Этникааралық және конфессияралық келісім



Этникааралық және конфессияралық келісім

Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын. Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда - этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету. Аталған дүниетанымдық ұстаным Қазақстан қоғамының саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылықтық бағдарын айқындайтын негіз болып табылады. Әрбір нақты кезеңде ол байытылады, толықтырылады, нақтыланады, бірақ оның мәні бір болып қалады - көпэтникалық Қазақстанда әрбір адам оның этникалық, діни, нәсілдік және өзге де тиістілігіне қарамастан өзін еркін, қорғалған және өз болашағына сенімді сезінуі тиіс. Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Мемлекет бастапқыдан барлық этностар үшін мемлекетті қалыптастыру мүмкіндігін беретін Қазақстанда тұратын халықтардың мүдделерін біріктіру, этностық емес, азаматтық қоғамды қалыптастыру пайдасына таңдау жасады. Кофи Аннан Қазақстан Республикасына сапары кезінде «басқа мемлекеттер үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақтылықтың, орнықты дамудың үлгісі» деп атады. Әлеуметтік сауалнаманың нәтижесіне сәйкес мемлекетіміздегі ұлтаралық қатынас тұрақты. Көптеген қазақ (89, 8%), орыс (84, 8%) және басқа ұлттар (88, 3%) респонденттерінің пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері арасында бейбіт достық қарым-қатынас орнаған. Барлық құқықтар қорғалған.

Дүниежүзіндегі халықтардың 90 % астамы көп ұлтты мемлекет құрамында өмір сүреді.

Көп ұлтты мемлекеттерде ұлтаралық қатынастар қалыптасады. Ұлтаралық қатынастар - бұл көп ұлтты қоғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың жиынтығы.

«Біздің еліміздің баға жетпес
байлығы - қоғамдық
келісім және халықтардың
достығы. Өйткені,
Қазақстанның өркениетті қоғам
құру кезінде қол
жеткізген барлық табыстары - ұлтаралық келісім, азаматтар бірлігі және ішкі саяси тұрақтылықтың жемісі. Мен біздің елде тұрып жатқан 130 ұлт пен ұлыстың өкілдеріне және 45 діни конфессиялық бірлестіктерге өткен жылдар ішінде кездескен қиындықтарды еңсеру кезінде қосқан үлесі мен төзімділігі үшін алғыс айтамын».
Н. Назарбаев

Қазақстан көпұлтты
мемлекет
болғандықтан
этносаралық төзімділік пен келісім, бейбітшілік мәселесі
республикада аса
мәнге
ие. Ол елдегі
саяси
тұрақтылықтың
зор негізі,
Елбасының
және
ерекше қамқорлығындағы мәселе болып
үкіметтің табылады.
Әлемдегі беделді халықаралық ұйымдар Қазақстандағы үйлесімді этносаралық қатынастардың озық тәжірибесін бақылап, зерттеуде. Бүгінгі қоғамда ұлтаралық қатынастарды дамыту проблемасының нақты әлеуметтік тәжірибесі жайлы теориялар шетелде және отанымызда философия, мәдениеттану, саясаттану, тарих, педагогика ғылымдары саласында, әлеуметтік мәселе ретінде біршама зерттелген.

Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды факторы болды, бұл қазіргі әлемде де солай қалып отыр. Конфессиялар мен этностық топтардың алуан түрлілігіне тән қоғамдастықтардың тұрақтылығы конфессияаралық қатынастарға байланысты. Конфессиялар арасындағы келісім - бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт. Барлық құқықтар қорғалған.
Қазақстанда қазіргі уақытта қырыққа жуық діни сенім өкілдері тұрады, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Кеңес Одағы кезеңінде ұзақ уақытқа діндер ұмытылғаннан кейін, бүгін Қазақстанда діни ғимараттар - мешіттер, шіркеулер, синагогалар және басқа да ғибадатханалар қайта ашылуда. Сонымен қатар елде тіркелген діни бірлестіктер мен орталықтар еркін жұмыс істейді. Олардың барлығы бейбітшілік пен қоғамның бірігуі жағдайында азаматтардың рухани тәрбиесіне бағытталған. Ең көп таралған діндер ислам және христиандық болып табылады. Сондықтан Құрбан айт және православиелік Рождество сияқты мерекелер біздің республикамызда демалыс күндері болып табылады.

Қазақстанда дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда.
Қазақстанда жүзеге асырылып отырған ішкі саясаттың бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды түрлі діни конфессияларға деген толеранттылыққа тәрбиелеумен сабақтас.

Мұсылмандардың мешіттері

Христиандардың шіркеулері

Католиктердің костёлдері

Еврейлердің синагогасы

Өркениеттің шыңына шықты деген Еуропаның өзінде Ислам дініне қатысты қайшылықты көзқарастар туындап, үлкен мәселеге айналып отырғаны жасырын емес.

Әлемдік дінбасылардың құрылтайы

Қазақстандағы аз
ұлттардың өкілдерінің
мұқтаждығын өтеуге,
ұлтаралық қарым-қатынас
аясында үйлесім орнатуға барынша жағдай жасалған. Барша ұлттардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарын қорғауға байланысты жүзеге асырылатын шаралар халықаралық стандарттарға сай және осы орайда өзге мемлекеттерге үлгі бола алатынын айта кеткен жөн.
Өзара сыйластық пен төзімділікке, бейбітшілік пен
қоғамдық қатынастар әлем
келісімге негізделген сахнасында
Қазақстанның
игі ықпал
шынайы имиджін жасауда деп толық айта
қалыптастыруға аламыз.

НАЗАР ҚОЙЫП, ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz