Папоротник тәрізділер




Презентация қосу
Папоротник
тәрізділер. Жоғары
сатыдағы
өсімдіктер.
Ашықтұқымдылар.

Орындаған: Өркен Айсулу

Тексерген: Айнагулова Г.С.
Папоротник тәрізділер (Polypodiophyta)

– Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот
тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын
тәрізділермен бір уақытта пайда болған. Қазіргі кездегі түрлері шаммамен 10 мыңдай.
– Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діңдері колона тәрізді
бұтақтанбайтын, радиальды симметриялы ағаштар болған. Қазіргі кездегі папоротник
тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
– Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы сол,
олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар
бойы төбесінен өседі.
– Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндеріне
ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған
пластинка тәрізді.
– Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты .
Классификациясы
Аневрофитопсидтер

Археоптериодопсидтер

Кладоксилопсидтер

Зигоптериодопсидтер

Офиоглопсидтер

Мартиопсидтер

Полиподиопсидтер
Ашық тұқымдылар, немесе Қарағайлар
бөлімі (Polypodiophyta)

– Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген
түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған
– Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе
бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бұтақтанады, сабағы
моноподиальды өседі.
– Ашық тұқымдылардың негізгі белгілерінің олардың тұқымбүрі немесе
тұқымбүршігі болады. Тұқым бүрі дегеніміздің өзі мегаспорангий, ол ерекше
қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументпен қапталған.
Классификациясы

Тұқымды
Саговниктер
папортниктер

Бенеттиттер Гнеталар

Қылқан
Гинкголар
жапырақтылар
Тұқымды папортниктер класы
(Lignopteridopsida)

– Тұқымды папортниктер еғ ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық
тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен.
– Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланыстырып
тұрған топ.
– Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі,
микроспорфиллдері мен микроспорангийлерінің құрылысы жақындастырады.
– Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым
бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады.
– Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып
жазылды.
Аса кең таралған
туыстары.

Калимма
тотека

Тұқымды
Медуллоза папорот Кейтония
никтер

Глоссоп
терис
Саговниктер класы (Cycadopsida)

– Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас, ланцет
тәрізді болып келеді. Сабағы жақсы жетілген өзектен, қабықтан және онша
үлкен болмайтын сүрек қабатынан тұрады.
– Тұқым бүрі жапырақ тәрізді немесе азды-көпті метаморфозға ұшыраған
мегаспорофилдерінде орналасады. Әдетте тұқым бүрлері жалғыздан
орналасады немесе топтасып стробил түзеді.
– Саговниктер эфолюцияның үлкен жапырақты тармағы болып табылады.
– Саговниктер класы бір қатардан тұрады, онда бір тұқымдас бар.
Беннетиттер класы
(Bennettitopsida)

– Беннеттиттер түгелімен жойылып кеткен өсімдіктер. Олардың жойылған
уақыты гүлді өсімдіктердің пайда болуымен сәйкес келеді.
– Басқа ашық тұқымдылардан айырмашылығы олардың стробилдері қос
жынысты болады.
– Вегетативті органдарының құрылысы жағынан саговниктерге ұқсас, бірақ
олардың ішінде шөптесін өсімдіктерде болған.
– Олар бір қатардан тұрады оған вилламсониялар мен беннеттиттер
тұқымдастары жатады.
Гинкголар класы (Ginkgoopsida)

– Гинкголар класы бір қатардан тұрады, онда қазіргі кезде флорада кездесетін бір ғана
монотипті тұқымдас бар. Тұқымдас екі қалақшалы гинкго деген жалғыз түрмен белгілі.
Шыққан жері Қытайдың оңтүстік-Батысы.
– Гинкго екі үйлі өсімдік. Аталық стробилдері қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың
қолтықтарында пайда болады.
– Микроспорофиллдері жоғарғы жағында сорилері юар тірсектен тұрады. Ол көп
жағдайда тек жапырақшақтары арқылы қақырайты, екі салбырап тұрған
микроспорангиден тұрады. Аналық стробилдері де қысқарған өркендеріндегі
жапырақтардың қолтығында орналасады. Әрбір стробилде екіден тұқымбүрі болады,
олар дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғарғы жағында орналасады.
– Ұрықтануы саговниктердікі секілді сперматозоидтардың көмегімен жүзеге асады.
Қылқан жапырақтылар класы
(Pinopsida)

– Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық тұқымдылардың саны жағынан ең көбі. Негізінен
солтүстік ендікте кең таралған.
– Қылқан жапырақтылар негізінен ағаштар, сиректеу бұталар. Ағаштары кейде өте үлкен
болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді.
– Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді, бірақ ертеректе пайда болған туыстарында
ланцетті және жартылай ланцетті болып келеді.
– Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері дара жынысты. Аталық бүршіктері көп
жағдайда топтасып жапырақтардың қолтығында, сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында
орналасады.
– Микроспорофилдері редукцияға көп ұшыраған, қабыршақ тәрізді немесе қалқан тәрізді.
– Аналық бүршігінің құрылысы алуан түрлі болады. Микроспорофилдерінде бірден
бірнешеге дейін тұқым бүрлері орналасады. Интигументі көп жпғдайда үш қабаттан тұрады.
Қылқан жапырақтылар 7
қатардан тұрады
Вольцилар қатары
Подозамиттер қатары
Араукариялар қатары
Қарағайлар қатары
Кипаристер қатары

Подокарпустар қатары
Тиссалар қатары
Кипаристер қатары
(Cupressales)
– Бұл қатар мынадай екі тұқымдастан тұрады: таксодилер және кипаристер.
– Бұл тұқымдасқа 20 туыс, 145 түр жатады. Жер бетінің барлық құрлықтарында
кездеседі.
– Жапырақтары қабыршық тәрізді, сиректеу ине тәрізді. Ағашында смола жолдары
болмайды. Смола арнайы маманданған клеткаларда жиналады.
– Аталық стробилдері жалғыздан болады, тозаңының ауа қуыстары болмайды.
Аналық стробилінің қабыршақтары сүректенген, көн тәрізді немесе шырынды
болып келеді.
– Аналық стробилінің қабыршақтары сүректенген, көн тәрізді немесе шырынды
болып келеді.

Ұқсас жұмыстар
Қырықбуындар класы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Тірі организмді классификациялау ерекшеліктері
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
Плаун тәрізділер класы
Жалаңаш тұқымдылар
Жалаңаш тұқымдылар бөлімі
БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ
Бактерия морфологиясы
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер
Пәндер