Лимфа түйіндері


Slide 1

Тақырыбы:Қан және қан түзу мүшелерінің аурулары бар пациенттерге субъективті, объективті тексеру. Қан және қан түзу мүшелерінің аурулары бар пациенттерге клиникалық бақылау жүргізу. Зертханалық зерттеу әдістері.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

-Қан және қан түзу мүшелерінің ауралары бар пациенттерге субъективті, объективті тексеру.

- Қан және қан түзу мүшелерінің ауралары бар пациенттерге клиникалық бақылау жүргізу.

- Зертханалық зерттеу әдістері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан - ересек адам ағзасында шамамен 5 литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Slide 4 Slide 5

Сүйек майы-гемопоэз және лимфопоэзге қатысады. Иммундық жүйенің орталық мүшесі.

Көк бауыр-құрсақ қуысында көк етке жанасып сол қабырға астында орналасқан. Көк бауырдың басты бөлімі қызыл ұлпа (жалпы көлемінің 70-80%) - негізгі массасы қанның элементеріне толы ретикулярлы тін (эритроциттер) . Ақ ұлпасы ( 17-19%) қызыл ұлпаға аралша түрінде енген ақ күл реңді. Лимфоциттер пайда болатын лимфойдтық тін.

Лимфа түйіні-қыртысты (сыртқы) қабаты - лимфоциттердің жиынтығы. Милы (ішкі) қабаты - лимфоциттермен макрофагтар (10%) дендриттік жасушалармен (1%) .

Айырша без(Тимус) -Т-лимфоциттердің жетілетін орны, иммундық жүйенің орталық мүшесі.

Slide 6

Субъективті тексеру

Шағымдары:Әлсіздік, тез шаршау, басының айналуы, күш түскенде ентігу, жүрегінің қатты соғуы-анемияда, лейкозда және қансырауда кездеседі.

-қызба гемолитикалық және витамин В₁₂ дефицитті анемияларда, жедел және созылмалы лейкоздарда кездеседі.

-терінің қышуы созылмалы лимфолейкозда және лимфогранулематозда байқалады.

-қансырағыштық белгі геморрагиялық диатезге, лейкозға тән.

-сүйектердің сырқырауы жедел лейкозда, созылмалы миелолейкозда байқалады.

Slide 7

Ауру тарихы

Пациент алғаш рет қашан ауырды, қалай ауырды;

Аурудың басталуын немен байланыстырады;

Дәрігерге қаралдыма не өздігінен емделдіме;

Аурудың ағымы қандай болды, ауруханада жаттыма;

Қандай диагноз қойылды; дәрігердің нұсқауын толық орындадыма;

Аурудың өршуі қашан басталды, дәрігерге дейін қандай шаралар қолданды.

Өмір тарихы

Өсіп-дамуы жасына, жынысына сәйкес пе;

Бала кезінде, кейінгі жылдары қандай ауруларды басынан өткерді;

Туберкулез, ревматикалық аурумен, вирусты гепатитпен, тері-венерологиялық және психикалық аурулармен ауырдыма.

Slide 8

Объективті тексеру

Жалпы қарау

1. Анемияда тері және кілегей қабықтардың түсінің ақшыл тартқанын байқауға болады. Анемияның кейбір түрінде терінің түсі ақшыл сары болып өзгереді, Оның себебі анемияның бұл түрлерінде болатын гемолизге байланысты, Гемолиз нәтижесінде қанда көбейген билирубин теріге сарғыш рең береді,

2. Қанда эритроциттің саны және айналымдағы қан мөлшері көбейгенде беттің, мойынның, қолдың тері түсі қызыл шырайлы болып келеді. Ол эритремияға тән.

3. Геморрагиялық диатезде тері астына кілегей қабықтарға қан құйылғанын көреміз. Қан құйылудың белгілері әр түрлі болады. Ол кейде ұсақ нүкте тәріздес болады. Тері астына көп мөлшерде қан құйылуы қан сүйелі деп атайды.

4. Лейкоздарда мойында, бұғана астында қолтықта және шапта бездер үлкейеді, сол жақ қабырға асты шығыңқы болады, өйткені талақ үлкейеді, оны спленомегалия деп атайды.

Slide 9

Пальпация: Лимфа жүйесінің жағдайы, сүйекті, көк бауырды, бауырды пальпациялағанда ауырсынуы, беткейінің, консистенциясының мінездемелерін беру. Перкуссия: Бауыр мен көк бауырдын өлшемін Курлов бойынша анықтау. Ұзын қуысты сүйектерді, төс сүйегінен, қабырғаны болуы, жгут және шымшу симптомдарын тексеру.

Slide 10

Қан жүйесі ауруларының негізгі клиникалық синдромдары

Анемиялық синдром

Миелопластикалық синдром

Геморрагиялық синдром

Лимфопролиферация синдромы

Гиперспленизм синдромы

Slide 11

Анемиялық синдром

Себептері: әртүрлі генезді анемиялар, гемобластоздарды қоса. Жалпы белгілері: - бұлшықеттік әлсіздік, еңбекке жарамдылықтың төмендеуі; - бастың айналуы, көз алдында «шыбындардың» ұшуы; - естен тану; - жүрген кезде демікпенің болуы және жүректің қатты соғуы; - тері және кілегей қабықтардың, склералардың (қан кетуде «алебастр» түсті, хлорозда жасыл реңді, В12-дефицитті анемияда лимон-сары реңді) бозаруы; - тахикардия, жүрек ұшында, өкпе артериясы үстінен систолалық функцио-нальды шудың естілуі; -эритроциттер, гемоглобин, ретикулоциттер мөлшерінің төмендеуі, эритроциттердің өзгерген түрлерінің пайда болуы (микро-, макроциттер, пойкилоциттер, гипо-гиперхромия және т. б. ) .

сүйек кемігі қызметінің бұзы-лу нәтижесінде қан жасушаларының (тромбоциттер, лейкоциттер, эритро-циттер) бір немесе бірнеше түрінің түзілуінің бұзылуымен жүретін гемато-логиялық аурулар тобы. МПСпен сырқаттанатын пациенттерде сүйек ке-мігі талақта жойылатын қан жасушаларын қажетті мөлшерде шығара ал-майды. Нәтижесінде инфекцияның даму қауіпі, қансырауға бейімділік жоғарылайды, анемия дамиды. Шағымдар: әлсіздік, шаршағыштық, демікпе күш түскенде, бастың айна-луы немесе жүрек жетіспеушілік белгілері болады. Арықтау, себебі белгі-сіз қызба, ауырсыну синдромы болса МПС жайлы күдіктену керек. Кейде бұл синдром химиопрепараттар, сәулелік терапия қолданғанда дамуы мүмкін. Екіншілік түрі сирек кездеседі және емі қиыншылық тудырады. Біріншілік түрі 60 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі.

Миелопластикалық синдром

Slide 12

тері геморрагияларына және кілегей қабаттары-ның қансырағыштығына бейім болуы.

Себептері: тамыр қабырғасының зақымдануы, тромбоцитер мөлшерінің, қызметінің, құрылымының бұзылуы, геморрагиялық васкулит, тромбоцит-тердің агрегациясын (антиагреганттар) және қан ұюын (антикоагулянттар) бұзатын дәрілер, А және В гемофилиясы, телеангиоэктазиялар. Симптомдары: - қанталаулар, қанды сүйелдер; - теріде және кілегейлі қабықтарда петехиалды бөртпелердің болуы; - қан қақыру; - мұрыннан, қызыл иектерден, асқазан-ішектен, зәр және жыныс жолдары-нан қан кету; - «бұрау», «шымшу», Кончаловский-Румпель-Леде симптомдары оң болуы және т. б.

Геморрагиялық синдром

Лимфопролиферация синдромы

Іштен туа біткен және жүре пайда болған иммунодефицитте Эпштейн-Барр вирусы лимфопролиферативтік синдромына әкеліп, соқтырады. Себептері: атаксия (жүріп-тұру координациясының бұзылуы) -телеангиэк-тазия, ауыр қурама иммунодефицит, ЖКТБ, имунодепресанттарды қабыл-дайтын (циклоспорин) сүйек кемігі және ішкі мүшелер реципиенттері. В-лимфоциттер лимфа түйіндерінде және көп мүшелерде жиналып, ин-фильтрация дамиды. Нәтижесінде қызба, лимфа түйіндердің үлкеюі (лим-фаденопатия), асқазан-ішек бұзылыстары (гепатоспленомегалия) байқала-ды.

Slide 13

Гиперспленизм синдромы

Гиперспленизм - ұлғайған талақ қызметінің жоғарылауы. Себептері: портальды гипертензиямен өтетін аурулар, гепатиттер және бауыр цирроз-дары, талақ ұлғаюымен жүретін гранулематоздар (саркаидоз, лимфограну-лематоз), дәнекер тіннің диффузды аурулары, талақтың құрттармен зақым-дануы. Белгілері: - анемия; - лейкопения; - тромбоцитопепия. Гиперспленизм синдромы - бауыр ауруларында гепатоспленомегалия және қан түйіршіктерінің азаюымен (лейкопения, тромбоцитопения, ане-мия), портальды гипертензиямен сипатталатын синдром. Себептері: созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы, гранулематоздар (сар-каидоз, лимфогранулематоз) .

Slide 14

Қанның жалпы анализі

Гемоглобин-еркектерде-140-160г/л

-әйелдерде-120-140г/л

Эритроцит саны-еркектерде-4-5, 6*10¹²/л

-әйелдерде-3, 4-5, 0*10¹²/л

Лейкоциттер-4-6, 0*10⁹/л

Тромбоциттер-180-320, 0*10⁹/л

Ретикулоциттер-0, 2-1, 2‰

Эритроцит тұну жылдамдығы-2-20мм/час

Қан ұю уақыты -5-10мин

Қансырау уақыты-4мин

Slide 15

Лабораториялық әдістер

Slide 16 Slide 17

Қан құрамы

Slide 18 Slide 19

Эритроциттер Эритроциттер төмендеу себебі: Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес. Себептері: Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам) ; Қан жоғалту; Лейкоздар; Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі) NB! Эритроциттер санын анықтауда эритрогемометр, электрофотоколориметр, электрондық есептегіштер қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Жылқының лимфа түйіндері
Шошқаның лимфа түйіндері
Лимфа түйіндеріне ветеринариялық санитариялық баға беруу
ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ
Сиыр ұшасын тексеру
Перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі
Лимфа түйіні
Лимфаденит және лимфангит
Лимфаның химиялық құрамы
Жұқпалы емес ауруларды мал шаруашылық өнімдердің және шикізаттың всс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz