Мейіргер Жұмысындағы пациент күйін клиникалық тұрғыдан бағалаудың маңызы
Презентация қосу
Студенттің Өзіндік Жұмысы.
Мейіргер Жұмысындағы пациент күйін клиникалық
тұрғыдан бағалаудың маңызы.Пациент пен оның жанұя
мүшелерімен қарым-қатынасындағы этикалық принциптер
мен құқықтық нормалар.ЕПМ-дегі коммуникациялық
технологиялар.Пациентке жүргізілетін медициналық
документациялар.
Жоспары:
Кіріспе.
1.Мейіргер Жұмысындағы пациент күйін
клиникалық тұрғыдан бағалаудың маңызы.
Негізгі бөлім.
1.Пациентке жүргізілетін медициналық
документациялар.
2.Пациент пен мейіргер арасындағы қарым-қатынас
кезіндегі этикалық принциптер мен құқықтық
нормалар.
3.Пациенттің жанұя мүшелерімен мейіргер
арасындағы қарым-қатынас кезіндегі этикалық
принциптер мен құқықтық нормалар.
Қорытынды.
Пайдаланылған Әдебиеттер.
Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау- бұл
ішкі ағзалардың патологиясы кезінде аурудың
негізгі көріністерін және науқасты клиникалық
тексеру әдістерін білудің негізі,яғни ішкі ағзалар
ауруларының клиникалық диагностикасының негізі.
Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау
кезіндегі мейіргердің ең басты қағидасы-
клиникалық ойлау,себебі науқастың төсегінде
тікелей жұмыс басталады.
Клиникалық ойлау-бұл пациентті тексеру
деректерін бағалау,ауру симптомдар мен
синдромдар арасындағы өзара байланысты
анықтау,диагноз қою,емдеудің тиімді әдістерін
белгілеу үшін аурудың ең маңызды,негізгі
белгілерін анықтау қабілеті.
Пациент күйін клиникалық тұрғыдан бағалаудың
міндеттеріне кіреді:
Негізгі клиникалық зерттеулер
әдістемесін меңгеру.
Ішкі ағзалар аурулары кезінде кездесетін негізгі
Симптомдар мен синдромдарды меңгеру.
Ішкі ағзалар ауруларының зертханалық-аспаптық
Диагностикасын зерттеу.
• Медициналық
құжаттар-
емдеу,диагностикалық,проф
илактикалық,оңалту,санитар
лық-гигиеналық және басқа
шаралардың нәтижелерін
тіркеуге арналған
белгіленген үлгідегі
құжаттар.Бұл осы ақпаратты
жинақтап,талдауға мүмкіндік
береді.Медициналық
құжаттама-бұл бухгалтерлік
есеп және есеп беру,оның
иесі-медициналық
мекемелер,сондықтан тиісті
құжаттардың дұрыс
рәсімделмеуі үшін емдеу
мекемелерінің дәрігерлері
жауап береді.
Медициналық документация-медициналық
диагностикалық процесстің маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 29 қарашадағы №-147 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы №907
бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау
ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама
нысандары өзгертілді.
Алғашқы медициналық құжаттама нысандарындағы
өзгерістер 2019 жылғы 1
қаңтардан бастап денсаулық сақтау
ұйымдарындағы құжатсыз жұмыс
процесіне ауысуына байланысты
алғашқы медициналық құжаттаманың
62 нысаны алынып тасталды және 221
нысан электрондық форматқа
ауыстырылды.
Медициналық құжаттардың негізгі бөлімдері:
Амбулаторлық-
Амбулаторлық-
Поликлиникалық
Поликлиникалық
мекемелердің
мекемелердің
медициналық
медициналыққұжаты.
құжаты. Стационардың
Стационардың
қабылдау
қабылдаубөлімінің
бөлімінің
медициналық
медициналық
құжаты.
құжаты.
Стационардың
Стационардыңемдеу
емдеу
бөлімінің
бөлімініңмедициналық
медициналық
құжаты.
құжаты.
• Медициналық карта-
ауру ағымын,дәрігердің барлық тағайындаған емін,оның нәтижесін және
сырқаттамасын тіркейтін негізгі құжат.Медициналық карта
мұрағаттық сақтауға жататын және емделушінің өмір бойы
денсаулығын қадағалауға,тағайындалған емшараларының тиімділігін
бағалауға да қажетті құжат. Пациентті денсаулық сақтау ұйымына
емдеуге жатқызған жағдайда “Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы
медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” ҚР ДСМ
2010жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №003/e
нысаны бойынша тағайындау парағымен медициналық карта
рәсімделеді.
“Медициналық картаға”зерттеу нәтижелерін,емін,ұсыныстар және басқа
да мәліметтерді тіркеп отырады. Пациентті диспансерге алғанда
дарігер алғашқы эпикризін толтырады,жыл соңында этапный
эпикризін 2 дана жазады,біреуін “Медициналық картаға”,ал екіншісін
статистикалық кабинетке береді.
Амбулаториялық науқастың медициналық картасы
“Денсаулы сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық
құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы №907 бұйрығы
бойынша бекітілген амбулаториялық ұйымның медициналық
карталарының нысаны. Нысанды
нөмері:025/e.Науқастардың диспансерлік бақылаудағы
динамикасын көрсететін “Науқастың медициналық
амбулаториялық картасы”.Бұл картаны басқа
карталардан ажырату үшін олардың түбіршегіне Д
немесе аурудың шифрі қойылады.Осы арқылы науқас Д
бақылауында тұрады.
Статистикалық талон-осы жылы 1ші рет белгілі бір ауру
бойынша қаралған науқастарды тіркейді.Бұл поликлиникалың
негізгі статистикалық құжаты болып табылады.Оның негізінде
есеп жүргізіледі,пациенттер мен поликлиникада
қаралғандардың санын есептейді.Дәрігердің қадағалауымен
мейірбике толтырады.Толтырылған соң медициналық
статистикалық кабинетіне тапсырылады.Міндетті түрдегі
тәртіппен аурудың әрбір жағдайына N 025-6/y “Қорытынды
диагнозды тіркеуге арналған статистикалық талон” нысаны
толтырылады.
Жедел хабарлама-жеке есепке алынуға жататын әрбір ауру
жағдайында(күдікті), №058/y нысаны бойынша хабарлама
толтырылады,ол 12 сағат ішінде аурудың тіркелген жері
бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
органына жіберіледі.
Дәрігердің қабылдауына арналған талон-№025-4/у-
науқастардың ағымын реттеуге және күні,кабинет номері мен
дәрігердің қабылдау уақытын ескерту.Талонды мейірбике
аптаның барлық уақытында жазып береді.Талонның бір бөлігін
қабылдау уақытында мейірбике толтырады,ал қалғанын
тіркеуде беріледі.
Диспансерлік есептің картасы-№030/у әрбір науқасқа
тіркелу мен диспансерлік процесстің мақсатында
ашылады.Профилактика кабинетінің мейірбикесі,ол болмаған
уақытта-бөлімше мейірбикесі толтырады.
Амбулаторлы картадан көшірме-№027/е нысаны,құжатты
мейірбике рәсімдейді,бұған амбулаторлық картадан керекті
деректерді көшіреді.Бұл құжат науқасқа талап етілген жеріне
көрсету үшін беріледі.Көшірме міндетті түрде дәрігермен
және поликлиника мөрімен куәландырылады.
Санаторлық-курорттық карта-ф076/у04 дәрігер немесе
дәрігердің бақылауымен мейірбике толтырады.Емделуші
дәрігер мен санаторияны байланыстырады.Бұл құжат
науқастың денсаулығын санаторияға жіберген уақытта
қадағалайды.
Анализге жолдама-мейірбике толтырады,лабараторияға
материалдың қандай мақсатпен жіберілгенін баяндау үшін
қолданылады.Құжатта міндетті түрде қандай лабараторияға
жіберілгенін және нәтижесін қайда апаратыны туралы
жазылуы керек.
Процедуралық кабинетке жолдама-науқасқа нені
қолдану,қандай мөлшерде және қандай концентрацияда
қандай жолмен қолдану жөнінде процедуралық мейірбикеге
баяндау үшін арналады.Егер науқасқа тез арада иньекция
жасау қажет болса,онда жолдама жазылады.
Жүкті және жаңа босанған әйелдің жеке
картасы-111/у,шақыру бойынша науқас әйелге дәрігердің
кіріп шығуы шақырған күні,науқас кіріп шыққаннан кейін
дәрігер тиісті жазбаларды жазады.
Емханаға консультацияға кіріп шығуды есепке алу
тізімдемесі-№039/у пациент дәрігердің алдына
кіріп,консультация алып шыққаннан кейін толтырылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы-нысан бойынша
адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын
куәландыратын,жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке
уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын
растайтын құжат.
«Күндізгі стационардан және үйдегі стационардан
емдеуден өткен адамның стационарлық картасы» -
Стационарды алмастыратын көмек алған пациентті
шығарған кезде № 907 бұйрықпен бекітілген 066-4/е нысаны
бойынша күндізгі стационарда емделуден өткен адамның
статистикалық картасы толтырылады.
Медициналық құжаттарды толтыру
Науқастың денсаулығы туралы ақпаратты уақытылы
Толтыру және сенімді түрде көрсету.
Қабылданған стандарттың бұзылуына немесе
Пациентке қауіп төндіретін факторларды анықтау.
Қосымша жазбалар күндер мен қолдармен
Белгіленуі керек.
Құжаттардағы ақпарат қысқартылмауы керек.
Барлық өзгертулер мен түзетулердің датасы
Болуы керек.
Мүмкіндігінше науқасқа түсінікті терминологияны
Қолдану керек.
Ауыр диагнозы бар науқастар және төтенше жағдайлар
Туралы мәліметтерді әсіресе мұқият толтырыңыз.
Пациент пен мейіргер арасындағы қарым-
қатынас кезіндегі этикалық принциптер
мен құқықтық нормалар.
Дәрігердің науқаспен жақсы тіл табыса алуы болашақ
ем-шараны жүргізуге оңынан ықпалын тигізеді.Қарым-
қатынас орнату үшін,ең бастысы науқастың дәрігерге
деген сенімін қалыптастыру.Оған дәрігердің өзін-өзі
ұстауы,киген таза киімі,яғни колпак,халаттың үтіктеулі
болуы,жаққан далабы қатты көзге түспейтін,иіссуы өте
өткір болмауы,жүрген жүріс-тұрысы бәрі де науқаспен
арасындағы контактіге әсерін тигізеді.
Медициналық этиканың негізгі мәселелері:
Моральдық принцип бойынша әрекет жасау;
Ауруға қамқорлықпен қарау.
Әрқашан медициналық көмек көрсетуге дайын
болу;
Пациенттің жанұя мүшелерімен мейіргер
арасындағы қарым-қатынас кезіндегі
этикалық принциптер мен құқықтық нормалар.
• Мейіргер пациенттің туыстарымен қарым қатынас
барысында әдептілік сақтау білуі керек:
• Ішкі әдептілік-бұған еңбекке деген көзқарас,тәртіпті
сақтау,әріптестерімен сыйластық қарым-қатынаста болу,әр
уақытта сыйластық пен мәдениеттілікті жоғары ұстау
жатады.
• Сыртқы әдептілік-жақсы дауыс ырғағы,мәдениетті
сөйлесе білу,өзінің сыртқы келбетіне де көңіл
бөлу.Медицина қызметкерлер ісінің сапалылығына,негізінен
оның ішкі мәдениеттілігіне аса мән беріледі.Олардың ең
бастысы кішіпейілділік.Адалдық- медицина
қызметкерлерінің барлық барлық істерімен сәйкес болғаны
жөн.
• Мейіргер пациентке қандай қарым-қатынас
орнатса,оның туыстарымен де дәл солай тілдесуі
керек,себебі отбасы мүшелері оның жағдайына
қатты алаңдаушылық
білдіргендіктен,эмоцияларын ішке ұстай алмауы
әбден мүмкін.Сондықтан,мейіргер барлық
жағдайға дайын болған жөн.
• Науқастың диагнозы толығымен аның болғаннан
кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның
отбасына жеткізу керек.Науқастың отбасын
алдын ала дайындау керек.Қайғылы ақпаратты
телефон арқылы жеткізуге болмайды,себебі
отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері
келуі мүмкін.Және барлығын жасырмай айту
керек.
Қорытынды
Қорытынды
Пациенттің күйін клиникалық тұрғыдан бағалау да,пациентке қатысты
әрбір документацияны дұрыс,орнымен толтыра білу,оны сақтау және
кез келген пациентпен оның жанұя мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас
жасай алу,жақсы тіл табысу әр бір мейіргерден талап етілетін басты
қағидалардың негізгілері.Пациент жайлы аның ақпаратты алу,оның ой
пікірін,шағымын толық тыңдай алу арқылы медициналық
документацияны тиімді толтыра алсақ,дұрыс толтырылған құжат
арқылы пациенттің шағымдарын көре отыра өзінен сұрау арқылы
клиникалық тұрғыдан оны дұрыс бағалай аламыз.Яғни мейіргерге жаң
жақты жоғарыда аталған ережелер мен есте сақтау керек
ақпараттарды жадына түю мен қатар оны өз саласында жақсы
меңгеріп,қолдана алу талап етіледі.Себебі,әр пациенттің жағдай мен
өмірі біз үшін маңызды.
Пайдаланылған
Әдебиеттер.
Adilet.zan.kz
Kzmedicalcollege.kz
Куроскина В.П “Пациенттің
клиникалық жағдайын
бағалау”
ppt.online.org
“Мейірбике ісінің негіздері”
С.Қ.Мұратбекова.
Online.zakon.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz