Кеуде қуысының ауруы




Презентация қосу
Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар пациенттерге
субъективті, объективті тексеру Тыныс алу мүшелерінің
аурулары бар пациенттерге клиникалық бақылау
жүргізу:зертханалық зерттеу және аспаптық зерттеу әдістері
Жоспары:
Кіріспе:
1. Тыныс алу жүйесі туралы жалпы анықтама
Негізгі бөлім:
1. Тыныс алу мүшелерінде аурулары бар пациенттерді тексеру
2. Пациенттерді субъективті және объективті тексеру
3. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі функционалдық
зерттеу әдістері
4. Пациенттерге клиникалық бақылау жүргізу
Қорытынды:
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Тыныс алу жүйесі(systema respiratorium)
өте маңызды газ алмасу қызметін
атқарады,ал газ алмассусыз тіршілік ету
мүмкін емес.Организм мен сыртқы орта
арасындағы оттек түсіп көмірқышқыл
газының шығарылуымен байланысты
жүретін газ алмасу процесі тыныс алу
деп аталады.Дені сау адамның тыныс
алу қимылы минутына 16-20 дейін
өзгеріп отырады,бұл адамның
жасына,жынысына, дене құрылысына
байланысты.
Тыныс алу мүшелеріне жатады: мұрын, жұтқыншақ,
кеңірдек,кеңірдекше тарамдары, өкпе. Өкпе өз алдына екіге
бөлінеді: оң және сол жақ өкпе. Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады:
жоғарғы,ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады:
жоғарғы,төменгі. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпенің
төменгі Бөліктері диафрагмамен тиіседі, ол кеудемен іш
қуыстарын бөліп тұрады. Ауа мұрын жолдары арқылы
кеңірдекке, одан оң жақ, сол жақ кеңірдекше тарамдарына
(бронхыларға), одан әрі өкпе бөліктеріне кіреді. Кеңірдек
тарамдары кішкентай бұтақтардан тұрады, оны “бронхиол”
дейді, олар ары қарай өкпеге өткенде өкпе көпіршігіне
(альвеоларға) айналады.Альвеоларға кірген ауа өкпені
желдендіріп созады, онда газ алмасуы пайда болады. Ауамен
кірген оттегі капилярға өтіп,эритроцидпен қосылып, ұлпаларды
қамтиды
Тыныс алу ағзаларының аурулары

Барлық аурулардың ішінде жиі
таралған және өлім себебі
жоғары аурулар.
Тыныс алу ағзаларының
Патологиялық үрдістері тыныс
алу гипоксиясына,ал гипоксия
ішкі ағзалардың дистрофиялық,
атрофиялық жіне склерозды
өзгерістеріне алып келеді
Тыныс алу жүйелерінің аурулары

Өкпе абцесі -пневмонияның асқынуынан іріңді инфекция
қоздырғыштарының гематогенді,лимфогенді жолдармен немесе бөгде
заттардың ауру жұқтыруы нәтижесінде өкпе ұлпасында дамуы.
Өкпе эмфиземасы -өкпенің төменгі аймағында ауаның жиналуынан,өкпенің
қалыпты жағдайдан ауытқып көлеиінің үлкеюі.Өкпе көлемінің шектен тыс
ұлғаюы өкпенің эластикалық қасиетінің жоғалуына жіне ауа қапшықтарының
пайда болуына алып келеді.
Плеврит –плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы
Пневмония -өкпе қабынуы,өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа
аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы
Тыныс алу ритмі бұзылыстары:
1. Чейнс-Стокс кезінде алдымен тыныс алуы беткейлі,терең
емес,кідірспен.Кейін әр дем алу сайын тереңдей әрі жиілей түседі де макс
жеткен соң қайта жиілігі бәсеңдеп,кідіріс болады.
2. Биот түрі кезінде біркелкі ырғақты тыныс болып келеді да 30секундқа
дейінгі кідіріспен сипатталады.
3. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен,шулы
дем алу жіне де дем шығару күшеюімен сипатталады.
Тыныс алу мүшелерінің
ауруларындағы субъективті тексеру

Науқастың шағымдары: • Аурудың өмір тарихы
1. Жөтел 1. Әсер ететін мембірлер,суық тию
2. Қақырық тастау 2. Мамандығы еңбек жағдайы
3. Қан түкіру 3. Жағымсыз қылықтары
4. Ентігу,тұншығу 4. Аллерлогиялық сыртартқысы
5. Кеуде қуысының ауруы 5. Тұқым қуалаушылық
6. Дене қызуының көтерілуі

Аурудың даму тарихы:
1. Себептері,басталуы,дамуы,ұзақтығы
2. Жүргізілген тексерістердің нәтижесі
3. Қолданылған ем
Объективтік тексеру
Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады. Қарағанда пациенттің жалпы
жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене пішінінің өзгерістерін және
т.б.байқайды.

Кеудені қарау. Кеуденің сыртқы бейнесіне қарап қалыпты немесе
патололгиялық түрін анықтайды. Кеуде қуыс өзгерістерінің үш түрі болады:

• бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы
қысқалау, көлденең кеуде бөшке сияқты дөңгелектеу келген пішінде болып
келеді. Қабырға арасы сиректелген, дем алғанда бұлшық еттерінің
қабысуының сирегені байқалады.
• сал көкірек қуысы (паралитикті) – бөшке тәрізді кеудеге қарама – қарсы
келген өзгерістер байқалады: кеуде торшасы тар және ұзын. Бұл өкпенің
туберкулез ауруында жиі кездеседі,дем алу қимылы бәсеңдейді.
.
• мешелді кеуде (“тауық” кеудесі) – бұнда кеуде
қуысының алды артына қарай ұзарғаны байқалады,
қабырға шеміршектері жуандайды, кішкентай
балалардың мешел мен ауырған кезінде пайда
болады.
• Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы)
омыртқаның өзгергендігіне байланысты болады:
омыртқаның алға қарай қисаюы – лордоз, артқа
қарай – кифоз, бір жақ қырына –сколиоз, ал артқа
және бір жақ жамбасына қарай қисаюы –
кифосколиоз деп аталады
Жалпы қарау

Өкпеауруының көбінде адамның санасы
бұзылмайды.Тек өте жоғары қызуы бар
және жалпы интоксикация белгілері бар
адамдарда сандырақ және галююцинация
байқалады.Бұл негізінен крупнозды
пневмонияда кездеседі.
Кеудедегі шаншу.
Кеудедегі болатын шаншудың негізгі себептері :
дем алу мүшелерінің аурулары;
кеуде сарайы қабырғасының аурулары;
жүрек – тамыр жүйесінің аурулары;
рефлекторлы аурулар .
Бұл шағымды жіктегенде оның орнына (локализациясына),
ұзақтығына, сипатына және себебіне көңіл аудару
керек.Ауырғандықтың сипаты көрсетілгендей шаншу түрінде
болады, шаншу дем алғанда, жөтелгенде күшейеді (үйкеліс
күшейеді), адам ауыратын жағына жатқанда шаншу азаяды,
шаншу жалпы кеуденің кез келген жерінде болуы мүмкін.
Жөтел– рефлекторлы – сақтану акті.
Жөтелдің себептері :
Тыныс жолдарындағы бөтен денелер (шаң, қан, құсық, т.б.);
Тыныс алу мүшелерінің қабынуы (ларингит, трахеит, бронхит,
пневмония);
Плевра аурулары (рефлекторлы).
Жөтелдің пайда болу механизмі : қақырықтың, бөтен дененің
әсерінен трахеядағы, бронхтағы және көмейдегі кезбе нервтің
тарамдары (n. laryngeus superior)қозады. Бұл қозудан туатын
импульс сопақша мида орналасқан жөтел орталығын
тітіркендіреді,сондықтан жөтел пайда болады.
Қақырық тастау. Қақырық – тыныс жолдары арқылы сыртқа шығатын
патологиялық сұйық зат. Дені сау адамда қақырық болмайды. Бұл шағымды
жіктей отырып, қақырықтың қай мезгілде көп бөлінетінін, қақырықтың
мөлшерін, түсін, иісін және түрін анықтау керек.

Қақырықтың мөлшері ауруға қарай әр түрлі болады. Бронхит пен
пневмонияда қақырық онша көп емес. Өкпеде патологиялық қуыс болатын
ауруларда (өкпе абсцесі, өкпе гангренасы, бронхоэктазия ауруы) қақырық
өте көп түседі.

Қақырықтың түсі де әртүрлі болады:
түссіз қақырық – бронхит пен бронхопневмонияда,
көк түсті қақырық - іріңдік ауруларда,
қан аралас қақырық - өкпе рагі, өкпе туберкулезінде кездеседі
Қақырық түрі :
кілегей қақырық – бронхит пен пневмонияға тән;
іріңді қақырық - өкпе абсцесі мен гангренасында, бронхоэктазия ауруында,
плевра эмпиемасында;
қанда қақырық - өкпе туберкулезі, өкпенің қатерлі ісігінде кездеседі.

Қақырыққа қан араласуды қан қақыру деп атайды. Оның себептері :
өкпе туберкулезі;
бронхоэктазия ауруы;
өкпенің қатерлі ісіктері;
өкпе абсцесі мен гангренасы;
крупозды пневмония;
өкпе инфарктісі;
жүрек шамасыздығы .
Демікпедегеніміз ауа жетпей кеуденің қысылуы. Демікпе кезінде
демді алу жиілігі мен тереңдігі өзгереді.

Демікпе түрлері:
Экспирациялық демікпеде демді сыртқа шығару қиын.Ол тыныс
демікпесінде, обструктивті бронхитта және өкпе эмфиземасында
кездеседі.
Инспирациялық демікпеде демді ішке алу қиын. Ол тыныс
жолдарында бөтен дене барында,кеңірдек пен көмейдің ісікпен
қысылып қалғанында кездеседі.
Аралас демікпеде демді ішке алу да, іштен шығару да қиын. Ол
пневмонияда, пневмоторакста, экссудативті плевритте
кездеседі.Демікпенің ең күшейген түрі тұншығу деп аталады.
Ұстамалы тұншығу тыныс пен жүрек демікпелерінде кездеседі.
Қолмен басып қарау (сипалау,
пальпация). Кеудені, арқаны
оның ауыра-тын жерін,
серпімділігін, дыбысты өткізуін
анықтау үшін жүргізіледі. Екі
қолды науқастың кеудесіне
қойып сан мен сөздерді
айтқызып, ауаның тербеу
дыбысының әр ауруға
байланысты жоғарлауын немесе
төмендеуін анықтайды.Бұл
сипалаудың түрін бронхофония
әдісі деп атайды.
Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың
өзгерістерін анықтау (тықылдату, перкуссия). Өкпенің таза
дыбысы өкпеде таза ауаның барында, өкпенің ауруы жоқ
кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі түрлері
мыналар:
1. тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді;
2. қорап тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және
өкпеде ауа көптігін білдіреді;
3. Тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай
дыбыс.
Негізгі тексеру:
Рентгенография
Қосымша тексеру:
1. Флюорография
2. Бронхография (инвазивті әдіс)
3. Сызықты томография
4. Компьютерлі томография
5. Радионуклеидті әдіс (вентиляция, перфузия және өкпелік
капиллярлық қан жағдайына баға береді)
6. Ультрадыбысты әдіс (плевра қуысындағы өзгерістерді
анықтауға)
Флюорография

Өкпе флюоорографиясы
профилактикалық мақсатта
барлық ересектерге
жүргізіледі,туберкулездің ,
қатерлі ісіктердің және
көкіректегі ісіктердің ерте
кезеңнің уақытында анықтау
үшін
Бронхография

Бронхтарды көру үшін
эндобронхиальді жолмен
рентгенконтрастты заттар
енгіземіз. Рентгенконтраст-
ты зат ретінде йодолипол
қолданылады—өсімдік
маймен органикалық йод
қосындысы. Препарат
құрамында 29—31% таза
йодттан тұрады
Компьютерлі томография Сызықты томография
Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі
функционалдық зерттеу әдістері:
Спирография – бұл өкпенің
вентиляциялық қызметін зерттеу әдісі
болып табылады.Әртүрлі созылмалы
өкпе ауруларының -өкпенің созылмалы
қабынуы, созылмалы бронхит, өкпе
эмфиземасы, пневмосклероз,
созылмалы бронхтық демікпе және
т.б.диагностикалауда қолданады.

Спирография жүргізуге негізгі көрсеткіштер:
• Бронх, өкпе, кеңірдек аурулары;
• Қан айналым жеткіліксіздігі белгілері бар;
• Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында;
• Емдеу нәтижесінің тиімділігін бағалау үшін.
Спирография қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және
форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе
сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі.
Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын
бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде
клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын
статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар
уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу
жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық
көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды,
ал кейбіреулері – форсирленген тыныс маневрлерін орындау
кезінде.
Спирографияны жүргізу Спирографияны жүргізу:
кезіндегі дайындық:
Зерттеу науқас тыныщ отырып
1. Спирографияны таңертен немесе дем алғанда 3-5 минут
аралығында жазылады. Бұл
таңғы астан кейін 1-1,5 сағатта уақытта құрал жқмыс істеу
жүргізіледі. көрсеткіштерін тіркейді: тыныс
2. Зерттеу жүргізер алдында шегу, алу жиілігі мен тыныс алі көлемі
қою кофе мен шай ішуге тыйым жазылады. 1-2 минут үзіліс
салынады. жасап, құралды өшіреді.
Үзілістен кейін әрбір 1 минут
3. Науқастың тісінде протездер сайын қысқа үзіліспен,
болса , шешіледі форсирленге тыныс алумен
байланысты параметрлерді
жазады.
СПИРОГРАФ ТІРКЕЙТІН КӨРСЕТКІШТЕР :

1. Тыныс алу жиілігі- 1минуттағы тыныс
алудың саны.Сау адамдарда бұл
көрсеткіш 16-17ге тең;

2.Тыныс алу көлемі-1 рет тыныс алғанда
өкпедегі ауаның көлемі.Ер адамдарда 300-
1200 мл, әйелдерде 250-800 мл-ге тең .

3.Тыныс алудың минуттық көлемі.Өкпе
арқылы 1 минутта өткен ауаның көлемі.
Орташы 410 л дейін;
Пикфлоуметрия – ең алдымен тыныс тұншықпасы кезінде өзіндік
қолданылуға ыңғайлы құрал.Пикфлоуметрия – бұл тынысты
барынша алғаннан кейiн тынысты тез шығару кезiндегi ауа
ағымының максимальды көлемдiк жылдамдығының ( пикiн-қузын),
яғни тыныс шығарудың максимальды жылдамдығын анықтауда ең
қолайлы әдiс болып табылады. Бұл көрсеткіш ағылшын тілінен
аударғанда пикфлоу (peak flow), яғни «максимальды поток»
құралдың аты осы мағынаға байланысты. Тыныстың максимальды
шығуы көп нәрсенi көрсетедi, ең бастысы бронхтардың қаншалықты
тарылғандығын анықтауға көмектеседi. Жиi науқас жағдайының
нашарлағанын сезбейдi, осы жағдайда пикфлоуметрияның
жылдамдығының азаюы науқасқа оның жағдайының өзгеруінің
алдында анықталған емін жасай алады.
Қосымша зерттеу әдістері
Қақырықты зерттеуге алу ережесі

Қақырық -жөтелгенде және қақырынғанда тыныс жолдарынан
бөлінетін патологиялық секрет.Қақырықтың болуы барлық жағдайда
тыныс жолдарындағы патологиялық процесті білдіреді.

Қақырықты атипиялық жасушаларға зерттеу
Жаңа бөлінген қақырықтыты қақырық жинайтын ыдысқа жинайды,сол
сәтте зертханаға жібереді,өйткені ісік жасушалары тез арада
бұзылады.
Қақырықты туберкулез таяқшаларына зерттеу
Флотация әдісімен жүргізіледі.Тәулік ішіндегі қақырық
зарарсыздандырылған түкіргішке жиналады.Егер қақырық аз
бөлінсе,онда қақырық жинайтын ыдысты салқын жерде сақтап
қақырықты 3 тәулік көлемінде жинайды.
Инструментальдык тәсілдерге
жататындар:

Рентгенологиялык тосілдер рентгеноскопия, рентгенография,
брон- хография, флюорография, томография.
1. Эндоскопиялык тәсілдер трахеобронхоскопия, торакоскопия.
2. Функциональдык тәсылдер-спирометрия, спирография,
пневмота- хометрия, пневмотахография.

Рентгенологиялык тәсілдер: адам денесі аркылы ренпен
сеулелері өткеннен экранда пайда болатын бейнені
байкайтын тәсіл peнтгeноскопия деп аталады
Қорытынды
Қорыта келе тыныс алу жүйесінде ауру белгілері
пайда болысымен бірден дәрігерге көріну керек,
өздігінен емделіп қажеті жоқ. Әр адам өз
денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстану
керек. Темекі шегу, ішімдік ішуден бас тарту керек.
Әр түрлі шараларды ұйымдастырып, халыққа
аурудың себебін, өзектілігін түсіндіру керек. Тыныс
алу ағзаларына гимнастика жасау,
классикалық,вибрационды массаждар жасап тұру
керек
Пайдаланылған әдебиеттер

С.Қ.Асауова Г.Т.Нұратдинова “Ішкі аурулар”
С.Қ.Асауова С Қ Валишаева “Ішкі аурулар” 1 том
Ғаламтор желісі
учебник / ред.Баранов А.А. - М. : Медицина, с. : ил. -
(Учебная литература для студентов факультета
высшего сестринского образования).
Назарларыңызға рахмет !

Ұқсас жұмыстар
Өкпе туберкулезі
ЖШС ЕСІК МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ӨКПЕ ОБЫРЫ
Плевра қуысы
Жүрек аускультациясы
Ауру тарихы
Кеудеде ауру сезімі
Көкірек қуысының туа біткен даму ақаулары
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРЫ
НОВОКАИНДЫ ТЕЖЕУ
Пәндер