Инсульт және оның түрлері


Slide 1

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Адам патологиясы кафедрасы Пәні:Жалпы патология(патологиялық анатомия)

БӨЖ

Орындаған:Гылыжова Хатыжа

Қабылдаған:Арыстанова Айдана

Жм-821

Slide 2

I. Кіріспе

1. Ми қан айналымының бұзылыстары

2. Инсульт және оның түрлері. Геморрагиялық инсульт.

II. Негізгі бөлім

1. Геморрагиялық инсульттің этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы. Клиникалық көрінісі.

2. Анықтау әдістері мен емдеу және алдын алу.

3. Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары.

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

https://youtu. be/e9gCVPbba8U

Slide 4

Ми қан тамырлары аурулары өте кең таралған. Ми қан тамырларының дербес оқшауланған аурулары болмайды, олар әдетте жүрек - қан тамыр жүйесі зақымдануының бір бөлігі болып келеды. Сол себепті ми қан тамырларының зақымдануын, әсіресе ми қан айналымының күрт бұзылыстарын дер кезінде анықтау және оларға сапалы ем қолдану әр бір клиникалық мамандықтағы дәрігер үшін маңызды.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша өлім - жітімнің 15 %-ы ми қан тамырлары ауруларының салдарынан болады екен, яғни ол жүрек аурулары мен қатерлі ісіктерден кейінгі орында. Ауру 50 - 70 жас аралығында жиі кездеседі. Ми қан тамырлары ауруларымен науқастанғандардың 20% - ы мүгедектікке душар болады.

Slide 5

Ми ткані метоболизмі, ең алдымен оттегі мен көмір қышқыл газы кысымы;

Қышқыл -сілтілік теңдігі мен ми тканінің PH жағдайы, сүт және пирожүзім қышқылдарының мөлшері;

Қан тамыр іші кысымының өзгеруі;

Нерв жүйесінің реттеушілік қызметі.

Ми қан ағысының өздігінен реттелуі жалпы артериялық қысым (60 - 180 мм сын бағ) толқуының белгілі деңгейінде іске асады.

Артериялық қысымның деңгейі сынап бағанымен 50-60 мм аралығында болса, ми қан айналысы азаяды, ал сынап бағанымен 180-200мм - ге жоғарыласа, қан тамырларының ырықсыз керілуінен оның өздігінен реттелуі бұзылады.

Slide 6

Инсульт (лат. insultus - соққы, қыспа талу, инсульт) - ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз) .

Инсульттың басты себебі - гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы. Оның пайда болуы қан айналысының тасуына байланысты.

Slide 7 Slide 8

Геморрагиялық.

Бұл бас миына немесе оның сыртқы қабығына қан құйылуы. Ми мен жұлынға жарақаттанусыз қанның құйылуы.

Ишемиялық.

Тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.

Инсульт

Slide 9 Slide 10

Геморрагиялық инсульт ми мен оның қарыншаларына немесе қабықасты кеңістігіне кенеттен қан құйылудың салдарынан болады.

Геморрагиялық инсультке адетте артериялық гипертония немесе оның атеросклерозбен қаббаттаса келуі, сирегірек геморрагиялық диатездер (лейкоз, анемия, жүкті әйелдер токсикозы және басқалар), ми тамырларында туа біткен немесе жарақат салдарынан болған аневризмалар, инфекциялы - аллергиялық васкулиттер себеп болады.

Қан құйылу ошақтары 2 топқа бөлінеді:

Ішкі капсуланың сыртынан семиовалдық орталыққа таралатын латералдық қан құйылу;

Ми қарыншаларына өтетін ішкі капсуланың ішкі жағына қан құйылу;

Slide 11 Slide 12

Геморрагиялық инсульттің даму механизмі екі жағдайға байланысты. Олардың біріншісі- тамырлардың қоректенуін бұзатын ангиоспазм,

ал екіншісі - ми тамырларының иннерварциясы бұзылуы мен қан қысымының кенеттен көтеріліуіне байланысты оттегіні тасымалдау жеткіліксіз болғандықтан оларда дистрофиялық өзгерістердің пайда болуы.

Осы өзгерістердің салдарынан қан қысымы күрт көтеріледі де, миға қанның ақырын сіңуі немесе тамыр жарылуына байланысты құйылуы байқалады. Геморрагиялық инсульттің пайда болуына осы факторлардың екеуі де ықпал етуі мүмкін.

Slide 13

Қан құйылған ми жарты шары біршама үлкейген. Аурудың шұғыл кезеңінде ми кесіндісі мен ми қыртысы астындағы түйіндерден ұйыған қан көрінеді. Ми ісінген, ондағы сұр және ақ зат арасы әрең ажыратылады, кейде тіпті байқалмайды. Бүйірлік қарыншалар кеңейген, ал үшінші қарынша бір жағына ауытқыған.

Гистологиялық тексеріс көмегімен жаңадан қан құйылған ошақтарда өзгерген эритроциттерді, шіріген ми ткані мен тамыр жобаларын ұшыратуға болады. Ми тканіне жайылған қан ішке қарай периваскулярлық кеңістіктерге кіреді де, оны қабат - қабатқа бөледі. Қан құйылған қуыс қопсыған ми тканімен қоршалған. Онда қан құйылғаннан 24 сағат өткенде жеке шарлар пайда болады. Қан құйылған ошақтарда екі және одан көп аптадан кейін сілтіленген эритроциттер байқалады.

Slide 14

Көбінесе күндіз көңіл - күйі тынышсызданады, қатты шаршағанда ешбір себепсіз сырқат кейде есінен танып қалады. Сырқат кома жағдайында болады, онымен тілдесу мүмкін емес.

Сырқат құлаған жерінде қимылсыз жатады. Беті қызарған, қан қысымы көтерілген, тамырының соғуы баяу, тынысы тарылған. Науқаста зәр мен нәжіс өздігінен шығып кету жиі кездеседі. Дене қызуы аздап көтерілуі мүмкін.

Бас сүйек - ми нервтерін тексергенде көз қарашығының кеңуі мен екі қарашықтың біркелкі еместігі, оның жарыққа әсерінің азайғандығы, көз алмасының патологиялыө ошаққа қарай бұрылуы (көз қарасының салдануы) , өздігінен нистагм, бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.

Slide 15

Аяқ - қолы қимылдамайды. Көтерілген қолы қамшының өрімі тәрізденіп төмен түсіп кетеді. Инемен шанышқылағанда ешқандай реакция болмайды. Кейде салданбаған жағында қимыл болуы мүмкін. Салданған жағында бұлшықет тонусының төмендегені анығырақ білінеді. Аяқ ұшының өздігінен сыртқа қарай бұрылуы байқалады. Салданған жағында онша айқын емес немесе байқалмайтын, аяқ ұшында білінетін патологиялық рефлекстер көрігіс береді.

Ауру кенеттен басына соққы тигендей болып басталады да, соңынан басы қатты ауырып, құсу және лоқсу пайда болады. Сырқат көбіне тынышсызданып, бір орында отырмауға, бір жақа кетіп қалуға әрекеттенеді.

Slide 16

Инсульт басталғаннан 1 - 3 күн өткенде сырқат комалық жағдайдан шығуы мүмкін. Оның есі кіріп, тамақ жұтып, салданбаған қол - аяғын қимылдата бастайды. Нәжіс пен зәр шығару қалыптасады.

12-15 күннен соң бұлшық ет атониясы гипертонияға ауысады, сырқатта Вернике - Манн кейіпі қалыптасады, жүрісі гемипарездік. Салданған жағында қолында бүгетін бұлшық еттердің тонусы, ал аяғында жазатын бұлшық еттер тонусы артады. Патологиялық рефлекстер мен гемигипестезия пайда болады.

Slide 17 Slide 18

Инсульттің сипатын анықтауда қан мен ми - жұлын сұйығындағы өзгерістер жөнінде

Электроэнцефалография- геморрагиялық инсульттің жедел кезеңінде ми қыртысының барлық аймақтарында биоэлектрлік белсенділік өрескел өзгерістерге ұшырайды.

Эхоэнцефалография - қарыншалар кеңейеді. (3 тен 6-7 мм-ге дейін)

Допплерография

Реоэнцефалография

Ангиография-инсульттің сипатын барлық жағдайда анықтауға көмектеседі.

Компьютерлік томография- миға қан қүйылу мен ондағы ишемия ошақтарын ажырататын бірден бір аспап.

Магнитті - резонанстық томография- көлемі аса кіші қан құйылу ошақтарын, инсультке ұқсас басқа да ауруларды анқтайды.

Осы аспаптар арқылы алынған деректердің маңызы өте зор

Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22

Қан анализі. Алғашқы 6-8 сағатта лейкоцитоз, қан формуласының солға қарай таяқша-ядролыө ауытқуы, ЭТЖ үдеуі байқалады. Ауру басталған алғашқы сағаттарды Протромбиндік индекс 40%-ға дейін төмендейді, ал кейде плазманың гепаринге толеранттылығының ұзақтығы 6-10 мин дейін созылады және фибриноген 200мг %-ға дейін жетеді.

2-3 тәулікте қанның коагуляцияландыру қасиеті жоғарылай бастайды. Протромбиндік индекс 110-115%-ға, фибриноген 400-500мг %артады. Плазманың гепаринге толеранттылығы 3-4 мин дейін қысқарады.

Қан ұю жүйесі белсенділігінің артуы тор қабық асты кеңістігі - паренхиматоздық қан құйылу кезінде айқынырақ білінеді.

Slide 23

Зәр анализі. Зәрде жаңа және сілтісізденген эритроциттер болуы заңдылық.

Ми-жұлын сұйығының(ликвор) анализі. Ми - жұлын сұйығында қан қоспасы білінеді.

Slide 24

Шұғыл шараларды қолдану қажет. Ең алдымен сырқатты шалқасынан жатқызып, басын оңға бқру керек те, қан қысымы мен тамыр соғуы жиілігін анықтау қажет. Сонымен қатар тіршілік үшін аса маңызды функцияларды қалпына келтіру керек

Консервативті және хирургиялық жолмен ем жургіземіз

Slide 25

Геморрагиялық инсультті емдеу үшін коагулянттар: венаға 10% - 10 мл хлорлы кальций, 10% - дық 2, 0 мг викасол;

Бұлшық етке 10%-дық 10 мл кальций глюконаты, тәулігіне 2 рет 1 мл рутамин, 0, 02 мл рутин апта бойы күніне 2-3 рет.

Антифибринолиздік препараттар: 20-30млн бірлік контрикал тамшы түрінде 2-4 сағ бойы,

100 мың бірлік тразилол 4-10кун бойы 12 сағ сайын.

Азепрамин 3-6 сағ аралығында тәулігіне 3 рет,

250 мг дицинон венаға немесе 250-500 мг бұлшық етке жиберіледі. Тәуліктің доза - 500-1000мг

Синтетикалық ингибиторлар ми тамырларының аневризмі жарылуынан тор қабық асты кеңістігіне кеп қан құйылған жағдайда қажет болады.

Slide 26

Хирургиялық ем көптеген факторларға байланысты шешіледі. Науқастың жағдайына қан құйылу көлеміне, орналасу орнына байланысты.

Операцияның басты мақсаты - науқастың өмірін сақтап қалу болып табылады. Сол себепті қысқа уақытта жасау қажет.

Slide 27

Кинезотерапия және массаж. Бұл қан айналым мен трофиканы жақсартады, бұлшық еттің сіресуін азайтады. Алғашқы күндері науқастың жатқан қалпын өзгертіп отырған жөн. Аяқтарын бүгіп - жазып, қолын 90°-қа бұрып, білек пен саусақтарын жазып отыру керек.

Емдік гимнастика. Науқас есін жинап, жүрек пен тыныс алу қызметі жөнделгеннен соң жасалады. Ол салданған аяқ-қолға массаж жасаумен бірге қолданылады. Тонусы жоғары бұлшық еттерді аздап сипайды. 1 аптаның соңы мен 2 аптаның басында белсенді қимылдар жасатуға кірісу қажет. Төсек калпында аяк-қолдарын жазып-бүге бастаймыз. Содан соң төсек маңында сау және салданған аяқпен тұруды уйретеді, 1 орында адымдап жүргізіп және аяқтарын басқызамыз. Қол ұшының қимылдарын дамыту үшін доппен жаттығу жасатып, түймелерді салып, ағытамыз.

Slide 28 Slide 29

Атеросклероз бен артериялық гипертонияның алдын алу

Оң эмоциялар мен бірқалыпты сабырлы өмір сүру

Тамақтану режимін сақтау

Дене шынықтырумен айналысу\

Инсультпен ауырғандар 2-4 ай бойы еңбекке жарамсыз болады. Ұзақ мерзімге созылған немесе бқзылған функциялар қалпына келмеген жағдайда мүгедектікке ауыстырылады. Аяқ - қолдары салданған афазиясы бар науқастар басқа біреудің күтіміне мәжбүр болғандықтан 1 топ мүгедектік беріледі.

Slide 30

Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут, сағат(тәулік соңына дейін) өткен соң тегіс жойылады. Олардың пайда болуына кішігірім қан құйылулар, аздаған жібу ошақтары және гипертониялық криз әсер етеді.

Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары атеросклерозбен, қант диабетімен, әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен, жүрек және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле беретін адамдарда, қан тамырларының түрлі аномалиялары бар сырқаттарда жиі кездеседі.

Slide 31

Ми қан айналымының өткінші бұзылу патогенезінде қан тамырларының атеросклероздан тарылып және бітеліп қалуынан пайда болатын ми қан тамырларының кемшілігіне, олардың патологиялық иірілулері мен бүгілулеріне, артериялық қысымның тұрақсыздығына, ангиоспазмге және жүрек қан тамыр жетіспеушілігіне аса мән беріледі.

Олардың пайда болып дамуына бастың ірі қан тамырларынан және шеткі қан тамырлардан келетін микроэмболиялар ерекше әсер етеді.

Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары:

гипертониялық криз

өткінші ишемиялық талмаларға бөлінеді.

Slide 32

Гипертониямен ауратындарда кездеседі. Оған эмоционалдық стрестер, ауыр дене еңбегі, маскүнемдік әсер етеді.


Ұқсас жұмыстар
Геморрагиялық инсульт кезіндегі мейірбикелік күтім
Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
Инсульттің белгілері
Инсульттың түрлері
Жүрек - тамыр жүйесінің төтенше жағдайлары
Сәулелік зерттеу әдістері рентгенография нейросонография компьютерлік томография магнитті - резонанстық томография ангиография радионуклидтік зерттеу
ЖҮРЕК АҚАУЫ
Кеш қалпына келтіру
:Гипоксия
Паллиативті көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz