Досмұхамедов және қазақ терминологиясы



Телжанова Арай ПИМНО 204

Жоспары

Негізгі мамандығы дәрігер болғанымен, тіл мәселелеріне қатысты бірнеше еңбектің авторы. Халел Досмұхамедұлының тіл саласындағы еңбектері негізінен емле, фонетика, термин, әліпби, әдеби тіл, жер-су аттары, аударма, түркі тілдерінің тарихы, көне сөздердің мағыналарын, этимологиясын ашуға арналған.
«Қазақ тілі - ғылым жолына шалынбаған, сөздері ғылым іретіне қарай жөндікпеген тіл. Сондықтан қазақ тілін ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келді» - деп жазады ғалым. Ол осы пікірі арқылы сол кезеңде ұлттық ғылым тілінің қалыптаспағанын мәселе етіп көтере отырып, қазақтың ғылым тілін қалыптастыратын уақыттың жеткенін айтады.
«Түркі тілдері туралы», «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», «Диуани лұғат түрк», «Алаш не сөз», «Жат сөздер» туралы сияқты еңбектері Х. Досмұхамедұлының қазақ лингвистикасының тарихында өзіндік орны бар ғалым екендігінің көрінісі.
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының арасында тіл мәселелеріне арналған еңбектер жазып, термин жасау ісіне айрықша атсалысқан тұлғалардың бірі, Алаш қозғалысының қайраткері, белгілі ғалым-ұстаз
Халел Досмұхамедов


Бұл жерде ғалым терминдерді ұлт тіліне дұрыс аудару керектігін айта отырып, ғылыми стилді қалыптастыру мәселесіне көңіл бөлу керектігін алға тартады. Оның «сөздің жүйесін келтіріп, көркем қылып, әсем қылып жазу керек» деп отырғаны - шығарылатын кітаптардың тілі, стилі де дұрыс болуы тиіс дегені. Алайда ғалым алғашқы кезде кітаптардың стилінен гөрі ғылыми ұғымдарға атау беріп, терминдерді жасап алу (ылайықты атақ тағу) маңызды, басты мәселе деп атап көрсетеді. Бұл да істің мәнін терең түсініп, бірінші кезекте тұрған мәселені, екінші, үшінші орынға шығаруға болмайтынын, алдымен неден бастау қажеттігін айқындап отырған білікті маман сөзі.
Екіншіден, Х. Досмұхамедұлы қазақ терминологиясын қалыптастыруда Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы ұсынған ғылыми қағидаттарды басшылыққа алған, сол бағытты барынша қолдаған, Ахаңдармен ғылыми ұстанымдары ортақ, көзқарастары бір ғалым. Оны ғалымның жасаған терминдерінен, жазған еңбектері мен термин мәселесін талқылау кезінде сөйлеген сөздерінен анық көруге болады.
Талқы
«Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі атауларды (термин) дұрыстап түсінікті қылып аудару. Ғылым тіліндегі қолданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап түсінікті қылып аудару - өте қиын жұмыс. Ғылым атауларына келісті ат тағу деген алғашқы уақытта қыйын болса да, өте мұқтаж нәрсе. Сөздің жүйесін келтіріп, көркем қылып жазу да керекті нәрсе. Ғылым атауларына ылайықты ат қою алғашқы уақытта тым мұқтаж, бүтін ілгері болашаққа жол салатын нәрсе; сондықтан алғашқы жазылған кітептерде, әсем қылып, сөздің жүйесін келтіріп жазудан көрі, ғылым атауларына ылайықты атақ тағу жағын қарастыру керегірек дейміз» (Жануарлар. Бірінші бөлім. Алғысөз) .

Бұл алаш зиялыларының терминологияны қалыптастырудағы басты қағидаты еді. Осы қағидатты берік ұстана отырып ол, өз тіліміздің лексикалық қорынан термин болуға жарайтын сөздердің көптеп табылатынын атап көрсетеді. Оның «Қазақ тілінен табылмаған сөздерді басқа түріктерден алу керек» деген сөзі де, қазақ білімпаздарының екінші съезінде ресми бекітілген терминология қағидаттарының бірі. Сондай-кірме терминдерді қабылдау мәселесінде де ол алаш зиялыларынан өзге бағыт ұстанған жоқ. Жалпы бұл мәселеге ол ерекше назар аударып, арнайы тоқталды.
Алаш ұлы қазақ тілі жайында
«Қазақ тілі тексеріліп болған жоқ. Біз жат тілдерге қызығуды қойып, әуелі өз тілімізді дұрыстап тексеруіміз керек. Шындап тексерсек, қазақ тілінің өзінен пәнге жарайтын көп сөздер табылады»

«Осы күнгі қазақтың әдебиетінде шеттен кірген сөздер көбейіп кетті. Төңкерістен кейін шыққан журнал-газеталардың іші толған жат сөз. Білім, оқу әдебиеті де жат сөзге байыды. Заманымыздың көркем әдебиетіміз де жат сөзден құр емес. Оқушыға да, үйренушілерге де, үгіттеушілерге де, жазушыға да, білімдіге де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз күнелте алмайтын заман туды. Топан судай қаптап тілімізді жат сөздер басып бара жатқан мезгілде ескерілмей, ұмытылуға айналған тіліміздің бір негізгі заңын еске салғымыз келеді».
Қазақ -қырғыз тіліндегі сингармонизм

«Қазақ -қырғыз тілінің сингармонизмы»
Ғалым тілде болып жатқан құбылысты, кірме сөздер тасқынының күшейгенін айта отырып, бұл үрдістен шет қалу мүмкін болмайтын уақыт туындады дейді.
өзге тілдерден сөз қабылдағанда өз тіліміздің заңдылықтарын сақтауды ең басты мәселе ретінде көтереді.
Бұл орайда тіліміздегі үндестік заңы қатал сақталуы қажет деп есептейді.
Кірме сөздер тілімізге қабылданғанда танымастай болып өзгеріп, қазақ тілінің заңдарына бағынуы керек дейді.
Мысалы, оның авторлығымен жарық көрген оқу құралдарында терминдер неріб (нерв), әмөбі (амеба), дезентерие (дизентерия), мекірескөп (микроскоп), пизиелогійе (физиология), доқтыр (доктор), елемент (элемент), мүлиен (миллион) түрінде қолданылады.

-өзге тілдерден жұрнақтар алмай, кірме сөздердің барлығына төл жұрнақтарымызды ғана жалғау.
Халел Досмұхамедұлы бұл тұжырымы арқылы шет тілдерінің сөздерін қабылдауға қатысты екі мәселені атап көрсетеді.
-кірме сөздердің тек түбірін ғана қабылдау

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz