Несеп жыныс сипаттама


Slide 1

Несеп шығару жүйесі Несеп шығару жүйесінің аурулары бар пациенттерге субъективті, объективті тексеру. Несеп шығару жүйесінің аурулары бар пациенттерге клиникалық бақылау жүргізу.

Slide 2

Жоспары

1. Кіріспе

Несеп және жыныс мүшелеріне жалпы сипаттама.

Несеп мүшелерінің:бүйрек, зәрағар түтіктер, қуықтың құрылысы.

2. Негізгі бөлім

Зәр шығару жүйесінің патологиясындағы клиникалық синдромдар.

Несеп шығару жүйесінің аурулары бар пациенттерге субъективті, объективті тексеру.

Зертханалық(лабораторлы) зерттеу әдістері.

Аспаптық(инструменталды) зерттеу әдістері

3. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Несеп және жыныс мүшелеріне жалпы сипаттама.

Несеп жыныс мүшелері физиологиялық жағынан әр түрлі қызммет атқаратын 2 жүйеден: несеп жүйесі және жыныс жүйесінен тұрады. Несеп жүйесі зәрді сыртқа шығару ал жыныс жүйесі көбю қызметтерін атқарады. Несеп жыныс жүйелерінің бірге қарастырыылу себебі зәр шығару мүшелерінің қызметі жыныстық қызметке де байланысты болады., яғни бір мүше екі түрлі қызмет атқарады. Мысалы еркектердің зәр және шәует шығаратын түтіктері бірігіп ортақ түтік түзеді, ал әйелдерде бұл түтіктер бөлек болғанымен қынаптың кіре берісінде ортақ несеп жыныс мүшелері түрінде ашылады.

Slide 4

Несеп мүшелеріне мыналар жатады:

оң және сол бүйрек

оң және сол зәрағар түтіктер

қуық

зәр шығаратын үрпі жолы.

Slide 5

Бүйрек

Бүйрек құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқаалаардың тұсында орналасқан жұп безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысыныың артын ала ішперденің сыртындағы байламдарға байланып тұрады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің ұзындығы-12 см, қалыңдығы-4 см, ені -6 см, салмағы 120 г, шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді. Ішкі артерия, жүйке кіретін, вена, сарысу тамырлары зәрағар түтігі шығатынжағын бүйрек қақпасы деп атайды. Бүйректі екіге қақ жарып қарағанда оның ішкі қойнаудан және оны айналдыра қоршап жатқан бүйрек затынан тұратыны көрінеді.

Бүйрек заты екі бөліктен тұрады:

1. қыртыс заты

2. милы(жұмсақ) заты.

Slide 6

Зәрағар түтік

Зәрағар түтік бүйрек пен қуықты жалғайтын жұп мүше . Оның ұзындығы 30 см, ені 4-7 мм Ол бүйрек қақпасынан басталып жамбас қуысында қуықтың артқы қабырғасынан ішке ашылады. Зәрағар түтік жамбас және құрсақ бөлімдерінен тұрады.

Әйелдердің зәрағар түтігі еркектердікінен 2-3 см қысқа. Зәрағар түтіктің қабырғасы 3 қабаттан тұрады:ортаңғы қос қабатты бұлшық ет, ішкі кілегейлі, сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттар. Бұлшық еттің ұзына бойы қабаты қалталанып, әлсін -әлсін жиырылып, зәрді қуыққа айдап отырады.

Slide 7

Қуық

Қуық зәр уақытша жиналатын қуысты тақ мүше. Ол жамбастың шат қасағасының арт жағында орналасқан. Қуық бос кезде алмұрт пішінді зәрге қатты толғанда жұмыртқа тәрізденіп созылады. Қуықтың сыйымдылығы 750мл. Оның қабырғасы өте созылғыш. Бос кезде гі қалыңдығы 15 мм, толған кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарады.

Қуықтың қабаттары

А) кілегейлі қабат

Б) кілегей асты қабаты

В) Бұлшық етті қабат

Г) сірқабаты

Slide 8

Аталық жыныс мүшелері былай жіктеледі :

Еркектің жыныс мүшелер:

1) Ішкі жыныс мүшелері.

2) Сыртқы жыныс мүшелері болып бөлінеді.

Ішкі жыныс мүшелеріне ен, ен қосымшасы, ұрық шығаратын шашатын жолдар, шәует қуықшасы, қуық алды безі, бадана безі жатады. Еркектің ішкі жыныс мүшелері ұрық түзуге оны шәуетке айналдыру қызметін атқарады.

Еркектің сыртқы жыныс мүшелері ұма және еркектің жыныс мүшесі болып екіге бөлінеді

Ұма немесе ен қалтасы өзара қатынаспайтын ортасы пердемен бөлінген бұлшық етті тері қалта тәрізді мүше. Ұма еркектің жыныс мүшесінің түбінде төмен салбырап орналасады. Оның қабырғасы жеті қабаттан тұрады.

Еркектің жыныс мүшесі зәрді қуықтан сыртқа шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу қызметін атқарады. Ол 2 үңгірлі денеден 1 кеуекті денеден тұрады Кеуекті дененің іші қуыс онда зәр шығаратын үрпі жолы орналасқан.

Үрпі тесігі ұзындығы 18 см қуықтан басталып, жыныс мүшесінің басындағы жіп саңылаулы тесікпен аяқталатын түтік.

Slide 9

Аналық жыныс мүшелері былай жіктеледі :

Әйелдің жыныс мүшелері де

1) Ішкі жыныс мүшелері.

2) Сыртқы жыныс мүшелері болып бөлінеді.

Ішкі жыныс мүшелеріне аналық жыныс безі, бездің сағағы, жатыр түтіктері, жатыр, қынап жатады.

Сыртқы жыныс мүшелері әйелдің бәтек аймағы, клитор немесе шошақай және қызперде болып үшке бөлінеді.

Slide 10

Несеп шығару жүйесінің аурулары бар пациенттерге субъективті тексеру.

СұРАП ТЕКСЕРУ - ШАҒЫМДАРЫ

Шағымдары - негізгі бүйрек және несот бөлу ағзалары дерттерінің - бел аймағындағы ауру сезімі, - ісіну, - зәр бөлінуінің бұзылысы Ауру сезімі - а) орналасу орны - көбiне бел аймағы -бiр немесе екi жағында ауратынын көрсетедi; -несепағар бойымен, қасаға сүйегі үстінде --бүйрек және несот бөлу ағзалары дерттерінде; --іштің төменгі бөлігінде, шат, сегіз көз, бел аймақтарындағы ауру сезімі - жыныс ағзалары дерттерінде; - б) симптомы - екі түрде болады: 1 - бірте -бірте басталып, сыздап, жәй, әлсіз, тұрақты - сыртқы қабатының созылуы, кернелуі - бүйректің ісінуі - қабыну, зәр финалу;

Зәр бөліну бұзылыстары - дизурия Тәуліктік зәр бөліну - диурез -мөлшері мл; Зәр бөліну бұзылыстарының түрлері: а) мөлшері бойынша -полиурия -> 2000 мл - бүйрек қызметінің ауруы және күрделі бұзылысы - бүйрек өзінің милы қабатында қажетті деңгейде осмотикалық қысым құрайтын белсенді заттарды шоғырлау қабылетінен айырылады, ал ол зәр түзілу төмендеуіне алып келеді -концентрациялық қызметі төмендейді.

Slide 11

Зәр шығару жүйесінің патологиясындағы клиникалық синдромдар.

Негізгі шағымдар:

Бүйрек және несеп жолдарының ауруларына тән негізгі шағымдар: ауырсынулар - бас ауырсынуы, бүйрек және несеп ағар жолдарының ауырсынуы, жүректің ауырсынуы, несепке отырған кездегі ауырсыну, ісінулер, несеп бөлудің бұзылуы, көрудің нашарлауы, ентігу, қызу көтерілу және тері қышуы.

• Бүйрек және несеп жолдары зақымданғанда ауырсыну бел аймағында, несеп жолдарының бойында және қуық тұсында болады. Ауырсынудың тұрақты және ұстамалы түрі, не бір жақтан не екі жақтан бірдей байқалуы мүмкін

Slide 12

Анамнез

Біріншіден пациентті сурағанда осы аурудың белгілері пайда болардың алдында қандай қабыну ауруларымен ауырғанын анықтау керек, әсіресе диффузды гломерулонефритте дәлелдеу керек. Бұрында бүйрек ауруларымен ауырғанын анықтау керек. Пациенттен өңдірістік уланулар, қабылдаған дәрілері туралы мәлімет жинау керек. Ауру созылмалы болса қай себептен асқынуын, жиілігін, клиникалық белгілерін, емделуін және оның нәтижесін дәлелдеу керек.

Slide 13

Зәр шығару жүйесінің патологиясындағы клиникалық синдромдар

Бүйрек аймағында туындап, несеп жолы бойымен төмен қуық не шат маңына тарайтын ұстамалы ауырсыну несеп тас ауруында болады яғни жүгіріп, секіріп, селкілдеп көлікпен жүргеннен кейін пайда болады. Бұл ауырғандықтың механизмі тастың несеп жолымен қозғала отырып, оның түйілуін тудырып, жарақаттайтынына байланысты. Бұл аурғандық өте күшті болып науқас бұл ауырсыну басылатын ыңғайлы жағдай таппай өте мазаланып домалайды. Бұл жағдайды бүйрек шаншуы деп атайды.

Несепке отырған кезде түйіліп ауыратын ауырсыну циститпен уретритке тән. Жүрек тұсында ауырсыну бүйрек ауруларының салдарынан, тәж артерияларының атеросклерозынан, бүйрек гипертониясынан және уремиялық перикардиттен пайда болады.

Артериальді гипертензия - бүйрек ауруларының салдарынан артериальді қысым көтеріледі. Бұл қысымның ерекшелігі әсіресе диастолалық қысымның көтерілуі. Бүйрек ауруларында /гломерулонефрит, пиелонефрит/ бүйрек ұлпасында қан айналым бұзылып бүйрек қан аздықтан ішкі секреция мүшесі болып қанға ренин бөледі, ал ол ангиотензинге айналып қан қысымын көтереді. Қан қысымы көтерілген кезде пациентте басы ауырады, басы айналады, жүрегі қағып, жүрек тұсында ауырсыну пайда болады.

Slide 14

Ісінулер. Бүйрек ауруларында ісінулер жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, бүйрек амилоидозында байқалады. Пациенттен ісінулер қай жерде пайда болып қалай денеге жайылуын және таралу жылдамдығын сурау қажет. Бүйрек ісінулері жүрек ісінулеріне қарағанда көбінесе ертенгісін көз астында пайда болып, кейін аяқтарына түседі, ал өте ауыр жағдайда науқас күп болып ісінеді оны анасарка дейді. Бүйрек ісінулерінде тері бозарып, суық болады. Пациенттер ыңғайлы жағдай іздемейді, ентігу болмайды.

Қалтырау - қызу көтерілуі бүйректің және несеп бөлу жолдарының қабынуының салдарынан болады.

• Терінің қышуы - уремия кезінде мочевина кристалдарының тері бездерінің саңылауына жииналуына байланысты болады

Slide 15

Несеп шығару жүйесінің аурулары бар пациенттерге объективті тексеру.

• Қарау. Пациентті қарағанда фельдшер біріншіден оның жағдайын бағалау керек: өте ауыр жағдай, естүссіз- бүйректің ауыр зақымдануында байқалады, бүйрек жетіспеушілігімен білінеді, орташа ауыр немесе қанағатты жағдай- бүйректің жеңіл зақымдануында болады.

• Пациенттің төсектегі жағдайы аурудың алғашқы кезеңінде белсенді болады, ал уремиялық комада- пассивті. Коматозды жағдайда пациент зақымданған жағында аяқтарын тізе, жамбас буындарын бүгіп ішіне қарай тартып жатады. Бүйрек шаншуында пациент мазаланып айқайлап, өзіне орын таппайды.

Жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, пиелонефритте пациентте ісінулер байқалады. Бүйрек ісінулерінің ерекше белгілері: науқас беті бозарып ісінген, қабақтары ісінгеннен көз алмалары сығрайып тарылған. Сырқаттың ауыр түрінде ісінулер аяқтарында, қуыстарда пайда болады, кейде анасаркаға дейін.

Созылмалы гломерулонефритте пациенттің терісі бозарып ісінген. Теріде тырнақ іздерін байқау болады, құрғақ тұтықпен қапталған тіл бүйрек жетіспеушілігінің уремиясын білдіреді. Паранефритте зақымданған жағында бел аймағында ісінуді байқауға болады.

Slide 16

Пальпация

Бүйректер құрсақ ішінде орналасқан. Сау адамда өкпе доғасымен құрсақ пресі бүйректі сипап тексеруге мүмкіндік бермейді. Құрсақ пресі босап, адам өте тез жүдесе ғана бүйректер төмен түсіп кетіп оларды сипап тексеруге болады. . Бұйрек қатты үлкейгенде ғана сипап тексергенге жақсы білінеді /киста, ісік/. Бүйрек пальпациясын вертикальді және горизонтальді жағдайда жүргізу керек.

Slide 17

Пальпацияның тәсілдері /техника/. Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызады. Фельдшер пациенттің оң жағына отырады. Сол жақ бүйректің пальпациясында фельдшер оң қолын бел аймағына 12 қабырғаға жақын қояды. Сол қолын ішіне қабырға доғасынан төмен және оған перпендикулярлы іштің тік бұлшық етінен шетке қарай орналастырады. Пациентті бұлшық еттерін босатып терең демалуын сұрайды. Ауа шығарған кезде фельдшер сол қолын ішке қарай төмен басып артқы қабырғаға тіреледі, ал оң қолымен сол қолға қарай басады. Қолдарын жақындатып фельдшер пациентке ішпен терең демалуын сұрайды, егер бүйрек төмен орналасқан болса, онда бүйректің төмен жағы сол қолдың астымен өтеді. Бүйректі сипап анықтау мүмкін болған жағдайда оның түрін, консстенциясын, үстінің сипатын, ауыратының және жылжымалығын анықтау керек. Сау, өзгермеген бүйректің түрі- ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы шымыр серпінді, үсті тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады.

Slide 18

Бүйректі пациент тұрып тұрғанда анықтауды Боткин С. П ұсынған. Ол пациент жатқан кездегідей ережелермен жүргізіледі. Пальпация бүйректің төмен түсүін нефропатозды анықтауға мүмкіндік береді. Нефропатоздың үш кезеңі анықталады: біріншіде- бүйректің төмен жағы анықталады, екіншеден бүйрек тұтас анықталады, үшіншіден бүйрек ары бері еркін жылжыйды, өте төмен түседі немесе омыртқаның басқа жағына өтіп кетуі мүмкін.

Пальпация әдісімен қуықты да анықтауға болады. Қуық толып тұрған кезде қасаға үстінде эластикалық былқылдаған ісіну анықталады, өте толып кеткенде кіндікке дейін көтеріледі.

Slide 19

Перкуссия

Бүйрек үсті ішекпен қапталған, сондықтан перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс беріп, шекара анықтау мүмкін емес, ұрғылау әдісі ғана үлкен маңыз береді. Фельдшер сол қолын пациенттің беліне қойып, оң алақанының қабырғасымен не жұдырығымен жәйләп үстінен ұрады. Пациент ауырсыну сезсе, симптом оң болып саналады, Пастернацкий симптомы деп аталады. Пастернацкий оң симптомы тынжытаста, пиелонефритте, паранефритте, миозитте, радикулитте анықталады.

Slide 20

Зертханалық зерттеу әдістері

Несептің құрамының өзгеруі лабораторлы зерттеулермен анықталады.

Протеинурия- несептен ақуыздың бөлінуі/сау адамнын несебінде болмау керек /Физиологиялық жағдайда ақуыз физикалық күш және ақуызбен күш түсіргенде пайда болады.

Глюкозурия- несепте қанттың/глюкозаның пайда болуы,

Лейкоцитурия- несепте көру алаңында 5тен артық лейкоциттердің болуы, ал Нечипоренко зерттеуі бойынша -2, 6х10 1л артық болса.

Гематурия - несепте эритроциттер нефроннан өткен болады, ал өзгермеген эритроциттер- бүйрек тостағаншасынан, несеп ағарлардан, қуықтан шығады.

Цилиндурия- несепте бүйрек шумақтарының эпителиальды мүсіндері.

Бактериурия- несепте бактериялардың болуы. Несепте шырыш- несеп шығару жолдарының шырышты қабаттарының қабынуының белгісі.

Slide 21

Несеп бөлудің өзгеруі.

Поллакиурия - несепке жиі отыру. негізінен қуық пен үрпі қанайналымының қабынуына тән. Қалыпты жағдайда несепке отыру тәулігіне 4-7 рет болады. .

Никтурия- несептің түнге қарай /түнде/ басым бөлінуі.

Полиурия- несептің көп бөлінуі, тәуліктік несептің мөлшері. 2литрден артық болуы.

Олигурия- несептің аз бөлінуі, тәуліктік мөлшері 500 мл-ден төмен болады.

Изурия- тәулік ішінде, несеп белгілі уақыт сайын бірдей мөлшерде бөлінуі.

Анурия - несептің мүлдем бүйректен бөлінбеуі.

Ишурия - пациенттің өз бетімен қуықты босата алмауы.

Дизурия - несепке қиналып отыру және несепке отырғанда болатын сыздап ауырғандық.

Странгурия - несеп бөліну кезде болатын сыздап ауырсыну.

Изогипостенурия - полиурия кезінде несептің тығыздығының төмендеуі

Slide 22

Бүйрек және несеп шығару жолдарының патологиясымен пациенттерді тексеру схемасы

Шағымы:

1. беттің ісінуі

2. бел аймағында ауырсыну

3. несеп бөлудің бұзылыстары

4. дене қызудың көтерілуі

5. бас ауру

6. Диурездің азаюы

7. Терінің құрғақтығы, қышуы

8. Жүрек айну, құсу

9. Көрудің нашарлауы

Ауру анамнезі:

1. қауіпті факторлар

2. инфекция ошақтары

3. аурудың даму себептері

4. аурудың басталуы, салқын тиюмен байланысы

5. аурудың дамуы

6. жүргізілген зерттеулердің мәліметі

7. емді жүргізу

Slide 23

Лабораторлы және аспапты зерттеу әдістері

Аспапты (инструментальды)

Бүйрек Р графиясы, экскреторлы,

пиелография

Хромоцистоскопия

Ультрадыбыспен зерттеу

Сканерлеу

Компьютерлі томография

Бүйректердің биопсиясы

ЭКГ

Көз түбін зерттеу

Лабораторлы


Ұқсас жұмыстар
Құрсаққа жасалатын операциялар
Жыныс мүшесі
Несеп зәр шығару жүйесі. Жыныс жүйесі
Несепқуық бөлімдері
Жасушаның бөлінуі
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Аңдардың жыныс мүшелері
Қолдан артқы тесік жасау техникасы
Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Бүйрек туберкулезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz