ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ САТЫБАЛДЫ АЙБЕК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК


Slide 1

Коммуникацияның жас ерекшеліктері, әлеуметтік-мәдени және гендерлік ерекшеліктері

Орындаған: Сатыбалды Айбек

Slide 2

Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

Жас ерекшелік психолоиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы - даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы- педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.

Slide 3

Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері

100 жылдан астам уақыт бойында психологияда эксперименті әдісі қолданып келе жатыр. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеуші өзіне керекті психологиялық фактілерді алу мақсатында өзі белсенді түрде араласып, жасайды. Психологияда эксперимент табиғи және лабораториялық болып екіге бөлінеді. Табиғи экспериментті алғашқы ұсынған орыс ғалымы А. Ф. Лазурский (1874-1917) болса, эксперименттің лабораториялық түрін ғылымға 1979 жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) енгізген болатын. Эксперимент түрлі құрал - жабдықтардың көмегімен арнайы лабораторияда өткізілуі тиіс. Эксперимент сондай-ақ констатациялық және қалыптастырушы болып бөлінеді. Зерттеудің бұл түрлері жас ерекшелігі психологияда кеңінен қолданылып келеді.

Егіздер әдісі - адам психикасына орта мен тұқымқуалаушылық факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік беретін гомозиготты және гетерозиготты егіздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды зерттеу әдісі.

Биографиялық әдіс - Жеке тұлғаның өмір жолын зерттеу, диагностикалау, коррекциялау мен болжамдау тәсілі.

Анкеталау - зерттелінушінің биографиялық мәліметтерін, пікірін, өмірлік құндылықтарын, ұстанымдары мен жеке қасиеттерін айқындау әдісі.

Slide 4

Қазіргі заманымызда зерттеу әдістерін төрт топқа бөліп қарастырады.

Бірінші топ ұйымдастыру әдістері деп аталады. Бұған салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер жатады.

Үшінші топты мәліметтерді өңдеу әдістері (статистикалық талдау, сапалық талдау) жатады.

Екінші топқа эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады.

Төртінші топты интерпретациялық әдістер құрайды. Оларға генетикалық (даму деңгейлерінің «вертикалды» байланыстарын қарастырады) пен құрылымдық (даму деңгейлерінің «горизонталды» байланыстарын қарастырады) әдістер жатады.

Slide 5

жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /

Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /

Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /

Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /

Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /

Жоғары сырып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /

Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /

Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /

Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /

Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /

Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /

Slide 6 Slide 7

Қазіргі заманда елімізде гендерлік саясат өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Қазақстан тəуелсіздігі жылдары Қазақстанның əлемдік қоғамдастыққа интеграция- лануы (ықпалдасуы, бірігуі) жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды.

1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Əйелдерге қатысты кемсіту- шіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына (келісіміне) қосылды. Осы конвенцияға факультативтік хаттама бекітілді, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы конвенциясының орындалуы туралы БҰҰ-ға есеп берді, бұл есепке оң баға берілді. БҰҰ-ның «Əйелдердің саяси құқығы туралы», «Тұрмыстағы əйелдің азаматтығы туралы» конвенциясы, Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың алты конвенциясы, оның ішінде «Бірдей еңбек еткені үшін ерлер мен əйелдерді тең марапаттау туралы» конвенциялар бекітілді

Slide 8

С. Айвазова «гендер» түсінігін талдай отыра, ол орыс тілінде аналогиялық термин болғандықтан бұл түсінікті «жыныстардың әлеуметтік қатынасы» немесе «әлеуметтік ұйымдастырылған, рөлдердің» ерлерге және әйелдерге бөліп бекіткен сияқты мәнді фразалармен аударады. Келтірілген нұсқаулар бойынша «гендер» түсінігінде қандай жалпы сәттерді анықтауға болады?

Біріншіден, барлық авторлар биологиялық жыныстан гендердің айырмашылығын, оның пайда болуындағы әлеуметтік табиғатымен белгілеп көрсетеді (гендер әлеуметтік құрал ретінде қарастырылады) .

Екіншіден, гендердің әлеуметтенуі қоғаммен құрылған және жазылған ерлер мен әйелдердің өзара әрекеттері, нормалары мен анықталған. Гендерлік психологиясының тарихында жыныстық деморфизм, жыныстық деспсихизм, жыныстық айырмашылық, гендерлік айырмашылық сияқты әр түрлі атаққа ие.

Адам жынысының ерекшеліктеріне және оның психологиялық айырмашылықтарына байланысты соңғы уақытта қоғамда белсенді талқыланатын мәселелердің қатарында.

Slide 9

Қорытынды

«Гендер» түсінігі отандық ғылыми әдебиеттерде алғашқы рет 1992 жылы «Женщины и социальная политика» атты статьялар жинағында кездесті. Жинақ авторының түпкі ойларында бұл терминді енгізе отыра, бірқатар стратегиялық тапсырмалардыс әйкестендіру керек еді, олар: ерлер мен әйелдер өмірінің әлеуметтік - мәдени ерекшеліктерін және әлеуметтік қатынастар анализінің жаңа ғылыми парадигмасын құруын; әлеуметтік трансформациялық шартта әлеуметтік жыныстық қатынастардың өзгерісін қоса; қоғамдық өмірдегі гендерлік ассиметрияны шығаруға бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізуге стимулдау. Сонымен қатар «гендер» түсінігін белсенді қолданып зерттеуде «жаңа сөздің мазмұны адамдарға қашан қызық болады» осындай жағдайды құру керек.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ГЕНДЕРЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Гендерлік және рассалық теңдік
Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Гендерлік зерттеулердің әдістерін, колданудың практикалық жолдарымен таныстыру
Әлеуметтану теориясы
Қоғамдағы гендерлік роль
Гендер ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz