Операциялық жүйелердің түрлері және жіктелуі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

МАРДАН САПАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған:Калибайев Азамат

Тексерген:Тұймебай Жақсыкүл

Қалдыбайқызы

Тақырыбы:Операциялық жүйелер түрлері

Тобы:ПВК19-1

Slide 2

Жоспары Негізгі бөлім:

1. Операциялық жүйелердің түрлері

2. ЭЕМ үшін әртүрлі типті операциялық жүйелер

Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Операциялық жүйе (ағылш. operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа

Slide 4

Операциялық жүйе (ОЖ) - программалық құралдардың кешені, олар:- ресурстарды (физикалық және логикалық) басқаруды, яғни компьютерлердің барлық ақпараттық құралдарының үйлесімді жұмысын; - үрдістерді басқаруды, яғни программалардың орындалуын, олардың аппараттық құралдар, мәліметтермен әсерлесуін; -пайдаланушы интерфейсін, яғни пайдаланушының компьютермен диалогын жүзеге асыруды жасақтайды. Бұлар ОЖ-нің негізгі атқаратын қызметін анықтайды.

Slide 5

ЭЕМ (компьютер) физикалық ресурстары қатарына - оперативті жад, процессор, монитор, басу құралдары, магниттік және оптикалық дискілер, ал логикалық қатарына - программалар, файлдар, оқиғалар, т. с. с. жатады.

Slide 6

Операциялық жүйе - ең машиналық-тәуелді программалық құралдар, сондықтан олар белгілі компьютер типтеріне бағытталады. Қазіргі замнға дейін ОЖ де ЭЕМ-дер дамуына сәйкес өзгерістерді бастан кешірген және көптеген әртипті машиналар кластарына сәйкес түрлері бар (OS360, OS370, OS2, VMSVAX, VNIX, LUNIX, MS-DOS, Windows 95, Windows NT, Windows XP, т. с. с. ) . Операциялық жүйелерді жіктеуді бірнеше ірі мінездемелерге байланысты қарастырайық (әдебиеттерде мұндай жіктеулердің әртүрлілері ұсынылады) : алдына қойған мақсаттарына, есептерді өңдеу режімдеріне, жүйемен әсерлесу әдістеріне байланысты.

Slide 7

Мақсаттарына байланысты:

- жалпы мақсаттағы;

- арнайы мақсаттағы

операциялық жүйелер болып бөлінеді. Арнайы мақсаттағы ОЖ-ң келесі түрлері болады: тасымалданатын микрокомпьютерлерге және әртүрлі ендірілген жүйелерге арналған, мәліметтер қорын ұйымдастыруға және жетелеуге арналған, ақиқат уақыт режіміндегі есептерге арналған, т. с. с.

Slide 8

Есептерді өңдеу режімдеріне байланысты:

- бірпрограммалы (MS-DOS, MSX), - мультипрограммалы (OS2, UNIX, Windows) режімдегі ОЖ. Мультипрограммалы режімде бір процессорлы машинада бір уақытта бірнеше программаның орындалуы жүзеге асырылады. Кейде бұл жағдайда мультиесепті режім туралы да айтылады, алайда мультипрограммалы және мультиесепті режімдер синонимдер емес, жақын ұғымдар. Олардың негізгі айырмашылықтары:

-мультипрограммалы режімде бірнеше программалардың бір уақытта орындалуы жүйенің өзімен басқарылады; -мультиесепті режімде мұндай басқаруды программалаушының өзі жүзеге асыруы қажет.

Slide 9

Қазіргі дербес компьютерлерге арналған ОЖ жоғарыдағы екі режімді де қолдайды. Есептеу жүйесімен диалогтық режімде әсерлесу мінездемелеріне байланысты:

-бірпайдаланушылы (біртерминалды) (MS-DOS) ;

-көппайдаланушылы (көптерминалды) (UNIX, Windows NT) ОЖ болып жіктеледі. Көппайдаланушылы ОЖ-де бір есептеу жүйесімен бір уақытта бірнеше пайдаланушылар өз терминалынан жұмыс атқаруына болады. Сондықтан көппайдаланушылы режім мультипрограммалы режім болуын қажет етеді. Сонымен қатар, көптеген ОЖ-дің маңызды қасиеті бір есептің көлемінде есептеулерді параллель жүргізуге байланысты көптармақты (көпағындықты) болуы. Мұндай ОЖ-де процессор уақыты бірнеше есептер арасында емес, бір есептің әрбір тармақтары (ағындары) арасында бөлінеді

ОЖ-дің көпроцессорлық өңдеуді қолдайтын маңызды қасиетіне байланысты көппроцессорлы ОЖ анықталады. Мұндай жүйелердің қатарына IBM фирмасының OS2, Sun фирасының Solaris 2. x, Microsoft-тың Windows NT және Novell NetWare 4. 1 жүйелері жатады

Slide 10

ОЖ төрт негізгі түрі бар:

Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады; Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысын тездетеді. ; Бір пайдаланушылық көп есептік бір қолданушыға көп есептермен жұмысжасап, өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әрқайсысы өз жұмысын атқарады; Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады. Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді. . Оларменжұм . сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді. Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттерден тұру керек:

Еңгізу шығару бағдарламаларын басқару; Файлдық жүйе және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратын бағдарламалар; Командалық тіл процессоры, ол ОЖ . . .

Slide 11

Пайдаланған дебиеттер Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 2007ж.


Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелердің түрлері және негізгі қызметтері
Операциялық жүйелердің функциялары, түрлері және даму тарихы
Операциялық жүйелердің даму тарихы, түрлері және негізгі қызметтері
Операциялық жүйелердің тарихы мен негізгі түрлері
Дәріс №3. Операциялық жүйелердің түрлері және оларды құру принциптері
Операциялық жүйелердің дамуы, түрлері және негізгі функциялары
Зияткерлік ақпараттық жүйелердің негізгі түрлері мен жіктелуі
Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: құрылымы, түрлері және операциялық жүйелердің дамуы
Операциялық жүйелердің қасиеттері мен файлдық жүйелермен жұмыс
Операциялық жүйелердің даму тарихы мен түрлері (MS-DOS, OS/2, UNIX, Windows)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz