Ұйқы безі ауруларын клиникалық тексеру мен диагностикалық зерттеу әдістері


Slide 1

Ұйқы безінің аурулары бар пациенттерге субьективті, обьективті тексеру және клиникалық бақылау жүргізу. ұйқы безі патологиясында субьективті, обьективті тексеру және қосымша тексеру әдістерінің стандарты бойынша іс-әрекет алгоритміне сай пациентті тексеру дағдыларын меңгеру. Субьективті және обьективті мәліметтер негізінде ұйқы безі мүшелері ауруларының клиникалық синдромдарын анықтау.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1) Ұйқы безі туралы түсінік

2) Ұйқы безін тексеру әдістері

3) Ұйқы безін инструментальды тексеру әдістері.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 3

Ұйқы безі -ұзынша келген ағза, асқазанның артында орналасқан. I-II бел омыртқасының алдында. Ал құйрығы X-XI қабырға маңайында барып бітеді. Ол сыртқы және ішкі секреция безінен тұрады. Сыртқы секретция безі ретінде ол асқорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі.

Панкреатит- бұл ұйұы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы. Панкреатикалық шырыштың құрамы:

Амилаза-активті жағдайда бөлінеді, көмірсуларды ыдыратады, крахмальды гидролиздейді және оны мальтозаға айналдырады.

Липаза-жартылай активті түрде шығады, оны активтендіретін өт қышқылдарын, глициринді қорытады.

Протеаза-белоктарды амин қышқылдарына дейін ыдырататын фермент. Және протеолизге қатысатын ферменттер-трипсиноген, карбопептидаза, коллагеназа, дезнуклеаза. т. б.

Slide 4 Slide 5

Ұйқы безі ауруын анықтау үшін симптомдардан басқа пальпация кезінде анықталатын ауырсыну зоналары мен нүктелері:

Шоффар зонасы-кіндік арқылы өтетін тік сызық пен кіндік арқылы өтетін тік және горизонталь сызықтары құрайтын бұрыш биссектрисасы арасындағы зона. Бұл зонада ауырғандықтың болуы ұйқы безі басының басым зақымдануының белгісі болып табылады.

Губергриц-Скульский зонасы. Шоффар зонасы сәйкес келетін сол жақ зонасы. Бұл зона тұсының ауруы ұйқы безі денесінің қабынуына тән белгі.

Держарден нүктесі-кіндік пен оң жақ қолтық шұңқырын қосатын сызықтың бойында кіндіктен 6смжоғары орналасқан нүкте. Бұл нүктеде ауырғандық болуы ұйқы безі басының қабыну белгісі.

Slide 6

4. Губергриц нүктесі-Дежерден нүктесіне сәйкес келетін сол жақ орналасқан нүкте. Бұл нүктенің ауруы ұйқы безі құйрығының қабынуында байқалады.

5. Мейо-Робсон нүктесі -кіндік пен сол жақ қабырға доғасының ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштен бірінің арасында орналасқан нүкте. Бұл нүктенің ауыруы ұйқы безі құйрығының қабынуына тән.

Slide 7

Поликлиникалық жағдайда ұйқы безі ауруларын лаборотолы-инструментальді зерттеулер:

Қанның жапы анализі: лейкоцитоз бен солға ығысу, ЭТЖ өсуі.

Несептік жалпы анализі: амилазаның көбеюі және азаюы ұйқы безінің сыртқы секреторлық жетішпеушілігінде анықталады. Сарғыштықтың болу вариантында - билирубиннің болуы мен уробилиннің болмауы.

Қанның биохимиялық анализі: ауру қайталанған кезде амилазаның, липазаның трипсиннің көбеюі, аурудың сарңыш вариантында билирубиннің конъюгатталанған фракциясының көбеюі.

Slide 8

Секретин-панкреозимин тестісі : бикорбанаттық сілтілі пен амилаза липаза және трипсин ферменттерінің концентрациясы он екі елі ішектің базальды құрамында анықтайды, кейін оларды бірінен кейін бірін венаға секретин(ол бикарбонатқа бай ұйқы безі сөлінің сұйық бөлігін өндіруді стимульдайды) мен панкреатозамин (ол ұйқы безі ферменттерінің секрециясын күшейтеді) еккеннен кейін анықтайды. Сау адамдарда секретинді еккеннен кейін он екі елі ішек құрамында бикарбонаттар мөлшері базальді мөлшермен салыстырғанда 10-15 есе көбейеді, ферменттер: амилаза 6-9есе, липаза 4-5 есе трипсин 7-8 есе көбейеді. Созылмлы панкреатит барысында бұл көрсеткіштер көбейеді .

Глюкоза толеранттылық тест- ұйқы безінің инкреторлық функциясы бұзылғанда гипергликемия мен гликемиялық қисықтың екі толқынды типті анықталады.

Slide 9

Инструментальды зерттеу әдістері

Ұйқы безін УДЗ: орган мөлшерінің үлкеюі, зхо құрылыстың гетерогенділігі, айқын шекарасының тісшелер тәрізді көрінуі, псевдокисталар, кальциноздар және ұйқы безі түтігінде тастар болуы анықталады.

Slide 10 Slide 11

Ұйқы безінің компьютерлік және магнитті резонанстық томографиясы-бездің кішірейгенін немесе ұлғайғанын, оның тығыздығының өзгергенін, кальцинаттарды, псевдо-кисталарды анықтайды.

Slide 12

Рентгенологиялық зерттеу ұйқы безі аймағының шолу рентгенологиясы кальцификаттар табады.

-жиі созылмалы панкреатиттің себебі болатын өт жолдарының зақымдануын анықтау үшін орындалады.

Эндоскопиялық ретроградты бездің түтік жүйесінің жайылмалы өзгерістердінің белгілерін анықтайды: ұйқы безінің басты түтігінің тарылуы мен кеңіуінің кезектксуі, олардын қабырғасының ирелеңдігі мен тегіс еместігі бүйәр тарамдарының дефармациясы, түтікткгі тас, ұйқы безінің басты түтігінің босауының бұзылысы.

Slide 13

Ультрадыбысты зерттеу

10. Көрсеткіштері:

Қабыну процесс(жедел және созылмалы панкреатит) ; Панкреонекроз кистасы (ұйқы безінің некротикалық зақымдалуы) ; панкреатодуоденальды зонаның аурулары(дуоденит, папиллит, фатерова емізікшенің обыры, Өттас ауруы, Іш қуысының жарақаты; Іш қуысындағы ағзалардың біреуіне жоспарлы операция жасау алдында.

Slide 14

Зерттеуге дайындық:

Таңертең ашқарында жүргізілу керек; зерттеуге бір күн алдында диета сақтап кешкі асты сағат кешкі 18:00 ге жоспарлаған жөн. Газтүзілуді азайту мақсатында түнде және ұйықтар алдында эспумизанның 1 таблеткасын ішіп алуға болады. 12. Қалыпты жағдайда:

Ұзындығы 14-18 см шамасында Ені 3-9 сантиметр шамасында Қалыңдығы орташа 2-3 сантиметр. Салмағы шамамен 80 г (ересек адамда) . Ұйқы безінің басы 2. 5 -3. 5 см денесінің ұзындығы 1. 75-2. 5 см Құйрығының ұзындығы 1. 5 - 3. 5см

Slide 15

Компьютер томографиясы


Ұқсас жұмыстар
Бауыр, өт жолдары және ұйқы безі ауруларын диеталық емдеу және емдік дене шынықтыру
Балалардағы ас қорыту жүйесі ауруларын аспаптық және зертханалық тексеру әдістері
Жануарлардың жұқпалы ауруларын індеттанулық балау: әдістері мен диагностикалық тәсілдері
Зәр шығару жүйесінің ауруларын клиникалық және зертханалық-асаптық зерттеу әдістері
Гинекологиядағы арнайы зерттеу әдістері мен диагностикалық тәсілдері
Қан және қан түзу мүшелерінің ауруларын субъективті-объективті тексеру, клиникалық бақылау және зертханалық әдістері
Ұйқы безі: анатомо-физиологиясы, инсулин мен глюкагонның рөлі және панкреатит
Аналық жыныс бездерінің ауруларын заманауи диагностикалық және емдеу әдістері
Инсулин мен ұйқы безі қызметінің бұзылыстары: патогенезі және қант диабеті
Тірек-қимыл жүйесі мен терінің клиникалық тексеру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz