ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
Презентация қосу
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Орындаған: Сатыбалды Айбек
◦ Технология дегеніміз - адамның білімі арқылы
құралдар жасау және табиғи ресурстарды пайдалану.
«Технология» термині тек құралдарға байланысты емес
(материалдық мәдениет), сонымен бірге біздің
тұжырымдарымызға, құндылықтарымызға және біздің
соған көзқарасымызға байланысты да қолданылады.
Бүгінгі жоғары технологиялар саласындағы заманауи
жетістіктерді ғана технология деп санауымыз дүрыс
емес, оған қарапайым керамика мен тоқылған себет те
жатады. Демек, технология адамзат тарихының
басталуынан мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған
Технологияның қоғамдағы рөлі
◦ Әлеуметтік қозғалыс арқылы адамдар қоғамды өзгертуге
тырысады. Басқа жағдайларда адамдардың сұранысы
қарапайым болғанымен, үлкен әлеуметтік өзгеріс болуы
мүмкін. Технологиямен байланысты жағдай дәл осындай.
◦ Біздің күнделікті өмірімізде технология айрықша орын алады.
Бүгін сіз алдын ала даярлау тетігін белгілі бір уақытқа басып
қойған электрлі кофе аппаратынан бұрын оянып, ұялы
телефонға келген хабарламаларды оқып шығып, смартфоннан
музыка тыңдап, содан кейін барып таңғы асыңызды ішкен
боларсыз. Қазіргі технология бұрынғыдан қуатты әрі қауіпті:
автокөлік пен ядролық бомбаның жойқын күші жылқы
жегілген арба мен қылыштан асып түседі. Сондықтан
технологиялар енгізетін әлеуметтік өзгерістерге де мән беру
қажет
Технология және әлеуметтік
өзгерістерге теориялық көзқарастар
◦ XIX ғасырдан бастап әлеуметтанушылар технология мен әлеуметтік өзгерістердің арасындағы
байланысты зерттеді.Көптеген әлеуметтанушылар өндірістік революцияның салдарын және одан
туындаған әлеуметтік өзгерістерді бақылау үшін ғылыммен айналыса бастаған.Технология мен
әлеуметтік өзгеріс арасындағы байланыстардың құрылымдық-функциялық және конфликт
теориялары тұрғысынан түсіндірілуі қарастырылады.
Құрылымдық-функциялық теория
◦ Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен, әлеуметтік құрылымның ұйымдасқан тәсілмен бір қалыпта
сақталуын зерттейді. Бірақ қоғам мен мәдениеттің өзгеруін де назардан тыс қалдырмайды. Құрылымдық-
функциялық теория бойынша өзгеріс эволюция арқылы жүзеге асады: әлеуметтік құрылымдар жаңа
сұраныстар мен талаптарға кезең-кезеңімен бейімделеді, ал ескірген үлгілер, ойлар және құндылықтар
біртіндеп жойылады. Осындай эволюцияға түрткі болатын жаңа сұраныстар мен талаптар технологиялық
жетістіктер болып саналады.
◦ Өзгерістер эволюциялық жолмен жүргенімен әрдайым біркелкі болмайды. Оның себебі - мәдениеттің бір
тұсындағы өзгеріс басқаларына эсер етеді. Құрылымдық функцияшылдар мәдениеттердің мұндай
өзгерістерге бейім келетінін, бірақ бейімделу белгілі бір уақытты қажет ететінін айтады. Соның салдарынан
қоғамдар «мәдени кешігуді» сезінеді. Бұл ретте мәдениеттің кейбір салалары өзге салалардағы
өзгерістерден кейіндеп қалады. Мысалы, 1870 жылы фабрикалардың көбеюі өндірістік апаттарды көбейтті.
Бірақ жүмысшылардың өндірістік жарақатына өтемақы төлеу туралы заңнамалар 1920 жылға дейін
қабылданбады. Яғни 50 жылға жуық мәдени кешігу байқалды. Мәдени кешігу - әлеуметтік құрылым жаңа
технологияларға бейімделіп жатқан кезде болатын уақытша кезең.
Конфликт теориясы: технология, билік
және әлеуметтік өзгеріс
◦ Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік өзгерістерді ретті және жалпылай келісім деп
қарастырса, конфликтология теорияшылары өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда
бәсекелес топтардың күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология
теорияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және әлеуметтік өзгерістерді өз
мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды. Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте
әлеуметтік қүрылым өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан
жағдайды сақтау үшін әрекет етеді. Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша,
қалыптасқан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады. Заңды
мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік
өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді. Ал
өзгерістен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды. Электр компапиялары
электромобильдерді сатуға мүдделі. Бірақ бұл жанармай компанияларының мүддесіне сай
келмейді. Колледж студенттері ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға
бұл тиімді емес.
◦ Дербес компьютердің ойлап табылғанына
барлығымыз қуаныштымыз. Оның
артықшылықгары айқын, бірақ одан
туындайтын кішкентай мәселелерді біз
елемейміз. Ал атом бомбасының жасалғанына
Жаңа қуанғандар аз. Алайда Екінші дүниежүзілік
технологияның соғыс кезінде Америка үкіметі оны қолданғанда
америкалықтардыц көбі риза болды. Демек,
артықшылықтары жаңа технологиялардың артықшылықтары мен
мен кемшіліктері кемшін түстары болады және олар бірден
байқалмауы мүмкін. «Жаһандық көзқарас:
Үндістан ұялы телефонды қарсы алды»
бөлімінде артықшылық пен кемшіліктің
арақатынасы қарастырылған.
Қорытынды
◦ Әлеуметтік өзгерістер - әлеуметтік құрылымдардың немесе институттардың
белгілі бір уақыттан кейінгі әрбір елеулі өзгерісі немесе трансформациясы.
Технология - әлеуметтік өзгерістердің маңызды бір түрі және себебі.
◦ Ақпараггық технологиялар біздің күнделікті өміріміздіц көптеген қырларын
өзгертті. Олар бізді өзге адамдармен және ақпаратпен байланыстырады,
сонымен бірге қорғануға қатысты жаңа проблемалар, жаңа тиімсіздіктер,
әлеуметтік бақылаудың жаңа пішіндерін, жаңа аурулар мен жарақаттар
туындатады. Дәл осы сияқты жаңа реиродуктивті технологиялар арқылы
балаларының генетикалық тұрғыдан өздерінікі болуын қалайтындардың
мүмкіндігі молайды. Сөйте тұра бұл да денсаулық, әлеуметтік және этикалық
мәселелер тұрғысынан күрделі проблемалар тудырды. Мысалы, мынадай бір
сауал пайда болды: біз балаларды қымбат тауарға айналдырып жатқан жоқпыз
ба?
◦ Менің ойымша қазіргі уақытта технологиялар әлеуметтік қоғамнын бір бөлшегі
ретінде дамыды.Алдағы уақытта технологиялар үздіксіз дамитыны рас.Сол
технологияны адамдар керек игілігіне шығарып, пайдаланса жақсы.Адам
өміріне қауіп-қатер төндіретін технологиялар адамның өмір сүру жасын
азайтады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz