Ауру синдромы




Презентация қосу
Сүйек –бұлшықет жүйесінің аурулары бар
пациенттерге субъективті,объективті
тексеру.Сүйек- бұлшықет жүйесінің
аурулары бар пациенттерге
клиникалық бақылау жүргізу.
Жоспары:

1.Кіріспе
•Сүйек-бұлшықет жүйесінің анатомисы
•Сүйек-бұлшықет жүйесінің физиологиясы
2.Негізгі бөлім
•Сүйек-бұлшықет жүйесін субъективті және
объективті тексерә әдістері
•Сүйек бұлшықет жүйесін инструменталды
тексеру
•Сүйек бұлшықет жүйесінің патологиясы және
синдромдары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Жаңа туған
нәресте-
қаңқасының едәуір бөлігі,
әсіресе омыртқасы, білезігі
және жамбас сүйегі
шеміршектен тұрады.Емізулі
баланың сүйек ткані
химиялық құрамы жағынан
судың көпі және қатты
заттардың аз болуымен
ерекшеленеді.Оның
құрылымы талшықты, қан
тамырларына бай болады
Сүйек бұлшықет жүйесінің
анатомиясы
Осыған байланысты сүйектері жұмсақ, иілгіш келеді.Сүйек 2-3 жылдың ішінде тез өседі.
Бұл орайда талшықты ткань дұрыс қалыптаспаған, пластика тәрізді құрылымы барсүйек
тканіне айналады. 12 жасқа таман баланың сүйек ткані құрылымы жағынан ересек
адамдардікіндей болады.Баланың бас сүйегінің құрылымында бір қатар ерекшеліктер
бар.Бас сүйектің арасындағы тігістер жабылмай үлкен және кіші еңбектер құрады.
Жаңа туған нәрестенің омыртқасы шеміршектен тұрады, түп-түзу, қисаймаған, кейіннен
физиологиялық қисаюбайқалады.
2 ай - мойын пардозы.
6 ай — кеуде кифозы.
1 жас - бел пардозы.
Сүйек-бұлшықет
жүйесінің физиологиясы
Дені сау балалар 6-7 ай толғанда тіс жарады, төменгі күре тістенкейін жарады. Үш жаста
аяқ басқанда барлық 20 сүт тістері болады. 6-7жасында сүт тістерінің тұрақты тіспен
алмасуы басталады. Тістер 1-13 жастаалмасып бітеді. 12 жастан 14 жасқа дейін екінші
азу тістері, 18-20 жастасоңғы ақыл тіс шығады.Жаңа туған нәрестенің бұлшық ет жүйесі
нашар дамыған. Бұлшық етсалмағы 23 %, ал ересек адамдарда 42 %. Баланың бұлшық ет
талшықтарыжіңішке болады. Жаңа туған нәрестеде бұлшық еттердің едәуір
артуыбайқалады. Жас кезінде баланың бұлшық ет күш-қуаты әлсіз болады. Өсе
келебұлшық ет күші артып жыныстық айырмашылықтар аңғарыла береді.20-23 жасқа
қарай бұлшық ет жүйесінің өсуі мен қалыптасуы байқалады,Жас кезінде баланың
бұлшық ет жүйесінің өсуі мен қалыптасуы аяқталады.
Науқасты субъективті
тексеру әдісі — науқасты
клиникалық тексеру
әдістерінің бірі. Алдымен
науқастың жалпы мәліметтерін
сұрастырады (фамилия, аты,
әкесінің аты, жасы). Науқастың
мамандығын білу аурудың
себебін анықтауға көмектесуі
ықтимал. Науқасты сұрастыру:
шағымдарынан, аурудың
басталу тарихы, науқастың өмір
тарихынан тұрады.
Cұрастыру
Шағымдары
Сүйек-бұлшықеттер жүйесі ауруларымен науқастарда шағымдары әртүрлі болып келеді.
Олардың ішінде жиірек кездесетіні-буындар мен сүйектердің, бұлшық еттердің ауруы,
таңертеңгілік қозғалыстың шектелуі, бұлшық еттік әлсіздік, буындардың ісінуі және
қозғалыстың шектелуі.
Қосымша шағымдарға дене қызбасы әлсіздік терінің қышуы жатады.
Буындардың ауруы буын құрамдарының (синовиалды қабат, буынның капсуласы, сүйек
байламдары) нерв талшықтарын тітіркендіргеннен пайда болады. Тек қана буын
шеміршегінде ғана нерв талшықтары мен тамырлар болмайды. Сондықтан олар ұзақ уақыт
басқа буын құрылымдары зақымданғанша ауырғаны сезілмейді. Ауру сезімін сұрастырған
кезде, оның сипатын (шаншитын, күйдіріп сыздайтын, солқылдататынын т.б.), орналасқан
жерін, таралуын, тереңдігін, ұзақтығын, ырғағын, ең қатты ауыратын мезгілін, оны
тудыратын себептерді (қозғалыс, ауа райының өзгеруі. т.б.) ауыру сезімінің күштілігін жай
орташа қатты анықтау қажет.
Науқасты объективті
тексеру әдісі — науқасты
клиникалық тексеру
әдістерінің бірі. Науқасты
объективті тексеру
нәтижесінде алынған
симптомдар диагнозды
дұрыс қоюға өте маңызды.
Объективті әдіс: қарау,
сипап–сезу (пальпация),
соққылау (перкуссия),
тыңдаудан (аускультация)
тұрады
Жалпы қарау кезінде науқастың сыртқы түрінен, дене қалпынан
кейбір ауруларды бірден анықтауға болады. Мысалы,
анкилоздаушы спондилоартрит немесе Бехтерев ауру кезіндегі
науқастың «сұраушы» қалпы, ревматоидты артритте қол
саусақтарының жан-жаққа қисайып, жайылыңқы орналасуы осы
ауруға тән белгі. Теріні және тері асты қабаттарын зерттеуді
пальпация әдісімен толықтыра отырып, ревматизмдік және
ревматоидтық ұсақ түйіндерді, подагралық тофусты, псориаздық
қабыршықтануды анықтауға болады.

Теріні сипап қарау кезінде оның құрғақтығын, атрофиясын,
трофикалық өзгерісін зерттейміз. Буынның жедел қабынуы
кезінде терісінің қызуы жоғарылайды. Буындарды пальпация
әдісімен зерттеу терідегі өзгерістермен қатар түйіндерді, лимфа
бездерін табуға, қозғалыс кезіндегі ауыру сезімін анықтауға,
крепитация сияқты дыбыстарды бақылауға мүмкіндік береді.
Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы
жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді.
Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты
қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол).
Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті,
пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне –
өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген,
ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды.
Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп
айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды
қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға
көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында
жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына
жағдай туғызады
Диагноз қою әдістері негізгі және қосымшаға бөлінеді. Негізгі
клиникалық әдістерге сұрастыру, науқасты қарау, сипап – сезу,
соққылау, тыңдау жатады. Мейірбике оны әр науқасқа қатысты
жүргізу тиіс. Негізгі әдістерден кейін дәрігер ары қарай қандай
қосымша тексерулер жүргізу керек екенін шешеді.
Қосымша (зертханалы – аспапты) тексерулерді арнайы дайындалған
мамандар жүргізеді. Қосымша әдістер (биопсия, эндоскопия, рентген,
цитодиагностика және т. б.) негізгі тексеру әдістері сияқты
маңыздылығы зор, кейде диагнозды дұрыс қоюға шешуші рөлді
атқарады. Науқасты сұрастыру және объективті тексеру күнделікке
жазылып отырады және тағайыдалған ем ауру тарихына енгізіледі.
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің потологиясы мен синдромдары
Арқа омыртқасы-жұлын жарақаттарының ең қаіпті түрлерінің
бірі спастикалық синдром болып табылады – бұл бұлшық ет
тонусының аса ұлғаюы салдарынан аяқ-қолды бүгу немесе
жазуға қиыншылық тудыратын жағдай. Спастикалық
синдромның екі түрі бар: бұлшық ет талшықтарының қайсы бір
түрлері оларды қалыптастыруға қатысуына байланысты
тоникалық және фазикалық болып бөлінеді.
Тоникалық спастикалық синдром көптеген неврологиялық
аурулар кезінде пайда болады және арқа омыртқасы мен
жұлынның әртүрлі жарақаттары барысында дамитын орталық
шала салдану немесе сал ауру компоненттерінің бірі болып
табылады. Көбінесе инсульт, бас сүйек-миы және арқа
жарақаттары салдарынан туындайды. Фазикалық спастикалық
синдромға алуан түрлі бұлшық ет спазмдарының аурулары
жатады.
Спастикалық синдромның пайда болу себептері өте әртүрлі
болып келеді. Оған бас сүйек-ми және жұлын жарақаттары, ми
қан айналымының аса ауыр бұзулары (церебралды және арқа
инсульты), нейродегенеративті аурулар (бытыраңқы склероз),
нейрохирургиялық араласулардың салдары жатады.
Ауру синдромы
Нейропатикалық ауру, клиникаға жолығатын емделушілердегі
ауру синдромдарының 25-тен 50 пайызға дейінгісін құрайды.
Ауру нейропатикалық ауру синдромының елеулі
ерекшеліктерінің бірі есірткі анальгетиктерін қолданудан
ауруға қарсы әсердің жоқтығы болып табылады.
Нейропатикалық ауруда көбінесе интенсивті аурудың пароксизмі пайда
болатын фондағы тұрақты ауру кезедседі. Фонды ауру көп жағдайда
қарапайым емес, нақты орналаспаған, диффузиялық сезім сипатты болып
келеді. Келесі анықтамалар бұл ауру үшін патогномоникалық болып
табылады: «қыздырғыш», «ыстық», «өртендіргіш», «мұздай»,
«созылмалы», «сыздайтын», «сығып салатын», «қышыма». Кенеттен пайда
болатын қатты ауруды «өткіш», «тартқыш», «атқыш», «электр тоғымен
ұрғандай» ретінде сипаттауға болады.
Көп жағдайларда нейрогенді ауруда сезгіштік бұзылады;
Вегативті және трофикалық бұзулар кездеседі;
Ауру эмоционалды-стремм бұзуын тудырып, оны ұлғайтады;
Нейрогенді аурудың түсіндіре алмайтын ерекшелігі болып, бұл пуру
пациенттің ұйықтауына кедергі болмайды. Сонымен қоса, науқас көбінесе
интенсивті аурудан түн ортасында тұрады.
Сүйек-бұлшықет жүйесін
инструменталды тексеру
Бір ғана симптомның көмегімен, ауруды танып білу
өте қиын. Диагностикалық қателіктердің көп бөлігі
науқасты толық, жүйелі зерттемегенен болады,
сондықтан науқасты толық және жүйелі түрде
зерттеу диагностиканың бірінші ережесі болып
табылады. Науқасты тексеру толық жүру үшін
жоспар қояды, яғни науқасты жоспарлы түрде
тексереді.
Жоспар ең алдымен науқастың шағымдарын
сұрастырудан басталып, кейін қарау, пальпация,
перкуссия, аускультация жүргізеді.
Қосымша тексеру әдістері

Лабораториялық зерттеу
Биохимиялық әдіс- алдымен бұл
процестің белсенділігін бағалау үшін
қолданылады. Белок құрамындағы Рентгенологиялық зерттеу
өзгерістер тұнбалы белок сынақтарын
қою, С-реактивті белокты табу арқылы Әдетте сүйектер мен буындарды
дәлелденеді. рентгенограммаға түсіреді. Рентген
Иммунологиялық әдіс- суреттерін қарай отырып, сүйектердің
иммуноглобулиндерді анықтау кезінде өзара қатынасын, пішінін(құрылысын)
антиденелердің түзілуінің бұзылуын буындық саңлаудың жағдайын
байқауға болады. Сүйек-буындар бағалайды.
жүйесі ауруларында
иммуноглобулиндердің барлық
тобының көбеюі мүмкін.
Қорытынды
Жас балалардың қаңқасын үлкендермен салыстырғанда көптеген ерекшеліктер бар.
Сүйек тінінің дамуы барысында көптеген аурулар туындауы мүмкін (остеопароз,
остеомиелит, артрит, мешел). Сонымен қатар жас балалардың дұрыс отырмауынан,
сүйектердің дұрыс өспеуі байқалады. Бұл аурулардың алдын алу үшін баланы дұрыс
тәрбиелеп, күн сәулесіне серуенге шығарып тұру керек.

Cүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектік және сүйектік ткандер байланысы мен
адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені
құрайды. Бұл жүйенің негізгі қызметі: адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бір
бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйектердің азды көпті
қозғалысын қамтамасыз ету. Адам организмінің сүйек жүйесінің барлық сүйектері бір-
бірімен жалғасқан.
Пайдаланылған
әдебиеттер

•Қазақ энцклопедиясы II том
•Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы:
Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
•Kohrt, W. M., Bloomfield, S. A., Little, K. D., Nelson, M. E., & Yingling, V. R. (2004). Дене
белсенділігі және сүйектің саулығы.Спорт пен жаттығудағы медицина және
ғылым, 36(11), 1985-1996.
•Сүйек және буын хирургиясы журналы. Американдық көлем, 63(5), 780-787.
•Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының
пропедевтикасы.Алматы"Кітап"баспасы.2005.568бет.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Хромосомалық синдромдардың таралу жиілігі
Митохондриялық тұқым қуалайтын аурулар
Митохондриялық аурулар клиникасы
Хромосомалық аурулар
Рефсум синдромы
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Синдромдар мен симптомдар, диагноз түрлері
Жүйелі қызыл жегі
Митохондриялық аурулардың жіктелуі
Хромосомалық мутация
Пәндер