Тау мұздықтары



Тақырыбы: Мұздықтық үдерістер және бедер пішіндері
Орындаған: Бекарыс Майгүл
Тексерген: С. А. Құсайынов
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті

Мұздықтар
Мұздықтар - бұл өзіндік қозғалысы бар мұздардың табиғи шоғырлануы. Жер бетінің тау беткейлеріне атмосфералық қатты жауын-шашынның және қар жылда еритін мөлшерінен артық түсіп, еритін немесе буланатын жауын-шашынның мөлшерінен артық болғанда мұздықтар қалыптасады. Мұздық - ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры.

Мұздықтар

Таулық мұздықтар биік тауларда қалыптасады және түрлі тау шатқалдарынан, ойыстардан түрлі ойымдардан орын алады. Көбіне мұз өзені түрінде аңғарды бойлай созылып жатады. Мұндай аңғарлардың әдетте науа тәрізді өзіндік пішін болады, олар трогтар деп аталады. Мұндай мұздықтар Кавказда, Памирде, Оралда т. б. орындарда кездеседі. Тау мұздықтарының қозғалу жылдамдылығы түрліше келеді, тәулігіне 0, 1 метрден 7 метрге дейінгі жылдамдықпен Памирдегі Аю мұздығы қозғалады (1963 жылы оның тәулігіне қозғалу жылдамдығы 50 метрге жетеді ) .
Материктік мұздықтар аралдарды немесе континенттерді толықтай жауып жатады. Бұл мұздықтар Гренландияда, Шпицбергенде, Антарктидада және қазіргі мұз басу дәуірі өтіп жатқан тағы басқа орында орналасқан. Мұз қабатының қалыңдығы Антарктидада 4200 метрге жетеді, Гренландияда 2400 метрден астам. Гренландия мұзының мұхитқа қарай қозғалу жылдамдығы тәулігіне 4 - 38 метрге жетеді. Мұхит жағалауына жеткенде мұз жарылып бөлшектенеді. Мұздың орасан зор жақпарларынан (айсбергтер) жел, ағыстар ашық мұхитқа ықтырып әкетеді, мұнда олар біртіндеп ери бастайды. Аралық мұздықтар жайпақ шыңды тауларда қалыптасады. Мұз бөлшектенбеген тұтас масса түрінде шоғырланады. Осы массадан мұздықтар шатқалдарды бойдай сүйірлене тарайды.
Тау мұздықтары
Материктік мұздықтар
Мұздықтар

Гляциалды тау бедерінің дамуы және эквипленнің қалыптасуы (В. Г. Бондарчук бойынша)
Мұз басуға дейін және кейін

Мұздық бедер түзілу үдерістері мұз әрекетіне тікелей байланысты. Мұндай үдерістердің дамуы үшін жер бетінің белгілі бір аймағында мұздықтың ұзақ уақыт сақталып тұруы қажет. Егер жер бетінің қандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса, онда мұз қалыптасу жағдайы тууы ықтимал. Хионосфера (грек - қар және sparia - шар) деп өз құрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі қатты заттар күйінде тұратын тропосфераның қабатшасын айтады. Мұнда қар жауу басым болып, үнемі қар мен мұз сақталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі - қар сызығы.
Табиғи мұз екі түрге - су мұзы және қар мұзы болып ажыратылады. Су мұзы - құрлықтағы судың немесе мұхит суының мұз боп қатқан кезде пайда болса, қар мұзы - қардың метаморфтанғаннан пайда болады. Қар сан мәрте қату мен ерудің сондай-ақ қысымның нәтижесінде баданадай ірі түйірлі құрылым алып, фирнге (түйіршікті тығыз қарға) айналады.
Мұздықтық үдерістер және бедер пішіндері

Мұздықтық үдерістер және бедер пішіндері

Табиғи мұз екі түрге бөлінеді.

Мұздықтардың геологиялық әрекеті тау жыныстарын бұзып үгу, үгілген жыныс кесектерін көшіру, белгілі орындарда жинау. Мұздықтардың бұзымпаздық әрекеті. Мұздықтар қозғалған кезде орасан зор бұзу жұмыстарын атқарады: жердің бетін үйкеп жырту арқылы қазаншұңқырлар, айғыздар, ой - шұңқырдар т. б тудырады. Бұлар мұз түсіретін ауырлық күшінің әсерінен болады. Қалыңдығы 100 метрдей мұз төмендегі әрбір квадрат метрге 92 тонна қысым түсіреді. Мұздың қалыңдығы артқанда оның түсіретін қысымы арта түседі. Бұзылып бөлшектенген жыныс кесектері мұз масасының ішіне түсіп, сонда қалып қояды. Мұз қозғалғанда да осы кесектер жер бетіндегі жыныстарды сындырып, үгіп әкетеді.
Мұздықтардың бұзымпаздық әрекеті экзарация (латынша «экзарацис» - жырту ) деп аталады. Экзарация нәтежесінде мұздық рельефтің карлар, трогтар, қоймаңдай және бұйра құздар түріндегі пішіндері пайда болады. Мұздық қозғалысының нәтежесінде таулы аудандар пайда болатын, беткейлері тік келген біршама шағын қазаншұңқырлар карлар деп аталады. Жайпақ беткейлері мұздықтың басталар жағына, тікбеткейлері оның қозғалу бағытына қараған оқшау құздар қоймаңдайлар деп аталады. олардың беттері үйкелуден жайпақталған, үшкір беттері қырналған, көбіне қырқылған күйде кездеседі. бұлардың бетіндегі көптеген айғыздар мен сызаттар мұздықтардың үйкеу, жону әрекеттерінің салдары болып табылады. осындай құздар өзінің пішіні жөнінен шыныда да қойдың маңдайына ұқсас келеді. Рельефтің ой - шұңқыларымен кезектесе келген қоймаңдай түріндегі грунттар бұйра құздарды қалыптастырады.
Мұздықтардың геологиялық, бұзымпаздық әрекеті

Аталмыш құбылыс XVI ғасырдың аяғында Альпi тұрғындарының жылнамасында алғаш көрсетiлдi, ал, жүз жылдан соң исландиялық ғалым Т. Вигалин жазбаларында мұздықтардың қозғалатыны жайында мәлiметтер кездестi. Тек, О. Соссюраның XVII ғасырда Альпiге жасаған саяхаты ғана мұздықтар жылжуының өзгеше мәнiн ашып бердi.
Саяхатшының мұздықтар бетiне қалдырған баспалдақтары сол 1788 жылғы сапардан кейiн араға 44 жыл салып қайта келгенде Черная Игла тауының Мер-де-Глас мұздығының төменгi беткейiнен орын теуiптi. Осы жылдар iшiнде төрт шақырым қозғалысқа енген. Мұздықтардың қозғалысын бағамдамау салдары қиын жағдайларға әкелiп соғады. Оның бiр мысалы, 1894 жылы француз ғалымы М. Жанссан Монблана шыңына обсерватория салады.
Мұздықтардың жылжуы
Осы аталмыш ғимараттың ерекшелiгi де шығар, жалпы салмағы 187 тонна да, аумағы 50 шаршы метр жердi алып жатты. Ғалымның топшылауы бойынша ол барлық төтенше жағдайларға шыдас беретiн берiктiгi мен бiр орнынан жылжымайтынына көңiлi тола iске кiрiстi. Әйтсе де арада төрт жыл өткенде қозғалыс әсерi iргетастан қатты байқалды. Өйткенi, обсерваторияның иiлiп еңкiш тартуы оның құлап қалу қаупiн тудырды.

Қазақстанда мұздықтардың мынадай негізгі типтері кездеседі.
Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтегі аңғарлық мұздықтар. Бұл мұздықтың фири алаңдары жақсы дамыған және жіңішке бассейндері айқын көрініп тұрады.
Түркістан типі бұл да аңғарлық типке жатады, бірақ айырмасы қар көшкіндеріменг қоректенеді, қоректену бассейнінің ауданы кіші, мореналық шөгінділер дамыған. Бұл Тянь-Шань тау жүйесіне тән.
Қар типі. Ол Қазақстанның барлық таулы аймақтарында тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасады.
Аспалы мұздықтар. Олар беткейлерде немесе беткейлердің ойыс жерлерінде жатады.
Аспалы аңғарлардағы мұздықтар.
Жайпақ төбе мұздықтары. Биік таулы қыраттардың төбесінде пайда болады. Олар Жоңғар Алатауында кездеседі.
Қазіргі мұздықтардың пайда болуы. Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар. Бұған олардың барлық жерде тез қысқара бастауы, мұз басу орталықтарының орналасу сипаты және мұздық типтерінің ерекшеліктері дәлел бола алады. Осы күнгі мұздықтардың сақталып қалуына орографиялық және геоморфологиялық жағынан биік таулы аймақтардың көлемділігімен тұтастығы, қар сызығынан жоғары кететін үлкен абсолюттік биіктіктер, жоталардың ендік бағытта жатуы, Солтүстік батыс ылғалды ауа массаларының тауаралық аңғарларға өтуге қолайлылығы себеп болған.
Қазақстан тауларындағы мұздықтар

Қазақстан тауларындағы аса ірі мұздықтар
Мұздықтар
Орналасқан жері
Мұздық шетінің теңіз деңгейі-нен биіктігі (м)
Ауда-ны (км²)
Ұзын-дығы
Мұз-дық көлемі (км³)
Корженевский
Іле Алатауы, Шілік өзені алабы
3270
38
11, 7
6, 32
Богатырь
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz