилы
замандарды бастан кеш­кен тарих. Ал Алаш тарихы, Алаш қозғалысы – ұлт
тарихының толғақты, тағылымды кезеңі. Алаш қозғалысына қатысты әрбір
дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс
халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы –
ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді.
Оқуға талпыныс. Әлқисса, Санкт-Петербург университеті. Жақып Ақбаев
сонары… Университет мұра­ға­тындағы төңкеріске дейінгі құжаттар кейін­нен
Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағатына жіберіліпті. Псковкая, 18
мекенжайында ор­на­ласқан бұл мекемеде «Императорлық Санкт-Петербург
университетінің студенті Жақып Ақбаев ісі» №1099 ретпен сақталған екен. №14
қордың №3 жазбасындағы іс 1898 жылы басталып, 1918 жылы аяқтал­ған.
Ж.Ақбаев өз қолымен толтырған, Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағатында
сақтал­ған өмірбаянында: «Мен 1886 жылы Қарқа­ра­лыдағы қазақ интернатына
оқуға түстім, 1888 жылы Омбы гимназиясына тіркелдім, кейін бірнеше жылдан
кейін Том қаласындағы гимназияға ауысып, оны 1898 жылы бітір­дім» деп
жазады.
Санкт-Петербург универси­тетінің мұрағатында сақталған аттестатында:
«Ж.Ақбаевтың Том гимназиясында оқыған жылдары тәртібі өте жақсы болды,
сабаққа жақсы дайындалып, жақсы қатысты, жазба жұмыстарды жақсы
орындады, оқуға ықы­лас­ты, білімге ынтасы жақсы» деп көрсетілген. Аттестатта
айшықталғандай, физика, математика пәндерінен, логика мен тарихтан,
географиядан өте жақсы бағалар алған. Содан соң, жоғарыда айтқанымыздай, сол
1898 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Бұл
факультет Ресейдегі беделді оқу орындарының бірі ретінде, дәл сол кезде атағы
кең тараған еді. Онда аса білікті ұстаз-ғалымдар дәріс оқыған.
Ақбаевтың өмірі мен қызметі, саяси серіктері Ахмет Байтұрсынұлы
және Ж. Досмұхамедов тағы басқа Алаш ардагерлерімен үндес келеді.
Ақбаев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде отбасы-неке
құқығын зерттеп, баспасөз бетінде публицистикалық материалдар
жариялады. Қазақтың әдет-ғұрып, неке-отбасы мәселелері туралы
көптеген еңбектер жазды. Абай аулымен қоңсы қонып, жастайынан
ұлы ақынның өлеңдерін жаттап өсті. 1909 жылы Абай жырларының
Петербургте кітап болып шығуына қолғабыс жасады. «Қазақстандағы
семья-неке қатынастары» (1907), «Қазақтың шығу тегі туралы» (
1927) тағы басқа ғылыми зерттеулері Абайдың қарасөздері мен «Бірер
сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» шығармаларымен
үндеседі. Алашорда қозғалысына белсене қатынасып, Семейде
қызметте жүрген кезде Әуезовпен таныс-біліс, пікірлес, аралас-
құралас болған
Түйін: Бір сөзбен, Жақып Ақбаев – саяси күрес қазанында
қайнап, нәтижесінде халқы­ның ар-намысы боларлық
дәрежеге көтеріле білген ұлттық интелли­ген­ция өкілі. Өзі
айтпақшы, оның рухы өлмейді! Қазақ халқы барда, Тәуел­сіз
еліміз тура жолға түсіп, ұлттық ұлы мұраттарымыз алдыңғы
қатар­ға шығып жатқан алмағайып кезеңде ұлтын, елін, жерін
сүюдің, соған қалтқысыз қызмет етудің қапысыз үлгісі болып,
мәңгі жасай береді!

Ұқсас жұмыстар
Балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
Тұлғаны бағдарлы оқытудағы психологиялық қолдау
ФРАНЦУЗ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ОРЫНДАҒАН –ТҰРСЫНҒАЛИ АИД
ӨМІРІНЕ ДАЯРЛАУ
Жасөспірімдердің танымдық әрекетінің және мінез құлқының нейрофизиологиялық механизмдері
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту
Біліміне сай бағалау
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕҢБЕКТЕР
Оқушыларды бағалаудағы психологиялық ерекшеліктер
Белсенді оқу
Пәндер