Ежелгі грек мүсіндері
Презентация қосу
Ежелгі грек
мүсіндері
Нажуова Ботагөз
ШФА-21
Зевстің алтын мүсіні
Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің
жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий
сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ
мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне
сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне
сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған.
Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік
зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған.
Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан
жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де,
екінші қолындағы қыран қонған
тұғыр да алтын мен піл сүйегінен
жасалған еді. Ал Зевстің басына таза
алтыннан өрілген тәж кигізілген
болатын. Ежелгі гректер ең үлкен
бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын
мүсінін көрместен бұрын өліп кету
деп есептеген. Сондықтан да ес
білген әр адамға бұл бейнені көру
арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс
мүсінін Грекиядан
Константинопольге (қазіргі
Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда
өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны
көрген адамдардың жан-жақты
суреттеп, сипаттап қалдырған
көптеген қолжазбалары арқылы
Зевстің алтын мүсінінің қандай
болғанын көзге елестетуге болады.
Венера Милосская
Ежелгі грек мүсіндерінің ең
әйгілі мүсіндерінің бірі
бүгінде Париж қаласында
орналасқан Лувр
галереясында орналасқан.
Венера Милосскаяның –
Милос аралынан болған
Афродита махаббатының
әйел құдайының мүсіні біздің
заманымызға дейін шамамен
130-100 жылдары ақ
мәрмәрден жасалынған.
Қазіргі таңда аталған мүсін
жер шарындағы ең ескі
скульптуралардың бірі болып
есептеледі.
Артемида мүсіні
Артемида храмы — әлемнің жеті
кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-
нда салынған. Зевстің қызы Артемида
ежелгі гректерде аңшылық құдайы
ретінде танылған. Көне заманда ең
маңызды күнкөріс көзін жебеуші
Артемиданың қаншалықты сыйлы,
құрметті екені өзінен-өзі түсінікті.
Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу
сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол
құрылыс орнына Кайстра өз-нің
бойындағы батпақты алаңды таңдады.
Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді.
Ғибадатханаға Артемиданың аңшы
киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ
мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды.
Шымыр денелі жас қыздың жүзінде
батылдық, салқынқандылық бейнеленген.
Салынуы 120 жылға созылған
ғибадатхана құрылысын сәулетшілер
Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж.
аяқтады.
Октавиан Август мүсіні.
Б. э. бұрынғы 27 жылы Рим сенаты
бірінші император Октавианға Август,
яғни «даңқын асырған», «жарықтық»
немесе «құдіретті» деген титул табыс
етті.
Октавиан Августың мәрмәрден қашалған
мүсіні оны қолбасшы әрі мемлекет
басшысы ретінде даңққа бөледі.
Тәкаппар, айбынды кескін-келбет пен
қолдың көсіле созылған әсерлі ишараты
мүсінге монументтік сипат дарытады.
Август бедерлі бейнелермен
әшекейленген сауыт киген. Жетілген,
атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті
ойнаған жалаңаш балтыр грек
құдайлары мен қаһармандарының
мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ
жағына мүсінші тәңірия Венераның
баласы Амур бейнесін орналастырған.
Августың бет әлпеті шынайы
бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық,
ерлік, адалдық сияқты қастерлі
қасиеттер берілген. Август,
тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал
саясатшы бола тұрса да, оның бойында
өнегелі азамат сипаттары баса
көрсетілген.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz