Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931): өмірі, шығармашылығы және фольклорлық мұрасы


Slide 1

Тірлік пен денсаулық - баста бағым,

Онан соңғы дәулетім - тіл мен жағым.

М. Көпейұлы

Slide 2

Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы

(1858-1931)

Slide 3

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931), Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) - ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы - Сырдария, күншығысы - ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі - Жетісу өзені, солтүстігі - Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді . . . ”

Slide 4 Slide 5

Көпеевтің діндарлығы жайлы

Slide 6 Slide 7

Еңбектері

Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар. Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы. “ Шора батыр”, т. б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т. т. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын білеміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”- 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В. Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В. Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір жеріне ғана топтастыра орналастырған. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.

Slide 8

Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар.

Бірі - өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы;

Екіншісі - шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;

Үшіншісі - батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері;

Slide 9

Жігіттер, жақсы қайда өнер шашқан, Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан,

Анау озық, мен кейін қалам ба деп,

Көз салып бірін бірі шамаласқан?

Сүрініп ат аяғы кетер болса,

Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.

Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр, Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.

Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар

Бір-бірін сүзіп, жаншып, жараласқан. Жақсыны өзі болған көре алмаған,

Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан. Ақылшы шықты бізге үй басынан, Данышпан ойы зерек, жұрттан асқан.

Биге-пара, байларға-өсім болды,

Бой тартқан, арамдықтан бар ма қашқан?.

Хал-ахуал

Slide 10 Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931): өмірі, шығармашылығы және фольклорлық мұрасы
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі, шығармашылығы және әдеби-этнографиялық мұрасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931): өмірі мен шығармашылығы
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931): өмірі, шығармашылығы және әдеби мұрасы
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы: Соқыр, саңырау және жалңаш өлеңі мен жинақтаушылық ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1930): өмірі мен шығармашылығы
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығын талдау: Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі
Біржан сал: өмірі, шығармашылығы және айтыстық мұрасы
Жүсіпбек Аймауытов: өмірі, шығармашылығы және қоғамдық қызметі (1889-1931)
Мұхтар Әуезов: өмірі, шығармашылығы және ғылыми мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz