Азқылтанды буылтық құрттар немесе олигохеттер класы
Презентация қосу
Азқылтанды буылтық құрттар немесе
олигохеттер класы
Шұбалшаң
Орындаған: Өркен Айсулу,
Буылттық құрттар типі
(Annelida)
Көпқылтанды буылттық
құрттар класы
Сүліктер класы
(Polychaeta) (Hirudenea)
Азқылтанды буылтық
құрттар типі
(Olygochaeta)
Азқылтанды буылтық құрттар класы
(Olygochaeta)
Азқылтанды құрттар түрге бай класс.
Ғылымға шамамен 3500 түрі белгілі.
Көпқылтанды құрттар салыстырғанда, бұлардың құрылысында тіршілік
әрекетінде көптеген айырмашылықтар.
Көпшілігі тұщы суларда, одан аздауы ылғалы мол топырақта, аздаған өкілі
теңіздерде тіршілік етеді.
Бас жағында қармалағыштары мен мұртшалары болмайды.
Параподиялары болмайды.
Жыныс мүшелері күрделі гермафродитті.
Дамуы басқа түрге айналмай тура дамиды (метаморфоз).
Ұрық пілләнің ішінде дамиды, піллә ішіндегі жұмыртқа жас құртқа айналады.
Азқылтанды құрттар негізінен өсімдік текті қорекпен, әсіресе өсімдіктердің шіри
бастаған бөлігімен қоректенелі.
• Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2,5 м
дейін, (ТМД-да, 45 см дейін).
• Дене буылтықтарының саны 80 нен 450дейін (8
қылтандар).
• Көбінесе тропикалық ормандарда мекендейтін 1500
аса түрі бар; ТМД-да, 100 шамасында түрі
кездеседі, көбінесе люмбрицид, (Lumbricidae)
туыстасына жататын түрлері.
• Топырақта мекендейді, ірі түрлері тереңдігі 8 м-ге
жететіндей ін қазады.
Құрылысы
Барлық буылтық құрттарға тән ортақ белгілер денесі созылыңқы ұзын гомономдық
метамериялы болады, демек денесі бірінен соң бірі қайталап отыратын дұрыс беркелкі
сақиналардан (буылтық-буылтық) тұрады. Олар біріне бірі өте ұқсас болады, сондықтан
гомономдық, метамерия дейді.
Денесінің тұрқы тіршілік еткен ортасына қарай өзгеріп отырады 0,5мм-ден 3мм-ге
дейін болады, жиірек 10-150мм аралығында кездеседі.
Буылтық құрттар денесі бас бөлімі (простомиум), келесі сақиналардан (метамерлер)
және артқы бөлімінен (пигидиум) тұрады. Олардың сақиналары немесе буылтықтары
бір-бірінен перде арқылы бөлініп жатады.
Дене сегменттерін (сақиналарды) сыртынан тығыз жамылғы немесе кутикула жауып
тұрады.
Кутикуланың астыңғы жағында бір қабатты эпителий жатады, қозғалғанда жеңілдік
жасау үшін жауларын қорқыту т.б. оның терісінде әртүрлі шырындар шығарып тұратын
тері бездері көп болады.
Орталық нерв жүйесі бас ганглиясы (ми) жұтқыншақ маңындағы нерв сақинасы мен
мидан шыққан нерв тізбегінен құралады.
Құрсақ тізбегінің нерв түйіндері, әрбір буылтыққа бір түйіннен жіберіп жалғасады.
Түйіндер бір-бірімен көлденең комиссурлар арқылы тұрады.
Нәтижесінде әрбір құрсақ тізбегінің ганглиясы буылтықтың мүшелеріне қоздырғыш
әрекетті жеткізіп отырады.
Бас ганглиясы бүкіл ішкі мүшелерді нервпен қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесіне байланысты әртүрлі сезім мүшелері пайда болады. Олар негізінде дененің
алдыңғы бөлімінде жинақталған
Сезім мүшелері қармалағыштардың ішіндегі нерв клеткаларының ұшымен қабылданады.
Жарық сезгіш клеткалар бүкіл денесінің үстінде (терісінде) орналасқан.
Нерв жүйесі
Қозғалу жүйесі
Тері-ет қапшығының құрылысы, жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда күрделі болады
және құрылысы жөнінен өздеріне тән белгілері болады.
Эпидермистің астында жақсы жетілген сақиналы бұлшықеттер, ал оның қалың қабат ұзын салалы
бұлшықеттер орналасады.
Бұлшықеттердің бұлардан басқа да топтары кездеседі.
Буылтық құрттардың көпшілігінің буылтықтарының әрқайсысында бір жұп, қылтанмен жабылған
дене өсіндісі болады. Бұл қозғалу мүшесі – параподиялары.
Параподиялары қатты органикалық заттардан хитиннен түзіледі.
Әрбір параподия екі тармақтан тұрады: арқа жағындағы тармақ және құрсақ жағындағы тармақ деп
атайды.
Арқа жағындағы тармағында сорайып тұрған буда-буда мөлдір қатты тікендері болады.
Сөйтіп буылтық құрттарда ең бірінші рет қозғалуына мүмкіндік беретін ерекше дене өсіндісі пайда
болады.
Денесінің бунақтарға жіктелуі құрттардың икемділігін арттырады, тамақ іздеу кезінде судың түбіне
немесе топыраққа тереңірек кіруге, жауларынан қорғануға толық мүмкіндік береді.
Дене қуысы
Буылтық құрттар үшін екінші қайтара пайда болған дене қуысы (целом) тән. Ол
тері-ет қапшығын астарлап жататын перитониалдық эпителиден тұрады.
Целом қуысында дене сұйықтығы және ішкі мүшелер (зәр шығару, жыныс
мүшелері және т.б.) орналасқан.
Алғашқы дене қуысының бластоцельден (жұмыр құрттардың дене қуысынан)
морфологиялық айырмашылығы, целом дене сұйықтығын қоршап тұрған
ұлпалар мен мүшелерден бөліп тұратын жұқа эпителиймен астарланған.
Буылтық құрттардың екінші ерекшелігі әрбір дене буылтықтарындағы қуыстар
бір-бірінен перделермен бөлінген және екінші қайтар пайда болған дене қуысы
көптеген зәр шығару тесіктері арқылы сыртқы ортаға ашылады.
Целом бұшықеттер жүйесінің жақсы дамуына байланысты тірек қызметін
«гидравикалық қаңқа» қызметін атқарады.
Целом және сол сияқты бірінші реттегі дене қуысы қор заттарын тасымалдайды.
Қан айналу жүйесі
Ең бірінші рет жануарлар дүниесінде қан айналу жүйесі буылтық құрттарда
пайда болады.
Оларда жақсы дамыған қан айналу қан айналу жүйесі, арқа және құрсақ қан
тамарларынан тұрады.
Қан айналу жүйесі тұйық. Арқа қан тамырлары жиырылған кезде қан алға
басқа қарай, сақина тәрізді қан тамырлары арқылы жүреді.
Қан плазмасында қанға қызыл түс беретін гемоглобин болса, қан қызыл
болады. Кейбір құрттардың қанында жасыл пигмент хлорокурин
болғандықтан қаны жасыл түсті болады.
Қан айналу жүйесі ең ұсақ капиллярлар қан тамырлары арқылы қоректік
заттарды, оттегімен денеге тасиды және зат алмасу кезінде қорытылмаған
заттарды сыртқа шығару қызметтерін атқарады.
Буылтық құрттардың көпшілігі қан жүретін капиллярға бай
терісі арқылы тыныс алады.
Кейбір түрлерінің арнайы тыныс алу мүшелері болмайды,
мұндай жағдайда тыныс алу тері арқылы орындалады.
Тыныс алу жүйесі
Зәр шығару жүйесі
Негізгі зәр шығару жүйесі метанефридиялар құрылысты.
Метанефридияның протонефридиядан айырмашылығы тұйық болмай ашық
болып келуінде.
Метанефридиялардың әрбір дене сақинасынан жұп түтіктердің бір ұшы
дененің қуысына ашылады да, екінші ұшы протонефридияға тіпті
ұқсамайды, бірақ шығу тегіне қарағанда бұл зәр шығару мүшелері өзара
байланысты. Сондықтан метанефридия протонефридядан пайда болғаны
сөзсіз.
Ас қорыту жүйесі
Тіршілік ерекшеліктеріне және тамақ тез қорытуына байланысты буылтық құрттарда ас қорыту жүйесі
басқа құрттардікіне қарағанда әлде қайда жақсы жетілген
Соған сәйкес ас қорыту жүйелері, атқаратын қызметіне қарай жеке бөлімдерге жіктелген.
Олар мынадай бөлімдер: ауыз қуысы, жұтқыншаққа келіп жемсауға айналады.
Өңеш, қатты қарын, ортаңғы ішек (ұзын болып келеді), артқы ішек (қысқа болып келеді) және дененің
артқы жағында аналь тесігі.
Тамақтың тез жылжуына жұтқыншақ пен өңешке бір жұп сілекей безінің жолы ашылады.
Тамақтың шала қорытылуы алдыңғы бөлімде аяқталады, химиялық ыдырауы, сорылуы қанға т.б.ортаңғы
ішекте өтеді.
Артқы ішекте де қорытылған тамақтың және судың қалдықтары қанға сіңіріледі. Бірақ бұл ішектің негізгі
қызметі денеде қортытылмаған тамақ қалдықтарын аналь тесігі арқылы сыртқа шығару.
Буылтық құрттардың ас қорыту жүйесінің жете дамуы ет және нерв жүйелерінің жетілуіне, онымен қоса
осы типте қан айналу жүйесінің пайда болуымен тығыз байланысты.
Буылтық құрттардың негізгі қорегі омыртқасыз жануарлар мен әртүрлі жануарлардың тамақтарының
қалдықтары.
Буылтық құрттардың біреулері жыныссыз және
жынысты жолдармен көбейсе, екінші біреулер тек
қана жынысты жолмен көбейеді.
Жыныссыз көбею бөліну арқылы өтеді.
Көпшілігі жынысты жолмен көбейеді. Көбеюі
Жыныс мүшелерінің құрылысы әртүрлі.
Тұщы суларда ылғал мол топырақтарда тіршілік
ететін азқылтанды буылтық құрттар (жауын құрты)
қос жынысты (гермафродиттер).
Жыныс мүшелерінің құрылысы күрделі.
Ұрықтану арқылы аналық құрттың ішегінде болады.
Азқылтанды құрттар қосжынысты болғанымен де олар өзін-өзі ұрықтандыра
Дамуы алмайды. Сондықтан ересек құрттарда шағылысу кезінде екі құрт бір-біріне (9
және 10 сақиналардың тұсында) түйісіп ұрық қабылдағыштарын жақындатады.
Екі ересек құрт жыныс тесігінен (15 сақина) белгілі бір мөлшерде спермалар бөлді.
Осы сәтте сақиналардан шырын бөлініп, «белбеуше» тәрізденіп тоңазиды.
Спермалар денеің «астауша» тәрізді жерімен жылжи отырып әрбір құрттың ұрық қабылдағышына кіреді.
Содан кейін екі құртт бір-бірінен ажырасады.
Осының нәтижесінде әрбір құрт бір-біріне беріп спермаларын спермаларын ауыстырады.
Құрт бұлшықет арқылы «белбеушенің» бөлген шырынынан пайда болған «муфтаны» басына қарай
жылжыта береді.
«Муфта» алға қарай жылжи-жылжи ұрғашы жыныс тесігіне (14 сақина) келеді, сол жерде жыныс
тесігінен «муфтаға» аналық жұмыртқа жабысады.
«Муфта» алға қарай жылжи бергеннің нәтижесінде 9 сақина тұсындағы ұрық қабында жатқан басқа
құрттың спермасы қосылады да жұмыртқа ұрықтанады.
«Муфта» одан әрі жылжып құрттың басынан сыпырылып түседі.
Түскеннен кейін екі шеті бүріліп жабысады да сіріңкенің басындай кішкентай (коконы) піллә пайда
болады.
Біраз уақыт өткеннен кейін пілләнің ішінен бірнеше (3,5,10) кішкетай құрттар шығып, өз бетінше күн
көріп кетеді.
Азқылтанды құрттардың негізгі өкілі –
жауын құрты (шұбалшаң)
• Ол әр түрлі топырақты мекен етеді, әсіресе бау-бақтардың, егістіктердің топырақтары олардың
мекенденуіне өте қолайлы.
• Ауа-райы дымқыл жерлерде жауын құрттары көп болады.
• Сулы, батпақты топырақтарды мекендемейді. Оларда топырақта тіршілік етуіне байланысты
бейімделгіш қабілеттер пайда болған.
• Тері бездерінің көп болуы, терісі арқылы тыныс алуды жеңілдетеді, топырақ арасында жүруін
жеңілдетеді, терісін басқа заттардың бүлдіруінен қорғайды.
• Мықты ұзына бойлы бұлшықет жүйесінің жақсы дамуы, жерді қазу қозғалысын қамтамасыз етеді.
• Топырақ жеп қоректенуі де жер астында тіршілік етуімен байланысты.
• Қатты тығыз топырақты ішіне жұтып алып, ішегінен шығарып жер бетіне шығаруы, топырақ
құнарлығын арттырады.
• Суық түсісімен жауын құрттары індерін тереңдетіп қазып топырақтың төменгі жылы қабаттарына
қарай ауысады.
• Бұл түрге жататын жауын құрттарының ұзындығы 15-20см, ал тропикалық түрлерінің ұзындығы
3м-ге дейін жетеді
Жыланжегіш аллолобофора
• Жыланжегіш аллолобофора – буылтық құрттар типі, люмбрикоморфа
отряды, люмбрицидтер тұқымдасына жататын жауын құртының бір түрі.
• Қазақстанда Талас Алатауының долана өскен тоғайларындағы топырақ
жамылғысында кездеседі. Дене тұрқы 135 – 195 мм, буылтықтарының
саны 200 – 250 м-ге дейін жетеді. Қылтандары екі-екіден жұптасқан.
• Түсі негізінен қоңыр болып келеді.
• Топырақ бетіндегі ағаштан түскен жапырақтармен қоректенеді.
• Негізінен көктемде көбейеді, егер қолайлы жағдай болса, күзде де көбейе
береді.
• Жыланжегіш аллолобофораның тіршілігі аз зерттелген, өте сирек
кездесетін реликт түр. Ақсу-Жабағылы қорығында (Талдыбұлақ және
Жетімсай) қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz