Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде жеке адамның құқықтарымен бостандықтарын сақтау




Презентация қосу
ЖЕДЕЛ-
IЗДЕСТIРУ
ҚЫЗМЕТIНIҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

Орындаған: Шиланбаева А. А
Құқықтану-305
Тексерген: Тлеулесова Б. Т
ЖОСПАР:
1.1.Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде
жеке адамның құқықтарымен бостандықтарын
сақтау
1.2.Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
1.3.Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдар.
1.4.Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асырушыоргандар қызметкерлерiнiң
жауапкершiлiгi
ЖЕДЕЛ-IЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
КЕЗIНДЕ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАУ

1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол
жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға,
сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған
хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-
әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға
немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен
белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру
қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да
заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн
шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар
хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге
құқылы.
4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың
талап етуі бойынша, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің
жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, барлық жедел-қызметтiк құжаттар
берiледi.
Судьяның талап етуі бойынша, жедел-іздестіру қызметін, нақты жедел-іздестіру іс-
шараларын ұйымдастыру, ақпарат көздері және оны алу тәсілдері туралы мәліметтерді
қоспағанда, жедел-іздестіру құжаттары беріледі.
5. Жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған, адамның жеке өміріне, ар-ожданы
мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер, егер оларда заңмен тыйым салынған іс-
әрекеттер жасағаны туралы ақпарат болмаса, сақталуға жатпайды және жойылады.
Қылмыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ
өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген адамдарға қатысты
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел
есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталады, содан соң жойылады.
Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмаған адамдардың телефон
арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен
басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай
ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде
жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар
жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.
Барлау қызметі процесінде, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-
қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен
жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде
белгіленеді.
ЖЕДЕЛ-IЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
ОРГАНДАР

1) ішкi iстер органдары

2) ұлттық қауiпсiздiк органдары

3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган

4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
ЖЕДЕЛ-IЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ МIНДЕТТЕРI
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын,
бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң
қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту
үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге
асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және
жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін
тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер
бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша
тапсырмаларын орындауға;
б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды
жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға;
б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық
іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан
жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот
орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу
бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн
дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен
деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер)
негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары
мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының
тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу
әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген
жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу
әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды
қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде
құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің
құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi
шараларды қолдануға мiндеттi.
ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында тізбеленген жедел-іздестіру іс-
шараларын жария және жасырын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының
тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде
айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге;
2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке
алу мен ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
3) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында
жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери
бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге
де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне
жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын
органдардың есебінен өтей отырып пайдалануға;
4) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын
тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің,
ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-
ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалануға;
4-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын
пайдалану қағидаларын әзірлеуге және бекітуге;
5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды
адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген,
коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа
ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар
ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен
жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да
органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін осы
органдармен келісу бойынша тартуға;
8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шаралары мен
жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген
уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери
жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары
мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери
бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына – олардың
басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері
бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз
кіруге;
9) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық
бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса
бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік
заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеуге және (немесе)
тергелуі бойынша беруге құқығы бар.
ЖЕДЕЛ-IЗДЕСТIРУ ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУШЫ ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
ЖАУАПКЕРШIЛIГI
1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу
кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол
берген қызметкерлер Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асырушы органдар iс-әрекеттерiмен
келтiрген залалды өздерi Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен өтейдi.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Прокуратура
Әкімшілік құқықтың субъектілері
Тергеу мен анықтау заңдылығын жүргізу кезінде
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Биліктің қайнар
Құқық қорғау органдары
Ішкі істер органдарының міндеттері
Адвокаттың құқықтарымен міндеттері
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Пәндер