Ғылыми - техникалық прогресс және оның табиғатқа әсері




Презентация қосу
Адам мен жануар
арасындағы қоректік тізбек.
Ғылыми-техникалық
прогресс және оның
табиғатқа әсері
Орындаған:Рустемова.Г.М
Тексерген:Дюсенгалиева. А.М
ВТ-921
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым
мен техниканың бірегей, бір-бірімен
сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-
лардағы мануфактуралық өндірістен,
ғылыми-теориялық және техникалық
қызметтер өзара жақындасып, тоғыса
түскен кезден бастау алады. Бұған дейін
материалдық өндіріс негізінен
эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны
қорландырып, машық-тәсілдерді
жинақтау есебінен баяу дамып келді.
Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-
теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті
байқалды, бірақ ол теологиялық-
схоластикалық қасаңдыққа қамалып,
өндірістік амалшараларға ұдайы әрі
тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты
өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі
мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі
міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан
шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде
ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының
әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол
үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс
жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы
және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және
тех. қызметтердің берік одағын құруға
жетелеген ұлы жаңалықтар болды.
-ғылыми- техникалық прогресс кең
ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол
қоғам өмірінің барлық жақтарын
қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы
өндіріс фазаларына да ықпал етті.
Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және
басқару жүйесін мүлдем өзгертті; -ғылым
мен өндірістің интергациялық қатынасы
жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық
өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар
көздерін, шаруашылық құрылымын және
т. б. жағдайларды күрт өзгертті;
-жаңа принципті техника мен технология
жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа
өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен
жұмыс күші даму үстінде; -қазіргі ғылыми -
техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі-
микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы
және пайдаланылуы. Микроэкономикалық
техниканың негізінде электрондық ақпарат,
жасанды интеллектуалды элементтерді бойына
дарытқан электронды есептеу машиналары,
икемді автоматтандырылған өндіріс пайда
болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте
қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі
факторына айналары сөзсіз;
-ғылыми –техникалық прогрестің
қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті
алға бастыруда ғылымның рөлінің
өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым
мен өндіріс қосылып біртұтас
процеске айналды. Демек, ғылым
өндіргіш күштердің тікелей
элементіне айналғандығы жөнінде
айтқымыз келеді.
Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте
тапшы шикізаттарды жасанды жолмен
алған заттармен алмастырудың негізгі
бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл
материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін
одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде
пайдалануды тездетеді. Ғылыми техникалық
революция жұмыс күшінің сапасын
жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу
жүйесінде де революциялық өзгерістер
енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір
икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән-
мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай
жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.

Ұқсас жұмыстар
Бесінші саты
Екінші саты
Адам іс­әрекетінің литосфераға әсері. Минералды шикізат ресурстарының ұтымды пайдаланудың міндеттері. Биосфераның Жер геосфераларының бірі ретіндегі негізгі ерекшеліктері
Экологиялық проблемалар
Ақиқат теориясы қағидалары
Республикасының экологиялық жағдайы
Қызыл кітап және биологиялық алуан түрліліктіқорғаудағы ролі
Экологиялық сараптама
Статистика пәні және оның міндеттері
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Пәндер