Асқынудың себептері


Slide 1

ОБӨЖ тақырыбы: Дәрілік заттарды енгізу кезіндегі асқынулар

Орындаған: Орынбасар Зайфан

Тобы: 127 ЖМ

Тексерген : Улжан Ордабаевна

Нұр-Сұлтан, 2021 жыл

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

Медицина негіздері кафедрасы

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

I. Жергілікті:инфилтрат, абсцесс. иненің тромбозы, флебит, тканнің некрозы, гематома.

II. Жүйелі:ауалы эмболия, майлы эмболия, сепсис, анафилактикалық шок, вирусты гепатит, ЖИТС.

Инъекциядан кейінгі туындайтын асқынулар

Slide 4

Гематома- тері астына қан кету

Инъекциядан кейінгі асқынулар көптеген адамдарда кездеседі. Олардың мүмкін болатын ең жеңіл түрі - гематома. Бұл иненің қан тамырына енуінен немесе дәрі тым тез енгізілген кезде пайда болады. Тіндерге таралуға уақыт болмай, ол жақын маңдағы ұсақ тамырларды қысады, сондықтан олар жарылып кетуі мүмкін. Гематома науқастың денсаулығы үшін аса қауіпті емес, бірақ ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Ол арнайы емдеуді қажет етпейді, бірақ тезірек еруі үшін көгерген жерге - Троксевазинді жақпа немесе гепаринді жақпамен сүртуге болады.

Slide 5

Гемотома ( тері астына қан құйылуы)

Белгілері: терінің астына қызару мен қан ұйылу пайда болады.

Себептері: көк тамырға егуді ұқыпсыз жасағанда, тамырдың екі қабырғасы тесіледі. Өткір емес инелерді пайдаланғанда.

Алдын-алу: көк тамырға егу жасаудың техникасын ұқыпты сақтау, өткір инелерді пайдалану.

Емдеу:

Егуді тоқтату (басқа тамырға жасау) ;

Тамырдың үстін спирттелген мақтамен қысып ұстау;

Гемотома болған жеріне жартылай спирттелген компресс қою.

Slide 6

Инфильтрат

Инфильтрат инъекция кезінде асептика ережелерінің дұрыс сақталмауының нәтижесінде туындайтын асқынудың бір түрі. Ол абцеске алып келуі мүмкін

Клиникалық сипаттамасы: бұл тінге жасушалар мен лимфаның жиналуы, ол инъекциядан кейін шишка тудырады. Жасушалар мен тіндердің шоғырланған жері тығыз кесек сияқты сезіледі, қабынуға ұшырайды және ауыру сезімін туғызады.

Ауру себебі: инъекция орнын дұрыс таңдамау, инъекцияны бір ғана жерге ғана тұрақты жасай беру, инъекцияны кіші немесе жуан инемен жүргізу салдарынан, майлы ерітінділерден

Slide 7

Асқынудың белгілері: егу жасаған жерінің қатаюы, ауырсынуы.

Асқынудың себептері:

Егу жасау техникасын сақтамағанда, (бұлшық етке қысқа инемен егуді жасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда) ;

Май ерітінділерді жылытпай енгізгенде;

Бір жерге инъекцияларды көп жасағанда;

Асқынудың алдын-алу:асқынуды тудыратын себептерді жою.

Асқынуды емдеу:қыздыру компресі, инфильтрат болған жеріне жылытқышты қою

Инфильтрат

Slide 8

Емшарасы: әдетте, инъекциядан кейін пайда болған инфильтрат 2 апта ішінде өздігінен жоғалады. Көптеген жағдайларда емдеу қажет емес. Зақымданған аймаққа массаж жасауға болмайды. Бұл асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Терапия қажеттілігі абсцесске әкелетін инфекциялық процесс болған жағдайда ғана пайда болады. Бұл жағдайда антибактериалды терапия тағайындалады, қажет болған жағдайда хирургия жасалады. Йод сеткасын жасауға, қырыққабат жапырақтарынан жасалған компресс жасауға болады.

Slide 9

Анафилактикалық шок

Аллергиялық реакциялардың ауыр түрі болып есептеледі. Ол антибиотиктерді, сарысуларды, әр түрлі белокты және басқа дәрілік заттарды жиі енгізгенде дамиды. Анафилактикалық шок өте тез дамуы мүмкін, сондықтан уақытты жоғалтуға болмайды. Жедел көмек көрсету қажет.

Анафилактикалық шок белгілері:

Терінің жалпы қызаруы

Бөртпелер

Жөтел ұстамасы

Тынышсыздық

Ентігу

Құсу

Артериялық қысымның төмендеуі

Жүрек соғысының артуы

Slide 10

Абцесс

Инъекциядан кейінгі абсцесс-бұл дәрі-дәрмектерді инъекциямен енгізгеннен кейін пайда болатын абсцесс түрлерінің бірі. Инъекциядан кейінгі мұндай абсцесс, бұлшықет ішіне немесе ішілік инъекцияға қарамастан, іріңді құрамы бар ауырсыну қабыну элементінің дамуымен көрінеді.

Себептері:

Микроорганизмдердің жоғары патогендігі

Иммунитеттің әлсіреуі

Бұлшықетке ерітіндінің едәуір көп көлемін бір уақытта енгізу

Дәрілердің жергілікті тітіркендіргіш әсері

Инъекциядан кейінгі асқынулардың дамуындағы факторлар асептикалық және антисептикалық ережелерді сақтамау болып табылады, дұрыс емес еріткішті қолдану, ерітінділерді өте тез инъекциялау, түрлі дәрілердің үйлесімсіздігі.

Slide 11 Slide 12

Эмболия

Slide 13

майлы эмболиясы

Асқынудың белгілері: көк тамырға түскен май-эмбол қанымен бірге өкпенің таырларына түседі. Кенеттен тыныс тарылу ұстамасы басталады, цианоз. Осы асқыну жиі өлімге әкеледі.

Асқынудың себептері: тері ішіне және бұлшық етке егу жасағанда иненің ұшы кездейсоқ тамыр ішіне түскенде немесе майлы ереітіндіні қателесіп көк тамырға енгізгенде.

Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.

ауа эмболиясы

Асқынудың белгілері: белгілері май эмболиясына ұқсас, бірақ өте тез уақытта белгіленеді.

Асқынудың себептері: шприцтің ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде.

Асқынудың алдын-алу: егу жасаудың алдында шприцтің ішінен ауаны ұқыпты шығару.

Асқынуды емдеу: дәрігердің нұсқауымен.

Slide 14

Медикаментозды эмболия майлы- ерітінділерді тері астына немесе бұлшықетке салғанда кан тамырларына түсіп, оны бітеп қалады, соның салдарынан тканің некрозына алып келеді.

Slide 15

Иненің сынуы

Асқынудың себептері: егу жасағанда инені канюлясына дейін енгізгенде, ескі инелермен қолданғанда, бұлшіқ еттері қатты жиырғанда пайда болады.

Асқынудың алдын-алу: инені толық енгізбей, терінің сыртыа шамамен 0, 5-0, 7 мм қалдыру. Ескі инелерді қолданбау. Егу жасаудың алдында психологиялық кеңесуді өткізу. Емделушіні жатқызып егуді жасау.

Асқынуды емдеу: иненің сынығын емделушіден шығарып алу, болмаса хирургиялық ем.

Slide 16

Некроз

Асқынулардың белгілері : егу жасаған жерінде ауырсынудың көтерілуі, ісіну, қан кернеу (гиперемия), гиперемиямен бірге цианоз (көгеру), содан кейін күлбіреу, жаралар пайда болу.

Асқыну себептері: тері астына қателесіп қатты тітіркендіретін дәріні енгізгенде (мысалы, 10 % калций хлоридін) .

Асқынудың алдын-алу: егулерді енгізу жерлеріне ғана қатаң жіберу (10 % кальций хлориді ерітіндісін - тек қана көк тамырдың ішіне) .

Асқынуды емдеу:

Егуді тоқтату;

Жіберген ерітіндіні шприцке барынша қайтадан сорып алу;

Егу жасаған жеріне 0, 5 % новокаин ерітіндісін енгізуге болады, ол жіберген дәрінің концентрациясын азайтып, ауырсынуды басады;

Егу жасаған жеріне мұз ды мұйықты қою.

Ескерту: 10% кальций хлориді ерітіндісін қателесіп тері астына жібергенде - резеңке бұрауды байламайды, ерітінді сол жерді қатты тітіркендіру әсерімен қауіпті.

Slide 17

Некроздың белгілері-инъекция жасаған аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп, жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер май көк тамырда болса, кан ағымымен ол өкпе қан тамырларына барады. Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: кенеттен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі(цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті өлімге алып келуі мүмкін.

Slide 18

Нерв тармақтарынын зақымдануы-көк тамырға және бұлшықетке инъекция жасағанда болуы .

• Механикалық- инъекция жасайтын орынды дұрыс таңдамағанда;

«Химиялық - дәрілік препараттардың депосы нерв талшықтарына жакын орналасқанда.

Асқыну ауырлығы әртүрлі невриттен(нервтің кабынуы) параличке(нерв қызметінің болмауы) дейін болуы мүмкін.

Slide 19

Липодистрофия

Белгілері: инсулин еккен жерлерінде май ұлпалардың сорылуынан тері астында шұңқыр пайда болады.

Себептері: инсулинді бір жеріне жиі еккенде.

Алдын-алу: егу жерлерін кезектеп ауыстыру.

Slide 20

Тромбофлевит (тромб пайда болуымен тамырдың қабынуы)

Асқыну белгілері: тамырдың жүрісімен ауырсыну, қан кернеу (гиперемия) инфильтрат. Дененің қызуы көтерілуі мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Инъекциядан кейінгі асқынулар
Қысылған жарықтар
НЕГІЗГІ БӨЛІМ АСҚАЗАН ОЙЫҚ ЖАРАСЫ
Жүктіліктің ерте мерзімінде қан кетулер
Пішуден кейінгі асқынулар және оларды емдеу
Тіс щеткасын дұрыс пайдалану
Операциядан кейінгі кезең
Эндовидеохирургия
Ауру сезімі
АИВ - тапшылығы жұқпасының дерматологиялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz