Жамбас сүйегі


Slide 1

Қалыпты анатомия кафедрасы

Дайындаған: Қарсыбаева С. Е.

Тобы:В-ЖМҚАБ-03-20

Қабылдаған: Оспанов Д. Т.

Шымкент 2020-2021 оқу жылы

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Тұтас жамбас астауы.

4

Үлкен және кіші жамбас өлшемдері.

Тар жамбас

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Акушерия мен гинекологияда маңызды роль атқаратын жамбас қуысы болып табылады. Жамбас қуысы 2 бөлімнен тұрады: үлкен және кіші жамбас қуыстары. Жамбас қуысының бірнеше өлшемдері бар. Осы өлшемдерді анықтау жүкті әйелдің босану кезеңі сәтті өтуі үшін аса маңызды болып саналады. Жамбас қуысының өлшемдері: қылқанаралық, қыраралық, ұршықаралық қашықтықтар; жамбастың сыртқы, ішкі тік өлшемдері; диагоналді өлшемі; шығаберісінің өлшемдері; қиғаш өлшемдер; сегізкөз ромбасын есептеу; Соловьев индексін табу; шат бұрышын анықтау; кіші жамбас жазықтықтарын есептеу; параллельді жазықтықтарды табу.

Slide 4

Жамбас сүйегі

Жамбас сүйегі, os coxae жұп жалпақ сүйектердің қатарына жатады.

Жамбас сүйегі, os coxae 16-17 жасқа дейін өз алдына дербес 3 сүйектің нүктелерінен дамып, одан кейіңгі даму кезінде өзара шеміршектік тканьдер арқылы, содан соң шеміршектік, сүйектік тканьдер арқылы байланысқан 3 сүйектен: мықын, шат, шонданай сүйектерінен құралған.

Мықын сүйегі

Мықын сүйегі, os ilium жамбас сүйегін құраушы сүйектердің ішіндегі ең ірі және жалпақ сүйек болып саналады. Бұл сүйектің төменгі қомақтылау келген бөлігі денесі деп аталынады.

Мықын сүйегінің денесі, жамбас ойысының жоғарғы қабырғасын құрауға қатысады. Денесінің ішкі қапталында доға тәрізді жоғары және артқа қарай иіліп, бағытталған доға тәрізді сызықшасы орналасса, жоғарғы бөлігі өрлеме бағытта өтіп, мықын сүйегінің қанатына ұласады.

Мықын сүйегінің қанаты сагиталь жазықтықтың бойында желпуіш тәрізді жалпақтау болып келсе, төменгі денесімен шектелген бөлігі қысыңқылау болып келген.

Slide 5

Шонданай сүйегі

Шонданай сүйегі, os ischii, жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: денесінен және бұрыш құрап орналасқан бұтақтарынан тұрады.

Шонданай сүйектің денесінің артқы бетінде: қылқаны, қылқанның жоғарғы бөлігінде, шонданай сүйегінің үлкен тілігі, төменірек кіші тілігі орналасқан.

Шонданай сүйектің денесінің бұтақтары йіліп бұрыш құрап орналасқан. Жоғарғы бұтағының алдыңғы бетінде жапқыш тесіктің алдыңғы төмпешігі, артқы бетінде шонданай сүйектің бұдыры орналасқан.

Шат сүйегі

Шат сүйегі, os pubis, топографиялық орналасуына қарай: денесінен жоғарғы және төменгі бұтағынан тұрады.

Денесі ойығының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысып қоймай, шат сүйегінің жоғарғы бұтағына ұласады.

Сонымен қатар, шат сүйегінің бұтақтары, шонданай сүйегінің бұтақтарымен өзара сүйектік тканьдар арқылы бірігіп, жапқыш тесікті құрайды.

Slide 6

Жамбас сүйегі

Slide 7

Жамбас астауының пісіп-жетілуі кезеңіңде жыныстық айырмашылықтар күрт көріне бастайды. Олар мынадан байқалады: әйел жамбас астауының кіреберісі көлденең -сопақша пішінді, ал еркектікі қалау әрі тегістеу.

Әйел мықын сүйектерінің қанаттары жан-жаққа жайылыңқылау, соның әсерінен еркектердікіне қарағанда қылтанақтар мен қырқалар арасындағы қашықтық үлкендеу.

Әйел жамбас астауының кіреберісі көлденең сопақша пішінді, ал еркектікі көбінісе ұзынбойлы, сопақ пішінді. Еркек жамбас астауының мүйісі әйелдікіне қарағанда алға қарай шығыңқылау келеді.

Еркек сегізкөзі біршама тар, әрі тым ойыстау, ал әйелдікі біршама кеңдеу сонымен қатар жалпақтау. Еркектердің жамбас астауының кіреберісі әйелдердікіне қарағанда біршама тарлау: әйелдердің шонданай төмпешіктері бір-бірінен қашықтау жатады және құйымшақ онша алға шығыңқы емес.

Әйел жамбас сүйегінің еркек жамбас сүйегінен айырмашылығы

Slide 8

Әйел жамбас сүйегі

Еркек жамбас сүйегі

Шат сүйектерінің төменгі тармақтарының тоғысатын жері жақсы дамыған, әйел жамбас астауында доға пішінді arcus pubis, ал еркектерде ол сүйір бұрыш angulus suppubicus түзеді.

Еркектердің кішкене жамбас астау қуысы айқын воронка пішінді, ал әйелдерде жамбас қуысы пішіні жағынан цилиндрге жақындау. Жамбас астауының жынысқа байланысты айтылғандарды қорыта келе, жалпы алғанда еркектің жамбас астауы биіктеу, әрі қысыңдау да, әйелдікі аласалау, бірақ кеңдеу әрі сыйымдылау.

Slide 9

Жамбастың жыныстық ерекшеліктері

Мүшелердің аттары

Әйелдерде

Ерлерде

1. Жамбастың сыртқы көрінісі.

Жазық, қысқалау

Биік

2. Мықын сүйек қанатының

Көпшілік жағдайда гори-

Вертикальды жазықтьқтар-

орналасуы.

зонтальды жазықтықтың бойында орналасқан.

дың бойында орналасқан

3. Сегізкөз сүйегі

Қысқа және жазық

Ұзын және енсіз

4. Шатастылық бұрышы

90°-100°

70°-75°

5. Жамбас куысының пішіні

цилиндр тәрізді

конус тәрізі шат сүйегінің қасағасы алға қарай еңкейіп,

6. Kiшi жамбас қуысына кіретін тесіктің пішіні

дөңгелек

ойын картасында сызылған"жүрек" тәрізді орналасқан.

Slide 10

Жалпы жамбастың екі бөлігін ажыратады:жоғарғы-үлкен және төменгі-кіші жамбас. Үлкен жамбас қуысы Үлкен жамбас қуысы кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді . Оның қуысы екі жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы 5 бел омыртқамен шекткліп жатады. Бұл қуыстың алдыңғы ашық жері құрсақ қуысының алдыңғы бетін шектейтін бұлшық еттер мен тері арқылы жабылып тұрады. Үлкен қуыстың өлшемдерін оңай алуға болады және сол арқылы кіші қуыс өлшемдерін болжауға болады. Жамбас қуысы өлшемдерін арнаулы жамбас өлшегішімен өлшейді. Бұл құра церкуль тәрізді, сантиметрлік бөлімдерге бөлінген. Екі ұшы түйме тәрізді дөңгелек . Жамбас қуысы өлшемдерін анықтау үшін жүкті әйел қатты тақта үстіне екі аяғын созып арқасымен жатады.

Slide 11

Үлкен жамбас қуысының төрт өлшемі бар: үш көлденең және бір тік өлшем: 1. Distantia sрinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қатты өсінділерінің аралығы. Бұл өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін аралығы. Бұны өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26см.

2. Distantia crіstarum - мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы (28-29cm) . Ол үшін өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

3. Distantia trochanterica - ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол шамамен 30-31cm.

4. Conjugata externa - сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін, әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөз үсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата қалыпты жағдайда 20-21cm

Slide 12

Жамбас сүйегінің көрінісі

Slide 13

Өлшемдер

Әйелдерде

Ерлерде

Қырқа аралық қашықтық,

distantia cristarum, (мықын

25-27 см

-

суйегінің қырқа аралық қашықтығы)

Қылқан аралық қашықтық,

23-25 см

21-23 см

distantia spinarum, (мықын

сүйегінің алдыңғы жоғарғы

қылқанының аралық қашықтығы)

Ортан жіліктің ұршық аралық

28-29 см

-

қашықтығы, distantia inter

trochanterica

1. Үлкен жамбас қуыстырының жыныстық ерекшеліктері

Slide 14

Кіші жамбас қуысы

Кіші жамбас қуысы-айналасы сүйектермен, үсті-кіреберіс, асты-шыға беріс жазықтықтарымен қоршалған кеңістік. Бұл төрт жазықтыққа бөлінеді.

1. Жамбасқа кіреберіс жазықтық.

2. Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.

3. Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.

4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы.

1. Жамбасқа қуысына кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар: тік көлденең және екі қиғаш өлшемдері.

Тік өлшемі-акушерлік конъюгата, 11см-ге тең,

Көлденең өлшемі шамамен 13-13, 5см.

Оң және сол қиғаш өлшемдері 12-12, 5см.

Slide 15

2. Жамбас қуысының кең бөлігі. Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.

Тік өлшемі- 12, 5см.

Көлденең өлшемі -12, 5см-ге тең.

3. Жамбас қуысының тар бөлігі. Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.

Тік өлшемі - 11-11, 5см-ге тең.

Көлденең өлшемі -10, 5см.

4. Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы. Бұл жерлерде де тік және көлденең өлшемдер бар.

Тік өлшемі -9, 5см-ге тең.

Көлденең өлшемі-11см.

Slide 16

Кіші жамбас астауының кіре беріс өлшемі

Slide 17

Кіші жамбас астауының шыға беріс өлшемі

Кіші жамбас астауының кіре беріс өлшемі

Slide 18

Тар жамбас

Жамбас сүйектерінің аномалияларына жатады,

Акселерация процесіне байланысты,

халықтың салмақ-бойлық көрсеткіштерінің

ұлғаюына байланысты,

ТЖ аралас формаларының және

жаңа туған балалардың массасының ұлғаюына байланысты өзектілігін жоғалтпады.

Slide 19

Себептері:

Инфантилизм.

Мешел.

Сүйек, буын туберкулезі.

Жамбас сүйегінің сынуы.

Жамбас сүйегінің ісігі.

Жамбас-бел буынының ауруы немесе шығуы.

Жамбастың туа пайда болған ақаулары.

Омыртқа деформациясы (кифоз, сколиоз, құйымшақ деформациясы )

Slide 20

Тар жамбас

Slide 21

Анатомиялық тар жамбас (1, 04-7, 7%)

Жамбастың барлық өлшемдері немесе бір өлшемінің қалыптымен салыстырғанда 1, 5-2 см- ден аз қысқаруы.

Жамбастың тарылуының негізгі көрсеткіші-шынайы конъюгата, егер, ол 11 см-ден кіші болса, онда тар жамбас болып саналады.

Анатомиялық тар жамбас диагнозы жамбасты өлшеу арқылы қойылады.

Slide 22

Клиникалық тар жамбас (1, 3-1, 7%)

Босанушы әйел жамбасы мен нәресте басының арасындагы сәйкессіздіктің барлық түрін жатқызу керек.

Клиникалық тар жамбастың дамуына әкелетін факторлар көбейді(себептері:ірі нәресте, бұл акселерация нәтижиесі болып есептеледі) .

Клиникалық тар жамбас диагнозы туу барысында босану қарқынымен, нәресте басының жылжуын анықтау нәтижесінде койылады.

Slide 23

Анатомиялық тар жамбастың жіктелуі:


Ұқсас жұмыстар
Жамбас сүйектері
Адам қаңқасы
Шынтақ суйегі
Жамбас түсінігі
Бет сүйегі
Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жағына тиесілі екендігін анықтау
Аяқ сүйектері
Иммобилизация және зардап шеккен адамды тасымалдау
Патологиялық ауру
Төс сүйектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz