Эндокриндік жүйе ауруларының дамуы




Презентация қосу
Эндокрин жүйесінің аурулары бар
пациенттерге субъективті,
объективті тексеру, бақылау
жүргізу,зерттеу әдістері.
Жоспар

Кіріспе
• Эндокриндік жүйе. Жүйе туралы жалпылама
түсінік
Негізгі бөлім
• Зерттеу әдістері-субъективті және объективті
зерттеу дегеніміз не?
• Бездер және оларға жалпылама түсінік
• Эндокриндік жүйе бұзылысынан пайда
болатын аурулар.
Қорытынды бөлім
• Қорытынды сөз
Эндокриндік жүйе
• Адам ағзасында көптеген процесстер тек
жүйке жүйесінің қызметімен шектеліп қана
қоймай,эндокринді жүйемен де қамтамасыз
етіліп отырады. Денедегі барлық
құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және
кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен
тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет
алмасу гуморалды жолмен жүріп отырады.
Қызметтердің гуморалды реттелуінде
маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни
эндокриндік бездер атқарады. Оладың
қызметтерінің өнімі гормондар болып
табылады.
• Эндокриндік бездердің (гректің endon-ішкі,
crineoбөлемін) сөлін шығаратын өзегі жоқ,
без жасушалары қан және лимфа
тамырларымен өте жиі торланған,
сондықтан без өнімдері тікелей осы
Тексеру процессі

• Науқасты субъективті тексеру әдісі — науқасты
клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Алдымен науқастың
жалпы мәліметтерін сұрастырады (фамилия, аты, әкесінің
аты, жасы). Науқастың мамандығын білу аурудың себебін
анықтауға көмектесуі ықтимал. Науқасты сұрастыру:
шағымдарынан, аурудың басталу тарихы, науқастың өмір
тарихынан тұрады.
• Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты
клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті
тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды
дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–
сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (
аускультация) тұрады.
Эндокриндік жүйе ауруларының
дамуы

• Эндокриндік жүйе аурулары
үш патогенездік жолмен дамуы ықтимал:
• • Без қызметінің орталық
• реттелісінің бұзылысынан
• • Бездердің өздерінде дерттік
• өзгерістерінің болуынан
• • Гормондардың безден тыс және
• шеткері әсер етуінің бұзылысынан
Қант диабеті

• Соңғы кезде қант диабетінің
жиілеуі балалар
арасындабайқалып отыр.
Балалар арасында қант диабеті
мүгедектікке ерте
соқтығатыны оны әлеуметтік
қасіреті бар кеселдер қатарына
қояды. Қант диабетбұл түрлі
экзогендік және генетикалық
факторлардың салдарынан
пайда болады.
Қантты диабеттің этологиясы
Қалқанша без аурулары:


Диффузды токсикалық зоб - шамадан тыс асқан психикалық жүктемелік жатады.
Бұл ауру тұрмыс жағдайы нашар отбасыдағы балаларда жиі кездеседі. Балалар
көбінесе аз шағымданады(бас ауруы,тұрақсыздық) Ата-анасы баласының сабақ
үлгерімі нашарлап,жазуы бұзылып жүйкесі жұқарғанын айтады.
Этиологиясы әлі толық зерттелмеген. ДТЗ-тың маңызды себептерінің біріне ежелден
шамадан асқан психикалық жүктеме жатады. Шынында да кесел кейде түрлі күшті
толғаныс, қайғы, жүйке күйзелісінен бірнеше сағаттан кейін дамуы ықтимал.
Қазіргі тұжырым бойынша катехоламиндер арқылы жүйке күйзелістері аутоиммундық
ауруларды тетіктерді іске тез қосып, кесел дамуына соқтырады.Этиологиялық мәнді
рөл инфекциялық агенттерге де қатысты, көбнесе кесел алдында балада түрлі
инфекциялық құбылыстар жедел ағымды респираторлық аурулар байқалады.
Инфекциялық агенттер тиреоциттерді жаралап, Т-хелперлердің тиреоидтық
антигендерімен өзара қатынасына жағдай жасайды, сөйтіп аутоиммундық реакция
бастауына әсер етеді деп санайды. Дегенмен, дертті құбылысты «қозғап» ең соңында
ДТЗ дамуына тек сыртқы әсерлер мәні жеткіліксіз. Бұл үшін «даяр орта» генетикалық
орайласқан тұқымқуалаушылық фон қажет.
Зоб
Бүйрекүсті бездің қыртысының іштен
болатын дисфункциясы

• Бүйрекүсті бездер қыртысының
іштен болатын
дисфункциясының – тұқым
қуалайтын ауру. Негізі –
кортизол түзуге қатысты
ферменттер жүйесінің бірінің
кемістігі.
Қазіргі кезде аурудың 3 негізгі
түрін ажыратады.
Кеселдің клиникалық көрінісі
Даму сатыларының түрлері
• 1 түрі-
Вирильді түрі. Тегі – 21-гидроксилазаның
шамалы жетіспеушілігі, осыдан жатыр ішіндеақ
кортизол түзілісі бұзылады. Соңғыға жауап
ретінде АКТГ секрециясы көбейеді, бұл
бүйрек үсті безінің торлы зонасының
гиперплазиясына әкеледі.
2 түрі-
Тұз жоғалтқыш түрі. Сиректеу кездеседі:
бұнда 21-гидроксилаза кемістігі айқын
болғандықтан, тек кортизол емес, альдостерон
түзілісі де азаяды.
3 түрі-
Гипертензиялық түрі. Негізіне 11гидроксилаза
кемістігі де қосылғандықтан, 11дезоксикортизол
аса көп бөлінеді.
ДТЗ патогенезі
Эндокриндік ауру патогенездері
Қорытынды

• Эндокриндік бездер ағзадағы барлық
процесстерді реттеп тұрады. Олар бір-бірімен
өте тығыз байланыста. Бірінің бұзылысы
екіншісінің кеселіне зардап шектіреді.
Сондықтан уақытында өз денсаулықтарыңызға
көңіл бөліңіздер.
Пайдаланылған әдебиеттер
қоры:

• Эндокриндік жүйе-Википедия
• Бездер туралы жалпылама анықтамал-
Википедия
• әлеуметтік желі порталы
НАЗАР АУДАРЫП
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
БЕЗДЕРДІҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Жүйке жүйе патологиясы
Бүйрек үсті безі
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ ТЕКСЕРУ
Диффузды эндокриндік жүйе
Қант диабетінің балаларда ерекшелігі
Қант диабеті бар пациенттерге мейіргерлік күтімді ұйымдастыру
Қалқанша маңы бездері
Эндокринология аурулары
Эндокринді және эндокринді емес функциялары бар ағзалардың физиологиясы және олардың организм жұмысына әсері
Пәндер