Оқытудың дидактикалық теориялары мен заманауи білім беру парадигмасы


Slide 1

Оқытудың дидактикалық теориялары

Алматы қаласы, 2021 ж.

Орындағандар: экология мамандығы.

Қабылдаған : Қасымова Р. С.

Slide 2

Оқытудың дидактикалық теориялары

Дидактика - білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

Дидактикалық білім теориясы балаға жағдай жасап, тек білім бермей, белсенділігін көтеретін құралдарды қайта құру.

Slide 3

"Дидактика"

"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Slide 4

Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Оқытудың маңызды міндеттері:

Slide 5

Оқыту

Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.

"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.

Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.

Slide 6

Дидактика

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу

Slide 7

Алған теориялық білімді қоғамда біртұтас педагогикалық оқыту

Қызметті окытудың білім беру функциясы

Slide 8

Оқытудың компоненттері

Slide 9

Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пікір үлкен сұраққа жауап береді.

Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеп жүзеге асыру.

Нені оқыту керек? Оқушыларды тиянақты кең білім алуға және олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат ету. Үнемі білім мазмұнын кеңейтіп, жаңашылдықты қолдап отыру керек.

Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын дамытып жетілдіру қажет.

Slide 10

Дидактика

Орта және жоғары мектеп дидактикасының ерекшеліктері, оқушылар мен студенттердің өзіндік танымдық әрекеті, кәсіби білімді дамыту, білім мазмұнын анықтау оқытудың жаңа технологияларын қолдану жолдары, түрлі пәндердің оқыту заңдылықтары мен ұстанымдары және басқа да дидактиканың біртұтас жүйесіне қажетті өзекті мәселелерді шығармашылықпен зерттеп, елімізде дидактиканың дамуына үлес қосты.

Slide 11

Оқытудың прагматикалық теориясы ( Д. Дьюи) .

Мектепті оқушылардың іс- әрекет белсенділігін арттыру бағытында жаңартудың жақтасы ретінде танымал Америка философиясы мен педагогикасының өкілі Джон Дьюи (1859-1952) ең басты дидактикалық мақсат балаға тек білім беріп қоймай, оның қабілетінің дамуына жағдай туғызатындай етіп мектеп жүйесін өзгерту реформасын жасауды ұсынды. Ол дәстүрлі мектепті сынға алып, баланың талабы мен қызығушылығы есепке алынбаған оқу бағдарламаларын, жас өспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес емес, белсенділігі төмен әдістер мен дидактикалық жұмыс құралдарын қайта құруды ұсынды.

Slide 12

Дж. Дьюидің оқу жүйесінің элементтерін төмендегі саты түрінде қарастыруға болады:

Дж. Дьюидің дидактикалық жүйесі уақыт талабын толықтай қанағаттандыра алмады, дегенмен оның идеясы сол кездегі басқа прогресшіл педагогтардың қолдауына ие болып, кең таралды.

Slide 13

Дидактикалық мақсат білім алушыға тек білім беріп қоймай оның қабілетінің дамуына жағдай туғызатындай етіп білім беру мекемелерінде оқыту жүйесін озгерту керек екендігін айтты.

Алғаш зерттеген педагог Д. Дюри

Коменскийдің дидактикалық теориясы

Ұлы дидактика, оқытудың негізгі кағидалары, тиімді әдістерді ұйымдастыру туралы айтты.

Slide 14

Дидактиканың пайда болып, дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Т. Песталоцци, К. Д. Ушинский, В. Сухомлинский, А. С. Макаренко, т. б. қосқан үлесі.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) . Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді.

Slide 15

Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

Slide 16

Педогогикалық зерттеулер


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жоғары білім беру парадигмасы: Блум таксономиясы мен құзыреттілік тұрғысынан талдау
Қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытудың белсенді әдістері мен педагогикалық технологиялары
Білім беру мазмұнының компоненттері, түрлері және дидактикалық принциптері
Оқытудың белсенді әдістері мен дидактикалық жүйелердің жаңа білімді меңгеруге әсері
Интерактивті оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары
И.Г. Песталоццидің мекемесіндегі тәрбиелеу-білім беру жүйесі мен дидактикалық қағидалары
Мейіргер ісінің заманауи теориялары мен әдістері
Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі: әдістемелік және дидактикалық негіздер
Педагогиканы оқытудың әдістемелік және дидактикалық негіздері
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz