Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
Презентация қосу
Жүрек–тамыр жүйесінің аурулары бар
пациенттерге субъективті, объективті тексеру
және клиникалық бақылау жүргізу.Зертханалық
зерттеу әдістері. Аспаптық зерттеу әдістері.
ЖОСПАРЫ:
1. Жалпы сипаттама
2. Аурулары
3. Жүрек-тамыр жүйесінің
синдромдары
4. Пациентті субъективті және
объективті тексеру.
5. Пациенттерді жалпы тексеру
әдістері.
Жүрек –қан тамыр жүйесі анатомиясы мен физиологиясы
Жүрек – 4 қуысты – сол және оң бөлігі;
Дерттік жағдай негізінде сол бөлігінде басталады – ҮҚАШ
сол қарыншадан басталып ағзаларды қоректендіреді, ең
бастысы О2 қамтемесіз етеді, әрі қарай ағзалардан венозды
қанды жинап оң бөлігіне – КҚАШ – өкпе газ алмасу-
іркіліс;
Маңызды бөлігі- қақпа венасы жүйесі –ҮҚАШ бөлігі –
бауырда – заласыздандыру-іркілісінде- үлкеюі – жүрек
дерттерінде маңызды белгі.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың
асқынуынан немесе жүрек және
қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен
зақымдануынан пайда болатын аурулар.
Жүрек ауруларының жиі кездесетін
түрлері: ревматизм, гипертония,
жүрек ақауы,
жүрек демікпесі, жүрек және қан
тамыр неврозы, миокард
инфарктысы, гипотония,
т.б.
Жүрек ақауы – жүрек
қарыншалары
мен жүрекшелерінің арасындағы
қан өтетін саңылау тарылып,
жүрек қызметінің бұзылуы.
Мұның
туа және жүре пайда болатын
түрлері бар. Туа пайда болған
жүрек ақауы көбіне ұрықтың
дамуы кезінде, жүректің қалыпты
жетілмеуінен болады. Жүре пайда
болатын жүрек ақауы, негізінен,
баспа, мерез, т.б. аурулардың
асқынуынан болады. Бұл жағдайда
жүректің ішкі қабаты қабынып,
қақпақшалар беріштеніп,
кішірейіп, жүрекше арасындағы
саңылауды толық жаба алмайды.
Гипотония – бұл бұлшық
еттердің қалыпты
жағдайында ағзадағы
артериялық қысым деңгейінің
төмендеуі, кейде қысымның
жоғары деңгейі 90-100, ал
төменгі деңгейі 50-60 мм.
Сынап бағанасына дейін
төмендейді.
Ревматизм (грек. Rheumatіsmos — өту) — дәнекер
тіндерді, негізінен жүрек-қантамыр жүйесі мен
буындарды зақымдайтын жұқпалы-аллергиялық
ауру. Бұл аурудың клиникасын зерттеген француз
дәрігері Ж.Б. Буйо (1796 — 1881) мен орыс
терапевті Г.И. Сокольский (1807 — 1886) болды,
сондықтан Ревматизмді Сокольский-Буйо ауруы
деп те атайды. Аурудың пайда болуы, өршуі А
тобына жататын бетагемолитик. Стрептококк
бактериясына және организмнің тұқым
қуалайтын ауруларға бейімділігіне байланысты.
Ревматизммен негізінен жасөспірімдер (7 — 15
жас аралығындағылар) ауырады.
Миокард инфаркті – тәж
артериясы миокардтың
оттегіге мұқтаждығын
қамтамасыз ете алмауынан
дамитын миокардтың
ишемиялық некрозы.
Миокард инфарктісімен
сырқаттанатын
науқастардың саны 1000
адамға шаққанда 2,87 – 3,08%
- ын құрайды. ЖИА –ның бұл
түрі көбіне 40-тан асқан
шақта дамиды және 50-56
жас аралығында бұл аурумен
сырқаттану едәуір жиілейді.
Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе
жиі ауырады. Соңғы кезде
миокард инфарктісінің
жиілігі екі есе көбеюге
жақындаған.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары жүректің әртүрлі
бөлімдерінің жұмыс істеу қызметін қиындатады, ең соңында
жүрек кемшілігі және көктамыр іркілісінің дамуына алып
келеді. Жүрек-қан тамыр ауруларының негізгі симптомдары
жүрек жиі соғады, жүрек тұсы ауырады, ентігеді, ісік пайда
болады.
Жүректің жиырылу санының
жиілеуін тахикардия жүрек
кемшілігінің алғашқы жиі
кездесетін белгісі. Науқастың
жүрегі жиі соқса, онда мейірбике
дәрігерге хабарлауы керек, ал
дәрігер жүректің жиі соғу себебін
анықтап, тиісті тәртіпті және емді
тағайындайды. Кейде дені сау
адамның жүрегі де жиі соғады
соғады, оның себебі жүйке
жүйесінің реттелуінің
тұрақсыздығынан.
Жүрек–тамыр жүйесі ауруларында кездесетін негізгі
патологиялық синдромдары:
1. Митралды қақпақшаның зақымдалу синдромы;
2. Аорталды қақпақшаның зақымдалу синдромы;
3. Үш жармалы қақпақшаның зақымдалу синдромы;
4. Артериалдық гипертензия синдромы;
5. Коронарлық жетіспеушілік синдромы (жедел және созылмалы);
6. Жедел жүрек жетіспеушілігі синдромы (сол және оңқарыншалық);
7. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі синдромы (сол және
оңқарыншалық);
8. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің сатылары;
9. Жедел тамыр жетіспеушілігі синдромы (естен тану, коллапс, шок);
10. Кіші қанайналым шеңберінің гипертензия синдромы;
11. Кенеттен өлім синдромы.
12. Аритмия синдромы.
Жүрек-тамыр жүйесімен ауыратын науқастардың
шағымдары:
Жүрек тұсының және төс маңының
ауырсынуы
Ентігу
Ісіктер
1. Жүректің шалыс соғуы
2. Қан қақыру
3. Бас ауыруы
4. Оң жақ қабырға астының ауыруы
5. Жүректің қатты соғуы
Жүрек тұсы ауырғанда анықтау керек жағдайлар:
• Ауырсыну қандай жағдайда пайда болды (күш тұсу,
қобалжу.
• Оның жиі локализациясы (төстің арты-стенокардия мен
миокард инфарктісінде).
• Ауырсынудың түрлері (қысып, сығып, күйдіріп-
стенокардияда; өткір, шаншып, сыздап-невроздарда
болады).
• Ауырсыну үнемі (миокардитте, перикардитте, неврозда).
• Ұзақтығы (3-5-10-тан 25 минутқа дейін созылуы –
стенокардия; 30 минуттан көпке созылуы – миокард
инфарктісінде;)
• Ауырсынудың иррадиациясы (таралу бағыты-жоғарыға,
сол иыққа, қолына, жағына).
АНАМНЕЗІН жинағанда анықтау керек
жағдайлар:
-ауру белгілерінің пайда болу уақыты,
түрі, күштілігі, және т.б. жағдайлар.
-ауырсынудың жұқпалы ауруларымен,
салқын тиюімен, күш түсумен
байланысты.
-қандай ем жүргізіледі (оның нәтижесі)?
-өршу кезеңі немен байланысты?
-еңбек және тұрмыс жағдайы (ыза және
мұздай бөлме-ревматизмге; жүйке-
психикалық стресстер- миокард
инфарктісінде, артериальды гипертензия).
-темекі шегу, ішімдік.
-ауырған аурулары (қантты диабетінде
тәж артерияларының атеросклерозы екі
есе жиі дамиды).
-тұқымқуалаушылық.
Жүрек ауыратын науқастарды қарау:
-аурудың төсектегі қалпы:
А) ортопноэ;
Б) шалқасынан немесе оң қырына жатады,
өйткені сол қырына жатса жүрегі қысылады;
-терінің және кілегей қабаттарының түсі:
А) еріннің, құлақ пен бет ұшының, саусақтар
басының цианозы – жүрек ақауларында, өкпе
артериясының эмболиясында кездеседі;
Б) бозару – аорта қақпағының ақауларында,
эндокардитте, коллапста байқалады.
В) сарғаю – бауыр циррозында бауырда қан
іркілуіне байланысты дамиды.
Жүрек пальпациясы.
1. Жүрек ұшы соққысын анықтау.
Ол үшін оң қолдың алақанын
жүрек тұсына көлденең қойып
байқайды.
Жалпы мәлімет алғаннан кейін
жүрек ұшы соққысын саусақтың
ұшымен жан-жақты тексеріп
шығады. Жүрек ұшы соққысын
зерттеген кезде оның орнын,
ауданын, биіктігін және күшін
анықтайды. Қалыпты жағдайда
жүрек ұшы соққысы сол жақта 5
қабырға аралықта бұғана ортасы
сызықтан 1-2 см ішке қарай
орналасады.
Жүрек перкуссиясы
Кезінде жүректің
салыстырмалы
шекаралары өзгереді,
жүрек белі түзуленеді, сол
жақ жүрекшенің
гипертофиясы салдарынан;
ОҚ гипертрофиясы
салдарынан оң жақ шекара
оңға ығысады.
Жүрек аускультациясы.
• 1 тонның қатаюы, шапалақ
ұрған
тәрізді;
• Өкпе артериясында2 тонның
шашырауы, акценті;
• Митральді қақпақшаның
ашылуы
тарсылы, кілтті бұраған
сияқты.
• Жүрек ұшында диастолалық
шуыл;
• ФКГ(жүрек ұшында) – 1
тонның
қатаюы, диастолалық шу,
митральді қақпақшаның
ашыдуынан кейін пайда
болады,
біртіндеп сөнеді. СЖ систоласы
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың қосымша тексеру
тәсілдері:
1) Артериальды тамыр соғуын зерттеу;
2) Капиллярларды зерттеу-капилляроскопия;
3) Вена пульсін жазу тәсілі-флебография;
4) Н.С.Коротков тәсіл бойынша қан қысымын өлшеу;
5) Вена қысымын өлшеу-флеботонометрия;
6) ЭКГ-жүректе пайда болатын электр тогін жазу тәсілі;
7) ФКГ-жүректе пайда болатын дыбастарды тіркеу;
8) Векторкардиография-жүректің электр аймағын зерттеу;
9) Эхокардиография;
10)Реография-систола және диастола кезінде тіндердің қанмен толуын
зерттеу;
11)Геодинамиканың зерттеу тәсілдері;
12)Жүректі зондтау;
13)Жүректің рентгенологиялық зерттеу тәсілдері;
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға
байланысты.
• Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне
зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен
жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік
заттарды тасуға кедергі жасайды.
• Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен
жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
• Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды
бұзады.
• Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек
жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары
аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz