Қан сарысуын консервациялау


Slide 1

Серологиялық зерттеуге жануарлардан жаппай қан алу, сарысуын бөлу, консервілеу. Жіберілген сынамаларға, алынған нәтижелерге құжаттар толтыру

Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университеті

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

Slide 2

Серология - бұл сарысуды зерттеу. Сарысу - бұл қанның бөлігі. Ол әдетте қанның ұюына жол беру арқылы пайда болады, ұю процесі қанның ұю факторларын және бүкіл жасушаларды алып тастайды, сары түсті сұйықтықты қалдырады. Бұл сұйықтық сарысу деп аталады және оның құрамында антиденелер, антигендер, бар болса микроорганизмдер, гормондар, электролиттер және басқа ақуыздар бар. Серология, кеңірек мағынада, негізінен осы әр түрлі компоненттерді сандық және сапалық талдаумен айналысады. Алайда, серология инфекция немесе ауру диагнозына қатысты антиденелер мен антигендерді сапалы анықтау немесе сандық талдауымен танымал.

Қан (гр. Haemo ; лат. Sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі.

Қан негізінен екі бөліктен: сұйық бөлігі - плазмадан және қанның торшалық элементтері (эритроциттерден, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады.

Плазма қанның жалпы көлемінің 60%-ын алып жатады, құрамының 90-92%-ы су, ал 8-10%-құрғақ зат.

Қанның ағзада атқаратын қызметтері: тасымалдаушы, қорғаныстық, жылу реттеуші байланыстырушы, гомеостазды тепе-теңдікті сақтау.

Slide 3

Жануарлардан жаппай қан алу алдында лабораториялардан жеткiлiктi мөлшерде стерильденген, арнайы мақтамен тығындалған пробиркалар әкелiнедi. Барлық пробиркалар нөмірленеді. Қан алу ведомостары толтырылады. Онда малдың инвентарлық номерлерi, болмаса мал иесiнiң аты-жөнi, малдың жынысы, жасы, түрi тексерiлетiн реакциялар көрсетiлiп, қан алған мал дәрiгерiнiң аты-жөнi жазылады. Сонымен қатар алдын ала қан алатын инелер жуылып тазаланып, қайнату арқылы стерильденедi.

Қан алу кезiнде қан тамшыларының жерге түспеуi қадағаланады. Қанды сарылдатпай, көпiршiктетпей пробирканың қабырғасына жанастырып алу қажет. Әсiресе қысқы уақытта пробирканың жылы және құрғақ болуы мiндеттi. Мүмкiндiгiнше, қанды тамшылатпай алу қажет. Тамшылатып алынған қан көбiнесе гемолизденедi. Ондай қан зерттеуге жарамсыз саналады.

Slide 4

Әр малдан қан алуға жеке ине қолданылуы шарт. Фермаларда қан арнайы жабдықталған станоктарда, болмаса малдың байлаулы тұрған жерінде алынады. Алдымен күре тамырды резина түтікшемен қысып байлап, резина түтік арқылы пробиркамен байланысқан инені күре тамырға енгізеді.

Қан алуға арнайы мықты орнатылған бағаналарды пайдалануға болады. Техникалық қауіпсіздікті сақтау үшін қан алу кезінде бас бармақпен сиырдың мүйізі басылып ұсталып тұруы керек.

Алынған қан қыс кездерінде бөлме температурасында 1-2 сағат мөлшерінде қаннан сарысуы бөлініп шығу үшін ұсталуы керек. Қан сарысуы лабораториялық зерттеуге жіберілгенше салқын бөлмеде сақталады

Малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен қүстан канды тікелей жүрек қарыншасынан алады

Жануарлардың қан алу тіртібі

Slide 5

Сиырдан қан алу

Қан мойынның күре тамырынан, мүмкіндігінше таңертең азықтандырудан бұрын алынуы қажет. Қан алынатын тері аймағы арнайы қырқылып, 3%-ды фенол ерітіндісімен немесе 70%-ды спирт ерітіндісімен сүртіледі.

Аздаган қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.

Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анык. көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45° бұрышпен қадалу керек) . Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап - автоматтар пайдаланылады

Slide 6

Шошқадан қан алу

Шошқаның үлкен құлақ венасын скальпелмен тілу арқылы аздаған мөлшерде қан алады. Ол үшін тамырдың орталық бөлігін құлақ түбінен саусақпен қысып тұрады. Қанды көп мөлшерде алу үшін қайшы немесе скальпелмен құйрықтың ұшынан 1-1, 5 см шамасында кесіп тастайды. Қан алып болған соң, жараны дезинфекциялап, құйрықтың ұшын 1-2 тәулік бойына бинтпен таңып тастайды.

Торайлардан 5-30 мл мөлшерінде қан алу үшін оларды шалқасынан жатқыза байлап қойып, ине немесе микропипетканың көмегімен орбитальды вена синусын теседі

Slide 7

Иттерден қан алу

Иттен (мысыктан) қанды аз мөлшерде құлағының ұшынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт жағын ала, тілерсектен төмен орналасқаң сирақ венасынан алады. Итті бір бүйіріне жатқызып немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса ұстап, тілерсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен теріні, одан соң венаның қабырға-сын тесіп, қанды шприцпен сорып алады.

Slide 8

ҚояннАн қан алу

Қояннан қанды аз мөлшерде құлақтың ұшын тіліп, немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды, немесе басы шығып тұратын арпаулы тесігі бар жәшікке отырғызады. Құлақты алдын ала жылы суға салған немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.

Қанды көп мелшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін операциялық алаңды (шынтақ төмпешігінен үшінші қабырғаға дейін) дайындап болған соң, венаны саусақпен басып тұрып, инені қан ағысына қарсы бағытта көлбеу

Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қояннан 15-20 мл-ге дейін қан алуға болады.

Slide 9

Тауықтан қан алу


Ұқсас жұмыстар
Тура емес гемаглютинация реакциясы. Тәжірибелік ветеринарияда қолданылуы
Жануарлардың хламидиоз аурулары
ПРЕЦИПИТАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ. Антиденелер (преципитин) мен антигендердің (преципитоген)
Реакция түрлері
Қанды зерттеу. Иммунофлюресценциялық әдіс
Реакцияның қолданылуы
Бейтараптау реакциясы
Қан тізімін өңдеу журналы
Серологиялық реакция
Қан топтары мен антигенді сәйкессіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz