Жыныстық жолмен берілетін аурулар эпидемиологиясы
Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология кафедрасы
БӨЖ тақырыбы:
«Жыныстық жолмен берілетін
аурулар эпидемиологиясы»
Орындаған: Орынбасар Зайфан, 127ЖМ
Тексерген: Асель Дулатовна
Нұр-Сұлтан,2021 жыл
Жоспары
1. Кіріспе
2. Мерез
3. Соз
4. ЖИТС
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – бұл жұқпалы
аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым
қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл
микробтар (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау
барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Күн сайын әлемде бір миллионнан астам
адам жыныстық жолмен әртүрлі инфекциялық ауруларды жұқтырады. Оның үстіне
кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.
Мерез немесе сифилис
Мерез – инфекциялық жолмен жұғатын созылмалы дерт түрі
Қоздырғышы: бозғылт трепонема
Жұқтыру жолдары:
Жыныстық қатынас арқылы, жыныстық мүшеден бөлінетін
сұйықтықтар инфекция таратушысы болып табылады
Дұрыс тазартылмаған медицина құралдары арқылы
Анасынана баласына плацента арқылы
Науқастың биологиялық сұйықтықтары арқылы, мысалы, сілекей,
зәрі, көз жасы, емшек сүті, қаны
Мерез
эпидемиологиясы
Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді.
• Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың
белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне
бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп
басып тану қиын. Бозғылт спирохета (лат.
Treponema pallidum) қан арқылы адам
организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-
төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.
Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын
білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом
жасалмай, ауру асқына береді де,
басқаларға жұғады.
Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі — қатты шанкр. Бұл
бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда
болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат
жара. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде,
ернінде, тілінде т.б жерлерінде кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау
деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк дәрі арқылы
емдемей, тезірек дәрігерге қаралуы қажет.
Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара
маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ, ол жанға батып
ауырмайтындықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін.
Ауру жұққаннан кейін бір жарым-екі айдың ішінде де сырқаттың
жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ, аздаған
әлсіздік, буындардың сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі
байқалады.
• Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін
мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл
кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді,
бірақ, ол теріні түсірмейді және науқасқа
да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің,
ауыздың ішкі сілекей қабына ақ
таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы
да мүмкін, сонымен қатар, теріде
қызғылт түйіршіктер пайда болады.
Жыныс мүшелеріне шыққан майда
түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде
біріне-бірі қосылып, үлкен жараға
айналады.
Мерездің екінші кезеңі
Осы жарадан аққан іріңде бозғылт
спирохета көбейіп, дене қызуы
көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның
басқаларға мерез ауруын тарату
мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз
уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі
жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп
санайды. Оны бездерден, қаннан ғана
табуға болады. Егер ауру адам емделмесе
мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға
созылады және әлсін-әлсін жоғарыда
айтылған белгілер қайталап отырады.
Мерездің үшінші кезеңі
Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын
жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі
көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр
қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам
пұшық болып қалады.
СОЗ (ГОНОРЕЯ)
• Соз (лат. Gonorrhoea) — ең зиянды
жұқпалы жыныс ауруларының
бірі, жіңішке деп те атайды.
• СОЗ, гонорея (gonorrhoea) —
жыныстық қатынас арқылы жұғатын
жұқпалы ауру. Создың қоздырғышы —
Neіsserіe тобына жататын гонококк.
Оны 1879 ж. неміс дерматолог-
венерологы А.Нейссер (1855 — 1916)
аурудан алған іріңнен тапқан. Ересек
адамдарға ауру жыныстық қатынас
кезінде, ал балаларға дерт ата-анасынан
(мыс., босану кезінде) жұғады.
• Кейде дерт науқас адаммен бір төсекте жатса, оның сүлгісін,
ыдыс-аяғын пайдаланса да жұғуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы
тек жыныс мүшесінің шырышты қабығын ғана қабындырып
қоймайды, сондай-ақ көздің (қ. Бленнорея), ауыздың, тік ішектің
(проктит ауруы) шырышты қабығын зақымдайды. Аурудың
жасырын кезеңі бір күннен 2 — 3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
• Ауру еркектерде үрпіден, әйелдерде жатыр мойнынан басталады.
Ер адам Соз ауруына шалдыққанда, гонококк ағзаға өткеннен
кейін қабыну процесі жүреді. Науқастың денесі күйіп, қышына
бастайды, кіші дәретке отырғанда ауырсынады. 1 — 2 күннен
кейін несепке іріңді зат араласып, кіші дәретке отырғанда қуық
қатты ашып ауырып, үрпі қызарып, ісінеді.
Бұл кезде науқастың дене қызуы көтерілуі
мүмкін, әлсіздік пайда болып, тамаққа зауқы
соқпайды. Әйелдер СОЗға шалдыққанда,
гонококк алдымен жатыр мойнының
шырышты қабығын қабындырады. Әйелдерде
ауру белгісі бірден білінбейді, сондықтан дерт
асқынып кетеді. Бұл кезде жатыр мойны іріңге
толып, әйелдің белі және іші төмен тартып,
қатты ауырады. Ауру әбден асқынғанда, кіші
дәретке отыру қиындап, несепке қан
араласады. Созбен ауырғанда дұрыс ем
қабылдап, толық жазылып кетпесе, еркек те,
әйел де бедеулікке шалдығады. Сондай-ақ
дұрыс емделмеген Соз ауруы жеке органдарды
(мыс., жүрек, буын, т.б.) да зақымдауы
мүмкін.
• Емі: антибиотиктер, сульфаниламидтер
беру; иммунотерапия,физиотерапия
тағайындалады. Ауру қайталанбау үшін
жеке бастың гигиенасын сақтап, диета
ұстау қажет; науқас адам арнайы
ауруханада емделіп, дәрігердің
бақылауында болады.
ЖИТС (СПИД)
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң
синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса
қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы - адамның
иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ).
Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының
жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре
пайда болған иммундық дефицитiнiң
синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам
организмінің қорғаныс механизмдерінің
жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі
ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус
қалыпта болған жағдайда дамымайтын
оппортунисттік аурулар пайда болады
Жұғу жолдары
• — жыныстық қатынас;
• — вирустың бірден қанға түсуі
(әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т.
б. жағдайларда);
• — анасынан нәрестеге жұғу арқылы.
• Жыныстық жол негізгі жұғу жолы
болып табылады. ЖИТС адамдарға
80% жағдайында осы жолмен, яғни
гетеросексуальдық (еркек-әйел) және
гомосексуальдық (еркек-еркек)
жыныстық қатынас кезінде жұғады.
Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын
препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен
науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор
қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген
болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу
мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да
жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан
кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады.
АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-
на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. ЖИТС
вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы.
Ауырған немесе АИВ жүққан әйел-дерден туған балалардың
4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де
анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу
қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану
кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік
кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының
емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі. ЖИТС-ке
байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде
көтеріліп отырғанына қарамастан, бұл проблемаға зор көңіл
бөлу қажет.
Қорытынды:
Жыныстық жолмены жұғатын вирустық инфекциялар кейінгі
кезде кеңінен етек алуда. Олардың адам ағзасына келтірер
зардабы орасан зор. ЖЖБЖ белгілері келесі: жыныс
жолдарындағы іріңді немесе бұлдыр шырышты шығындылар,
жыныс мүшелері аймағындағы қышыну, жыныс мүшелерінде
және ауыз қуысының шырышты қабаттарындағы ойық жаралар
немесе эрозиялар, жиі, ауырсынулы зәр шығару, денедегі
бөртпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Алайда ауру белгілерінің
болмауы серіктесіңнің дені сау екендігін айқындамайды, өйткені,
көптеген ЖЖБЖ аз симптомды немесе симптомсыз өтуі мүмкін.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1.
Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.-551 с.
Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов
К.С.
Жұқпалыаурулардыңстандарттықанықтамасыжәнеатқар
ылатыншараларалгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. Эпидемиология.-
М.:Медицина, 2003.
Иммунопрофилактика инфекционных болезней: Учебно-
методическое пособие. – Алматы, 2001.
Власов В.В. Эпидемиология: учебное пособие. – 2-е изд.
- М., 2006.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz