ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНАН БОЛАТЫН ЗИЯННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАНУЫ




Презентация қосу
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНАН БОЛАТЫН
ЗИЯННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАНУЫ
• Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиян экономикалық, экологиялық
және әлеуметтік болуы мүмкін. Экологиялық зиянды қоршаған ортаның,
гидросфераның, флора мен фауна жағдайлары нашарлап, ахуалы төмендейді
деп түсінген жөн. Ал, әлеуметтік тұрмыс жағдайының төмендеуінен
байқалады. Экономикалық зиянды ластану әсерінен болған келеңсіз
өзгерістердің негізгі сипатын ақшалай бағалау деп түсінген дұрыс. Зиянның
тигізетін салдары өте кең спектрлі – металдардың жылдам коррозияға
ұшырауымен, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуімен, флора мен
фаунаның құруымен байланысты адам денсаулығының нашарлауынан бастап,
шығындарға дейін.
УАҚЫТША ТИПТІК ӘДІСПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗИЯННЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУДА ОСЫ ЫҚПАЛ ЕТУМЕН
КЕЛГЕН РЕЦИПИЕНТТЕР МЕН ШЫҒЫНДАРҒА ӘСЕР ЕТУДІҢ АЛДЫН
АЛУҒА КЕТЕТІН ҰСЫНЫЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕҢ АЗ ӘРІ
ҚАЖЕТТІ САПАСЫ ЖОБАЛАНАДЫ.
Н.Н.ФЕДОРЕНКО, К.Г.ГОФМАННЫҢ ПІКІРЛЕРІ БОЙЫНША
ЛАСТАУШЫЛАР ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ САЛДАРЫНАН КЕЛЕҢСІЗДІКТІҢ
ТУЫНДАУЫ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІНІҢ
КӨТЕРІЛУІ, ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ЖӘНЕ ХАЛЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗИЯНДАРДЫҢ ҚОСЫМША

ШЫҒЫНДАРЫ ДЕП ТҮСІНГЕН ЖӨН .
Бұл жерде өндірушінің көзқарасымен атап айтқанда мәселен, ауыл
шаруашылығы зиян – ортаның ластану нәтижесінде өнімнің ысырабы
экономикалық көрсеткіштердің ахуалын нашарлатады. (пайда, тиімділік т.б.)
Ал мемлекет алынбаған өнімдер мен ысыраптардың орнын толтыру үшін
қосымша қаржылар қарастыруға мәжбүр болды. Сонымен, халық шаруашылығы
тұрғысынан алғанда, зиян құн түрінде нақты ысырапты ашып көрсетпейді,
тек ысыраптың өтеміне кеткен шығындарды ғана көрсетеді. Белгіленген
облыста немесе саладағы өнім ысырабынан зияндардың шамасы өлшеусіз
үлкен болуы қажет.
Кейбір зерттеушілердің пікірлері бойынша экономикалық тұрғыдағы зиянды
таза табыстың, пайданың немесе ұлттық табыстың ысырабы деп қабылдады.
Экономикалық әдебиеттерде іске асырылмаған мүмкіндік немесе пайданың
уыстан шығып кетуі деген анықтамалар жиі қолданылады.
УЫСТАН ШЫҒАРЫЛҒАН ПАЙДАНЫ ЛАСТАНУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ КӘДІМГІ ИГІЛІКТЕРДІҢ
ЫСЫРАБЫ НЕМЕСЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ЕҢБЕК НӘТИЖЕСІНІҢ АЛЫНБАУЫ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ
ЛАСТАНУ САЛДАРЫНАН РЕЦИПИЕНТТЕРГЕ МҮМКІН БОЛАТЫН ЗИЯНДЫ ӘСЕРЛЕРДІ, ІСКЕ
АСЫРЫЛМАҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ЖОЮ РЕТІНДЕ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНАН БОЛАТЫН ШЫҒЫНДАР (ЗИЯН) ЕКІ БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ,
АТАП АЙТҚАНДА: ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЛАРДАН БОЛАТЫН
ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕПЕ – ТЕҢДІКТІҢ БҰЗЫЛУЫНАН БОЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЗИЯНДАР.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНАН БОЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯННЫҢ ҚҰРАМЫНА
ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ШЫҒЫНДАРЫН, ЗИЯНДАРДЫҢ ӨТПЕУ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН УЫСТАН
ШЫҚҚАН ПАЙДАНЫҢ АЛЫНБАҒАН ТАБЫС ТҮРІН НЕМЕСЕ ЖЕРІН ДЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ҚАЖЕТТІ
ДЕП САНАЙМЫЗ.
АТМОСФЕРАНЫҢ КЕЙБІР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАЙЛЫ СӨЗ БОЛҒАНДА, ӘРИНЕ, ЕСЕПТЕУ НҮКТЕСІ
ТУРАЛЫ СҰРАҚ ТУЫНДАЙДЫ. ӨЗГЕРГЕНГЕ ДЕЙІН АТМОСФЕРАНЫҢ БАСТАПҚЫ КҮЙІНІҢ
ҚАНДАЙ БОЛҒАНДЫҒЫН НЕМЕСЕ ҚАНГДАЙ БОЛУЫ КЕРЕКТІГІН БІЛУ ҚАЖЕТ
Атмосферадағы шығарындының зиянын
бағалау үшін осы әдістеме бойынша
коэффициентін анықтауда мына екі ьелгіні білу
керек – табиғат ерекшелігі мен аумақтың типі.
Осы аумақта орналасқан объектінің он бір
типі мен аумақтың төрт түрі есепке алынады.
Кештеу болса да аймақтың барлық
ерекшеліктерін, соның ішінде ассимиляциялық
әулетін де ескертетін бірыңғай коэффициентін
пайдалануға тура келді. Бірақта, бір
коэффициентте зиян мен ластанудың ықпал
дәрежесін аумақтағы барлық өзгешелікті
есепке алу қиын.

Ұқсас жұмыстар
ЗИЯННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУЫ
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Қоршаған ортаны бақылаудың халықаралық бірлестігі
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АДАМ
ДЕҢСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы
Экологияның зияны
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Экологиялық сараптаудың негізгі принципі
Пәндер