Былқылдақденелілер типі


Slide 1

Былқылдақденелілер типі (Mollusca)

Орындаған: Өркен Айсулу

Slide 2

Былқылдақденелілер типі

Былқылдақденелілер түрлерінің көптігі жағынан тек буынаяқтылардан ғана кейін қалатын, күрделі құрылысты жануарлар

Былқылдақденелілердің көпшілігі судың, теңіздің жануарлары, ал аздаған түрлері ылғалды, ауа-райы жылы болатын құрлықта тіршілік етуге бейімделген.

Өздерінің тіршілігі мен құрылыстары жағынан сан алуан түрлі болып келеді.

Бірқатар моллюскаларды адам тамақ үшін аулайды, устрица сияқтыларды өсіреді, олардан меруерт алу үшін пайдаланады.

Кейбір былқылдақденелілер - зиянды жануарлар, олар ауыл шаруашлық дақылдарын зақымдайды, мысалы, кәдімгі шырыштар, «кеме құрта» теңіздегі ағашты бұзады, адам мен малдардың празит құрттарының аралық иелері, мысалы, тоспа ұлуы.

Slide 3

Жануарлар әлемі Zoa

Көп клеткалы жануарлар Metazoa

Нағыз көпжасушалылар Eumetazoa

Билатералды Bilateria

Алғашқы ауыздылар Protostomia

Былқылдақденелілер типі

Mollusca

Slide 4

Жалпы сипаттама

Slide 5

Құрылысы

Денесі бунақсыз, жұмсақ келеді, ол үш бөлімнен тұрады: бас, дене және бұлшықетті аяқ.

Денесі арқа жағынан және көбінесе бүйірлер тері қатпармен-мантиямен қапталып жатады.

Моллюскалардың көпшілігінде мантиясы известь қабыршақарын бөліп шығарып бақалшықтар түзеді.

Моллюскалардың тіршілігінде бақалшақтардың қызметі зор: тірек қызметін атқарады, жануарлардың шабуылынан қорғайды, ортаның әртүрлі әрекетінен сақтады.

Былқылдақденелілердің бақалшақтарының пішіні тіршілік ету тәсіліне қарай әр түрлі болады.

Бақалшақтар органикалық емес (көміртегі немесе фосфорлы кальций) және органикалық қосылыстардан конхиолиннен (белокты заттар) тұрады

Көпшілік моллюскалардың бақалшақтары 13 қабаттан тұрады: сыртқы немесе конхиолиндіңк, ортаңғы немесе призмалық, ішкі немесе перламутралық (нағыз меруерттік, інжу қабат)

Slide 6 Slide 7

Нерв жүйесі

Былқылдақденелілердің әр тобында әртүрлі құрылған. Бұл жүйенің қарапайым түрлерінен бірте-бірте күрделене беретінін аңғаруға болады.

Былқылдақденелілердің нерв жүйесі жақсы дамыған нерв ганглияларынан тұрады. Олар мыналар: бас ганглиясы - ол баста жұтқыншақ үстінде оналасқан . Оның қызметі көзі және басқа сезім мүшелерінен, ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімін, сол маңайдағы байланысы бар мүшелерді нервпен қамтамасыз етеді; аяқ ганглиясы - ол аяқта орналасқан, аяқты және оның бұлшықеттерін, басқа мүшелерді қамтамасыз етеді; бір жұп висцеральды ганглилері (ішкі нерв түйіндері) - дененің ішіндегі бірнеше ішкі мүше жүйелерін нервтермен қамтамасыз етеді. Ол ішек үстіне орналасқан нерв түйіндері болғандықтан ішкі мүшелерді кеңірек қамтиды; бір жұп плевральдық - ол мантияны нервпен қаматамасыз етеді.

Содан кейін әр жұп нерв түйіндері өзара қысқа комиссурлар арқылы қосылады, одан бір жұп аяқтың, бір жұп бастың және бір жұп құрсақтың т. б. түйіндермен де байланысады.

Slide 8 Slide 9

Сезім мүшелері

Сезім мүшелері әртүрлі дамыған.

Сезім мүшелері дененің барлық жерлеріне таралған әсіресе олар мантияның эпителиінде жиектерінде, қармалағыштарында шоғырланған.

Ортаның температурасы мен химиялық тітіркендіргіштерінде қабылдайтын мүшелері - статоцистері (тепе-теңдік мүшесі) болады.

Көпшілік түрлерінде көз бар, олар күрделі құрылыс түрінде дамыған.

Кейбіреулерінің көздері өте үлкен, мысалы, алып кальмардың көздерінің диаметрі 30 см-ге жетеді, қосжақтаулыларда мантиясының жиегінде тұйық көпіршік тәрізді жарық сезгіш көздері болады, ал бауыраяқтыларда көз ұзын айдаршықтардың (щупалец) ұшында орналсақан.

Slide 10

Қозғалу мүшелері

Моллюскалар баяу қозғалады. Осыған байланысты жауларынан қорғану үшін бақалшақтары жақсы дамыған. Олардың қозғалысы, ұшы ілгері созылған сына тәрізді етті өсінді аяқтары арқылы жүзеге асырылады.

Аяқта оның қозғалысын реттеп отыратын біріңғай салалы ет талшықтар жүйесі болады.

Аяқтары әр түрлерінде әрқилы жетілуі ықтимал. Мысалы, қосжақтаулы моллюскалардың өкілі мидиялардың аяқтары жұқа тіл тәрізді, теңіз тарақшасында болмашы бұдыр, ал устрицада аяқ мүлдем жойылған.

Өзіндік ерекшелігі бар жылдам қозғалу басаяқты моллюскалардан көруге болады.

Аяқтары өзгеріп ерекше құрылысты ворнокаға айналған. Олардың қозғалысын көлденең салалы ет талшықтары реттеп отырады. Мысалы, кальмарлар (басаяқты моллюскалардың өкілі) мантия қуысынан суды воронка арқылы шығарып ракета әдісімен қозғалады.

Slide 11

Қан айналу жүйесі

Моллюскаларда қан айналу жүйесі жақсы дамыған, тұйық емес, ашық.

Көпшілік моллюскалар да жүрек бір құлақшадан және бір қарыншдан тұрады. Ал қалған өкілдерінде жүрек кейде үш камерадан (2 құлақша және 1 қарынша) және төрт камерадан (2 құлақша және қарынша) тұруы ықтимал.

Қарыншадан ілгері және кейін қарай қолқалар шығады, олардан артериялар мен капиллярларға тармақталады.

Қан капиллярдан дене қуысында жатқан мүшелерге құйылады.

Мүшелердің арасындағы қуыстарды шая отырып, мүшелерді оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етіп, жолшыбай көмір қышқылын және диссимиляция қалдық заттарын ала кетеді. Бұл қуыстардан қан, қан тамырларына қайта жиналып, веналық система арқылы көмір қышқыл газына қаныққан қан өкпеге жеткізіледі.

Оттегінің көпшілігі қанда еріген күйінде болады.

Сайып келгенде моллюскалардың қан айналу жүйесі жақсы дамыған, жүрекке келген қан, (оттегіне қаныққан) барлық денеге тарайды.

Slide 12 Slide 13

Тыныс алу жүйесі

Моллюскаларда арнайы тыныс алу мүшелері бар.

Суда тіршілік ететін түрлерінде тыныс алу мүшесі желбезек.

Желбезектің ішінде жатқан қан тамырлар (капилляр) сифон арқылы кірген су ішіндегі еріген оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығарады.

Желбезектері әр түрлерінде түрліше құралған. Мысалы, айқұлақта (тақта желбезектілер) желбезектер аяғының екі жағында ішкі және сыртқы - жарты желбезектер түрінде орналасады, басаяқтыларда (сегіз аяқтарда) мантия қуысында орналасқан екі немесе төрт нағыз желбезектер түрінде болады.

Құрлықта тіршілік ететін моллюскаларда тыныс алу мүшесі өкпе болады.

Мантиясының ауа қалтасын жасайтын жерін өкпе деп атайды.

Өкпенің ішінде (мантияның ішкі қабырғасында) тармақталған қан тамырларының торы бар. Бұл қантамырларының қабырғалары өте жұқа және олар арқылы тыныс тесігінен мантия қуысына ауа кіреді.

Сөйтіп осы жерде оттегін алып көмір қышқыл газын шығарады.

Slide 14 Slide 15

Зәр шығару жүйесі

Негізгі зәр шығару жүйесі бүйрек. Ол құрылысы жағынан жауын құртының зәр шығару мүшесіне (метанефридияға) ұқсас.

Моллюскалардың көпшілігінде бір бүйрек, ал кейбіреулерінде екі бүйрек болады.

Бүйректер метанефридиялар сияқты, олардың бір ұшы үлпершекке (целомға), екінші жағы мантия қуысына жалғасады.

Бүйректің қуысы қуысы, қан тамырларымен тығыз байланысты.

Бүйрек эпителилері денеден шығарылып тастауға тиісті заттарды осы тамырлардан бөліп алып, бүйректе жинала береді де, дүркін-дүркін сыртқа шығарылып отырады.

Бүйректің сыртқа шығатын тесігі аналь тесігінің қасынан ашылады.

Моллюскалардың денесінде бүйректен басқа да диссимиляция қалдықтарын сіңіріп отыратын ерекше бездер де бар.

Slide 16 Slide 17

Ас қорыту жүйесі

Былқылдақденелілердің ас қорыту мүшелері ауыздан басталады.

Ауыз тесігі жұтқыншаққа жалғасады. Мұнда тіл, жақ болады және тамақты үгітіп ұстау үшін, сирек араның тісі тәрізді жауып жатқан үккі (терка) немесе радула болады.

Өсімдіктермен қоректенетін моллюскаларда (үлкен тоспа ұлуы т. б. ) анда-санда тілін сыртқа шығарып, өсімдіктердің жұмсақ бетін тістерімен қырып жалағандай жейді.

Жұтқыншақтың өңешке айналар жерінде арнаулы, бір жұп қант безі болады.

Ауыз қуысына жұп сілекей безі де ашылады.

Жұтқыншақ жұқа қабырғалы өңешке жалғасады, ал кейбіреулерінде жемсауға айналады. Одан кейін ортаңғы ішекке кішірек қарын жалғасады.

Қарынды қызметі әртүрлі бауыр қоршап жатыр.

Бауырдан шыққан шырындарда ас қорыту ферменттері бар, олар қорытылған тамақты сіңіруге жәрдемдеседі және оларда органикалық заттар жиналады.

Ортаңғы ішек артқы аналь тесігіне айналады. Ол бірнеше иірімделіп мантияның жоғарғы жиегіне келіп ашылады.

Slide 18 Slide 19

Көбеюі

Былқылдақденелілердің бәрі жынысты жолмен көбейеді.

Дара жынысты және қос жынысты (гермафродитті) .

Кейбіреулерінде жыныстық диморфизм байқалады.

Жыныс мүшелерінің құрылысы әртүрлі.

Жыныс мүшелерінің негізгі бөлімі - аналық клетка және сперматозоид пайда болатын без.

Ұрықтану көпшілік түрлерінде (жүзім ұлуы, айқұлақ) іште болады, ал қарапайым түрлерінде сырттан ұрықтанады.

Slide 20

Дамуы

Теңіздерде тіршілік ететін былқылдақденелілерде (басаяқтылардан басқа) ұрықтанғаннан кейін эмбрионалдық дамудың нәтижесінде трохофораға ұқсас еркімен жүзіп жүретін личинкалар пайда болады.

Оларда жүзу үшін дамыған кірпікті шеңбері және ұзын кірпікшелерден құралған айдарлы пластинкалары болады.

Личинкаларда аяқтар, бақалшақтар, протонефридиялар, бірінші реттік дене қуысы пайда болған.


Ұқсас жұмыстар
Өзен шаянының сыртқы құрылысын зерттеу
Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктер
Ұлулар. 7 сынып
Ұлулар
Жүйке жүйесі шашыранды - түйінді
Жұмыр құрттар типі
Қосжақтаулы ұлулар класы
Жануартану тірі табиғат бұрышында оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым
Топырақ ағзаларының көптүрлілігі жəне топырақтағы топтар құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz