Теориялық адам




Презентация қосу
Қоғамдағы және ұйымдағы тұлғаның әлеуметтік
мәртебесі және әлеуметтік рөлі
Басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі

• «Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға
философия, социология, психология, этика,
эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың
негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми
ерекшелігі бойынша зерттейді.
• Е. В. Шорохова адамды анық сойлей
алатын, ойлауға қабілетті, жоғарғы
психикалық функцияларды игере алатын
(абстрактты-логикалық пайымдау,
логикалық еске сақтау және т.б ), еңбек
құралдарын жасап және оны еңбек
процессінде қолдана алатын жаратылыс
иесі ретінде анықтады
В. Н. Князев тұлға құрылымы бір мезетте екі принципқа негізделген
бір – бірімен тығыз байланысты әлеуметтік қасиеттердің
жиынтығынан құралған деп түйіндейді.
Біріншісі тұлғаның ең жалпы, ең қиын әлеуметтік қасиеттері өзіне
ең қарапайым, жекеше қасиеттерді жинайды.
Екінші принцип бойынша қасиеттердің байланысы әрқайсының
бір- бірінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді ( бұл адамдардың еңбек
ортасындағы күйін көрсетеді: олардың жұмыс мақсаты бір, ал әр
адам өз тарапынан жұмысты бітіруге өз мүддесін ұсына алады).

А. А. Бодалеваның пайымдауынша біздің тұлғалық белгілеріміз басқа
адамдарға қатынас жасаудың негізінде көрінеді
. Еңбек іс әректідегі өзін – өзі бағалау, талпыну
ниет пен фрустрация деңгейі
Өзін өзі бағалауу
Әрбір адам әдейі немесе білместікпен өзімізді басқалармен
салыстыра отырып өзінің ақыл – ойы, келбеті, денсаулығы,
қоғамдағы орны туралы пікір қалыптастырып, ұялшақ немесе
такаппар, талапшыл немесе сабырлы сияқты өзін – өзі
бағалаудың жиынтығын құрастырамыз.

Өзін – өзі құрметтеу – тұлғаның өзіне деген жалпылама
қатынасы- жеткен жетістіктер санына тура шамалас және ниет
деңгейіне кері шамалас, яғни ниет жоғарылаған сайын адамның
өзін құрметтейтін жетістіктері де көбейе түспек.
• Талаптану деңгейі –адамның өзінің алдыңғы деңгейін біле тұра,
жетуге тырысқан міндет, қиыншылықтарының деңгейі. Талаптану
деңгейіне өмір жолындағы сәтсіздіктер динамикасы әсер етеді.
Талаптану деңгейі жоғары не төмен болуы мүмкін. Егер адам
ойға қонбайтын талаптарды көздейтін болса, ол мақсатқа жетуде
үлкен кедергілерге ұрынады, сәтсіздіктерді фрустрацияна
кешіреді.
• Фрустрация – адамның эмоциалды күйінің ерекшелігі, ол
қалаған мақсатқа жетудегі кедергіні жеңе алмаудан пайда болады.
Фрустрация ашушаңдық, дөрекілік түрінде басқаларға немесе
өзінің сәтсіздіктеріне өзін кінәлау барысында өзіне бағытталады
• Күнделікті өмірде фрустрациялық жағдайлар екі топқа бөлінген
қажеттіліктердің кең ауқымымен сипатталады:
• Биологиялық қажеттіліктер – бұл топқа физиологиялық ( аштық, шөл,
ұйқы), жыныстық және сексуалды ( көбею, жақын қатынас қажеттілігі),
бағыттық ( кеңістікте, уақытта, қоршаған ақиқатта жөн табу қажеттілігі ),
және т.б.
• Әлеуметтік қажеттіліктер – еңбек, танымі эстетика, наным
қажеттіліктері.
• Фрустрациялық жағдайдың жиі қайталануы кейбір адамдарда
ашушаңдық, қызғаныш, дөрекілік белгілерін қалыптастырса,
кейбіреулерінде ынтасыздық, сенімсіздік белғілерін қалыптастырып
көпке созылған жағдайда жүйке ауруына шалдықтырады. Жүйке ауруы –
жүйке жүйесінің анатомиялық зақмдануынсыз бұзылу процессі
Еңбек әрекетіндегі тұлға типологиясы
• Тұлға типологиясының түрлері көп. Кәсіби іс-әрекетке
қатысы жоқ ортақы типологияны қарастырсақ, авторы Э.
Шпрангер әрбір тұлға көбіне алты типтің біріне жатады деп
есептейді.
• 1.Теориялық адам
• 2. Экономикалық адам
• 3. Эстетикалық адам
• 4. Әлеуметтік адам
• 5. Саяси адам
• 6. Діндар адам
• 1.Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты
қызығушылық танытады. Оның әсіреушіліктері шын өмірден өзгеше, ол білуге мүмкіндігі болмаса күйзеліп, ал өзіне зиянды
болса да теориялық жаңалық ашса қуануы мүмкін. Ол үшін білудің әдістерінің шындығы бағалы болып саналады. Ол үшін
дүние – жаратылыстардың шексіз пайда болуы мен қатынастарға тәуелділік жүйесі ретінде көрінеді. Оның Мен түсінігі
шындыққа негізделген мәңгілікпен байланысты. Оның шынайы өмірін қызығушылығы нәтижесінде өмірлік мақсатын
айқындаған белгілі бір мамандандырылған ғалымдар өмірінен көруімізге болады. Бірақ бұл белгілерді мамандыққа қатысы
жоқ адамдардан да байқауға болады.
• 2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық
адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам. Ол үшін барлығы қолайлы өмір сүруге жұмсайтын қажеттіліктер
ретінде көрінеді. Ол уақытты, күшін, материалдарды пайдаға жарату үшін әркез үнемдеп отырады. Оның әрекетінің мағынасы
оның қызметінде емес, пайдалық эффектінде.
• 3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы
пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады. Эстетикалық адам дүниетануымның өзіне тән қырымен ерекшеленеді:
сезудің және алдын ала көре алу қабілетімен. Теориялық адам үшін ол арманшыл, қиялшыл болса, экономикалық жағынан
эстетикалық идеал мен экономикалық құндылықтар қарама – қайшы дүние. Эстетикалық адам теориялық сияқты өмірдің
экономикалық шарттары алдында әлсіз болып келеді.
• 4.Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз
өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше
формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге
бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.
• 5.Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп
есептейді. Бұл жерде белсенді және құлықсыз саяси жаратылысты атап өтеді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда
ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен
басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт – дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар
қатарына жатады.
• 6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам. Діни
ұғымды 3 негізгі түрге жіктеуге болады:егер барлық өмірлік құндылықтар позитивті түрде сезілсе онда біз имманентті дәруіш
ұғымын; егер негативті болса трасцендентальды дәруіш ұғымын; егер жартылай негативті, жартылай позитивті бағаланса
дуалистикалық дәруіш ұғымын қолдана аламыз
• С.И. Самыгин бойынша жұмысшының орындау іс әрекеті өзінің
заттық және кәсіби қасиеттрін есепке алмағанда 7 психологиялық
белгімен (шкала) сипатталады:
• 1) нысаналылық – мақсатсыздық;
• 2) мотивациялық – қызықпаушылық;
• 3) тәуелсіздік – тәуелділік;
• 4) ұйымдасушылық – сұрапылдық;
• 5) жауапкершілік – жауапсыздық;
• 6) біліктілік – біліксіздік;
• 7) шығармашылық - тоқырау
• Бұл шкала бойынша орындаушының психологиялық кескінін құрап,
сапалы талдау нәтижесінде анағұрлым әдепкілерін бөліп көрсетуге
болады.
Олардың ішіндегі негізгілері :
• 1) орындаушының шығармашылық типі, тәуелсіз, білікті,
ізденуші;
• 2) аса мөлшерлі – нысаналы, қызығушылықты, ұйымшыл;
• 3) регламенттенген (кең жайылған);
• 4) селқос;
• 5) басшының бұйрықтарын қайта құрушы;
• 6) төмен мотивациялы;
• 7) орындаушы типінен жалтару;
• 8) қиын басқарылатын орындаушылар
Қиын басқарылатын қызметкерлердің әр түрі болады:

• - жалқау; жеткіліксіз жұмыс істейді;
• - долы адам: адамдармен қатынасын ашушаңдығымен бүлдіреді;
• - әлсіздер: сәтсіздікке ұшырамауға қанша тырысса да сәтсіздікке ұшырайды;
• - сезімтал: өз сезімдерін әсірелейді;
• - адамгершілікке жат: өзінің жеке мүддесі үшін адамдарды қолданып оларға зиян
келтіруші;
• - қорғанушы позициясын қолданушы: өзгеріс туралы сөз болғанда кедергілер туғызушы;
• - қатыгез: ескі реніштерін ұмытпайтындар;
• - жалтарушылар: жарықтан белсенді қашушылар;
• - безбүйректер: оларға қоршаған адамдар жоламайды;
• - ақылсыздар: қате немесе шектелген келсімдер жасайды;
• - өркөкіректер: өздерін күнәіз санайтындар;
• - үрейленгендер: өздерінің мүмкіншіліктерін әлденеден қорқып шектейді
Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:

• Майысқақтар. Ондай адамдарға бірден шешім қабылдаттыру мүмкін емес, олар өздерін
көндіруге тырысқанды ұнатады, шешім қабылдаттыру үшін бірнеше рет кедесу қажет.
• Барлығын тез шешуді ұнатушылар. Майысқақтардың керісінше үлгісі кездесудің соңында
қажет шешімді қабылдап үлгереді. Онымен істес болған адам шешімін өзгерту үшін күшін
салуға тиіс.
• Барлаушылар. Олар адамдарға қамқор бола жүріп өзіне керекті жаңалықтарды ғана
жинайды,ал өзінен алынған ақпараттар немесе өтірік, немесе жұмысқа қатысы жоқ болып
келеді. Онымен бөліскен пікірлер мен фактіерді ол өз қажетіне қарай жаратады.
• Тәлімгер. Тәлімгер өзіне зиян келтіре отырып жақындарының жетістігін қамтамасыз етеді. Бұл
жетістікке басқа адам жеткенімен тәлімгер үстемділікке,моральдыққа талпынады.
• Мақтаншақ. Әріптестері мен басшылыққа мақтаншақтардың жеке өміріндегі және қызметтегі
жетістіктері туралы тыңдауға тура келеді. Әдетте оларды мақтап, тоқтап қалған жұмыстарды
жалғастыруға болады.
• Әңгімешіл. Ол өзімен болған оқиғаларды әріптестеріне жеткізгенді, олардың тыңдап,
қолдағанын ұнатады. Ол өсек тасу мен айту қасиетіне ие, сондықтан оған құпияларды сеніп
тапсыруға болмайды.
• Екпінділердіңжұмысты «қарғысатқандар» сияқты істейтіні туралы
басшылығына шағымдануы қалыпты жағдай. Оларға аяушылықпен қарап
жұмысқа берілгендіктеріне мақтау айту керек.
• Жергілікті психолог. Оған басқалардың істегені мен айтқандарын талдау тән.
Оған өз ойларын «Сіз дәл айттыңыз!» немесе «Сізден жақсы психолог шығар
еді!» деген бекіту сөздерімен қолдаған ұнайды.
• Жолы болғыш.Бұл адам басқалар жетпеген жетістіктерге жетіп, сол
жетістіктерін адамдардың еркінен тыс баяндап, басқаларға да осындай
жетістіктерге жетуді үйрету ұнайды.
• Жылауық. Оның жұмысы қалай болып жатқанына қарамастан ол өзінің және
басқалардың мәселелерімен өмір сүреді. Онымен сөйлескенде әріптесі
белсенді әрі қанағаттанған болса ол өмір үшін әліде күресуі керек екеніне ыза
болады.
• Абыржыған. Онымен пікір білдіргенде сақ болған жөн. Ол естігенін өз
қиялына сай қабылдап талқылауы мүмкін. Онымен кездескенде қатал киіну
керек, әйтпесе ол өзін сексуалды құрбан ретінде қабылдап сіздің зілсіз

Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері
Философиялық танымның құрылымы
Эмпириялық этика
Философияның міндеттері
Философиядағы таным мәселесі
Этика құрылымы мазмұны
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Биологиялық ұғымдарды дамытудың теориялық әдістемесі
Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде
Пәндер