Тамақтанудың физиологиялық нормалары - организмнің энергия шығанын толық жабатын, қажетті тағамдық заттармен қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормалар




Презентация қосу
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Профилактикалық медицина және нутрициология
кафедрасы

Тақырыбы: Ересектердегі
ҚР-дағы энергияға және
негізгі тағамдық заттарға
физиологиялық
қажеттілік нормалары
Орындаған: Келгенбай А.
Мадиева М.
Султанбекова Б.
Турды А.
Тастемиров А.
Умирзахов Н.
Әділғазиева М.
Тамақтанудың физиологиялық нормалары-
организмнің энергия шығанын толық
жабатын, қажетті тағамдық заттармен
қамтамасыз ететін ғылыми негізделген
нормалар.

Тамақтанудың балансталғандық приципі-
рационалды тамақтанудың негізгі принципі.
Ол негізгі тағамдық заттардың,белоктардың,
майлардың, көмірсулардың, минералы
заттардың және дәрумендердің арасындағы
балансталғандықты және осы тағамдық
заттардың да балансталғандығын түсіндіреді.
Белоктар
•Белоктың физиологиялық қажеттілігі- адам
тамақтануында ерте заманнан қалыптасқан,
алмаспайтын аминқышқылдармен оптималды
физиологиялық деңгейді қамтамасыз етуге
тәуелділенген.
• Организмде 1 г белок тотыққанда 4 ккал береді.
• 1 жасқа дейінгі балаларға белоктың
физиологиялық қажеттілігі – 2,2-2,9 г/*кг дене
салмаққа, 1 жастан асқан балаларға 36 дан 87 г/
тәулік.
• 1 жастан асқан балалар үшін белок қабылдау,
жаңа зерттеулер негізінде тексерілген балалар
популяциясының басым көпшілігінің белокты
нақты қабылдауымен айқындалып жасалған.
• Ересек адамдар үшін белоктың физиологиялық
қажеттілік- 65 тен 117 г/тәулік еркектер үшін, 58
ден 87 г/тәулікке дейін әйелдер үшін.
Жануар тектес белок

Толық құнды белок көзі, адам организмінде
белок биосинтезі үшін жеткілікті мөлшерде
алмаспайтын аминқышқылдарының толық түрі
бар жануар тектес азық-түлік болып табылады
((сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа, ет және ет
өнімдері, балық, теңіз өнімдері). Жануар тектес
белоктың 93-96 % организмге сіңіріледі.
Ересектер үшін тәуліктік рационда ұсынатын
жануар тектес белок үлесі жалпы белок
мөлшерінің ішінде – 50%.
Балалар үшін тәуліктік рационда ұсынатын
жануар тектес белок үлесі жалпы белок
мөлшерінің ішінде – 60%.
Майлар
•Майлар (липидтер), тағам арқылы түседі,
энергияның концентратты көзі болып
табылады (организмде 1 г май тотыққанда 9
ккал береді). Өсімдік және жануар тектес
майлардың май қышқылдық құрамы әртүрлі
болып келеді, ол олардың физикалық қасиеті
мен физиологиялық-биохимиялық тимділігін
анықтайды.
• Майдың физиологиялық қажеттілігі -
еркектерге 70 тен 154 г/тәулік және
әйелдерге 60 тан 102 г/тәулік.
• Майдың физиологиялық қажеттілігі – бір
жасқа дейінгі балаларға 6-6,5 г/кг дене
салмаққа, ал бір жастан асқан балалар
үшін -40 тан 97 г/тәулігіне.
• ПҚМҚ Омега-6 (ω-6) жәнеОмега-3 ( ω-3)

• ПҚМҚ екі негізгі тобы ω-6 және ω-3 туыстығы қышқылдары болып табылады. ω-6 май
қышқылдары барлық өсімдік тектес майлар мен дәндерде (жаңғақ) барлығында кездеседі.
Ересек адам үшін физиологиялық қажеттілік 8-10 г/тәулігіне ω-6 және 0,8-1,6 г/тәулігіне ω-
3 май қышқылдарына, немесе тәуліктік рацион калориясының 5-8 %-ы ω-6 және 1-2 %-ы ω-
3 май қышқылдарына сәйкес.

• Стериндер

Жануар тектес тағамдық азық–түліктегі стериннің негізгі өкілі холестерин болып табылады.
Ересектер мен балаларда тәуліктік рационда холестериннің мөлшері 300 мг-нан аспау керек.

• Фосфолипид

Фосфолипид холестерин алмасуды реттеуге қатысады және оның шығарылуына септігін
тигізеді. Өсімдік тектес тағамдық азық-түлікте негізінен лецитиндер кездеседі, демек
құрамына витамин тәрізді заттар холин мен кефалин кіреді. Фосфолипидтің оптималды
мөлшері ересектер рационында 5-7 г/тәулігіне болуы тиіс.
Көмірсулардың физиологиялық
қажеттелігі
• Тағамдық көмірсулар көбіне полисахарид (крахмал), аз
дәрежеде моно-, ди- және олигосахарид түрінеде болады.
Организмде 1 г көмірсу тотыққанда 4 ккал береді.

• Сіңірілетін көмірсуларға физиологиялық қажеттілік ересек
адамдар үшін тәуліктік энергияға қажеттіліктің 50-60 % (257-
ден 586-ға дейін г/тәулік) құрады.

• Физиологиялық қажеттілік бір жасқа дейінгі балалар үшін 13
г/кг дене салмағына шаққанда, ал бір жастан асқан балалар
үшін 170-ден 420-ға дейін г/тәулікті құрайды.
Тағамдық талшықтар
Тағамдық талшықтар тобына негізіне өсімдік тектес
полисахаридтер жатады, олар аздаған дәрежеде тек тоқ
ішекте қорытылады және астың қорытылуына,
сіңірілуіне, микробицинозға және эвакуацияға маңызды
әсер етеді.

• Тағамдық талшықтардың физиологиялық қажеттілігі
ересек адам үшін 20 г/тәулігіне, балаларға 15-20
г/тәулігіне құрайды.
Витаминдер
Витамин В1 Орташа қабылдау 1,1-2,3 мг/тәулік аралығында. Бекітілген
қажеттілік деңгейі – 0,9-2,0 мг/тәулік құрайды. Жоғарғы рұқсат етілген
деңгейі бекітілмеген.
Ересек адамдар үшін физиологиялық қажеттілік -1,5 мг/тәулік.
Балалар үшін физиологиялық қажеттілік -0,3-1,5 мг/тәулік.

Витамин С Орташа қажеттілік 55 –тен 170 мг/тәулік аралығында. Физиологиялық
қажеттілік нормасы- 45-110 мг/тәулік. Қажеттіліктің жоғарғы шегі -2000 мг/тәулік.

• Ересектер үшін анықталған физиологиялық қажеттілік 90 мг/тәулік.

• Балалар үшін физиологиялық қажеттілік – 30 дан 90-ға мг/тәулікті дейін құрайды.

Витамин К- Орташа қабылдау 50-250 мкг/тәулік аралығында. Бекітілген қажеттілік
деңгейі – 55-120 мкг/тәулік құрайды. Жоғарғы рұқсат етілген деңгейі анықталмаған.
Ересек адамдар үшін физиологиялық қажеттілік -120 мкг/тәулігіне
Балалар үшін физиологиялық қажеттілік – 30 дан 75 мкг/тәулігіне
Витамин D. Орташа қабылдау 2,5-11,2 мкг/тәулігіне аралығында. Бекітілген қажеттілік
деңгейі – 0-11 мкг/тәулігіне құрайды. Жоғарғы рұқсат етілген деңгейі 50 мкг/тәулігіне.

Ересек адамдар үшін физиологиялық қажеттілік -10 мкг/тәулігіне, 60 жастан асқандар үшін -
15 мкг/тәулігіне.

Балалар үшін физиологиялық қажеттілік – 10 мкг/тәулігіне.

Витамин Е Орташа қабылдау 6,7 ден 24,6 мг-ға дейін ток.экв./тәулік аралығында.
Әртүрлі елдерде бекітілген физиологиялық қажеттілік деңгейі – 7-25 мг
ток.экв./тәулік құрайды. Жоғарғы рұқсат етілген деңгейі 300 мг ток.экв./тәулігіне.
Ересек адамдар үшін физиологиялық қажеттілік -15 мг ток.экв./тәулігіне.
Балалар үшін физиологиялық қажеттілік – 3-тен 15 мг ток.экв./тәулігіне

Витамин А орташа қабылдау 530-2000 мкг рет.экв./тәулігіне аралығында. Бекітілген физиологиялық
қажеттілік деңгейі – 600-1500 мкг рет.экв./тәулігіне құрайды. Жоғарғы рұқсат етілген деңгейі 3000
мкг рет.экв./тәулігіне. Витамин А 900 мкг рет.экв./тәулігіне артық қабылдағанда көптеген
тексерілушілерде ретинол концентрациясы физиологиялық норма шегінде болған.
Ересек адамдар үшін физиологиялық қажеттілік -900 мкг рет.экв./тәулігіне.
Балалар үшін физиологиялық қажеттілік – 400 ден 1000 мкг рет.экв./тәулігіне.
Натрий
Кальций Орташа қабылдау 3000-5000 мг/тәулігіне аралығында.
Орташа қабылдау 680-950 мг/тәулігіне аралығында. Қажеттілік Қажеттілік деңгейі – 1300-1600 мг/тәулігіне құрайды.
деңгейі – 500-1200 мг/тәулігіне. Рұқсат етілген деңгейі 2500
Жоғарғы рұқсат етілген деңгейі анықталмаған. Ересек
мг/тәулігіне. Ересек адамдар үшін -1000 мг/тәулігіне, 60 жастан
адамдар үшін -1300 мг/тәулігіне. Балалар үшін– 200
асқандар үшін – 1200 мг/тәулігіне. Балалар үшін– 400 дан 1200
ден 1300 мг/тәулігіне.
мг/тәулігіне.

Йод
Фосфор Әртүрлі геохимиялық аймақта:
Орташа қабылдау 1110-1570 мг/тәулігіне Минералды 65-230 мкг/тәулігіне.
Қажеттілік деңгейі – 550-1400 мг/тәулігіне заттар Қажеттілік деңгейі – 130-200
құрайды.Ересек адамдар үшін - 800 мкг/тәулігіне құрайды.
мг/тәулігіне. Жоғарғы рұқсат етілген
Балалар үшін– 300 ден 1200 мг/тәулігіне.
деңгейі 600 мкг/тәулігіне.

Магний Темір
Орташа қабылдау 210-350 мг/тәулігіне Орташа қабылдау 10-22 мг/тәулігіне аралығында. қажеттілік
Қажеттілік деңгейі – 200-500 мг/тәулігіне деңгейі – еркектер үшін 8-10 мг/тәулігіне, әйелдер үшін 15-
құрайды.Ересек адамдар үшін -400 20 мг/тәулігіне құрайды. Ересек адамдар үшін -10
мг/тәулігіне.Балалар үшін– 55 тен 400 мг/тәулігіне (еркектерге) және 18 мг/тәулігіне (әйелдерге).
мг/тәулігіне. Балалар үшін – 4 тен 18 мк/тәулігіне
Микроэлементтер
• Кобальт

В12 витамин құрамына кіреді. Фоли қышқыл метаболизімі мен май
қышқылының алмасу ферменттерін ынталандырады. РФ орташа
қажеттілігі 10 мкг/тәулігіне құрайды. Қажеттіліктің рұқсат етілген
жоғары шегі анықталмаған. Ұсынылатын қажеттілік деңгейі
ересек адамдар үшін -10мкг/тәулігіне (алғашқы рет енгізіліп
отыр).

• Кремний

Кремний глюкозоаминогликан құрамына құрылымдық компонент
ретінде кіреді және коллаген синтезін реттейді. Орташа
қажеттілігі 20-50 мг/тәулігіне құрайды. Қажеттіліктің рұқсат
етілген жоғары шегі анықталмаған. Ұсынылатын қажеттілік
деңгейі ересек адамдар үшін -30мг/тәулігіне (алғашқы рет
енгізіліп отыр).
Физиологиялық әсері анықталған тағам түсетін минорлы
және биологиялық белсенді заттар
Инозит
Зат алмасу процесіне қатысады, холинмен бірге лецитин синтезіне қатысып
липотропты әсер етеді. Ұсынылатын қажеттілік деңгейі ересек адамдар үшін -500мг/тәулігіне; 4-6 жастағы
балалар үшін– 80-100 мг/тәулігіне; 7-18 жастағылар үшін 200 ден 500 мг/тәулігіне

L-Карнитин
Энергиялық алмасуда алатын орыны ерекше, мембрана ішілік метохондрия арқылы ұзын тізбекті май
қышқылдарын тасымалдайды одан әрі тотығу үшін, соның салдарынан тіндегі май жинақталуын
төмендетеді. Ұсынылатын қажеттілік деңгейі ересек адамдар үшін -300мг/тәулігіне; 4-6 жастағы балалар
үшін– 60-90 мг/тәулігіне; 7-18 жастағылар үшін 100 ден 300 мг/тәулігіне

Коэнзим Q 10(убихинон)
Жүрек бұлшық еттерінің жиырылуы мен энергияның алмасуына қатысатын қосылыс.
Ұсынылатын қажеттілік деңгейі ересек адамдар үшін -30мг/тәулігіне

Липое қышқылы
Липотропты әсер етеді, детоксицирлеуші әсер етеді, май қышқылы мен аминқышқылдың алмасуына
қатысады. Ұсынылатын қажеттілік деңгейі ересек адамдар үшін -30мг/тәулігіне

Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердегі ферменттердің рөлі ерекше - олар көптеген химиялық реакциялардың катализаторлары
Адам тағамының құрамы
Биологиялық белсенді заттар
Мектептегі тамақтану
БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Энергия шығыны
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
АДЕКВАТТЫ ТАМАҚТАНУ
Науқастарды тамақтандыру қағидалары
Тамақтану физиологиясы
Пәндер