Акушерлік - гинекологиялық көмекті ұйымдастыру



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Орындаған:Төлегенов Муқағали.
Тобы: В-ЖМКБ-04-19
Қабылдаған:Қабылбекова. Д.
Шымкент 2021
Тақырыбы:Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық кафедрасы

I Кіріспе II Негізгі бөлім
Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру .
Жүкті әйелдерге, босанатындарға және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету.
Диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру.
Перзентханадағы негізгі міндеттер
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар

Кіріспе
Қазіргі уақытта әйелдер денсаулығын қорғаудың мемлекеттік жүйесі бар. Оның негізі 1917 жылдың желтоқсан айынан басталды. Себебі сол уақыттан бастап әйелдерге қамқорлық жасау үшін Халық комиссариатының жаңынан ана және баланы қорғау бөлімі ашылды, ал кейін 1918 жылдың шілде айынан денсаулыұ саұтау халық коммисариаты ұйымдастырылды. 1907-1920 жылдан бастап ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатымен емдеу профилактикалық мекеме ашылды.

Ауылдық жерде ана мен баланы қорғау жөніндегі мекемелер 1935 жылдан бастап ұйымдастырылды.
1944 жылы жүкті әйелдерге, көп балалы және жалғыз басты аналарға мемлекеттік көмекті көбейту. Көп балалы аналарға батыр ана деген құрмет атағы берілді. Ана даңқы ордені аналық медалін беру жарлығы қабылданды.
2009 жылы қабылданған ҚР халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде ана денсаулығын және рның құқықтарын қорғау және жәрдем көрсету бекітілді.

Акушерлік ғылымы - жүкті, босанатын және
босанған әйелдерге дәрігерлік көмек
көрсететін медицина ғылымының бір
саласы.
Ол француздың accoucher - босану деген
сөзінен алынған. Бұл ғылым ұрықтану,
жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі
кезеңдердегі әйел ағзасындағы
физиологиялық, патологиялық
құбылыстарды және жүктіліктің, босанудың
асқынуларын, емін, алдын алу шараларын
зерттейді.

Жүкті әйелдерге, босанатындарға және босанған әйелдерге
медициналық көмек көрсету
Әйелдердің жүктілік бойынша және оның сақтау бойынша бірінші
акушер-гинеколог дәрігер міндетті түрде:
»Анамнезбен егжей-тегжейлі танысуы керек
«Ұрпақты болу функцияларының ерекшелігін зерделеу;
сәйкесінше тіркелімдердің ақпаратын пайдалану, алдыңғы жүктілік
ағымын және өлімді анықтау керек
Жұбайының денсаулық жағдайын нақтылау, қанының тобы және резус құрамы;
өндіріс сипатын зерделеу, ерлі-зайыптылар қайда жұмыс істейді, теріс қылықтары;
ерте есепке тұруды жүзеге асыру және акушергинеколог дәрігер жүктілікті анықтаған күні
тіркелу; уақтылы зерттеп-қарау үшін 12 аптаға дейін
жүкті әйелдерді ерте қамту; жүктілікті көтеруге қарсы айғақтардың болуын
анықтау;

Жүктілікті диспансеризациясында:
міндетті зертханалық зерттеп-қараудың бастапқы
кешенін (ЖҚА, ЖЗА, қанының тобы және резус-фактор,
Вассермана, HBsAg (гепатит В) реакцияға қан, АИТВ тексеру
пациенттің келісімі бойынша, тазару дәрежесіне
бактериоскопия сүртіндісі) ;
және 10-13 апта 6 күн және 16-20 апта 6 күн мерзімінде
ұрықтың хромосомды аурулары мен туа біткен аномалияны
анықтау үшін сарысу генетикалық маркерлерге қанды
зерттеу;
жүктіліктің 10-14, 20-22, 32-34 апта мерзімінде ультра
дыбыстық зерттеудің үш реттік скринингі;
жүктіліктің 30 апта мерзімінде және медициналық
айғақтар бойынша бірінші баруда терапевтің тексеріпқарауы. Терапевт медициналық айғақтар жағдайында жүкті
әйелді бейінді мамандарға жібереді, экстрагениталды
патология болған жағдайда жүкті әйел бөлімшенің терапевт дәрігерінде
диспансерлеуге жатады

Халыққа амбулаториялық-емханалық
гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
гинекологиялық аурулардың профилактикасы
бойынша, оларды ерте анықтау, диспансерлік
бақылау, гинекологиялық аурулармен
ауыратын науқастарға емдеу және оңалту
көмегін көрсету, мамандандырылған және
жоғары мамандандырылған медициналық
көмекті көрсету үшін жіберу бойынша ісшаралар жүргізуді көздейді.
Гинекологиялық ауруларды анықтау бөлімшеге (кабинетке) жүгінген
әйелдерді қабылдау, оның ішінде жүктілік бойынша,
МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинеттерінде
әйелдерді тексеріп-қарау, әйелдерді профилактикалық
тексеріп-қарау жүргізу бойынша жүзеге асырылады.
Акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинетке)
бірінші рет жүгінген әрбір әйелге ҚР ДСМ №
907 бұйрығымен бекітілген № 025/е нысаны бойынша
амбулаториялық пациенттің медициналық картасы
ашылады.

Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетету үшін:
1. Жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау және босану кезеңдерінің зиянсыз өтуін қадағалау;
2. Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету;
3. Әйелдерді жасанды түсік тастаудан сақтандыру;
4. Диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру;
5. Әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу;
6. Халықтың санитарлық сауаттылығын жетілдіру;
7. Аналар өлімін, сәбилер өлімін азайту

Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі мақсаты әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, сондай-ақ нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету болып табылады.

Перзентахана мынадай міндеттерді атқарады:
1) медициналық көмекті өңірлендіру принциптерін сақтай отырып, жоспарлы стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету; 2) аумақтық принцип бойынша бастапқы медициналық-санитариялық қызмет ұйымдарымен, перинаталдық орталықтармен сабақтастық мәселесі жөнінде ынтымақтастық; 3) бекітіліп берілген аумақта босандыру қызметін талдау және мониторингі; 4) аналардың және перинаталдық өлім-жітім жағдайларын, жүктіліктің, босанудың, босанғаннан кейінгі кезеңдегі қатты асқыну және нәрестелердің ауыр сырқаттану жағдайларын талдау; 5) медицина қызметкерлері үшін оқу семинарларын өткізу; 6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдау.

Перзентхана жеке денсаулық сақтау ұйымы немесе көп бейінді денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істей алады. Перзентхана аумақтық принцип бойынша көмек көрсетеді, бірақ сонымен бірге жүкті немесе сырқат әйел босандыру мекемесін қалауы бойынша таңдай алады.

Жеке мемлекеттік медицина ұйымы ретінде құрылған перзентханаға басшылық етуді бас дәрігер жүзеге асырады, оны денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Медицина ұйымының құрылымында құрылған босандыру бөлімшесіне басшылық етуді бас дәрігердің орынбасары (бөлімше меңгерушісі) жүзеге асырады, оны осы ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

Перзентхананың (бөлімшенің) ұсынылатын құрылымы:

Перзентхананың функциялары: 1) әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде стационарлық акушериялық-гинекологиялық көмек, нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету; 2) ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алуды, диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыру; 3) жүктілікті үзеді және жүктілікті үзуге байланысты медициналық көмек көрсету; 4) әйелдерді санитариялық-гигиеналық нормалар, баланы емізу, отбасын жоспарлау, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу, аборт пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқыту; 5) жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық сырқат әйелдерге және нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу мақсатында медициналық айғақтарды айқындау;

6) белгіленген тәртіппен уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, әйелдердің жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын береді, еңбек ету қабілетін тұрақты жоғалтқан әйелдерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу; 7) әйелдердің, нәрестелер мен медицина қызметкерлерінің арасында ауруханаішілік жұқпалы аурулармен сырқаттанудың алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық әрі індетке қарсы режимді ұйымдастырады және қамтамасыз ету; 8) әйелдердегі акушериялық асқынулардың және ауыр экстрагениталдық аурулардың, нәрестелердің сырқаттану себептерін талдауды жүргізу; 9) ана өлімі мен перинаталдық өлім-жітімнің статистикалық мониторингін және себептерін талдауды жүзеге асыру; 10) нәрестелердің қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оларды тұқым қуалайтын ауруларға тексеруді жүргізу;

1) қабылдау бөлімі; 2) босандыру бөлімшесі: жеке босану палаталары; материалдар бөлмесі; шағын операция бөлмесі; ана мен бала палаталары; ана мен баланың оқшауланған палаталары; манипуляция бөлмесі; емшара кабинеті; шығару бөлмесі;
3) операциялық блок: операция бөлмесінің кіреберісі; операциялық акушерлік; материалдар бөлмесі; қызметкерлердің операцияға дайындалуына арналған бөлме;
4) жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі: жүкті әйелдер палаталары; тексеру бөлмесі; емшара бөлмесі; 5) нәрестелер бөлімшесі: нәрестелерге арналған қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі; емшара кабинеті; егу кабинеті;
Перзентхананың (бөлімшенің) құрылымы:

6) жүкті, босанған және операциядан кейінгі гинекологиялық сырқат әйелдерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (палаталар) ; 7) гинекологиялық бөлімше: гинекологиялық сырқаттарды қабылдау бөлімі; гинекологиялық сырқаттар палаталары; тексеру бөлмесі; гинекологиялық сырқаттарға операция жасау бөлмесі; емшара бөлмесі; дербес перзентханалар үшін; 8) клиникалық-диагностикалық зертхана; 9) функциялық диагностика кабинеті; 10) физиотерапиялық кабинет; 11) рентгенологиялық кабинет; 12) орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесі; 13) әкімшілік-шаруашылық бөлімше (әкімшілік, тамақтану блогы, бухгалтерия, кадр бөлімі, жабдықтау бөлімі, дәріхана, кір жуатын бөлме) .

Перинаталдық орталық 300 мың және одан көп халқы бар аумақта ұйымдастырылады. Төсектік қуаты өңірдің қажеттілігіне байланысты айқындалады. Перинаталдық орталық қызметінің негізгі мақсаты өңірде мамандандырылған акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.

Перинаталдық орталық мынадай міндеттерді атқарады: 1) жүктілік, босану кезінде көмек көрсету тактикасын таңдау үшін қауіпті топқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмек көрсету деңге
йін айқындайды; 2) аналардың және перинаталдық сырқаттану бойынша қауіпті топқа стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсетеді; 3) мерзімінен бұрын босанған әйелдерді емдейді; 4) сырқат нәрестелерді оңалту шараларын жүргізеді, шала туған нәрестелерді күтіп-бағады; 5) өңірдің бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен және перзентханалармен (бөлімшелермен) ынтымақтасады;
6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері жөнінде семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізеді; 7) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтерде диагностика мен емдеу хаттамаларын әзірлеуге қатысады және оларды енгізеді;

8) телекоммуникацияның ақпараттық-талдау жүйесін пайдалана отырып, нәрестелерге медициналық көмек көрсету жөнінде консультациялар өткізеді; 9) «өзара байланыс» принципі бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ақпарат алмасады; 10) жүктіліктің, босану мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқыну ағымынан кейінгі әйелдерді оңалтуды жүргізеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz