Материалдық мәдениеті




Презентация қосу
XVIII ғ. соңы мен ХІХ ғ.
соңындағы қазақ мәдениеті
Материалдық мәдениеті
Қазақтардың XVIII – XIX ғ.ғ. материалдық мәдениетінің жай–күйі
қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы
барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы ьасты
фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан
алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті
ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Қазақ халқының тұрғын үйі – материалдық мәдениеттің
тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп,
қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып
алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста – тұрақты: “ағаш үй”, “жер
үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде тұрды.
Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен
және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары
– материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі.
Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары
керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан
пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-
құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен
боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар
пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б.
дайындалды.

Осы қарапайым еңбек құралдарын, ер-
тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал
өсірушілер өздері жасап алып
отырды.XVIII ғасырдың аяғында қазақ
даласына орыстардың қысқа шөп
дайындауға арналған шалғылары
біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта
шегінде шалғымен қоса темір айыр да
кеңінен қолданыла бастады.
Қазақтардың ұлттық киімі
Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып
қалды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді.
Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді.
XVIIIғасырда қазақтардың жазда киетін
етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы
келген. Алайда XIX ғасырдың екінші
жартысында олар сирек кездесетін еді.
Барлық жастағы еркектердің қыста киетін
негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар,
аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты
саптама етік болды.
Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері

Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері
күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі ,
ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды.
Отпен тазарту “аластау” түріндегі ертедегі отқа табыну
қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды.
Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу
Ресей XVIII ғ. Қолға алған Қазақстанды комплексті зерттеудің
алғашқы талабы М.В.Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол
өлке территориясын экспедициялық зерттеуді және оның
географиялық картасын жасауды ұйымдастырудың бастаушысы
болды, қазақтардың тарихы, лингвистикасы, экономикасы және
этнографиясы бойынша ғылыми ізденістер жүргізілуіне мүмкіндік
туғызды.
Музыка өнері
XVIII – XIX ғ.ғ. музыка өнері өткен замандар туындыларының таңдаулы
үлгілерін сақтау және олармен сабақтас халықтың күнделікті өмірімен
тікелей байланысты жаңа шығармалар жасау негізінде дамыды.
Жыраулар мен жыршылар эпикалық және тарихи жырлар мен аңыздарды
орындағанда, өздеріне тән әуендік сарындарды, әндік және аспаптық
формаларды да пайдаланып отырған.
XIX ғасырдың музыкалық мәдениетінде 1836-37 жж. Феодализм мен
отаршылыққа қарсы Исатай Тайманов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі
жыршы Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс елеулі із қалдырды.
Қорытынды
XVIII-XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті Ресейдің отаршылдық саясатына,
қоғамның экономикалық дамуына және т.б. байланысты, бұрынғы салт-
дәстүрлерін сақтап, біршама өзгерістерге ұшырады. Қазақтар орыс
шаруаларынан бұрын қолданбаған еңбек құралдарын және т.с.с.
қолдануды үйренді. Қоғамның дамуына байланысты киім үлгілері де біраз
өзгеріске ұшырады.
Қазақстан Ресей бодандығын алысымен орыс
ғалымдары қазақтың музыка өнерін,
әдебиетін,қоғамдық құрылысын зертей бастады. Орыс
ғалымдарының көптеген еңбектері қазақтарға
байланысты болды.
Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің
барлық жақтарын қамтыды.

Ұқсас жұмыстар
Рухани мәдениеті
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Мәдениет құрылымы және оның негізгі элементтері
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Мәдениеттің атқаратын қызметтері
Мәдениет ұғымы
Мәдениет морфологиясы
МӘДЕНИЕТ МОРФОЛОГИЯСЫ МӘДЕНИЕТ
Мәдениет ұғымы және оның құрылымы, функциясы
Пәндер