Қоректік ортаның құрамы




Презентация қосу
БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСКЕ
АРНАЛҒАН ҚОРЕКТІК ОРТАНЫҢ
ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ШИКІЗАТ

Орындаған: Жеткіншек Ә.М
Тобы: Бт-39/3
Тексерген: Мухтаров А.К
Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

2.1 Биотехнологиялық өндірістің
азықтық өнімдеріне қолданылатын
шикізат
2.2 Қоректік ортаның құрамы
III.Қорытынды
КІРІСПЕ
Қоректік орта өмір сүруге қабілеттілікті, өсуді,
биообъекттің дамуын және мақсатты өнімнің
синтезін қамтамасыз етеді.Қоректік ортаның
ажырамас бөлігі – су , шынайы
ерітінділер(минералды
тұздар,аминқышқылдары,карбон
қышқылдары,спирттер,альдегидтер және т.б)
түзетін қоректік заттар және коллоидтық
ерітінділер(ақуыз,липид,органикалық емес
байланыстар- темір гирооксиді). Жеке
компоненттер қатты және агрегаттық күйде бола
алады,қалқиды, жүзінділер түрінде көлемі
бойынша біркелкі бөлініп орналасады да түпте
өсетін қабат түзеді.

БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ АЗЫҚТЫҚ
ӨНІМДЕРІНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШИКІЗАТ
Меласса-қант өндірісіндегі қалдық зат, табиғи
газ бен мұнайдың
компоненттері,ауылшаруашылық өнімнің
қалдықтары, ағаш өндірісінің және қағаз
өнеркәсібінің т.с.с сондай сияқты көп жағдайда
азықтық өндірісте тамақ өнеркәсібінің
қалдықтары қолднылады.
Қызылшалық меласса - микроорганизмдердің

дамуына қажетті организмдерді және
минералды заттарға бай қант пен қызылша
өнімінің қалдықтары.
Мелассалық барда-спирттік өндірістің қалдығы

болып табылады
Бидай-картоптық барда-спирт өндірісінің

қалдығы
Сүт сарысуы-ірімшік пен казеин өндірісінің
қалдығы.Осыған байланысты казеиндік,
ірімшіктік және сүзбелік сарысу болып бөлінеді.
Жүгері ұны. Құрамында 67% крахмал, 10%

басқа көмірсулар,12% белоктар болады.
Жүгері экстракты.Құрамында 48% құрғақ

заттар болатын жүгері
дақылдарын сулағанда бөлінген сұйықты
буландыру
арқылы алынатын крахмал өндірісінің қалдығы.
Соя ұны соя дақылдарын, соя майын бөліп

алғаннан қалған соя ұны мен сортын ұнтақтау
арқылы алынады.
ҚОРЕКТІК ОРТАНЫҢ ҚҰРАМЫ

Қоректік орта анықталмаған
құрамға ие, оған
биогенді(өсімдік,жануар,микроб)
қоспалар- етті экстракт, жүгері
ұны,теңіз балдырлары және т.б
кіреді.Сонымен қатар,алдын ала
белгілі қатынаста таза химиялық
байланыстардан тұратын
синтетикалық ортаны қолданады.
Көміртегі көзі. Кең таралғандары қанттар: глюкоза,
сахароза, лактоза, кейінгі орында көп атомды спирттер:
глицерин, маннит және т.б. Одан кейін полисахаридтер:
целлюлоза, гемицеллюлоза, крахмал, олар өсімдікке
сіңіруге қолайлы моно немесе төменгі молекулалы
олигосахаридтерге айналғаннан кейін немесе
микроорганизмге осы заттарды гиролиздей алатын
ферменттер жиынтығы болғанда көміртегі көзі бола
алады
Азот көзі. Азот бейорганикалық тұз немесе қышқыл

ретінде болады.Ашытқылардың көбісі аммиакты
тұздарды , сонымен қатар сулы ерітіндідегі аммиакты
жақсы сіңіреді.Нитратты ашытқылардың тек кейбір
түрлерін ғана қажет етеді. Азот көзі ретінде органикалық
байланыстарда: аминқышқылдары, несепнәр және т.б
қызмет атқара алады. Олар микроорганизмдерге тез
сіңіріледі. Бактериялардан басқа
микроорганизмдерге қарағанда
(саңырауқұлақтар,актиномицеттер,ашытқылар) азот
көзіне мұқтаж екені белгілі.
Фосфор көзі.Фосфор жсушаның маңызды
компоненттерінің бірі. Ол АТФ (аденозинтрифосфат ),
АДФ, АМФ құрамына кіреді және клеткада энергияның
қалыпты алмасуын,сонымен қатар, ақуыз,нуклеин
қышқылдарының синтезін қамтамасыз етеді.Фосфорды
ортаға фосфор қышқылының тұзы ретінде салады.
Витаминдер мен микроэлементтер

көзі.Микроорганизмдерде бұл байланыстардың
қажеттілігі түрліше, және витаминдердің қатысуымен
микроорганизмдердің барлығы дерлік жақсы
өседі.Қоректік ортада маңызы бар қоспалардың бірі-
жүгері экстарктісі, соның арқасында аминқышқылдары,
витаминдер және минералды заттар сіңіруге оңай
түрде ыдырайды. Қоректік орта құрамна сонымен
қатар , ашытқы автолизаты, ашытқы экстраты , картоп
шщырыны, сүт сарысуы және т.б өнімдер
кіреді.Қоректік ортаға микроэлементтерді
микродозада енгізеді. Белгілі микроорганизм үшін
қоректік орта дайындағанда көміртегі, азот, фосфор
және басқа да сәйкес келетін көзін таңдау керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Микроорганизмдердің дақылдарын алу үшін
өсіруге қажетті заттары бар қоректік орта
пайдаланылады. Әр микроорганизм үшін
қоректік ортада олардың өсуіне қажетті
олардың өсу концентрациясы оптимальді болу
керек. Қоректік орта құрамы
микроорганизмдердің
қоректік заттар негізінде жасалады.

Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдердің өсуі және дақылдау
Қоректік орта
Қан агары ортасы
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАР
Өсімдік клеткаларын өсіру
Бактериялардың химиялық құрамы
Каллус клеткаларын алу және өсіру
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу Бокс-Уилсон әдісі. Вставка диаграммы
Микроорганизмдерді қоректік ортада өсіру
Экологиялық фактор терминінің түсінігі
Пәндер